Педагогикалық процестегі мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің мәні

Оқу-тәрбие жұмысын күнбе-күн жедел жүзеге асыруға қарым-қатынас жасап отыратын екі тұлға бар. Олар: мұғалім және оқушы. Осы екі тұлғаның өзара қарым-қатынасы дұрыс жолға қойылған уақытта ғана оқу-тәрбие жұмысы бойынша алға қойылған міндеттер дұрыс жүзеге асырылады.
Мұғалім өзі оқытатын пәні бойынша материалдарды каншама жақсы біліп, оны алуан-түрлі әдіс-тәсілдермен, құрал-дармен түрлендіріп өткізуге тырысқанымен оқушы мен мұғалім арасында өзара құрмет-сый, сыйласым болмаса, оқушы мұғалімді ынта-ықыласымен тындағысы келмесе, іс нәтиже бермейді.
Қазіргі күнде қоғам аддына қойылып отырған, халыққа білім беру саласы алдына қойылып отырған негізгі мәселелер: мектепті қоғам талабына сай қайта құру, адам факторын жандандыру, демократияландыру, ізгі-адамгершілікке тәрбиелеу мәселелеріне сай болу керек. Осы мәселелер жүзеге асырылған уақытта ғана оқу-тәрбие жұмысы өз дәрежесінде нәтижеге жетеді. Сондықтан да оқушылар мен мұғалімдер арасындағы мәдени - қарым-қатынас педагогикалық іс-әрекеттегі маңызды кәсіптік мамандық құралы. Ол: оқушылар мен мұғалім арасында ынтымақтастық түрде демократиялық, адамгершілік-ізгілік негізінде жүзеге асырылуы қажет.
Педагогикалық қарым-қатынас-мұғалім мен оқушы арасындағы оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асыруға қажетті маңызды психологиялық ахуал жасайтын кәсіптік-мамандық қатынасы.
Оқушылармен мұғалім арасында мәдени қарым-қатынастың болуының аса қажеттілігі жөнінде советтік дәуірдегі көрнекті педагогтар А.С.Макаренко, Н.К.Крупская, С.Т.Шацкий, А.В.Луначарский, В.А.Сухомлинский т.б. Өздерінің еңбектерінде атап көрсетіп, іс-тәжірибелерінде дәлелденген болатын.
Мысалы, А.С.Макаренко оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас "Баладан дұрыс талап ете білу, оның жеке басын құрметтей білу" принципінде құрылу керек деген болатын. В.А.Сухомлинский баламен қарым-қатынас жасай білу тіл табыса білуде балалармен қалай сөйлеудің мәнін көрсетеді.
"Мектеп қабырғасында айтылған әрбір сөз - ойластырылған, мақсатталған, ақылға-ойға қонымды үлгілі сөздер болуы керек, айқайлап сөйлеу мектеп ішінде оқушыға өте жат. Мұгалім балаға сеніммен қарау керек. Баланы мұғаліммен еркін сөйлесе білуге тарту керек" - дейді.
Оқушы мен мұғалім арасында дұрыс ұйымдаспаған педагогикалық қарым-қатынас балаларды қорқақ, жалтақ, өзіне-өзі сенімсіз қасиетке бағыттайды. Балалардың жұмысқа деген ынтасы, ықыласы төмендейді.....
Рефераттар
Толық

