Қазақ әдебиеті | М. Шаханов поэзиясының әлемі

М. Шаханов поэзиясының әлемі
Қарағайға қарсы бiткен бұтақтай, қазақтың маңдайына бiткен шыншыл да қайсар ұлы М.Шаханов шығармаларының iшiнде ұлт рухына, ел намысына соқпай кететiндерi кем де кем. Өзiнiң жасында жырларымен-ақ ұлт санасын оятып, күңгiрт көңiлге сәуле дарытқан М. Шаханов шығармалары елдiгiмiздiң керегесiн кеңейтiп, ертеңiмiзге жол салатын бiрден-бiр құрал. Ақынды жаңашыл ақын деймiз, қоғамымызда елең алып жатқан өзектi мәселелер мен өмiр толғаныстарына терең берiлiп, шиеленiстердi шешуге белсене бел буған ақынның ар намысы мен солмас рухы оның жалынды жырларында көрiнiс тапқан.
“Дұшпан күлдiртiп айтар, дос жылатып айтар” дейдi халық даналығы. Халқының мiнiн бетiне басып, қатаң сынға алу арқылы ақын елiн ойлануға шақырады. Космополит қазақтар өлеңiнде ақын Ғабиден Мұстафиннiң мынадай сөзiн эпилог ретiнде алған “Бiз бұрын ұлтшылдықпен күрескенбiз, ендi ұлтсыздықпен күресер жағдайға жеттiк.” Жалпы кейiнгi кезде жарық көрiп жүрген өлеңдерiнiң бәрiнде ақын космополит қазақтармен, компьютер басты жарты адамдармен, дiнсiз, дiлсiздермен күресiп жүргендей. Ұлт тiлiне терең көңiл бөлiп өзiнiң жалынды да намыс атты шарпыған өлеңдерiнде ақын бүкiл халықты өз тiлiнде сөйлеуге үндейдi.
Тiлiмiздi қорғауда iсiмiз бiрiкпей,
Санамыз сандалып, күшiмiз кiрiкпей
Тоталитарлық жүйеде жүргендей тосылудамыз.
Жерiмiздi қорғап жат қолдан,....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | М. Мақатаев поэзиясының зерттелуі

Қазіргі қазақ әдебиеті күллі әлем әдебиетініңсапынан елеулі орындарының бірін иелейді. Әдебиетіміздің жетекшісі артып, саласының бірі-поэзиясының эстетикалық байлығы артып, көк жиегі кеңіді. Әдебиеттің даму кезеңдеріндегі әрбір дәуір бір ақынды туғызады десек, қазақ ақындарының әрқайсысы өзінше қайталанбас творчестволық тұлға ретінде жеке дара көріне алады. Сондай талантты ақындарымыздың бірі-Мұқағали Мақатаев. \1; 3\
ХХ-ғасырдың қазақ поэзиясында қара өлеңнің құдіретін паш еткен Мұқағали Мақатаев жыр сүйер әр жүрек түкпірінен орын тепкен ақын. \2;Жетісу\
60-70 жылдар аралығындағы қазақ поэзиясы жөнінде сөз қозғай қалсақ, поэзия өкілдерінен Қ.Мырзалиев, Сағи Жиенбаев, Т.Молдағалиев, Т.Айбергенов секілді өзгеше таланттар есімін атамай өтуге болмайды. Осы толқындар ішінде М.Мақатаев бар. М.Мақатаев-қазақ поэзиясына, әсіресе қазақ лирикасының философиялық мазмұнын айырықша байытып, өмір тіршіліктің мұңды, сырылы шындығын аса шебер жырлап, қазақ өлеңінің шоқтығын біршама биік деңгейге көтерген дара дарын. Дәлірек айтсақ, Мұқағали-қазақ поэзиясында ерекш құбылыс. Оған Әбділда Тәжібаевтің «Бізде енді поэзия дәуірі басталды. Сол ғажайып даналықтың бір көзі-Мұқағали поэзиясы»,- деген пікрі айтылып жүр.
Қазақ лираикасының көркемдік өрлеуі 60-70 жылдардан бастау алды. Себебі, бұл жылдар бейбітшілік заманның әбден орнығып, халықтың сұрапыл соғыс жылдарының ауыртпалығынан ес жиып, көңілін оқу-тоқуға ден қойып, поэзияға талғаммен қарай бастаған кезі еді. Бұл жөнінде белгілі зерттеуші Б.Кәрібозұлы «Қазіргі қазақ өлеңдерінінң жапырағын жайқалта түскен 60-жылдардан бергі уақытты қамтиды. Қазақ лирикалық поэзиясының философиялық тереңдігі артып, мазмүнының баюы, түр жаңалықтарына еркін баруы, уақытпен үндестігі,публистикалық сипаттың молаюы, ақындардың даралық ұмтылуы, ең бастысы ұлттық дәстүрге біріңғай бет бұруы 1960-жылдан басталып, күні бүгінге дейін жалғасын келе жатқан қазақ өлеңдерінің сапалы қасиеттері»\1;88\.- деп баға береді.Осы кезеңде поэзияда қалам тербеген ақындарымыз алдыңғы аға буынға қарағанда тақырып аясы кеңіп, тақырыптық жаңашылдығымен, көркемдік ерекшеліктерімен, поэзиядағы ірі қадамдарымен көріне бастады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | М. Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рух

