Бүгінде малшының құлына айналған қыздың тағдыры 9 сыныптан бастап тас-талқан болған. Мектеп оқығанда жүкті болған аруға туыстары түсік жасатып, жігітін түрмеге отырғызыпты. Артынша анасымен бірге еріп кеткен ол өгей әкенің де ойыншығына айналған екен. Дәлірек айтқанда, азамат өгей қызын арақ үшін малшыға айырбастап жіберген. Бұл оқиғаны журналист Жазира Бегалы өз Facebook парақшасында жариялаған деп жазады NUR.KZ.
1. Бүгін бір әріптесім екіншісін мазақ етті. Әлі күнге дейін көлігің жоқ, жұмысқа қоғамдық автобустармен жүресің деп күлді. Сәлден кейін сол әріптесім банктен несиесін шегере тұруын өтініп отырды. Өмір-ай... 2. Бүгін пациентіме баласының сол қолы кеміс болып туатынын айттым. Ал ол болса: «Мен баламның ерекше жаратылыс болатынын білгем» деді!!! 3. Бүгін бір таныс әйел қызы қайтыс болғанда қалай қиналғаны туралы айтып берді. Қайғыдан қан жұтып, есін көпке дейін жинай алмапты. Өмір тоқтап қалғандай. Жоқтау айтып, жылаудан өзін тыя алмаған. Бір күні түс көреді. Түсіне кішкентай қызы кіріпті. Екі үлкен шелекпен су әкеле жатыр екен. Әр қадамын әрең басып, әлгі шелектерді әупірімдеп қиналыспен әкеле жатқаны анық көрінеді. Анасы одан: «Не әкеле жатырсың?» деп сұрайды. Оған қыз «Сіздің көз жасыңыз, анашым» деп жауап беріпті. Сол түсті көрген соң танысым есін жиып, бекер жылауын тыйыпты.......
1. Ферма қожайыны тышқан аулайтын қақпан қойды. Оны байқаған тышқан көрген-білгенін тауыққа, қойға және сиырға жеткізді. Ал олар болса: «Қақпан — сенің проблемаң! Бізге оның қатысы жоқ! Өз шаруаңды өзің шеш» деп тышқанды сөйлетпей тастайды.
Кешкісін, қақпанға жылан түсіп, фермердің әйелін шағып алыпты. Күйеуі әйелі жақсарсын деп, тауық сойып, сорпа дайындап беріпті. Ал әйелдің жағдайын сұрап келген қонақтарға қой сойыпты. Жағдайы нашар әйел қайтыс болады. Ал садақа өткізуге сиырды сояды.......
Тәуелсіздікті нығайту жолындағы ғасырға бергісіз өміріміз жылжып өтуде. Талай-талай мазмұнды оқиғалар тізбегі көз алдымызда. «Қазақстан»- деген ел атын естісе, таңдана қайран қалатын әлем жұртшылығы, бүгінгі таңда біздің еліміздің әрбір аяқ алысына, аршынды қадамына қуана қол соғатын болды. Ата бабаларымыздан қалған асыл мұраларымыз, әрқашанда халық өмірімен тарихын, ұлттық болмысымызбен рухани жанымызды танытатын халықтың тарихи мұрасы болғаны да және болатыны да анық. Халқымыздың елдікке, егемендікке, ерлікке, жарқын болашаққа, адамгершілікпен парасаттылыққа шақырып, жетелейтін әдеби, мәдени мұралары, сонау ежелгі дәуірден бері келе жатқан шежіреміз бұдан әрі жалғасуда. Біздің бүгінгі елтаңбамыз ел тарихының тереңінен тамыр тартып, ұлтымыздың рухын асқақтатып, шаңырағымыздың беріктігін паш етіп, республикамыздың қанатты тұлпардай ұшқырлығын айғақтап келеді. Бірақ, осы елтаңбамыздың авторы туралы мәліметтер өте аз. Жандарбек Мәлібеков сәулетшінің осы уақытқа дейін қандай идеялары болғаны туралы деректердің жоқтың қасы. Жандарбек Мәлібеков сәулетшінің көптеген ерен еңбектерін зерттей келе, тек қана сәулетші емес, қазір қандай тұлға???. Міне осы ағамыздың көптеген еңбектері, өмір баяны, әзілдері туралы мәліметтер жинақтап, зерттеу жүргіздім. .....
Қызылордада жасөспірім жаяу жүргіншіні қағып өлтірді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаев мәлімдеді Хабар 24-сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Кіріспе Криминалистік тактикада кез-келген тергеу әрекетінің алдында бастапқы тергеу әрекеті ретінде оқиға болған жерді қарау жүргізіледі. Оқиға болған жерді қарау негізгі тергеу әрекеттерінің бірі, себебі осы әрекетті жүргізу барысында тергеуші ең басты мәселе қылмыстық оқиғаның болған, болмағандығын шешеді. Оқиға болған жерді қарау өз алдына дербес түрде жүргізілетін кешенді тергеу әрекеті, оның барысында болған оқиғаның механизмін анықтауға талпыныс жасалады. Криминалистика ғылымында "оқиға болған жер" ұғымына байланысты көзқарастар әртүрлі болып келеді. Мысалы, Рассейкин Д.П. өзінің "Кісі өлтірушілікті тергеу кезінде мәйіт және оқиға болған жерді қарау" еңбегінде, "оқиға болған жер ретінде қарау жүргізіп жатқан оқиғаның болған жерін түсіну керек. Ал, қылмыстың заты, мысалы," ұрланған автокөліктің табылған жерінде оқиға болған жерді қарау емес, заттай дәледемелерді қарау хаттамасы толтырылады" дейді1. Ал Л.В. Виницкий болса "бұл ұғымдарды ажырату керек, бірақ оларды әртүрлі тергеу әрекеттеріне бөлудің қажеті жоқ" деген көзқарасын білдіреді.2 Қазіргі кездегі криминалистикада осы екінші позицияны басым түрде қолдайды.....
