Түлкіге тамақ іздеп сапар шеккен Жолығып, айтты бір күн Қарашекпен: «Күнің аз тауық жемей жай жүретін, Ұрлыққа құмар жансың мұнша неткен? Сыр ашып сөйлеселік оңашада .....
Ac артынан,алдыға шұбат келді, Біреу татып,біреулер сынап көрді. «Қызылқұмның» қиылып қыз-келіні, Шұбат емес, бір шара шуақ берді. Ақбоз үйдің есігі айқара ашық, Гулесуде жігіттер тайғаласып, .....
Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол, Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол. Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым, Мен не болсам болайын, сен аман бол. .....
Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол, Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол. Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым, Мен не болсам болайын, сен аман бол. .....
Әлем мемлекеттері экономикасының даму кілті ретінде бизнеспен қарым-қатынасты күшейтуге бағытталып жатыр. Жеке меншік сектор үлесі күннен күнге көбейуде, ал жеке бизнес тұрақты табыс көзіне айналған. Көпшілік үшін Франция – бұл ең алдымен атақты тарихы мен бай мәдени дәстүрі бар мемлекет. Алайда, осы сән мен романтика ошғында да іскерлік өмір қайнап тұр. Оны құраушы негіздерінің бірі – шағын және орта бизнес болып табылады. Европаның бұл ірі державасында мемлекет пен бизнес арасындағы қарым-қатынас бүгінгі күні күшее түсуде. Президент бағыттаған Қазақстанның 50 бәсекелестікке қабілетті елдің қатарына қосылуы бағытында үлкен шаралар жасалып жатыр. Алға қойылған мақсаттар да әлі көп. Осы мақсаттарға жету жолында Қазақстан экономикасы нық басқан, тәжірибелі елдердің қате-жетістіктерін зерттеу керек. Соның ішінде Францияның бизнеске көрсетілетін қолдауы: салық, қаржы, ұйымдастыру саясатындағы үлгітұтарлық жеңілдік-көмектері бар. Осы рефераттың мазмұны Франция мемлекетінің шағын және орта бизнесті қолдау шараларын көрсетуге бағытталған. ....
Тынық мұхит — оны Ұлы мұхит деп те атайды — планета бетінің 1/3 -ін және Дүниежүзілік мұхит көлемінің жартысын дерлік алып жатыр (2-сурет). Мұхит сопақша пішінді, экватор тұсында ерекше енді, сондықтан ол беткі жағы ең жылы мұхит. Мұхиттың шығысындағы жағалық сызығы аз тілімденген; онда бірнеше түбектер мен шығанақтар бар. Батысында Евразия мен аралдардың аралығында көптеген теңіздер жатыр. Бұл Жер бетіндегі жағалық сызықтың ең көп тілімденген ауданы. Теңіздердің арасында тереңдігі 100 м-ден аспайтын қайраңды теңіздер де бар. Кейбір теңіздер литосфера плиталары (Жапон, Охот және басқа) өзара әсер ететін зонада орналасқан. Олар терең әрі мұхиттан арал доғаларымен бөлінген. Тынық мұхитта аралдар өте көп, олардың саны 10 мың-нан асады.
58-сурет. Евразия жағасындағы Тынык мұхит. Жапон теңізі Мұхитты зерттеу тарихынан. Тынық мұхиттың жағасы мен аралдарын мекендеген халықтар ертеден-ақ мұхитта жүзіп, оның байлықтарын игерген. Ф. Магелланның, Дж. Куктың жүзу сапарларының нәтижесінде мұхит туралы мәліметтер жиналды. И. Ф. Крузенштерн мен Ю. Ф. Лисянскийдің Жер шарын айналып шыққан бірінші орыс экспедициясы XIX ғасырда мұхитты кеңінен зерттеуге бастама болды. XIX ғасырда С. О. Макаров «Витязь» кемесімен комплексті зерттеу жүргізді. Экспедициялық кемелер 1949 ж. бастап жүйелі ғылыми рейстер жасауда. Қазіргі уакытта Тынық мұхитты зерттеу жөнінде арнайы халықаралық ұйым құрылған. 59-сурет. Ғылыми-зерттеу кемесі Соңғы онжылдықтар ішінде мұхит табиғатының ерекшеліктері жөнінде жаңа мағлұматтар алынды, оның ең терең жері анықталды, ағыстары, түбінің жер бедері, терең сулы науаларындағы тіршілік, мысалы, омыртқасыздардың, жіп тәрізді организмдердің жаңа типтері зерттелуде. Тынық мұхитты зерттеп білу үшін біздің елімізде, Қиыр Шығыста Ресей Ғылым академиясының арнаулы ғылыми-зерттеу орталығы құрылған. Түбінің жер бедері. Тынық мұхит — ең терең мұхит. Оның орташа тереңдігі 3980 м, ал ең терең жері Мариан науасында 11022 м-ге жетеді. 60-сурет. Тынық мұхит түбінің жер бедері Мұхит түгелдей дерлік бір литосфералық плитаның үстіне орналасқан, бұл плита өзінің шекарасында басқа плиталармен өзара әсер етеді. Мұндай өзара әсер ету жер бетіндегі және су астындағы жер сілкінуге, вулкандардың атқылауына ұласады. Мұхит түбінде атылған лавалардың көлемі материктерде атылған лавалардың көлемінен үш есе артық болады. Мұхитты жиектеп жатқан құрлықта да әйгілі «Отты шеңберді» құрайтын көптеген вулкандар бар. Мұхит түбінің жер бедері өте күрделі . Мұндағы қайраң басқа мұхиттардағыға қарағанда аз аумақты алып жатыр. Ол Азия мен Австралияның жағасында ғана жақсы дамыған. Материктік беткейлері тік, көбіне сатылы болып келеді. Мұхит түбі жер бедерінің өзіне тән ерекшелігі — оның ең терең жерлері шеттеріне орналасқан. ....