Зерттеудін көкейкестілігі. Қазіргі кезеңдегі арнайы педагогиканың өзекті мәселерінің бірі - мүмкіншілігі шектеулі балаларға қазақ тілін үйрету және оқыту. Бүгінгі күнге дейін, көмекші мектептерде қазақ тілінде және қазақ тіліне әдістемелік құралдар жоқтың орнында. Сондықтан, Республиканың барлық арнайы білім беру ұйымдары, жалпы білім беру мектептеріне арналған әдістемелік құралдармен жұмыс жасайды, бұның өзі түзету жұмыстарын жоспарлау менен өткізуге қиындық туғызады. Аталған проблеманың әуезділігін және осы кезеңге дейін қазақ тілінде әдістеменің жоқ болуына байланысты дипломдық жұмыс тақырыбын -көмекші мектептің 5-7 сынып оқушыларына «Сөз құрамын» оқыту деп алдым. Сондықтан, біздің жұмысымыздың Зерттеудің мақсаты: Қазақ тілінде оқитын көмекші мектеп оқушыларының «Сөз құрамы» тақырыбы бойынша жіберетін қателер түрін анықтау. Сондай-ақ, қазақ тілінде оқу жүргізілетін көмекші мектепке арналған «Сөз құрамы» тарауына әдістемелік құрал жазу. ....
КІРІСПЕ Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан мектебінің алдына қойып отырған мақсаты – оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, еліміздің әлеуметтік – экономикалық жағдайын жақсарту бағытында оқушыларға жүйелі, нақты білім беру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1]. Бұл міндеттерді шешу мұғалімнің ізденісіне байланысты. Осы күні Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім берудің жаңа парадигмасын туғызды. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл - ауқатының артуын қамтамасыз ету мақсатымен, Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту, ауруларды болдырмау және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін экологиялық проблемаларды шешу қажеттігі атап айтылған. Онда: «Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20 % - ға артуына себеп болып отыр, ал кейбір аймақтарда жағдай мұнан да қиын, отандастарымыздың үштен бірі сапасыз ауыз суды пайдаланады. Жеткілікті және дұрыс тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеліп соғады» - деді [2]. Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері - аймақтық техногендік шөлейттену, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, озон қабатының жұқаруы, қышқыл жауынның пайда болуы, ормандардың селдіреуі, тіршілікке қатер төндіретін дүлей табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттардың белең алып және улы қалдықтардың қолданылуы қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Қазіргі кезде табиғат пен адам арасындағы қарым - қатынасты дұрыс жолға қойып табиғат байлықтарын көздің қарашығындай сақтап, оны тиімді пайдалану керек. Табиғаттың осындай күйге ұшырап, еліміздің көптеген жерлерінің апат аймағына айналуының бір себебі – экологиялық білім мен тәрбиенің төменгі дәрежеде болуынан. Сондықтан жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден – бір қажетті кезек күттірмес екендігі 1991 жылғы «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында», «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында» (2003ж.) және Ата заңымызға негізделіп жасалған ҚР «Білім туралы» заңдарда көрсетілген. [7,8,9,10]. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-шы бабы жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттің меншігі екендігін, олардың мемлекет қорғауында болатындығын мәлімдейді, ал Конституцияның 38-шы бабы Қазақстан Республикасының азаматтарына табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарын ұқыпты қарауға міндеттейді. «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңы 1997 жылдың 15-ші шілдесінде қабылданды. 19 тарау, 89 баптан тұратын заңның 15 - тарауында мынадай қағидалар көрсетілген: 1. Экологиялық білім мен тәрбие берудің жалпыға бірдейлігі және үздіксіз жүргізілуі; 2. Оқу орындарының білім беру бағдарына және меншік нысанасына қарамастан, оларға экологиялық пәндерді міндетті түрде оқытудың көзделуі; 3. Лауазымды адамдар мен мамандардың қажетті экологиялық даярлығы болуға және олар қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар негіздерін білуге міндеттілігі; 4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер мемлекет тарапынан қолдау табатындығы айтылған. 73-бабы «Экологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілуі» деп аталады. 74-бап оқу орындарында «Экологиялық білім берудің» мәселесіне, 75-бап «Қоршаған ортаны қорғау» саласында зерттеулердің мәселелеріне арналған. Осылармен қатар 1995 жылдың Республикамыздың қабылданған Конституциясында – табиғат байлықтарын қорғау, көбейту және тиімді пайдалану керек екендігі көрсетілген (6,38 баптар) [11].....