Кіріспе
Қазіргі қазақ әдебиеті күллі әлем әдебиетінің сапынан елеулі орындарының бірін иелейді.Әдебиетіміздің жетекшісі артып, саласының бірі-поэзиясының эстетикалық байлығы артып, көк жиегі кеңіді. Әдебиеттің даму кезеңдеріндегі әрбір дәуір бір ақынды туғызады десек, қазақ ақындарының әрқайсысы өзінше қайталанбас творчестволық тұлға ретінде жеке дара көріне алады. Сондай талантты ақындарымыздың бірі-Мұқағали Мақатаев.
ХХ-ғасырдың қазақ поэзиясында қара өлеңнің құдіретін паш еткен Мұқағали Мақатаев жыр сүйер әр жүрек түкпірінен орын тепкен ақын.
ХХ-ғасырдың 60-70 жылдар аралығындағы қазақ поэзиясы жөнінде сөз қозғай қалсақ, поэзия өкілдерінен Қ.Мырзалиев, Сағи Жиенбаев, Т.Молдағалиев, Т.Айбергенов секілді өзгеше таланттар есімін атамай өтуге болмайды. Осы толқындар ішінде М.Мақатаев бар. М.Мақатаев-қазақ поэзиясына, әсіресе қазақ лирикасының философиялық мазмұнын айырықша байытып, өмір тіршіліктің мұңды, сырлы шындығын аса шебер жырлап, қазақ өлеңінің шоқтығын біршама биік деңгейге көтерген дара дарын. Дәлірек айтсақ, Мұқағали-қазақ поэзиясында ерекше құбылыс. Оған Әбділда Тәжібаевтің «Бізде енді поэзия дәуірі басталды. Сол ғажайып даналықтың бір көзі-Мұқағали поэзиясы»,- деген пікірі дәлел.\3:7\
Қазақ лираикасының көркемдік өрлеуі 60-70 жылдардан бастау алды. Себебі, бұл жылдар бейбітшілік заманның әбден орнығып, халықтың сұрапыл соғыс жылдарының ауыртпалығынан ес жиып, көңілдерін оқу-тоқуға аударып, поэзияға талғаммен қарай бастаған кез еді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Абай және Мағжан поэзиясындағы үндестік

Зерттеу тақырыбының маңыздылығы.
ХХ ғасырдың басы, әсіресе, жиырмасыншы – отызыншы жылдар маман ғалымдардың зерттеуі бойынша қазақ әдебиеті тарихындағы қиын да, күрделі кезең делініп жүр. Өйткені жаңа қоғамдық формацияның орнауы, мерзімді баспасөз бен баспа өнімдерінің көптеп шыға бастауы, сан түрлі ғылым салаларына арнап ана тілінде оқулықтар жазу, басқа тілдерден енген неологизмдерді аудару қажеттілігі сол кездегі зиялы қауым алдына әдебиет пен тіл саласының негізгі қорын жасау міндетін қойды.
Жалпы адамзаттық көркем ой көгіне өрмелеген Абай көп білімді өз бетінше ізденумен тапқанын білеміз. Ал, Мағжан азды – көпті арнайы мектептер өткен ақын. Өлең жүйесінің тереңнен тамыр тартуы арқылы Абай ұлы реформатор болды. Алдында адастырмас Абайдай жарық тұрғанда Мағжанның тіл «Категориясына» үңілмеуі мүмкін емес.
Қазақ халқының бай ауыз әдебиеті Абай үлгісі еді. Ұлы Абай сусындап дамытқан халық ауыз әдебиетінің тамаша үлгілерін Мағжан да еркін меңгеріп, өзінің сұлу көркем поэзиясына үлгі тұтты. Мағжан сөздің сыртқы түрін әдемілеп қана қойған жоқ, әдемі сөзден әсем, әсемнен сұлу суретті сөз өрнегін жасауға тырысты, өз халқының бай поэзиясы негізінде сезімтал жүрек үнімен жаңаша мазмұнда өз жырларын жазады.
Ал, Абайдың ақындық тұлғасын, жан дүниесін, арман – мұратын ең толық, ең терең, ең дұрыс танытатын – әрине оның поэзиясы, асқақ шабыттың қуаты мен жүрегін жарып шыққан, иненің жасуындай жасандылығы жоқ өлеңдері, «Жалын мен оттан жаралған» сөздері.
Абай мен Мағжан шығармаларының мағынасын терең бойлап ұғып – түсіне алсақ, өткен заманды, елдің жайын, халықтың тағдырын, ой – арманын тани аламыз. Және сол арқылы қазіргі заманды, кешегі мен бүгінгі келешегімізді бағдарлаймыз. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Әдебиет | Поэзиядағы табиғат бейнесі