Педагогикалық зерттеу әдістері

Қандайда да болсын ғылымның зерттейтін пәні ғана емес, алға қойып отырған міндеттерді шешуге көмектесетін зерттеу әдістері де болады.
Педагогикалық зерттеу әдістерін байыту мен дамыту ғылым дамуынын маңызды факторы болып табылады. Бір кездері зерттеу әдістері философиялық, әлеуметтік және ойша құрылымның негізінде жасалып, педагогикалық идеялар атақты ойшылдардың шығармашылық қызметінің нәтижесі ретінде көрінген. Алайда, теориялық қызметті практикалық іс-тәжірибемен ұштастырып жүргізуді ғалымдар дамыта түсті.
Жалпы педагогикалық зерттеу әдістерін бірнеше топқа бөледі:
1. Жалпы.
2. Жалпы ғылыми.
3. Арнайы әдістер.
Педагогикалық зерттеу әдістері дегеніміз — жалпы құбылыстарды зерттеу мен әр түрлі ғылыми мәселелерді шешуге бағытталған әдіс-тәсілдер мен операциялардың жиынтығы.
Жалпы әдіс - жалпы және әмбебап сипатқа ие болады. Сондықтан бұл әдіс әртүрлі ғылым салаларында қолданылады. Ғылыми тұжырымдау процесіне бағыт бере отырып, кез келген ғылыми зерттеу жұмысында әдіснамалық міндетті орындайды.
Жалпы әдіс 2-ге бөлінеді:
Жалпы ғылыми. Бұл барлық немесе бірқатар ғылым саласында қолданылатын әдістер. Оған эксперимент, математикалық әдістер және т.б. жатады. Арнайы нақты ғылыми.
Жалпы ғылыми әдіс — барлық немесе бір қатар ғылым саласында қолданылады. Бұған эксперимент және математикалық әдістер жатады.
Ғылыми зертеудің қисынына сәйкес бұл әдістерді нақты ғылыми мәселені зерттеу барысында қолданылатын реттілік бойынша қарастыру қажет, яғни ең алдымен әдеби қайнар көздерде: ....
Рефераттар
Толық

Педагогикалық зерттеу

Педагогика ғылымы дамуының маңызды факторы, оның зерттеу әдістерінің көбеюі мен ұдайы жетіліп отыруы. Айта кетерліктей, бұл бағытта педагогика үлкен прогреске ие. Бір кезендерде педагогика үстірт философиялық-әлеуметтік бақылау, пайымдаулар бойынша ғана зерттеліп, ал педагогикалық идеялар ұлы ойшылдардың тек шығармашылық қызметінің нәтижесінде ғана туындап келді. Ал XIII ғ. бастап педагогиканың толық қанды ғылымға айналуына теориялық ізденулерді практикалық тәрбие істерімен байланыста жүргізген ғалымдардың белсенді үлесі болды. Бұл тәрбиелік ой мен істі біріктіріп, ғылыми тұжырымдар жасағандардың ішінде бүгінге дейін танымал Я.А.Коменский, Г.Песталоцци, А.Дистерберг, К.Д.Ушинский, Л.Толстой, П.П.Блонский, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий сынды педагог-ғалымдар болды.
XIX ғ. оқыту және тәрбие теориясының бұдан былай тереңдеуіне ықпал жасаған эксперименталдық зерттеулер еді.
Қазіргі кезеңде педагогикалық зерттеулер әртүрлі әдістердің бүтін бір жүйесі жәрдемімен алға басуда. Бұларға: педагогикалық бақылау, әңгімелесу, мектеп құжаттарын зерттеу, оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысу, озат педагогикалық, тәжірибені үйрену және қортындылау, әлеуметтік талдау (сұрақ анкета жүргізу, тестен өткізу, рейтингтік сараптау), математикалық статистиканы талдау, педагогикалық идеяларды теориялық талдаудан өткізу және т.б. әдістер.
Зерттеу мақсаты, объекті және деніне сәйкес, әдетте, болжамды (гипогезаны) тексеру мен дәйектеуге арналған зерттеу міндеттері белгіленеді. Гипотеза - бұл шынайылылығы әлі дәлелденуі қажет теориялық негізі бар болжамдар жиынтығы.
Ғылым жаңалылық тиегі аяқталған зерттеулердің сапасын бағалау үшін қолданылады. Ол қазіргі кезеңде әлі белгісіз, педагогикалық әдебиеттер тобына еңбеген білім заңдылықтары, оларың құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясын сипаттаушы теориялық және практикалық қорытындылардың мазмұнын өрнектейді ....
Рефераттар
Толық

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту педагогикалық технология

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
“Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіздік.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік.
Қызығушылықты ояту
Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады. ....
Рефераттар
Толық

Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастырудың әлеуметтік педагогикалық технологиясы