КІРІСПЕ Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі. Сондықтан психология мен педагогикада осы мәселеге үлкен көңіл аударылады. Әр мектептің оқушыларды мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беру жұмысының жоспары құрылып, оны жүзеге асыруға психологтың қосатын үлесі мол болуға тиіс. Балаларға мамандық таңдату оңай жұмыс емес. Бұл проблеманы зерттеушілер П.П. Блонский, Г.Н. Стычинский, В.А. Сухомлинский, Ю.П.Сокольников, А.П.Сейтешов Г.А.Уманов, Л.К.Кермов және олардың шәкірттері баланы жас кезінен болашақ мамандығын саналы түрде анықтауға ата-аналар, психологтар мен педагогтар өз үлестерін қосуы керек екенін атап көрсеткен. Қазіргі кезде көптеген психологиялық зерттеу әдістемелері көмегімен баланың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеп, қай салада қызмет атқаруға икем екенін болжамдап береуге болады. Атап айтсақ, темпераментті зерттеуге арналған Айзенк, Стреляу тестері, Басса-Дарки, Шмишек, Филипс жасаған мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау әдістемелері, таным процестерін зерттеу және қабілеттіліктің түрлерін анықтау әдістемелері көмегімен әр адамның жеке даралық психофизиологиялық ерекшеліктерін нақты анықтауға болады. Сонымен қатар коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілетті зерттеу және барлық бағаланған қасиеттерді дамыту және қалыптастыру жолдары да анықталған. Дегенмен мектеп тәжірибесінде психологиялық қызметтің енді аяқ алып келе жатқанына байланысты оқушыларға дер кезінде психологиялық көмек көрсету сирек кездеседі. Психолог бар жерде олардың арсеналында қажетті психодиагностикалық әдістемелер тапшы. Ғылыми тұрғыда негізделген кәсіби бағдар беру проблемасын шешу жолдары онша айқындалмаған. Сондықтан осы актуалдық проблеманың бір мәселесіне толығырақ түсініп, оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеу жолдарын анықтап алу үшін диплом жұмысымның тақырыбын «Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздері» деп анықтадық. Зерттеу мақсаты — мектеп психологиялық қызметі тәжірибесінде психодиагностика жүргізу арқылы оқушылардың жеке даралық ерекшеліктерін анықтау және қызмет түрлеріне икемділігін болжамдау. Зерттеу міндеттері: -тақырып бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау; -кәсіби психологиялық диагностиканы жүргізу ерекшеліктерімен танысу; -оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеу әдістемелерін қолдану жолдарын үйрену; -оқушылармен кәсіби қажетті қасиеттерді қалыптастыру тренингін жүргізу. Дипломдық зерттеу барысында келесі ғылыми зерттеу әдістері қолданылды: ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау, психо-диагностикалық әдістемелерді іріктеп алу, мектеп оқушылары арасында олардың темпераментің, таным процестерін, интеллектуалдық қабілеттілігін анықтау тестерін қолданып жеке даралық қасиеттерін бағалау, тренинг элементтерін қолданып түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу.....