КІРІСПЕ
ТАҚЫРЫПТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ. Поэзия әдебиеттің ертеде қалыптасқан көне саласы. Қазақ әдебиетінде табиғатты жырлау ауыз әдебиетінен бастау алатындығы белгілі. Төл арнада тамыр алған табиғатты бейнелеулер өзінің даму барысында жеке "Табиғат лирикасы" деп аталарлық күйге жетті."Поэзия - сөз өнері, көркемдік шеберліктің теңдесі жоқ озық үлгісі. Оның үстіне поэзияның аса маңызды әлеуметтік, қоғамдық құбылыстарды бейнелеп көрсете алатын зор мүмкіншілігі бар"[1, 3]- дейді З. Ахметов.

Ал, поэзиядағы табиғат бейнесі - бізді қоршаған ортадағы, тылсым дүниелердің, ағаштардың, аспан әлеміндегі жарық жұлдыздар мен айдың, күннің, сонымен қатар жыл мезгілдерінің, табиғаттың тылсым сырларын көркем сөзбен, астарлы мағынада, тікелей мағынада, символды түрде берілуі деп түсінеміз.
Поэзия деген сөздің өлең, жыр деген мағынасынан басқа, ретіне қарай көркемдік, әсемдік деген мағынаны да беретіні тегін емес. Поэзия нәзік, терең сезімнен туады. Ол көңілдің толқынын, жүректің лүпілін білдіреді.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Ғылыми жұмыстың мақсаты - ХХ ғасырдың басындағы белгілі қазақ ақындарының табиғатты жырлаудағы өзіндік қолтаңбасын, лирикалық кейіпкер ерекшелігін, тілінің бейнелілігі арқылы жалпы қазақ әдебиетіндегі табиғат лирикасының алатын орнын, даму бағытын айқындау. Осы мақсатқа жету үшін мынадай мақсаттар алға қойылды:
1. Тарау "Поэзияда табиғаттың бейнелену тәсілдері ( Абайдың поэзиясындағы табиғат көріністері жайында және табиғатты жырлаудағы дәстүр жалғасы және жаңашылдық "

2. Тарау "Табиғат лирикасының көркемдік арналары (Символистік поэзиядағы табиғат суреті және белгілі бір табиғат құбылысының символдық мағынада қолданылуы)"
Зерттеу нысаны. Зерттеу жұмысына Абай, Мағжан, Сәкен, поэзиясы алынды.
Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негіздері. Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негіздеріне әдебиеттану ғылымының көрнекті өкілдерінің зерттеу еңбектері тақырыпты зерттеудің көзіне айналды. Оған З. Ахметовтың "Поэзия шыңы - даналық" еңбегін негізге алдық. Осы аталған ақындардың поэзиясындағы табиғат көріністерін және олардың көркемдік қызметін

айқындау үшін қазақ әдебиеттануындағы теориялық еңбектер, монографиялық зерттеулер басшылыққа алынды. Зерттеудің әдістері. Тақырыпты зерттеу барысында салыстырмалы талдау, жүйелеу, тұжырым жасау әдіс - тәсілдері қолданылды. Ғылыми жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі 2 тарау және қорытындыдан тұрады......
Ғылыми жобалар
Толық

Әдебиет | Поэзиялық туындыларда суреттелетін Ғани бейнесі

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан мен Орталық Азия жастарының жалынды жетекшісі, Шығыс жастарының ұйымдастырушысы болған белгілі қоғам қайраткері Ғани Мұратбаев есімі елге ғана емес, әлемге белгілі. Ол өз басына дарыған жігер - күш пен ақыл - парасатын шығыс халқының кемел келешегіне бағыттады. Егер сарғайған тарих парақтарына көз салсақ, он бес жасар баланың аласапыран кезеңде мәртебелі де лауазымды ұйымның мүшелігіне қабылдануы тектен - тек болмаса керек. Тұла бойы қайсарлық пен қайратқа, намыс пен жігерге, ойы ақыл мен парасатқа толы Ғани шығыс жастарының кемел келешегі үшін өмірін сарп етті......
Ғылыми жобалар
Толық

