Мұқағали Мақатаев (Шұбат пен бота)
Ac артынан,алдыға шұбат келді,
Біреу татып,біреулер сынап көрді.
«Қызылқұмның» қиылып қыз-келіні,
Шұбат емес, бір шара шуақ берді.
Ақбоз үйдің есігі айқара ашық,
Гулесуде жігіттер тайғаласып,
Бота сонда боздаса байлаудағы,
Шұбат ішіп, қалайша жәй табасың?!
Бір ботаның сондағы боздауын-ай!
He басына күн туды, боздағым-ай,
¥мыт болған уайым, мұңды өкеліп,
Алпыс екі тамырды қозғауын-ай!
Елестеді ел ауып баратқандай,
Жетім бе, әлде жесір ме, зар атқандай
Қайтқан қаздай қазақтар ертедегі,
Сардалаға сағыныш таратқандай.
Осы екен ғой ботадай боздау деген,
Естімеп ем,естідім...
Қозды-ау денем.
Боталардың боздауы тозбапты әлі,
Адамдардың боздауы тозғанменен
Біреу татып,біреулер сынап көрді.
«Қызылқұмның» қиылып қыз-келіні,
Шұбат емес, бір шара шуақ берді.
Ақбоз үйдің есігі айқара ашық,
Гулесуде жігіттер тайғаласып,
Бота сонда боздаса байлаудағы,
Шұбат ішіп, қалайша жәй табасың?!
Бір ботаның сондағы боздауын-ай!
He басына күн туды, боздағым-ай,
¥мыт болған уайым, мұңды өкеліп,
Алпыс екі тамырды қозғауын-ай!
Елестеді ел ауып баратқандай,
Жетім бе, әлде жесір ме, зар атқандай
Қайтқан қаздай қазақтар ертедегі,
Сардалаға сағыныш таратқандай.
Осы екен ғой ботадай боздау деген,
Естімеп ем,естідім...
Қозды-ау денем.
Боталардың боздауы тозбапты әлі,
Адамдардың боздауы тозғанменен
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мұқағали мақатаев Шұбат пен бота өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Шұбат пен бота