Мерзімі: 19. 05. 2018 ж Бастауышпен қоштасу мерекесі Тексерілді : Р. Қожамжаров
Сабақтың тақырыбы: «Аттандық бала шақтан-болашаққа»
Сабақтың мақсаты: «Аттандық бала шақтан-болашаққа» бастауышпен қоштасу мерекесімен таныстыру. Ұстаздарымыз бен мектеп туралы түсіндіру. Бітіруші бастауыш түлектеріміз туралы мәлімет беру. Оқушыларды мектебін, ұстаздарын құрметтеуге, өз елін, жерін сүюге баулу, тәрбиелеу.
Білімділігі: Ұстаздармен мектеп рөлін еңбегін айту.Ұстаздарды....
Мектеп өмірінде мұғалім-басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды,сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысы ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі жауапты міндетті іс.Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса,ал басқалары оны негізгі педагогикалық әрекеті ретінде қарастырады.Дегенмен,сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де,әрине ол балаларға өте қажет.Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол-сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып,олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасады.Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардының демалысына қатысты мәселелері,алғашқыұжым болып қалыптасу дәрежесі,соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырылады. Олай болса, сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі.Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызықты ұйымдастыруға тырысады. Ол өзіне қатысты сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдерін, оқушылардың ата-аналарын және жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп, балаға деген талаптарын ортақтастырып отырады. Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты-мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау.Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу.Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру. ....
Отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың демократиялық стилі үлкендер жағынан дұрыс бағытта қолданылса, қарым-қатынастың әлеуметтік-моральдық деңгейінің ерекше түрі - құрбы-құрдастық және достық қатынас маңызды роль атқаратындығын ескеріліп, оған қолдау көрсетілсе, онда отбасында тұлғааралық қатынасты дұрыс қабылдау орын алады. 1. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері туралы ғылыми - теориялық әдебиеттерге талдау. 2. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу әдістемелерін жинақтау. 3. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың ерекшеліктерін айқындау экспериментін жүргізу. 4. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық көрсеткіштерін коррекциялау жаттығуларын пайдалану. 5. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілері бойынша жүргізілген зерттеулерді қорытындылау, психологиялық ұсыныстар жасау. Отбасы тұлғааралық қарым-қатынас қалыптасуына берілген теориялар, пікірлер мен тұжырымдар (А.Г. Харчев, Б.Г. Ананьев, В.В. Драгунова, И.С. Кон, Э.Берн және т.б.), психиканың онтогенезде дамуы мен тұлғааралық қатынас қалыптасуы жайлы Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, З.Г. Ананьев, Д.Б. Эльконин т.б. ғалымдардың еңбектерінде қалыптасқан психикалық даму теориялары, жеткіншек жасының ерекшеліктерін зерттеген В.В Драгунова, И.С. Кон, В.В. Столин қағидалары, Э.Берннің трансактілік талдауы, С.М.Жақыповтың, Қ.Б.Жарықбаевтың бірлескен диалогты танымдық іс-әрекет тұжырымдары, жеткіншектердің психикалық даму мәселелеріне қатысты Қазақстандық зерттеулердің теориялық негізі мен мәнділігін (С.М. Жақыпов, Қ.Б.Жарықбаев, В.К.Шабельников, Ж.Ы.Намазбаева) құрайды. Отбасы құндылығы және сапалары эмоционалды, когнитивті және мінез-құлықтық деңгейде ерекшеліктері көрсетілген. Алынған мәліметтер: отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілері, отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынас процесіне психокоррекциялық жұмыстар жүргізу жолдары жүйелі түрде талданған. ....