Әдебиет | Ахмет Байтұрсыновтың поэзиясы

Өнер алды – қызыл тіл» деп мақалдап өткен қазақ ақындары, жазушылары осы күнге дейін қазақ поэзиясында биік орын алады. Солардың бірі Ахмет Байтұрсынұлы.Өз заманының ағысына қарсы тұра білген қайраткер. Қазақ халқының рухани көсемі болып, болашақтың жарық, тыныш, көк аспан астында өмір сүруіне өзінің ақылын арқау еткен. Өз достарының алды бола білген Ахмет өткір, алмас қылыштай адамның ойын осып өтетін сөздерімен өлең арқылы ой-сезімін білдірген. Қазақтың қазақ бола білуіне кеудесіндегі жанын да аямаған. Қарусыз-ақ сөзбен адам өлтіретін Ахмет қазақ елінің келешегін тәуелсіздікке жетелеген халықтың рухани жетекшісі. Халық үшін, халықтың мәдени-әлеуметтік болмысын көтеру үшін қызмет еткен.
Халықты ағарту баладан, мектептен бастау алады. Ең алғаш қазақ тілінде әліппе кітабын жинақтаған Ахмет еді. Қазақ балалары көзі ашық, сауатты азамат болып шығуға септігін тигізген. Қазақ тіліндегі әліп-би осы сөздердің бәріне дәлел. Тек қана кітап жазумен тоқтамаған Ахмет, орыстың белгілі жазушыларының белгілі жазушыларының белгілі еңбектерін ана тілімізге аударып, өзінің халыққа, шамшырақ екенін дәлелдеп өткен. Халықтың білімді болуына, сауатын ашуға көп көмек көрсеткен. Бұрынғы қарапайым қара сөздерді жаңғыртып, халық санасына қалыптастыру басты мақсаттарының бірі. Көкейіндегі түйілген ойды ана тіліндегі асыл, ұтқыр сөздермен жеткізе білген. Өлеңдеріндегі сөздердің өзі адам көңіліне талпыныс, алға қарай жол бастап, көш артында қалып қоймауға себепші болған. Қазақ тілін- болашақ ұрпақтарға дамыта түскен қалпында, басқа тілдерден биігірек ұстап, тазалығын сақтауға демеу болды. Қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танудағы қызметі қазіргі мектептерде қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Ахмет қалыптастырған әдеби-теориялық терминдер осы күнге дейін өмірін жалғастыруда. Бұның бәрін әдебиетші Ахметтің қымбат, алтын, гауһардай асыл сөздері мен тәлім- тәрбиеге толы, адамдық қасиеттерді сипаттап жазған өлеңдері бәрі- бәрі болашақ ұрпаққа келешегіне керек, нұсқау болатын түзу жол емес пе?! Қазақ тілін әсем сөздермен әшекейлей білген Ахмет өз еңбектерімен басқа да елдерге танымал бола білді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Мұхтар Шаханов поэзиясы