Адамдар мен қоғамның салауаттылығы - бүкіл өркениетті әлем үшін әлеуметтік сипатқа ие болып отыр. Бүгінгі адам салауатты өмір мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып, өзін білімді адам деп санай алмайды. Себебі әрқайсымыздың денсаулығымыз бұл жеке байлық қана емес, ол сонымен қатар еліміздің дамыған елу елдің қатарына қосылуы үшін де қажетті шарт. Яғни адамдардың денсаулығы да сол елдің өркениеттік деңгейін танытатын маңызды факторлардың бірі. Ал денсаулықтың негізгі шарты- мәдени орта, салауатты өмір салты. Сондықтан да Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты өмір салты әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған» деп атап көрсеткен.
«Бақытты болу жағдайы, біздің денемізге жасаған қамқорлыққа байланысты болады. Дене үйлесімділігі арқылы салтанатты рух пайда болады. Ақыл-ойдағы айқындық көп мөлшерде күш-қайратқа негізделеді»( П.С.Брегг) – дегендей, оқушылардың бақытты болуы, өмір қуанышын қызықтауы, олардағы әрекеттің барлық түрінен жоғары нәтижелі болуы – өзін-өзі жақсы сезінуі, дене мүшелерінің ең жоғары деңгейде қызмет етуімен тығыз байланысты. Осы бағытта жас жеткіншектерді тәрбиелеу онша қиындықты туғызбайды. Себебі, дені сау бала барлық бастамалармен істерге қанағаттанарлық сезіммен, көтеріңкі көңіл күймен қатыса алады. Дүниеге сеніммен шаттана қарайды. Мұндай жағдай тұлғаның барлық жағынан дамуына бірден-бір кепіл болады.Бұл, тәрбиенің мақсаты ретінде баланың әлеуметтену жағдайына нәтижелі ықпал етеді. Сондықтан да, біз оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру – тәрбиешілер мектептің тәрбие жұмысының негізгі бір бағыты болу керектігіне айрықша мән береміз.
Олай болса «Салауатты өмір салты» деп нені айтамыз?
Ол үшін «салауаттылық» пен «өмір салты» деген ұғымдардың мәнісін анықтап алған жөн.
«Салауаттылық», яғни «деннің саулығы» –Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының Жарғысында көрсетілгендей дененің, моральдық және әлеуметтік саулықтың, есендіктің толыққанды түрдегі жағдайы. «Дененің саулығы» – адамның қоршаған ортаға байсалды, теңгерушілік қатынасын білдіретін дене мүшелерінің қалыпты жағдайы.
«Өмір салты» – адамның денелік, интеллектуалдық және еңбек әрекетін; тұрмыстық өзара қарым-қатынасын дағдысын, орныққан мінез-құлық тәртібін, өмір сүру қарқынын; бірсарынды жұмысы, демалысы және қарым-қатынас ерекшелігін жатқызуға болады. Олай болса, «өмір салты» – деннің саулылығына нәтижелі ықпал ететін «салауатты өмір сүру» ұғымын білдіреді.
Қазіргі ғылым «салауатты өмір салтын»:
-ең жақсы үйлесімді тәртіп;
-иммунитетті және денені шынықтыру;
-дұрыс тамақтану;
-орнықты өмір сүру әдеті ;
-зиянды әдеттің болмауы («ауру қалса да - әдет қалмайды»);
-жоғары дәрігерлік белсенділік – деп түсіндіреді.
Баланың денсаулығының басты негізі оның рухани және тәндік жағдайы болып табылады. Әлеуметтік көздерін құрайтындар әлеуметтік байланыстар мен жеке қарым-қатынастары және рухани саулығының ажырамас бөлігі болып табылады. Жан саулығы- бұл біздің ақыл-ойдың, тәніміздің, жанымыздың саулығы. Жан саулығы - ойлау жүйесімен, қоршаған ортаны танумен және оған бейімделуді қамтамасыз етеді, бұл арқылы біз қоршаған ортаға, затқа, білім саласына, ұстанымға
қатысты өз орнымызды анықтаймыз немесе сезінеміз. ....
Рефераттар
Толық