Экономика адам баласы табиғат игіліктерін жинаудан өмірге керекті игіліктерді, керекті заттарды жасауға көшкен кезде және сол жерде пайда болады. Сонымен, ресурстарды адам еңбегін пайдалана отырып өзгерту арқылы кез-келген экономикалық өнім алу өндіріс деп аталады. Оқулықтар мен ғылыми еңбектерде «өндіріс» түсінігі тар шеңберде көрінеді, кәсіпорындардың материалдық заттар мен өнім өндіруіне дейін төмендейді. Бұндай ыңғаймен келісу қиын. Біріншіден, материалды өндіріспен қатар қызмет, еңбек өндірісін де айту қажет. Экономиканы «материалды өндіріске» және «өндірістік емес» салаға бөлу заңды болмас, сонымен қатар материалдық өндіріс саласында еңбекті өндірістік деп, ал басқа салаларда өндірістік емес деп бөлуге де болмайды. Сондықтан да жасалатын өнім түрі «өндірістік немесе өндірістік емес» деген талқылаудың критерийі болмауы керек. Екіншіден, қызметтің қайсыбір түрін өндіріске жатқызуды «не өндіреді?, кім үшін өндіреді?, қалай өндіреді?.» деген сұраққа жауап алумен қатаң түрде байланыстыруға болмайды. Өнім адамның қол еңбегі көмегімен немесе машина операциялары көмегімен жасалады ма, өзі үшін немесе басқалар үшін өндіріледі ме, қандай тәсілмен өндіріледі, бұның бәрі өндірістік процесс пе деген талқылауға маңызды әсер етпеу керек. Осылайша өндіріске процестерді жатқызудың екі критерийі шығады: 1) жаңа өнімді жасау немесе осындай өнімді жасауға бағытталған мәліметті, энергияны, материалды қайта өңдеу және қолда бар өнімнің сапасын өзгерту; 2) керекті өнімді алу мақсатында жұмсалған еңбек, оны құруға қатысқан адам еңбегі; Түсініктірек айтқанда адамдар жасаған мәлімет, заттар, энергия немесе оларды ез еңбегімен өзгерту болған жерде өндіріс орын алады. Өндіріс адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін керекті игіліктерді алудың басты қайнар көзі болып есептеледі. Өндірісте аяқталған және өзінің пайдалану саласына түсетін өнім «ақырғы өнім» деп аталады. Ақырғы өнімнің үй шаруашылығында пайдаланатын, тұрғындардың қажеттілігін тікелей қанағаттандыру мақсатында жұмсалатын бөлігі «тұтыну тауарлары» деп аталады. Керекті шикізатты алудан ақырғы өнімді алуға дейінгі өзара байланысты процестер жиынтығы өндіріс деп аталады. ....
Соңғы он жылдықта көптеген мемлекеттерде өкпенің қатерлі ісігімен науқастану саны күрт жоғарылауда . Әлемнің 35 мемлекетінде өкпе ргы өлім саны жағынан бірінші орында. АҚШ-та әрбір жылда өкпе рагынан қайтыс болғандар 140-мың немесе барлық өлімдердің 6% құрайды. Барлық науқастардың 25пайызынан жоғарысын 50-60 жас аралығында жиі кездеседі.
Этиология. өкпе рагын 80% жағдайда тудыратын негізгі фактор шылым шегу. Сонымен қатар асбестаз, автомобильдердің және өндіріс кәсіп-орындардың қалдықтарымен ауаны ластауы да аурудың дамыту факторы болып табылады. Шылым түтінінде жәнесмоланың құрамында спектрлі тлдау көмегімен 50-ге жуық канцерогендер табылған. Олардың ішіндегі ең зияндылары жартылай ыдырау уақыты ұзақ полонийдің (210 Ро) радиоактивті изотобы, нитрозаминдер (диметил және диэтилнитрозаминдер) бензпирендер болып табылады. Шылымдардың фильтрлері канцерогендердің өкпеге түспеуін қамтамасыз ете алмайды. Пассивті шеккіштер қатарына үнемі шылым шегілетін бөлмеде еріксіз дем алатын адамдар жатады.(жанұя мүшелері, қызметтестер). Шылым түтінің әсеріне түспейтін адамдармен өкпе рагымен жиі ауырады. Ұзақ және көп шылым шегетіндерде (күніне 1 қораптан артық) өкпе шекпейтіндерден 10,8 есе жиі кездеседі. жасөспірім кезденбасталған шылым шеккіштерде өкпе рагы 52 рет жиі (12-14жас). Канцерогендердің ең көп мөлшері темекіні соңына дейін шеккенде өкпеге түседі. ....