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Әдебиеттіміздің тарихындағы әр ғасыр, әр белес өзінің үдемелі өрбуімен көзге түседі. Соның үшін өткен ғасырдың екінші жартысынан ерекше көзге түскен әдеби құбылыстың бір ақынын ғана сөз етудің өзі үлкен мәселе. Жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдарынан поэзиямыздағы қызуы күшті жалын болып келген ақынымыз Мұхтар Шаханов екендігінде дау жоқ. Өзінің бойындағы талантымен, айбынды поэзия үнімен қазақ өлеңіне тың жаңалықтар ақын есімімен байланысты келді.
ХХ ғасырдың соңының өзі саналуан оқиғаларға толы болды. Тәуелсіздік үшін күрестің күшейе түсуі, экологиялық апат зардаптарының алабұртуы халық өмірінде ерен із қалдырған жәйттер еді. Ақын М.Шаханов өзі көріп куәсі болған халқымыздың өміріндегі оқиғалардың бәрінің қасында, басында болғысы келген жаратылыс бітімі өзгеше азамат. Оның өлеңдері желтоқсан оқиғасының мәні мен мағынасын айқындап берген жалынды поэзия болды. Ұлт рухын төмендетпей, жоғары көтеруді аңсады. Ол – адам рухына қатысты сөз айтушы жағы Қазақ тілі - ұлт тілі туралы бірде шырқырай түсіп, бірде лапылдап жанып тіл мәртебесін көздеп жүрген азамат та, ақын да – М.Шаханов. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев биылғы жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында: «Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз», - [1] деп аршындап дамып келе жатқан мемлекетіміздің рухани құндылықтарына ерекше көңіл аударды.
Ақын қай мәселені сөз етсе де әріден бастап, халық өмірінің бүгініне шебер ұштасады. Оның өлеңдеріндегі бастау алар қайнары саналатын достық пен махаббат мәселелері де шынайылық танытады.
Ақын қоғам қайраткері М.Шаханов поэзиясының қайнар көздерін саралай түсу жұмыстың өзектілігі болып табылады.
Зерттелу деңгейі. Қазақ топырағында туған әдебиет бүгінде өсу, өркендеу үстінде. Оның поэзиясына салмақты үлес қосып келе жатқандардың бірі - ақын М.Шаханов. ол әрі мәжіліс депутаты, қоғам қайраткері.
Ақын өлеңдерін сараптау, сұрыптау және монографиялық тұрғыда зерттелмесе де, баспасөзде соңғы жылдары әсіресе, қаламгердің 60 жылдық мерей-тойынан бері үздіксіз сөз болып келеді.
Көптеген әдебиетші ғалымдар М.Шаханов шығармашылығының ауқымды тақырыптары мен өзгеге ұқсамайтын ақындық арыны туралы үзік сырларды айтып та, жазып та жүр. Ғарифолла Есім, Тұманбай Молдағалиев, Жүрсін Ермандардың ақын шығармашылығына арналған мақалаларында Мұхтардың қазіргі күнгі әдебиетіміздегі алатын орны, шығармаларындағы көтерген мәселелерінің көркемдік көкжиектеріне оңды баға берілді. Сондай-ақ Шаханов шығармашылығы шетелдің әдебиет сүйер қауымының да көңілін өзіне аударды. Біз жұмысымызда, баспасөзде жарияланған материалдарға назар тастай алатын ақынның «Ғасырларды безбендеу», «Жаңа қазақтар», «Эверестке шығу», «Компьютербасты жарты адамдар», «Бөдене таланттар мен Қажымұқандар» жинақтары және жеке жарияланған өлңдерін пайдаланып, тақырып аясында өз пікірімізді баяндап, тұжырым жасауға әрекет еттік.
Мақсаты мен міндеттері. М.Шаханов поэзиясы көп салалы саналуан тақырыпты қамтиды. Әрбір тақырыпты жырлауға оның түп-төркініне үңіліп, содан бастау алып, бүгінгі күннің тіршілігін терең танымдық тыныспен сипаттайды. Солардың қатарынан бөле жарып өзімізге мыналай мақсат қойдық:
