Мағзом Сүндетов | Адам деген қызық

Күннің ыстығынан көгілдір аспанның түсі оңып, шақытып тұр. Жасыл жотаның үстіндегі сұрғылт ауыл ертеңгісін етек-жеңін жимай, көсіліп жатқандай еді, қазір ол да жиыла қалыпты. Өзен беттегі ойпат қана түс бермейді; анау ақ жібек белбеудей соқпақ болмаса, төңірек — қалың мия, қоянқарта, ажырық өскен жап-жасыл; бетімен көлеңке жүгіріп, толқынданып жатыр. Көктемде өзен арнасынан шығып осы өңірді ен жайлайды да, шілдеде дегдіп, жайқалған қауға айналады. Сонан қара күзге дейін бұ жерге орақ та түспейді. Шідерті колхозы шөпті алыстан шабады; бұған тимейді, ауылдың ұсақ жандығына арналған несібе.

Жалғыз аяқ ешкі соқпақ ауылдан шығып, жыландай ирелендеп өзенге қарай жорғалап барады. Бұл соқпақты су да, қар да, шоп те жұта алмаған. Талай-талай керуен сүрлеуі жоғалса да, соқпақ үзілмейді; қатын-қалаш, бала-шағаның жалаң аяқ табанымен тапталып тақырға айналған, тек өзенге жете бере түс беріп, күреңітіп бойына ылғал тартатыны бар. Әне, иінағашқа екі шелек су іліп, қызыл ала көйлекті, қара шашты қыз ешкі соқпақпен ауылға таман дірдектеп келеді; қыр мұрынды, ақ құба жүзі алаулап, тарының түйіріндей ұп-ұсақ тер кең маңдайында жылт-жылт етеді. Әлсін-әлсін ұялы бота көзіне түсіп кете берген екі-үш тал бұйраланған ерке шашын астыңғы ернін шүйіре жоғары үрлеп қояды. Бі лектей қос бұрымның бірі оң иықтан құлай, жауырынында тербелсе, енді бірі кеудесінде, жұқа көйлек астынан білінер-білінбес анар үстінде аунап, ойнап келеді. .....
Әңгімелер
Толық