Эдгар По | Ұзынша жәшік


Бұдан бірнеше жыл бұрын Оңтүстік Каролина штатындағы Чарлстоннан Нью-Йоркке бару үшін капитан Харди басқаратын «Индепенденс» деген тамаша пакетботтан жеке каюта алдым. Егер ауа райы бөгет болмаса,— сол айдың (июнь) он бесінде сапарға шығу белгіленді де, мен жүктерімнің қалай жайғастырылып жатқаның қадағалайын деп он төртінде кемеге келдім. Ығы-жығы жолаушылардың басым көпшілігі әйелдер болатынын пакетботқа келген соң барып білдім. Тізімнен бірнеше таныс фамилияға көзім түсті, әсіресе көңілдес жас суретші мистер Корнелий Уайеттің сапарлас болатының білгенде қатты қуандым. Біз онымен III университетінде бірге оқыған едік, тіпті жұбымыз жазылмайтын-ды. Өзгеден артық туған барлық данышпандар секілді оның да мінезі біртүрлі енжарлық пен қызбалықтың, көрсе қызарлық пен ұшқалақтықтың жиынтық жетегі болатын. Бұған оның бұл жалғанда болып көрмеген мейлінше адал да ақжүрек адам екенін қосыңыз.

Менің байқағаным, оның атына үш каюта белгіленіпті, жолаушылар тізімін қайта қараған кезімде бұл сапарға оның өзі ғана емес, жұбайы мен екі қарындасы да бірге бара жатқаның білдім. Каюталар әжептәуір кең, әрқайсысында екі төсектен болатын. Рас, төсектер тар, тіпті оларға бір адам зорға сыйып жағатын. Әйтсе де сол төртеуіне екі каюта емес, үш каютаның неге керек болғанына мен мүлде түсінбедім. .....
Әңгімелер
Толық