- ақынның әдеби ортаға ену кезеңін белгілеу;
- ұлттық рухты биіктете түскен шығармаларын талдау;
- туған тілімізді қызғаштай қорыған өлеңдерінің идеялық мәнін ашу;
- шынайы достықты жырлаған шығармаларының жалпы адамзаттық маңызын танытуы;
- махаббат жырларының оттылығы мен ойлылығын көрсету;
- ақынның көркемдік әлеміндегі ізденістерінің беттерін ашу.
Таңдап алынған ақынның өлең, поэмаларын көз алдымыздан өткізіп, ойымызды топшылап, алға қойған мақсаттарымызды орындауға міндеттендік.
Ғылыми жаңалығы. Жоғарыда келтергеніміздей, ақын М.Шаханов шығармашылығын зерттеу жұмыстары қазіргі күнде қолға алына бастады. Ақын шығармашылығының негіздеріндегі ұлттық рух мәселесін, ана тіліміздің бірегей жанашыр ақыны екендігін, поэзияда достық пен махаббатты өлеңдеріне өзек етіп алғандығын жан-жақты қарастыру Мұхтар Шаханов шығармашылығын зерттеуге қосылатын ғылыми жаңалық саналады.
Методологиялық негізі. Диплом жұмысында С.Қирабаев , З.Қабдолов, М. Базарбаев, Т.Кәкішев, Р.Бердібаев, Р.Нұрғалиев, Т. Рахымжановтардың еңбектеріндегі әдебиеттану ғылымы жөніндегі тұжырымдар басшылыққа алынды. М.Шахановтың жинақтарымен қатар М.Мақатаевтың, Т.Айбергеновтың, Қ.Мырзалиевтердің өлеңдер жинағы да дерек көздері ретінде қарастырылды. Жалпы қазіргі күнгі әдебиеттану ғылымынң кейбір жетістіктеріне сүйендік.
Жұмыстың кәдеге жарай мүмкіндігі.
Жұмыс тікелей ақын шығармаларын сұрыптау, сараптауға арналғандықтан жасалынған тұжырымдар әдебиеттен арнаулы курс ретінде оқуға жарайды. Қазіргі дәуір әдебиетінен лекция оқығанда толық пайдалануға болады. Әдебиеттану саласына арналған конференцияларда баяндама жасауға әбден лайық.
Диплом жұмысы кіріспе, екі тарау (ішкі екі бөлемдерден), қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І тарау. Ұлттық рухтың жаңа биігі.
1.2 М.Шаханов – халқымыздың ұлттық қасиетін қастерлеуші ақын
Адамзаттың Айтматовы атанған Шыңғыс Төреқұлұлы: «Поэзия – рух пен сұлулық перзенті» - дейді. Үздіксіз ағатын өзен сияқты ұрпақтан-ұрпаққа, дәуірден дәуірге ұласатын поэзия да мәңгілік.
Өзгесін айтпағанда «Тарлан» сыйлығынан тартып, «Нобель» атындағы алтын медальге дейінгі иеленген қайраткер, қаламгер Мұхтар Шаханов мәңгілік поэзияның ірі өкілі. Оның шығармашылығы халқының, ұлтының рухани кәусар бұлағының сусынымен қанығып, қазіргі күнде әлем мойындап отырған терең сезімді, философиялық жағымды шығармаларға толы ақынның бар шығармасына ортақ алтын өзек ─ отанын сүю, адалдық, ізгілік екендігін танып отырмыз.
Бүгінгі күні аңсап отырған, сусап отырған ұлттық идеология қалыптастыруда осындай дәуір дауылпазы дерлік, ақын жырларының ролі ерекше.
Біз әдебиетшілер ұлы орыс ақыны Некрасовтың «Ақын болу-өз еркің, азамат болу –міндетің» деген қанатты сөзге айналған екі жол өлеңін жақсы білеміз және осы жыр жолдарының кімдерге айна қатесіз тиісті екенін іздейміз де олардың бірі емес, бірегейі біздің жерлесіміз Отырарда туып, Төлебиде өскен М.Шаханов. Бірінің тарихы, бірінің табиғаты таң қалдырған өлкенің екеуіненде ақын М.Шаханов рухани азық ала білген. М.Шахановтың ақындығын азаматтығынан бөліп қарауға болмайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Әріп Тәңірбергенов поэзиясындағы Абай дәстүрі