Адамзат қоғамының кез-келген өзгерісі ғылымның дамуынан байқалады. Тілге қатысты, әсіресе ұлт тіліне қатысты ілім-білімнің өркендеуінде қалыптасқан бір заңдылық бар. Ол – сол ұлт тіліндегі тілдік факторлардың тарих тасасында қалмай, уақыт озған сайын сан түрлі ғылыми зерттеу нысанына негіз болуы. Бұл ретте кезінде көп іс тындырған тілші, әдіскер ғалымдардың еңбектері кейінгі зерттеушілер үшін қашан да жөн сілтейтін өлмес туындылармен құнды екендігін кейінгі ұрпақ үлкен ілтипат көңілмен мойындайды. Сондай құнды мұралардың қатарына белгілі әдіскерлер Ж.Аймауытов, Ш.Х.Сарыбаев, Ы.Маманов, Д.Әлімжанов, Н.Оралбаева, З.Бейсембаева, Ж.Сүлейменова, Қ.Қадашева, А.Сатбекова, К.Жақсылықова сияқты әдіскер-ғалымдардың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қатысты ғылыми зерттеулері жатады. Олардың қазақ тілін мектепте оқытудың әдістемесіне қатысты шыққан мазмұнды мақалалары, монографиялары - үлкен ғылыми ізденістерге бағдар болып табылатын туындылар екендігі шындық. Бұл еңбектерде аталған ғалымдар өздеріінің қазақ тілін оқытудың әдістемесіне байланысты жинаған материал-деректерін ғана емес, сонымен қатар әр тақырыпқа қатысты сабақтың жүргізілу әдіснамасын жасап, жаттығулардың орындалу барысын, оқушыларға жаңа материалды үйретуде қолданылатын түрлі әдістерді(репродуктивтік, индуктивті, дедуктивті, интерактивті, интегралды, модульмен оқыту, т.б.) де қамти өткендігін айқын аңғаруға болады. ....
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Коммерциялық кәсіпорындардың бір түрі ретінде, банктік мекеменің ерекшелігі болып, оның ресурстарының басым көп бөлігін меншікті капитал емес, тартылған қаражаттар құрайтындығында. Банктердің қаражаттарды тарту мүмкіншілігі шектеулі, және кез-келген мемлекетте Ұлттық Банк тарапынан регламенттелінеді. Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халықтың және басқа банктердің қаражаттарын салым (депозит) түрінде және оларға сәйкес шот ашу арқылы тарта алады. Банктермен тартылған қаражаттар құрамы бойынша әр түрлі, олардың негізгі түрлері болып, клиентпен (депозит) жұмыс істеу процесінде тартылған қаражаттар, және де меншіктік борыш міндеттемелерін шығару арқылы тартылған қаражатттар жатады (депозиттік және жинақ сертификаттары). ....
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Соңғы жылдардағы қоғамдық сана және қоғамның әлеуметтік сұранысы Республика мектептерінде “Экономика негіздері” пәнін оқытудың қажеттілігін көрсетіп отыр. Экономикалық білімге деген сұраныстың өсуі экономикалық білім берудің таралуының шапшаңдығын байқатуда. Қазақстан Республикасының экономикалық-әлеуметтік даму ерекшеліктерін, ұлттық және аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып, оқушыларға экономикалық білім беру мазмұны ғылыми негізде анықталды. Қазіргі нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты елімізде білімі терең, мәдениеті жоғары, өмір талабына сай бейімделген жас ұрпақты экономикалық біліммен қаруландырып, тәрбиелеу өте маңызды іс болып тұр. Бүгінде дүние жүзінің көптеген елдеріндегі мектептерде экономикалық білімді жүйелі де, сапалы түрде оқытуға баса назар аударылған. Барлық мектептерде оқушыларға экономикадан белгілі бір дәрежеде білім берудің қажеттілігінің туындауына сәйкес ғылыми зерттеу жұмыстарын кеңінен жүргізу; соның бірі ретінде экономиканы негізгі пән ретінде жалпы білім беретін мектептердің оқу жоспарларына енгізу жұмыстарын жүргізу көкейкесті мәселе болып отыр. Сондықтан да қоғам дамуының өркениетті сатысында мектептерде экономикалық білім беруді енгізу мәселелеріне баса назар аударылуда. Болашақ ұрпаққа қойылатын талап - қазіргі өмір талабына сай экономикалық білімді игере отырып, өз өмірінде, өз қызметінде осы білімді пайдалана біл....