Оқушының психологиялық- педагогикалық статусы

Психологиялық-педагогикалық статус туралы түсінік.Оқушының статусын анықтау үшін психодиагностикалық минимум жүргізу.Статус көрсеткіштерін анықтау.
Психолог өз жұмысын сол ортада қалыптасқан әлеуметтік психологиялық жағдайда жүргізеді.Психологиялық қызметті ұйымдастыру формалары және қолданылатын әдіс-тәсілдер осы ортаның ерекшеліктеріне және талаптарына сай жүргізілуі мүмкін.Оқушылар мектепте білім алып, сонымен қатар өздерінің жекелік қасиеттерін жетілдіру проблемаларын шешу барысында әлеуметтік ортада омір сүруге икемделеді. Мектеп оқу-тәрбие жұмысы арқылы оқушының осы қажеттілігін қанағаттандыруға барлық жағдайларды жасайды. Мектеп психологы оқушылардың және оқу-тәрбие процесінің осалдық көрсеткен жерлерін түзетуге өз үлесін қосып, балалардың жан-жақты дамуына психологиялық тұрғыдан жағдай жасайды.
Оқушыларға психологиялық қызмет көрсетуді тиімді ұйымдастырылуына кепіл болатын бір жәйт- оны жүйелі түрде жүргізу. Оқушылардың барлығын психологиялық зерттеуден өткізіп, олардың жекелік қасиеттерін, таным процестерін бағалап шығу өте қиын.Бұл жұмыс психологиялық зерттеулерді жүйеге келтіріп жүргізгенде ғана өз функциясын толық орындайды.
Осы жүйелілікті қамтамасыз етуге негіз болатын ұйымдастыру формасын психодиагностикалық минимум деп атауды Н.Р. Битянова ұсынған. Оның ұсынысы бойынша психодиагностикалық зерттеуді жаппай, горизанталдық кескін бойынша өткізу арқылы қысқа мерзім ішінде бір параллельде оқитын қасиеттерін балаларды толық қамтып,олардың барлық психологиялық қасиеттерін бағалап шығуға мүмкіндік туады. Біздің ойымызша, осы форманы мектеп ерекшеліктеріне икемделіп қолдану арқылы қысқа мерзімде барлық оқушылардың статусын анықтап шығу қажет.
Оқушының психологиялық- педагогикалық статусы дегеніміз баланың барлық психологиялық қасиеттерін, күй-жағдайын, таным процестерін, қарым-қатынасын мәдениетін , мінез-құлқын, оқуға деген ынтасын бағалау арқылы жасалған мінездемесі. Бұл мінездемені жасау үшін барлық оқушылар жан-жақты психодиагностикалық зерттеуден өткізіледі.
Оқушы статусына қойылатын талаптарды бес блокқа бөліп зерттеу арқылы жиналған материалдарды әр балаға арнайы жасалған карточкаларды түсіруге ыңғайлы етіп жинақтауға мүмкіндік береді. Барлық зерттелінетін көрсеткіштерді блоктарға келесі бөлуге болады :
1-блок- бала өмір сүретін әлеуметтік орта ерекшеліктері;
2-блок- оқушы таным прцестерінің және жалпы интеллектуалдық дамуының ерекшеліктері;
3-блок- мотивациялық- жекелік сферасын бағалау;
4-блок- баланың өзіне және қоршаған дүниеге қатынасы;
5-блок- мектепішілік қарым-қатынас барысындағы оқушының мінез-құлқы.
Осы блоктар бойынша оқушылар қасиеттерін зерттеу және бағалау әдіс-тәсілдері жинақталады. Әр блок бойынша қолданылатын әдістемелерді жеке-жеке папкаларға топтастырылса, оны қажетті кезінде қолдану керек. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Джон Локктың педагогикалық теориясы

