Жұмбақтар жауабымен: Шаруашылық құралдары (тырма, балта, кетпен, саты, таяқ, таға, ер-тоқым)

Бір алыпты мен көрдім,
Көрінгенді қармаған.
Болғанда екі қанат, отыз қолы,
Қалады тап-тақыр боп жүрген жолы,
Бар екен алақандай аралшығы,
Адамзат пайдаланып жүр ғой оны.
Шөп тырма

Жалпақ бетті батыр,
Белін буып жатыр.
Сыпырғыш

Жүзімен жарамын,
Шүйдесімен қағамын.
Балта
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: От пен жарық (2)

Қарынды, баста қылған, аяғы үш,
Зат бір, пошымдары не түрлі-түсті,
Қарнына таяқ тығып піспектесең,
Ысқырып күрілдейді қайнайды күш.
Осындай түсі суық мақұлық бар,
Ойланып ақылдылар жұмбағым шеш.
Примус

Көмір шайнап,
Темір құсады.
Домна пеші

Бір ұяда топтасқан,
Түртіп қалсаң, от шашқан.
Шырпы
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жомарттық пен сараңдық

Игі адамның «жомарт» аты шығады,
Ол өлсе де, «тірі» деп жұрт ұғады.

Сараң – пайғамбардың жиені болса да пейішке бармайды,
Жомарт – қара құлдың баласы болса да тозаққа бармайды.

Жомарт ерге ел алғысын төгеді,
Сараң атын естісе жұрт сөгеді.

Жомарт ер білім жолын жете білер,
Мал беріп, атақ алып өте білер.
Жарылқап кем-кетікті білімменен,
Жақсы атпен дүниеден өте білер.

Жомарттыққа не жетсін?
Жүйріктен құтылып не кетсін?

Жомарттық – сұратпай сыйлау.
Мақал-мәтелдер
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Егіс пен өсімдіктер өлкесі

Қырдан қырайман көрдім,
Судан сүлеймен көрдім.
Қайырылып тұрған тас көрдім,
Тұзсыз піскен ас көрдім.
Диірмен, балық, қауын

Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін.
Қабат-қабат тоным бар,
Қалай оны шешемін?
Орамжапырақ

Асты тақта,
Үсті тақта,
Ортасы жасыл мақта.
Пісте
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру «Жайық пен Ертіс» Ескен Елубай (4 сынып, I тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Менің Отаным – Қазақстан
Сабақ тақырыбы:Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру «Жайық пен Ертіс» Ескен Елубай
Оқу мақсаттары: 4.1.5.1 өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру.
4.3.2.1 таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: өз ойы мен сезімін шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып жеткізеді және өлең (төрт жол) жазады.
Көптеген оқушылар: өлең жазу барысында көркем-бейнелі сөздерді орынды қолдана алады.
Кейбір оқушылар: ойларын жеткізу барысында өзіндік пікірін дәлелдер арқылы ұсына алады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Көркем шығарма элементтерін салыстыру «От пен су» ертегі (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су – тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: Көркем шығарма элементтерін салыстыру «От пен су» ертегі
Оқу мақсаттары: 3.2.8.1 эпизодтерді салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау;
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды және өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады, түзетеді
Көптеген оқушылар: шығарма құрылымын жетілдіреді, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді сұрақтар құрастыруда қолдана алады.
Кейбір оқушылар:сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтап, қателереді тауып және түзеткенде өзіндік пікірін дәлелдей алады .....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру «Жайық пен Ертіс» Ескен Елубай (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: «Су – тіршілік көзі»
Сабақ тақырыбы: Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру «Жайық пен Ертіс» Ескен Елубай
Оқу мақсаттары: 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту ...)/ өлең (төрт жолды)/әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: өлеңдегі көркем-бейнелі сөздерді тауып, өз ойы мен сезімін сол сөздерді қолдана отырып жеткізеді және өлең (төрт жол) жазады.
Көптеген оқушылар: өлең жазу барысында көркем-бейнелі сөздерді орынды қолдана алады.
Кейбір оқушылар: ойларын жеткізу барысында өзіндік пікірін дәлелдер арқылы ұсына алады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Шығарманың жоспарын құру «Бұлақ пен құрақ» Б. С. Қошым-Ноғай (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су – тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: Шығарманың жоспарын құру «Бұлақ пен құрақ» Б С Қошым-Ноғай
Оқу мақсаттары: 3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру
3.2.6.1 кейіпкердің портртін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп тауып, бағалау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқып, логикалық бөліктерге бөлу, жоспар құру және кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлел келтіріп баға беру
Көптеген оқушылар: бөліктерге бөліп, жоспар құруда өз тұжырымдарын ұсына алады.
Кейбір оқушылар: дәлелдер келтіре отырып, бөліктерге бөледі, бөлімдерге ерекше ат қояды......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Көжекпен ойналық ойыны

Сабақтың мақсаты:
а) Сөйлемді толық құрауға, етістік сөздерді қолдана білуге үйрету, дыбысты анық айтуға дағдыландыру.
ә) Ойлау қабілеттерін дамыту.
б) Жануарларға деген сүйіспеншілігін оятуға тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: қоя туралы тақпақтар жаттау.
Көрнекіліктер : Сұр түсті қоян, жұмсақ ойыншық тіл дамыту дәптері.
Әдістер-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру,сөздік,ойын
Қос тілдік компонеттері: Көжек- зайченок, сұр-серый......
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Шымырбекпен бірге фитбол доптар әлемінде ойыны

Сабақтың мақсаты: Балалардың доппен жаттығу жасау іскерлігін (домалату, лактыру, ұстау, баспен итеру, доппен массаж жасау) дамытып, ата-аналарға балалармен бірлесіп шынығудың, жұмыс жасауына ықпал ету және жұптық гимнастиканың тиімділігін арттырып, бір-біріне қамқорлықпен қарауына тәрбиелеу.
Өткізілу түрі: Фитболгимнастика.
Қостілдік құрауыш: доп-мяч.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық