Жан Ана
Жан Ана. Бар болғаны 3 әріптен құралған. Бірақ мағынасы – теңіздің терең тұңғиығындай, қол жетпес көк аспандай, қажеттілігі адамға ауаның қажеттілігіндей маңызды, дүниедегі ең, ең ,ең қымбат сөз. Бұл сөз иесі бар әлемдегі ең ардақты, ең аяулы, ең сүйкімді, ең сүйікті ЖАН. «Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды». Расында да, анамыз бар кезде біз өзімізді әлі де сәбидей, сәби болмаса да, қорғаны бар, ұясы бар балапандай, шатыры бар керегедей, аспаны бар жұлдыздай, құнары бар топырақтай, ағашы бар жапырақтай, көктемі бар самал желдей, жазы бар жайнаған гүлдей, күзі бар жаңбырдай, қысы бар қардай, қысқасы, жаны бар адамдай сезінеміз. Сыйлаймыз, құрметтейміз, еркелейміз. Біздің еркелігімізді көтеретін бұл жалғанда «Жан Анадан» басқа жан бар ма? Жоқ!!! Сәби кезден осы кезге дейін, тіптен 30-40 – қа келгендерінше еркелеп жүргендер де бар емес пе?… Жалған дүниенің есігін ашқаннан бастап, осы күнге дейін бағып-қағып, мәпелеп өсіріп, ешкімнен қалдырмай, осы күйімізге жеткізген, біздің әрбір еркелігімізді көтерген «жан аяулы жан анамызға», «Ана, рахмет!» деп айттық па? Әй, қайдам?! Бірақ айтқандар да бар шығар, кім білсін?! «Ана, сізге мың да бір рахмет!», деп айту, кей адамдар үшін күнделікті «Ана, шай дайын ба, шай ішейікші?» деген сынды жаттанды сөздерге айналып кеткен. Оларға бұл сөзді айтып, анасының бетінен сүю түкке тұрмайды. Күнделікті жаттанды әдет. Ал кейбіреулер үшін бұл сөзді айту қиынның қиыны. Олай айтпақ түгілі, туған күнінде, мерекеде аналарын құттықтау қиынға түсетін жандар да бар.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: анама хат шығарма, ана туралы шығарма, Асыл ана казакша шыгарма, ана туралы шыгарма, ана туралы шығарма 4 5 6 7 8 9 сынып, ана туралы шығарма 1 2 3 4 сынып, сочинение на казахском языке про маму, готовые сочинения на казахском языке про маму, скачать сочинения на казахском языке мама, Қазақша шығарма: Асыл ана, Қазақша шығарма, сочинения на казахском языке, Қазақша шығарма: Асыл ана сочинения на казахском, ана туралы шыгарма қазақша, ана туралы шығарма қазақша, ана туралы шығармалар қазақша, сочинение на казахском языке про мою маму, скачать сочинения на казахском языке маму