Жұмыстың құрылымы: бітіру жұмыс кіріспеден, екі тараудан, оның ішінде төрт тараушадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу нысаны: Әріп Тәңірбергенов поэзиясындағы Абай дәстүрінің көркемдік қырларын жан-жақты зерттеу.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: бітіру жұмысының негізгі мақсаты Әріп Тәңірбергенов поэзиясындағы Абай дәстүрінің көркемдік идеясының, эстетикалық қуатының, мән-маңызының алатын орнын анықтау. Кезінде әдебиеттанушылар даулы тақырыпқа айналған мәселенің бірі - Абай мектебінің төңірегі болатын. Абай мектебінің көрнекті өкілі Әріп шығармашылығындағы ұстаз өнегесі дәстүрлі мектептің айқын көрінісі іспетті. Сонымен қатар, Әріп Тәңірбергенов поэзиясындағы Абай тәлімімен қатар авторға тән жеке стильдік ізденістерді, жаңа тыныс пен тың тақырыптарды көтергені жайында сөз қозғау.
Жұмыста қолданылған дерек көздері: ғылыми-теориялық зерттеу еңбектері, диссертация, газет, журнал материалдары, көркем мәтін т.б.

КІРІСПЕ
Әріп Тәңірбергенов ақындығы, ғұламалығы жөнінде кенжелеп алсақ та, қазір ол туралы айтылып та, жазылып та жүр, бұл жағынан жұртшылыққа біршама танымал деп айтуымызға әбден болады. Жан-жақты білімді, көп оқыған кемел ақын Әріп Тәңірбергенов артына мол мұра қалдырды. Өкінішке орай, олар Қасым ақын айтқандай, «арбасқан алақұйын заманалардың» салдарынан бізге толық жетіп отырған жоқ /1,18/. Мұны зерттеуші Қ. Мұхамедханұлы да қадап айтады. Оқырман қауым Әріп өлеңдерімен алғаш рет 1969 жылы «Жазушы» баспасынан «Ұмытпаңыздар мені» деген атпен шыққан шағын жинағы арқылы хабардар болса, екінші рет 1995 жылы Қайымның «Абайдың ақын шәкірттері» атты зерттеу еңбегі жарық көргеннен кейін ғана кеңірек танысуға толық мүмкіндік алды /1,23/.
Өйткені ол ақ патша өкімдерінің әңгір таяғымен азап шеккен қазақ ауылының тіршілік-тынысы ғана емес, оның экономикалық, саяси-әлеуметтік проблемаларын да жақсы білді. Халықтың зорлық-зомбылықтан, озбырлық-заңсыздықтан күйзелген шаруашылығын, титықтаған тұрмысын, аянышты ахуалын да көрді, оның неліктен бұлай болып отырғанын әшкерелеп, оны жөндеу жөнінде өз ой-пікірлерін, өз байлауын ортаға салды. Сондықтан да оқырман қауым оның үніне үнемі құлақ түріп отырды /2,65/.
Әріп ақын қазақ елінің мәдениеті мешеу, тарихы белгісіз «бұратана» ел атануына намыстана қарады. Әсіресе, қазан төңкерісі алдындағы «қазақ халқын тарихқа кірмейтін жабайы халық» деп есептеген шовинистік пиғылдағы пікірлер де намысына тиді. Ол оның халқымыз, ел-жер тарихын білмегендіктен екенін аңғарды. Ұлы ұстазы Абайдың дүниетанымы мен көмегі оған халқымыздың тарихы мен мәдениетін зерделеп оқуға жөн сілтеді. Әріп өзге халықтардың ғылым, біліміне кітап арқылы саяхат жасап білім іздейді. Ол арабша, парсыша, орысша, қытайша, түркі халықтарының тілінде жазылған трактаттарды, діни кітаптарды оқи білді. Өткен тарихымызға деген қызығушылық, орыстың ғылыми еңбектері ғана емес, әлем әдебиеті мен ғылымына жетеледі. Халық ауыз әдебиетінің қайнарынан мол сусындап, батыс-шығыс елдерінің әдебиеті мен мәдениеті мен мұндалап тартты. Елінің тарихы және мәдени мұраларына деген сүйіспеншілігі өмірінің соңғы сағатына дейін сақталды /3,54/.
Жұмыс тақырыбының өзектілігі.
Әріп шығармашылығындағы жанр ерекшелігі сан алуан. Оның шығармаларындағы дүниетаным, көзқарас – сол заманның келбетін сипаттайтын, ел тарихы мен дәстүріне терең үңіле, айшықты жазылған, бірде эстетикалық, бірде діни-философиялық және этнотарихи, қоғамдық пікір-таласқа қызу араласатын сан алуан тақырыпты қамтып, мұның өзі сан алуан ғылым саласына қосар үлесі бар бай қазына десе де болады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Жүрсін Ерман поэзиясының көркемдік сипаты