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Бүгінгі таңда адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш білім болып тұр. Қазіргі кездегі қоғамның саяси, әлеуметтік – экономикалық және техникалық құрылымындағы жаңарулар білім беру жүйесіне жаңа талаптар қойып отыр. Сондықтан да Қазақстандағы білім беру жүйесін ғаламдық білім беру кеңістігі аясында дамыту өзекті мәселеге айналды. ХХІ ғасырда еліміздің жас ұрпағына білім беруді қамтамасыз ететін жалпы және орта білім беру саласын түбегейлі өзгерту, яғни 12 жылдық оқытуға көшу үдерісі жүргізілуде. Қазіргі кезде ҚР 12 жылдық оқыту бойынша жүзден астам мектептерде эксперимент өткізілуде. 2015-жылдан бастап 12 жылдық білім беру жүйесіне мектептердің сатылап көшірілуі жоспарлануда. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында « 2020 жылы 12 жылдық оқыту үлгісіне көшу толықтай жүзеге асырылады» деп көрсетілді [1]. Соңғы жылдары Үкімет пен Білім министрлігі 12 жылдық оқытуға көшуге қажетті даярлықты бастап та кетті, яғни мектептердегі материалдық-базаны нығайтуға, жасөспірімдердің физиологиялық және психологиялық жағдайларына талдау жасау арқылы оқу сатыларын анықтауға, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды әзірлеуге үлкен мән беруде. ....
Қазіргі кезде елімізде 12 жылдық білім беруге көшуге дайындық жұмыстары жан-жақты талқыдан өтуде.Ондағы басты ұстаным - тұлғаның жеке дамуына негізделген, құқықтық білім мен тәрбиені жан-жақты зерделеп, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын анықтау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатындағы стратегиялық мақсаттарын іске асыру. 12 жылдық білім беру сатысына көшу-қоғамдағы елеулі жаңалықтар мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарқынды дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздейді және мақсат етеді. Әлемдік білім жүйесіндегі оқытудың озық технологияларын қамтумен қатар, оқушыларға құқықтық білім мен тәрбие беру мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуге тиіс. 12 жылдық оқытудағы басты мақсаты төмендегідей: • жылдам дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілеттілігі; • жеке тұлға өзін-өзі дамытуы, шыңдалуы;....
Арнайы оқытудың қазіргі жүйесі, өмір сүрудің әлеуметтік – экономикалық жағдайының өзгеруі ақыл-есі кем оқушыларды өндірісте және қоғамда әлеуметтік тиімді бағдарлануға үйретудің күшеюін қажет етеді. Осы мәселені шешу жолында оқушыларға геометриялық элементтерді оқыту тиімді болып табылады. Ақыл-есі кем оқушылар үшін геометриялық материалдар кәсіби-еңбектік біліктілікті меңгерудің теориялық базасы болып табылады, сондай-ақ олардың болашақ тәжірибелік іс-әрекетінде маңызды орын алады. Ақыл-есі кем балаларға геометриялық элементтерді үйретуге арналған жұмыстарда геометриялық білімдерді меңгерудің қиыншылықтар мен ерекшеліктері сипатталды және оларды жеңудің бірнеше жолдары ұсынылған. (О.В. Бобкова, Л.В.Гриханов) Геометриялық білімнің сапасы көбінесе оларды меңгеруде және тәжірибе барысында қолдануға оптимальды педагогикалық жағдайдың құрылуымен, анық емес және қате қалыптасқан білімді дер кезінде түзетумен анықталады. ....