1688 жылы Англияда буржуазиялық төңкеріс болды. Ол өндірістік төңкеріске негіз дайындады. Бұл төңкеріс жаңа кезеңнің – буржуазияның үстемдік ету кезіңін жария етті, ол бұқара халықтың қатысуымен іске асты, бірақ, төңкеріс буржуазия мен дворияндардың арасындағы келісіммен аяқталды.
Джон Локк 1632 жылы революциялық төңкеріске қатысқан адвокаттың жанұясында дүниеге келді. Ескі Вестминистрлік мектепте орта схоластикалық білім алғанынан кейін, ол Оксфорд университетіндеоқуға түседі, онда ол белгілі Декарт, Бекон, Ньютон сияқты ғалымдардың еңбектерімен танысады, жаратылыстану ғылымдарымен қызығады, медицинамен айналысады. Университетті бітіргеннен кейін Локк грек тілі мен әдебиетінің оқытушысы болып университетте қалдырылады. 1667 жылы Локк либералдық саяси қайраткер лорд Шефтсбернмен танысады, үй дәрігері және оның немересінің тәрбиешісі болып орналасады. Шефтсберн буржуазия жағында корольге қарсы күресті. Шефтсбернді және онымен бірге Локкты қуғындайды, олар амалсыздан Голландияға эмиграцияға кетуге мәжбүр болады.
1688 жылы Локк Англияға қайта оралады, буржуазиялық қоғамда құрметті орынға орналасады. 1704 жылы қайтыс болады.
Өзінің еңбектерінде Локк корольдік өкіметтің ауысуын және Англиядағы жаңа мемлекеттік құрылысты негіздеуге ұмтылды. Ол мемлекеттің пайда болуының келісім теориясы және “табиғи құқық” теориясын жақтады, адамдар алғашында табиғи жағдайда өмір сүрді және ерікті және тең болғандығын дәлелдеді.
Өзінің “Адам ақылының тәжірибесі” атты негізгі философиялық еңбегінде Локк адам санасында туа біткен идеялар мен елестетулердің болмайтындығы бала жаны “таза тақта” сияқты екендігін дәлелдеді. Осыдан – адам дамытуда тәрбиенің ролін жоғары бағалады. Локктың білімнің және идеялардың сезгіштік тәжірибесінен шыққандығы туралы ілімі феодалдық аристократияға қарсы күресте буржуазияны қаруландырды, феодалдық аристократия идеялардың, “рыцарлық сапалардың” мемлекетті басқаруға қабілеттілікті, үстем тап өкілдерінің білім алуға ерекше құқы туа біткен қасиеттер екендігін насихаттады. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАННЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ

Ғұлама ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұланның тікелей оқытушылық қызметпен айналысқанын көрсететін бірнеше нақты мәліметтер бар.
Әлкей 1915 жылы Баянауылдағы үш кластық орыс мектебіне оқуға түсіп, орыс тілін үйреніп, әдебиет, есеп, тарих, жағрапия пәндерінен білім алып, мектепті 1918 жылу бітіріп шығады. Мектепте жақсы тәлім-тәрбие алған Әлкейдің өнер-білімге құштарлығы артып, үлкен қалаларға барып оқуды арман етеді.
1919-1920 жылдары Павлодар қаласындағы мұғалімдік курста оқып, мұғалім мамандығын алады да, содан соң 1920-1921 жылдары Баянауыл аудандық 1-ші дәрежелі екінші Далба мектебінде мұғалім болып қызмет істейді. 16 жастағы ауыл мұғалімі білімінің жеткіліксіздігін, толыспағынан сезіп, 1921 жылы Семей педагогикалық техникумына түседі. Оған сол оқу орнына түсуге себепші болған академик Қаныш Сәтбаевтың ағасы Әбікей Зейінұлы Сәтбаев болғаны туралы мынадай мәлімет бар:
«1920 жылы Баянауыл ауданының Далба деген жеріндегі мектепте сабақ беріп жүрген Әлкейге Әбікей Зейінұлы Сәтбаев көңіл аударып, оған өзі ректор болып істейтін Семей техникумына келіп түсуі жөнінде ұсыныс жасайды. Әлекең бұл ұсынысты куанышпен қабылдайда да, 1921 жылы сол оқу орнына барып түседі. О заманда дала өлкесіндегі ең қадырменді болып саналатын осы техникумды 1925 жылы табысты түрде аяқтайды. Мұнда техникум қабырғасында сол 1921 жылы Әлекең әдебиет пәнінен сабақ беретін Мұқтар Әуезовпен танысады. Мұқаңның өзі айтқанындай, Әлкей оған білмекке құмарлығымен, жастығына қарамастан гуманитарлық мәселедегі ой-өрісінің кеңдігімен қатты ұнайда да, оған бірден көңіл бөліп, қамқорлығына алады, біраз уақыттан кейін оны пәтеріне өзімен бірге тұруға шақырады /1, 32 бет/.
М.Әуезов Әлкейге техникумды бітірісімен оқуын жалғастырып, жоғары білім алуы керек екенін, Ленинградта оқуы керек екенін қайта-қайта айтады, оған Герцен атындағы пединститутке жолдама алып береді. Әлкей Мұқаңның айтқанын шын жүрегімен қуана қабылдап, 1925 жылы онымен бірге Ленинградқа аттанады да, Шығыс институтының түркология факультетіне түседі, мұнда оқумен бірге зерттеу жұмысымен де шұғылданады, шығармашылық үйірмелерге белсене қатысады. Әлкей бұл жерде де көзге түседі, көп үміт күттіретін жас ғалым ретінде, оған профессорлар назар аудара бастайды. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Ғұмар Қараштың педагогикалық көзқарастары

Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанда қоғамдық-саяси, ағартушылық-педагогикалық ой-пікірдің дамуына өзінің өлшеусіз үлесін қосқан ХХ ғ.бас кезіндегі қазақ әдебиетінің ең көрнекті қайраткерлерінің бірі, ағартушы, педагог Ғұмар Қараш болды. Ол туралы соңғы жылдары ғана баспасөз беттерінде мақалалар жарыө көріп, шығармалар жинағы басылды. Көп жылдар бойы оның педагогикалық-ағартушылық қызметі, сол кезеңнің көкейтесті мәселелерін көтерген еңбектері коммунистік идеологияның тікелей әсерімен тең басып, кітап қоймаларының түкпір-түкпірінде қажетсіз болып жатты. Халық тарихы мен оның рухани мұрасына балта шапқан коммунистік партияның идеологтары Ғ.Қараштың есімін жазуға да, айтуға да тыйым салды.
Тарихи ақиқаттың орнауы нәтижесінде Ғ.Қараштың құнды мұралары ортамызға қайтып оралды. Ғ.Қараш туралы деректер Қазан төңкерісіне дейінгі мерзімді баспасөз беттерінде, мұрағат қазыналарында жиі-жиі кездеседі. Оның есімі ХХ ғасырдың бас кезеңінде татар, башқұрт, қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген газет, журналдар мен кітаптардың беттерінен түскен емес, оның өз заманында Ресейдің бүкіл түркі тілдес халықтарын аузына қаратқандығын мақтан тұтуға болады.
Отарлық саясаттың тікелей салдарынан, жаппай орыстандыру әрекетінен жапа шеккен, халқын ұлттық бірлік пен ынтымақтастыққа шақырып, қазақ еліне даналы ақыл бергендердің бірі – осы Құмар Қараш болды. Оның алаш партиясын жақтап, құрамына белсенді мүше болуы, көрнекті қайраткер есімін тарих бетінен мүлде сызып тастады.
Ғ.Қарашты бұрынғы одақ жұртшылығына таныстыруда белгілі ғалым, академик С.З.Зиманов пен зерттеуші-ғалым, М.Ш.Ысмағұлов көп үлес қосты. Сонымен қатар Ғ.Қарашты ақындық қырынан зерттеп, кандидаттық диссертациясына арқау еткен филология ғылымдарының кандидаты Мақсат Әнесұлы Тәжірмұратов болды.
Халқымыздың осынау абзал перзентінің шығармашылығын насихаттауға жазушы, ғалым М.Мағауин біршама еңбек сіңірді. Ол 1978 жылы цензорлық бақылауға қарамастан, Ғұмар Қараштың бірнеше өлеңдерін Ленинград қаласында басылып шыққан «Қазақстан ақындары» жинағына енгізді.....
Рефераттар
Толық