КІРІСПЕ
Өнер мұраты – халықты бір-бірімен жақындастырып, рухани жағынан үндестіру. Оның ішінде, әдебиет – халықтың ой-санасын өсіріп, кемелдендіреді. Әдебиет халықтың рухани асыл қазынасы болғанымен, оны жасайтын халық ішінен шыққан дарын иелері.Сондықтан да жеке адамдар жасаған әдебиет туындыларын сандаған ұрпақ оқып,одан ұлағатты ой, өнеге-үлгі алады. Тәлімдік, тағлымдық тұстары мол. Поэзияның өнер мүлкі ретінде қыр сыры мол жанр. Сезімнен тыс поэзия болмайды. Оның ішінде лирика тікелей сезімдік туынды екені мәлім. Алайда, әр ақынның сол сезімді поэзияға өзек етуінде эстетикалық арсеналдары түрліше.
Ақын – қоғамдық тұлға. Ақынның әдебиеттен алатын орны ақынның өмір сүрген қоғамдық ортасымен, заманымен тығыз байланысты. Ақын шығармаларының құны өзі өмір сүрген замандағы қоғам мен өмір шындығын қаншалықты көрсете білді, қоғамға қаншалықты әсер ете алды, сонымен өлшенсе керек. Адам жанының тереңіне бойлай білуді қажет ететін лирика жанрының басты ерекшелігі – ой мен сезімнің тең қабысып отыруы. Ал, нағыз лирик осы қос қасиетпен оқырман жүрегін сәулелендіріп отыруы тиіс. Бұл әрине, қалам ұстаған кез-келген қаламгердің қолынан келе бермейтін, тек сирек талант иесіне ғана бұйырар шығармашылық бақыт.
Бұл ретте әрине, аға буын өкілдері: Ә.Тәжібаев, Д. Әбілев, А. Тоқмағамбетов, М. Әлімбаев, Х. Ерғалиев, Ғ. Қайырбеков, С. Мәуленов, С. Сейітов, Т. Әбдірахманова, К. Салықов, Қ. Бекхожин, Қ. Шаңғытбаев, т.б. азаматтық-философиялық түйін-тұжырымдарға толы өлең-жырлары, О. Сүлейменов пен М. Шахановтың азаматтық мәселелерге батыл үн қосуы, сол секілді Т. Молдағалиев, С. Жиенбаев, Қ. Жұмағалиев, Ж. Нәжімеденов, С. Иманасов, Ө. Нұрғалиев, Қ. Мырза Әлі, М. Мақатаев, К. Мырзабеков, Ж. Әбдірашев, Ш. Сариев, Т. Медетбек, Ұ. Есдәулет, И. Сапарбай, И. Ғайып, С.Тұрғынбеков, Ж. Ерман, А. Егеубай, А. Әлім, С. Адай т.б. өмірі мен өнерге адалдық танытып, қазақ өлеңін дамыту ісінде қайсар мінез бен қаламгерлік қарымдылық көрсетуі көңіл қуантады.
Қазіргі қазақ поэзиясында өзіндік көзқарасы мен қолтаңбасы бар, ізденіс пен ізгілікке жаны құштар, жүрегі жырға, көңілі нұрға толы талантты ақындардың бірі – Жүрсін Ерман.
Қазақ әдебиеті тарихының күрделі дәуірлерінде XX ғасырдың 60-90 жылдарының алатын орны ерекше. Аталмыш кезеңде қоғамдағы сәл де болса “жылымықтың” нәтижесінде қаламгер санасында бастау алған сілкініс пен серпіліс қазақ романдарының дүниеге көптеп келуіне мүмкіндік берді. Бұл кезеңдегі қазақ поэзиясы дүниедегі аса құдіретті, күрделі жаратынды – Адамның жан әлеміне үңілумен, адам болмысына назар аударумен ерекшеленді.
“Аталған жылдар аралығындағы қазақ әдебиетінің ұлттық көркем өнердегі терең тамыры нәзік арқаудан нәр тарта дамуға талпынған бет-бағдары болатын. Бұл жылдар аралығындағы лирика шын мәнінде тасты жарып шығып гүл атқан қызғалдақтай көзге ыстық тартқаны рас” /1.106/. Шынында да осы жылдары поэзиямыздың жаңа дәуірі басталды. С. Жиенбаев, М. Мақатаев, Ф. Оңғарсынова, Ж. Нәжімеденов, Қ. Мырзалиев, К. Ахметова, О.Сүлейменов, Т.Молдағалиев, Т. Айбергенов т.б. өздерінің ақындық таланттары арқылы қазақ өлеңдеріне үлкен серпіліс, жаңа өрлеу кезеңін ала келді.
Өмірі мен өнерін өлең-ғұмырға сыйғызған ақынның көп жылдық шығармашылық еңбегінің әр алуан кезең еншісінен орнын ойып алып, әдебиет майданы күрескерлерінің қаламына ілігуінің өзі де заманға сай заңдылық. Осы жылдар поэзиясының ізін басып, өнердегі өзіндік мінезімен алдыңғы топтан көрінетін Ж. Ерман поэзиясы – біздің бүгінгі жұмысымыздың басты арқауы да. Бұл орайда «Ақын қуанса, шын қуанып, мұңайса, шын мұңаяды. Оның бір жырдан екінші бір жырға көшіп отыратыны лирикалық кейіпкерінің жан-дүниесіндегі толқыныстар ауыл, аймақ, керек десеңіз кейде ұлт пен ұлыс шекарасынан шығып, жалпы азаматтық толғаныстар кеңістігіне көтеріледі. Ол аспанмен тілдессе де, жермен сырласса да, бір қызығы, сені досыңмен сөйлестіргендей, тілдестіргендей ерекше бір халге бөлейді» деген Ш.Айтматовтың пікірінен біраз нәрсе аңғарылады /2,12/.
Абай әлеміне еркін еніп, оның өлең сөздегі дәстүр -өнегесін лайықты жалғастырған қазақ ақындары /Шәкәрім, Мағжан, Сұлтанмахмұт т.б./ көркемдік рухани мәселелерді ,адам мен оың еңбегін ,өмір тұрмысын терең толғады.Ұлттық поэзияның ұлы мұраттарын бар қырынан ашып, биік белестерге көтерген – С. Мұқанов, Ә.Тәжібаев, Т. Әбдірахманова, С. Мәуленов, Ғ. Қайырбеков, М. Әлімбай, М. Айтхожина, Ф. Оңғарсынова, А. Бақтыгереева, Н. Оразалин, О.Сүлейменов, Қ. Мырза Әлі, Қ. Бұғыбаева, М. Шаханов, Т. Медетбек, Ө. Нұрғалиев, С. Иманасов, Р. Ниязбек, Ж. Әбдірашев, К. Мырзабеков, А. Егеубаев, Ж. Жақыпбаев, Ұ. Есдәулетов, Е. Раушанов, И. Ғайып, Т. Оразбаева, Б. Серікбаев, Г. Салықбаева, Т. Әбдікәкімов, Н. Мәукенлы, т.б. ізденіс-еңбектері, көзқарас эволюцияары, кеше-бүгін мәселесін жырлаудағы амал-тәсілдері қалың көптің көңілінен шығып, рухани нәр сыйлады. Аталған ақындар шоғырының бел ортасында өлең -өнердің өз өкілі – осы буын жасаған поэзияны жалғастырып, өзіндік даралығымен келген ақынның бірі – Жүрсін Ерман.....
Дипломдық жұмыстар
Толық