КІРІСПЕ Зерттеудін көкейкестілігі. Қазіргі кезеңдегі арнайы педагогиканың өзекті мәселерінің бірі - мүмкіншілігі шектеулі балаларға қазақ тілін үйрету және оқыту. Бүгінгі күнге дейін, көмекші мектептерде қазақ тілінде және қазақ тіліне әдістемелік құралдар жоқтың орнында. Сондықтан, Республиканың барлық арнайы білім беру ұйымдары, жалпы білім беру мектептеріне арналған әдістемелік құралдармен жұмыс жасайды, бұның өзі түзету жұмыстарын жоспарлау менен өткізуге қиындық туғызады. Аталған проблеманың әуезділігін және осы кезеңге дейін қазақ тілінде әдістеменің жоқ болуына байланысты дипломдық жұмыс тақырыбын -көмекші мектептің 5,7,9 сынып оқушыларына «Сөз құрамын» оқыту деп алдым. Сондықтан, біздің жұмысымыздың зерттеудің мақсаты: Қазақ тілінде оқитын көмекші мектеп оқушыларының «Сөз құрамы» тақырыбы бойынша жіберетін қателер түрін анықтау. Сондай-ақ, қазақ тілінде оқу жүргізілетін көмекші мектепке арналған «Сөз құрамы» тарауына әдістемелік құрал жазу. Зерттеудің міндеттері: 1) Әдебиеттерге шолу. 2) Бақылау эксперименті арқылы 5,7,9 сынып оқушыларының «Сөз құрамы» бойынша жіберген қателерінің түрлерін анықтау. 3) Қателерді түзету жұмысында қолданылатын тиімді тәсілдерді жүйелеу. Зерттеу пәні қазақ тілінде оқу жүретін көмекші мектептегі түзету-дамытушылық оқыту үрдісі. Зерттеу әдістемесі: 1) Көмекші мектеп 5,7, сынып оқушыларының құжаттарымен танысу. 2) 5,7,9 сынып оқушыларына зерттеу эксперимент өткізу. 3) 5,7 сынып оқушыларының эр түрлі жазу жұмыстарын зерттеу, нәтижесін талдау. Зерттеу базасы: Мәлімет бойынша сапалы және сандық талдаулар жасау. Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі: алғаш рет көмекші мектеп оқушыларының «Сөз құрамы» бойынша білімі зерттеліп мағлұмат алынып отыр. Зерттеудін практикалық мәнділігі: 1) Зерттеу барысында мағлұматтарды, нұсқауларды ескере отырып, көмекші мектеп оқушыларымен жұмыс барысында сапалалығын арттыруға болады. 2) Зерттеу қорытындыларын көмекші мектепке арналған оқу әдістемесін құрастыруында негізге алуға болады. 3) Зерттеу нәтижесі жасалған тұжырымымен нұсқауларды көмекші мектеп оқушыларына оку үрдісінде қолдануға болады. Зерттеу өзектілігі- «Сөз құрамы» тақырыбына арналған орыс тілі бойынша зерттеулердің көп екенін көрсетті. Бұл зерттеулердің негізін қалаушылар: М.Л.Закожурникова, М.Р. Львов, Т. Г. Рамзаева, Г.Ф. Суворова, Г.А. Фомичева, В.Г. Шашкова. Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптары бойынша, бұл тақырып Д.Алимжанов, Р.Әміров, А. Жунисбеков, Б.Балакаев, С.Қазыбаев, С. Рахметова еңбектерінде айтылған. Көмекші мектепке арналған орыс тілінің әдістемесінде бұл тақырып, тек Н.М.Барская және Л.А.Нискевич еңбектерінде қарастырылған.Олар жұмысында «Сөз құрамы» бойынша білім және дағды көлемдерін кесте түрінде көрсетіп, тәжірибелік жаттығулар үрдісінде белгілі бір түсініктерді ұғынуға бағытталған жалпы әдістемелік нұсқауларды ұсынады. Бірақ, ақыл-ойы кем оқушының ерекшеліктеріне сай оқыту мерзімін көрсетпеген, жұмыстың жүйелілігі мен бірізділігін толық ашып бере алмаған, сондай-дайындық жаттығуларына онша назар аудармаған. Бұл мәселе бойынша біздің жүргізген арнайы зерттеулердегі бағытталған талдаулар, мүмкіншілігі шектеулі оқушыларға грамматикалық білім және орфографиялық дағдыларды қалыптастырудағы тәжірибелік қажеттілікпен көмекші мектеп-интернаттың кәсібі іс-әрекетіне бағытталған әдістемелердің аздығы арасындағы объективті қайшылықтың бар екенін айқындады, яғни 5-7 сынып оқушыларына «Сөз құрамы» тақырыбын оқыту-үйрету үрдісінде грамматикалық білім және орфографиялық дағдыларын қалыптастыратынын айқын баяндайтын әдістемелік құрал жоқ. Осыған орай, зерттеу мақсатын айқындадық-көмекші мектептің жоғарғы сынып оқушыларының «Сөз құрамы» тақырыбы бойынша грамматикалық білім және орфографиялық дағдыларын жемісті меңгеруіне көмектесетін, түзету-әдістемелік жұмыстың ғылыми негізделген жүйесін құрастыру. Зерттеу мақсатынан тәмендегідей міндеттер шығады. Бұл мәселе бойынша қазіргі заман ғылыми-әдістемелік зерттеулер күйін анықтау....