Кез келген қоғам өзін-өзі реттегіш жүйе ретінде танылатыны баршамызға мәлім. Өйткені, қоғам өзіндегі тәртіпті әр түрлі құралдармен реттеп отырады. Мемлекет пайда болғанға дейінғі аралыкта тәртіпті рулық тайпалықк әдет-ғұрып нормалары арқылы реттеп отырған. Сондықтан да болар оларды орындау әр рудың, тайпаньщ азаматтық борышы боп қалыптасқан. Орна-тылған тәртіпті орындамағандарға өте катаң жаза колданылып отырған, ен ауыры - рудан, тайпадан қуып жіберу, мұның өзі өліммен пара-пар болатын, өйткені жалғыз адамның өмір сүруі о кезде күмәнді, сезік тудыратын. Бертін келе өндірғіш күштердің күрделенуіне байланысты қоғамның әлеуметтік күштерінің де күрт өзгерілуіне душар болды. Сөйтіп, бара-бара алғашқы қауым ыдырап, мемлекеттің пайда болуына әкеп соқтырды. Ендіғі жерде бұрынғы тайпалық, рулык әдет-ғұрыптар арқылы қоғамдағы тәртіпті сақтап тұру мүмкін еместі. Сөйтіп, қоғамның объективтік қажеттілігінен, яғни, жеке адамның сана-сезіміне байланысты емес туындайтын катынастарды реттеу - құқықтық ережелер болып табылады. Мұндай объективтік қажеттіліктің жаңа түрін құқық нормалары немесе құқықтық нормалар деп атаймыз. Бұлардың алғашқы тапсыз қоғамдағы әдет-ғұрып ережелерінен өзгешелігі олардың мемлекетпен ты¬ғыз байланыстығында. Құқық нормалары - бұл экономикадан туындайтын әдет-ғұрып сияқты өздігінен стихиялы түрде пай¬да болмайтын, кұкыкшығармашылык деп аталатын мемлекеттің айрыкша органдарының арнайы тағайындайтын қоғамдағы адамдардың мінез-құлық (тәртіп) ережесі, өйткені олар құқық нормаларын шығарады. Сөйтіп, мемлекет өзіне қажетті құқық нормаларын тудырады. ....
Қазіргі кезде қақтығыс теориясы қосымша нақтылауды иеленді. Қақтығыстану мәселенамасы шамалы нақты сипаттаманы иеленді. Қақтығысты зерттеуде теориялық аспектіні өңдеуде американдық социолог Толкатт Персонспен жүйеленген ұйымның құрылымдық – функционалды үлгі маңызды орын алды. Спенсердің артынша, Соркинннің әсерінсіз (ол 1922 ж. Ресейден кетуге мәжбүр болды, АҚШ – та орнықта, 1930 ж. Гарвард университетінде өзі құрған әлеуметтік факультетті басқарады). Ол қоғамды адамдар арасындағы қарым-қатынас жүйесінде қарастырды, оны байланыстырушы буын қалып пен құндылық деп есептеледі. Парсонс келесі жағдайларды зерттейді: а) кез келген әлеуметттік жүйе беріктік, тұрақтылық және жақсы интегралданған құрылымды ұсынады. б) бұл жүйенің әр элементінің белгілі қызметі бар, соның әсері оның тұрақтылығына үлес қосады; в) әлеуметттік құрылымдары функциялау одақ мүшесінің құнды келісіміне негізделеді, олар қасиетті тұрақтылық пен интеграцияны қамтамасыз етеді. Парсонстың пайымдауынша, әлеуметтік әрекеттің нормативті компоненттері төрт деңгейде айналады: организм, тұлға, әлеуметтік жүйе, мәдениет. Қақтығыстың мүмкіншілігі әлеуметтендіру процесінің өзінде жатыр, нәтижесінде адам тек әлеуметтік жүйе функционалдық әдісіне ғана қатысты емес және сәйкес мәдениетінің құндылықтары мен қарым – қатынастағы организмнің ішкі физиологиялық қасиеттері мен адамның қасиеттіліктерінің әлеуметтендіру нәтижесінде сәйкестікке, белгілі кернеуге өсуі мүмкін. Парсонс әлеуметтік жүйені белгілі типтегі ұйым есебінде түсінеді, ол төрт функционалды тараптарды ұсынады: сыртқы объектілерге бейімдеу мақсатқа жету, жүйені интеграциялау, нормативті – құндылық үлесіндегі құрылымдық формаларды өндіру. Және де, бейімдеу экономикалық қарым – қатанаста мақсатқа жету – саяси жағдайды, интеграция - құқықтық нормалар мен салт – дәстүрлерді, құрылымдарды өндіру әлеуметтік институттар, сенушілік және ізгілікті қамтамасыз етеді деп есептеді. Әлеуметтік Жүйенің ішкі кериарлықтары ауқымды болды, нәтижесінде қақтығыстар пайда болды. Жалпы Парсонс жүйедегі элементтер арасындағы қақтығыссыз «үндісті» қарым – қатынасты жақтаған. Оған қақтығыс әлеуметтік анология, өздігінше дерт , оны жеңу керек деп санаған. ....
