Рахмет Өтесінов | Алыптың арнасы

Гурьев облысындағы Эмба мұнайлы ауданы революциядан бұрын Баку, Грозныйлармен қатар ашылып, көп жылдар бойы жас совет халық шаруашылығының отын көзі болып келгені мәлім. Бұған осыдан сәл кейінірек Башкириядағы Ишимбай мұнай кен орны қосылды. Отан соғысына дейін және соғыс уақыттарында да елімізді жанар-жағар майлармен қамтамасыз етіп келгендер де осы кендер болатын. Бірақ, бұлардың өндіріс көлемі қазіргілермен салыстыруға мүлде келмейді. Ол жылдары жылына 20 миллион тоннаның маңайында мұнай өндіріліп жүрді. Партиямыздың XXIII съезінде мұнай өндірісіне ерекше маңыз берілген болатын. Онда елімізде мұнай өнімін жылына 30 миллион тоннаға жеткізуді нысана еткен еді. Совет мұнайшылары туысқан партияның бұл тапсырмасын абыроймен орындап шықты. Геологиялық барлау жұмыстарын, оның ішінде де, әсіресе, терең бұрғылауды өрістете отырып, Ұлы Отан соғысының қызу жүріп жатқан уақытының өзінде-ақ Волга бойынан мұнай көздерін аша бастады, ал 1944 жылы еліміздегі сол уақыттағы екі ірі кен орындарының бірі - Тоймаза кәсіпшілігі ашылып, іске қосылды.

Бұл бұған дейінгі мұнай қоры жөніндегі кейбір көзқарастарды түбірінен өзгертті. «Жер шарында мұнай көздері тек үш-ақ жерде. Олар: Каспий теңізі, Парсы шығанағы және Америкада - Мексика шығанағы жағалауларында. Басқа жерлерде мұнай болуы мүмкін емес» деген қате пікірді жоққа шығарды. .....
Әңгімелер
Толық

Рахмет Өтесінов | Аяқталмаған сапар

Жаңа өзен қаласынан таңғы салқынмен шыққанбыз. Күн күйдіріп, сары аңыз тартқан бұйрығыңды, жусанды қу даланы тіліп өтіп, алысқа тартқан тақтайдай тегіс асфальт үстінде «Волга» машинасымен зулап келеміз. Қасымда Өзен, мұнай кәсіпшілік басқармасының бас инженері Стремский мен №1 кәсіпшіліктің аға геологы Проденко бар. Бағытымыз Шевченко қаласы, мақсатымыз күн қызбай тұрып, Шевченкоға жетіп, Министрлік Бас басқармасы басшыларының қатысуымен сағат 10-да басталатын үлкен техникалық жиналысқа қатысып, кешкі салқынмен кейін оралу. Көңіліміз көтеріңкі. Әншейінде көп сөйлемейтін Проценко да сөзге жиі араласып келеді. Денеңді шыжытқан ыссыдан, көз аштырмай, дем алдырмай дамылсыз соғып тұратын аңызақтан ығыр болған адамдарға мынау аз уақыт таңғы салқын самал мен теп-тегіс асфальт жол кең тыныс бергендей, еріксіз көңілді шалқытады.

— Шіркін біздің Маңғыстаудың, осы түнгі, таңғы салқыны ай! — деп рахаттанады Проценко.

— Иә күндіз қанша қиын болғанымен кешкі самалдан ертеңгі сәскеге дейін тамаша-ақ! — деп қостайды Стремский – Оңай олжа емес, біздің Маңғыстау... .....
Әңгімелер
Толық

Рахмет Өтесінов | Шөлдегі керуен

Маңқыстау барлаушылары 1963 жылдың декабрь айында мемлекеттік тапсырманы ойдағыдай орындап шығып, Өзен мен Жетібайдан мұнай көздерін ашты. Кен орындарынан мұндағы сұйық отынның шамасын есептеп шығарды. Енді осынау ұлан-асыр байлықты жоғарғы басшылардың қарауына ұсыну қалды. Сөйтіп, Маңқыстау мұнайшыларының өздері есептеп шығарған мұнай қоры СССР Министрлер Совет жанындағы қазбалы байлықтар қоры комитетінің бекітуіне Москваға жіберілді.

Мемлекеттік кен қорлары комитеті біздің жігіттер ала барған Өзен, Жетібай кен орындарының мұнай қорын көп өзгеріссіз бекітіп, еліміздің мол қазынасының қатарына қосты. Енді бұл қазынаны халық игілігіне жарату үшін пайдалану мекемесін құру қажет. Сол мақсатпен 1964 жылдың бас кезінде Маңқыстау мұнай бірлестігі ашылды. Тікелей өндіріс жұмыстарын жүргізетін Өзен кен орнын игеруге мұнай өндіру басқармасы құрылды. Мен мұнай өндірісіне бұрынғыдан да етене жақындай түстім. Өлкелік партия комитеті осы басқармаға бастық етіп мені жіберді......
Әңгімелер
Толық

1 Наурыз - Алғыс айту күні (Рахмет, Ана!)

Ана! Осынау ардақты есімді атаудың өзі қандай бақыт!Үш-ақ әріп,дүниені нұр шуағына бөлеп,жылуын бөлген Күндей,өмірдің тұтқасындай болған асыл жан – Ана.Мейлі қай ел болмасын,қай тіл болмасын «Ана» деген сөздің мәні ерекше қастерлі.
Ананың махаббаты,ананың жүрегі – бәрі-бәрі судай мөлдір,жібектей нәзік,шынайы. Оның құшағы – ең жылы.Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың құшағы,сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя, — деп дана халқымыз қалай айтқан десеңші?!Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ.Адамдар – барлығы өз аналарының .....
Шығармалар
Толық

Жігітің бар ма?

Бейтаныс номерден келген SMS:
- Сәлем. Сенің жігітің бар ма?
- Иә. Бұл кім екен?!
- Бұл сенің - Әкең. Кешке үйге келгесін......
Анекдоттар мен әзілдер
Толық