Педагогика | Адольф Дистервегтің педагогикалық қызметі мен теориясы

Немістің ғұлама педагогі Адольф Дистервег ХІХ ғасырдың орта кезіндегі герман буржуазиялық-демократиялық педагогикасының көрнекті прогрессивті өкілі болып табылады. Ол шағын келген өндірістік қала Зиген Вестералияда чиновник-заңгердің жанұясында дүниеге келді. Дистервег оқыған орта мектепте догматикалық оқыту жүйесіне жеккөрушілікпен қарады. 1808 жылы ол Гербон университетіне оқуға түседі, онда математика, философия және история ғылымдарын оқып, одан кейін Тюбинген университетіне ауысып, 1811 жылы толық курсын бітірді және кейінірек философия докторы ғылыми дәрежесін алды.
Студенттік кезінде Дистерверг Руссоның және Песталоццидің педагогикалық идеяларымен танысты, оның прогрессивтік педагогикалық көзқарасының қалыптасуына шешуші әсер еткен Франкфург-Майнадағы үлгілі мектепте 1813-1818 ж.ж. жұмыс еткен жылдары болды. Онда Песталоццидің шәкірттері мен ізбасарлары жұмыс істеді.
Песталоццидің демократиялық көзқарасына қалай болса, солай қараған Гербарттан Дистервегтің айырмашылығы алдыңғы қатарлы швейцар педагогінің алдыңғы қатарлы әлеуметтік-педагогикалық көзқарасын өте қызу жақтаушылардың бірі болды.
Бірнеше жылдан кейін мұғалімдер семинарларының біріне директор болып тағайындалған. Дистервег өзінің тәжірибесінің негізінде қайта қарай отырып, Песталоциидің дидактикалық қағидаларын бірізді насизаттай бастады.
1827 жылы Дистервег “Тәрбие және білім беру үшін Рейн бетшелері” атты демократиялық журнал шығара бастады. Онда 400 ден аса мақалалар жариялады.
1832 жылы Дистервег мұғалімдер семинариясының директоры болып, Берлинге ауыстырылды. Онда “Педагогикалық қоғамды” негіздеді. Дистервегтің неміс мұғалімдерін біріктірудегі қызметі осылай басталды. Оның осы қызметі, сонымен қатар оның дін мәселесіндегі еркіндігі (бірақ ол атеист болмады), қарапайым халықты қолдады пруссия өкіметі тарапынан Дистервегті қуғындауға себепші болды.
Өзінің мақалаларында сол қоғамдағы байлармен кедейлердің қарама-қайшылығын көрсете білді және еңбекшілерді ізгіліктің және адамдарға деген сүйіспеншіліктің негізінде өзара көмектесу үшін бірігуге шақырды. Өзінің қызметі және “чиновниктерге сүйкімсіз” танылған мақалалары үшін Дистервегке сөгіс берілді.
1835 жылы өз тәжірибесін жинақтаған “Неміс мұғалімдерін ұйымдастыруға басшылық” атты көрнекті еңбегін жариялады. Бұл еңбек екі үлкен бөлімнен тұрады. Бірніші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелері мен дидактиканың негізгі ережелеріне арналған, екінші бөлімі- жеке пәндерді оқыту әдістемесіне. Бұл бөлім белгілі неміс мұғалімдері әдіскерлерінің қатысуымен жазылды. Дистервегтің белгілі еңбегі көптеген жылдар бойы алдыңғы қатарлы неміс мұғалімдерін халыққа білім беру үшін күресте қаруландырды. Бұл кітаптан оның байқалған Дистервегтің көзқарасы ресми педагогиканың ұстанымымен сәйкес келмеді: ол өзбетімен ойлай білетін, белсенді азаматтарды тәрбиелеуді талап етті. Оның барлық кейінгі жарық көрген еңбектері (мақалалары, әдістемелік басшылықтары, халық мектебі үшін оқулықтары) ....
Рефераттар
Толық