Адамның өзі жасаған өмір суру ортасының бірден бір бөлігі – көлік жүйесі.Кез-келген адам өзінің жасына немесе мамандығына қарамастан әр күнді осы көліктің түрлерімен күнделікті пайдаланып жатады.Көлік адамның,тіпті қоғам өмірінің боліп тастауға келмейтін белсенді бөлігі. Бүгінгі заманғы көлік жүйесі қоғамдық (теміржол, автокөлік, теңіз,өзен, әуе көлігі және труба арқылы) және жекеменшік болып екіге бөлінеді.Жоғарыда айтылғанның бәрі көлік жүргізушілер үшін ғана емес,айнала қоршаған орта үшін де аса қауіпті аймақ болып есептеледі. Теміржол көлігі.Қазіргі замандағы теміржол жүйесі аса қауіпті аймақ ретінде белгілі.Жүк таситын пойыздар 90 км/сағ., ал жолаушы пойызы- 140 км/сағ. Жылдамдығымен жүре алады.Жолаушылар таситын пойыздың жалпы салмағы 1000 т. асса,жүк пойыздарының салмағы одан бірнеше есе ауыр болып келеді,сондықтан пойыз құрамасы бірден тоқтамай алмайды.Пойыздың тежеу жолы бірнеше жүз метрге созылады. Теміржолдарда ірі-ірі апаттар, мыңдаған шағын оқиғалар болып тұрады,темір жол ұйымдары үлкен зиян шегіп жатады, тіпті адам өлімдері де болып тұрады. Пойыздармен тасымалданатын жүктердің 3000-нан астам түрлері қауіп туғызатын химиялық заттар екен.Олардың ішінде 0орша5ан орта5а6 табиғатқа,адамдарға ,үлкен залалын тигізетін газ,химиялық заттар, жанғыш заттар сияқты жарылысқа әкелетін, уландыратын, ауру тарататын зардабы бар жүктер өте жиі кездеседі. Тыйым салынады: Вагонның төбесінде, баспалдағында , вагондардың арасындағы алаңдарға жолаушылардың журуіне болмайды; Жүріп келе жатқан пойызға мінгізуге (түсүруге)болмайды Жүріп келе жатқан пойыздың вагондарының терезесінен, есіктерінен шығып немесе бас шығарып қарауға болмайды Вагондарда жеңіл жанғыш, жарылғыш заттарды алып журуге болмайды Платформадан темір жолға секіруге болмайды Вагонда, тамбурда,арнайы орындардан басқа жерде темекі шегуге болмайды Пойыз өтіп келе жатқанда, платформаның шетіне 2м жақын тұруға болмайды. Пойыздың құрамасының үстіне шығу,әсіресе, электрленген темір жолдардағы пойыздарға, контакты сымдарға 2 метрге жақындау адам өміріне аса қауыпты. Әуе көлігі. әуе көлігіндегі қаупсіздік келесі жолдармен қамтамасыз етеді: Жолаушылардың өздерін және қол жүктерін тексеріп отыру әуе кемелерін арнайы тексеру әуе кәсіпорындарындағы өткізу тәртібі мен объектінің ішкі тәртібін ұйымдастыру және қатал қадағалау авиациялық техникалардың күзетін қамтамасыз ету әуе кемелерін басып алуды қамтамасыз ету үшін қажетті күш пен заттарды дайындау әуе жай мен азаматтық авиация объектлілерін қоршау Осы аталған іс-шаралардың кейбіреуін қарастырайық.....