Азаттық жолы азапты, Тәуелсіздік жолы тәуекел. Құлан жортса тұяғы талатын, Қыран ұшса қанаты талатын. Осынау сайын дала, Асқар тауларды ғасырлар бойы жаулаушылардың, Ақ білектің күшімен, Ақ найзаның ұшымен қорғап қалған батыр бабаларымыздың, азаттығын аңсап, арпалысқан асыл арманы жиырмасыншы ғасырдың соңы 10-жылдығында ғана жүзеге асты. Халықтың атойлығын ашу ықыласының, қайнаған легінің бұлқыныс бұршағындай болған желтоқсанның ызғары да оңай болған жоқ. Ішкі істер министрінің деректері бойынша 2336-адам мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің деректері бойынша 2212 адам. Прокуратурасының деректері бойынша 2401 адам ұсталған, уақытша қамау изоляторларының арнаулы қабылдау орындарына тергеу бөлімдеріне жеткізілген және қала сыртына апарып тасталған адамдарды қосқанда ұсталғандардан ұзын санының 8500 мыңға жуық болғаны. 1700 адамның дене жарақатын алғаны анықталды. Олардың ішінде 99 адам, әр түрлі мерзімге сотталды. Қ.Рысқұлбеков ең ауыр үкімнен, өлім жазасына кесілді. ....
— Бұл — сол әйелдің дәл өзі. Оған менің титтей де күмәнім жоқ!
Капитан Хэйдок досының сабырлы жүзіне бұрылып бір қарады да, күрсініп қойды. Оның «тек өзімдікі дұрыс» деп қасарысатын бірбеткей мінезін іштей ұнатпайтын. Теңізде өткізген көп жылдар кісі ісіне қол сұқпауды жақсы үйреткен еді. Ал қылмысты істерді тергейтін бөлімнің бұрынғы инспекторы, бұл күнде марқұм болып кеткен Эванстың өмірге деген көзқарасы мүлде басқаша болатын.
— «Істі қолға түскен деректерге сүйене отырып, тергеу керек» дейтін қағида — Эванстың жас кезінен бергі ұраны-тын. Келе-келе ол ондай деректерді өзі іздеп табатын дәрежеге де жетті.
Қылмысты істерді тергеу мекемесінің инспекторы Эванс ақылды, көзі ашық офицер болатын. Лауазымы да таза еңбегінің арқасында көтерілген. Тіпті бертінде, инспекторлық қызметтен біржола қол үзіп, ұзақ жылдар бойы армандаған саяжайға қоныс аударғаннан кейін де, сезімталдығы мен кәсіби түйсігі сақталған еді.
Бір көрген адамды жазбай танимын дегенді мақтанышпен, бірнеше дүркін қайталап:
— Иә, бұл сол Энтони ханымның дәл өзі. Сіз Мероудии ханым дегенде-ақ мен оны бірден тани кеттім,— деді.
Капитан Хэйдоктың мазасы кете бастады. Себебі, Мероудиндер оның ең жақын көршілері болатын. Ертеректе болған аты шулы оқиғаның бас кейіпкері мен Мероудин ханымның бір адам болып шығуы оны шынымен қатты толғандырған-ды.
— Ол оқиғадан бері талай жыл өтіп кетпеді ме?— деді бәсең үнмен.
— Тоғыз жыл болды,— деп, іле жауап қатты Эванс.— Тоғыз жыл, үш ай. Оқиға есіңізде ме?
— О, мадам, мүмкін болса сізбенен бір ауыз тілдесуге болар ма екен?
Эднаның мұнысы сандырақ секілді болып көрінуі де мүмкін еді, өйткені ол, Мисс Марплдың қызметшісі-тін. Сосын басқа біреу емес Мисс Марплдың өзімен сөйлесіп тұрған болатын.
Таныс үнді естісімен Мисс Марпл ізінше: «Әрине, Эдна. Ішке кір де есікті жап. Не айтайын деп едің?» —деді.
Айтқанын екі қылмай есікті жауып, Эдна ішке қарай жылжыды. Алжапқышының бір ұшын саусақтарымен бүктеп, бір-екі рет жұтынып қойды.
— Иә, не айтпақшы едің, Эдна?—деді Мисс Марпл жігерлендіре.
— О, мадам, рахым өтінемін. Немере сіңлім Глэдистің жайы еді. Жұмысынан айырылып қалыпты ол.
— Қойшы, рас па? Онысы қиын болған екен. Ол қыз ана Оулд Холлда тұратын Скиннерлердің қызметшісі емес пе еді?
— Иә, мадам, дұрыс айтасыз. Глэдис байғұс абыржып, қатты қамығып жүр.
— Бұдан бұрын да Глэдис жиі орын ауыстырып жүрді ғой, солай емес пе?
— Дәл солай, мадам, орын ауыстырғанға әуес-ақ. Бір жерге тұрақтап істей алмайды. Бірақ бір қызығы, осыған дейін ол өз еркімен кетіп жүрген!
— Ал бұл жолы ше, керісінше ме?— деді Мисс Марпл салқындау сөйлеп.
— Иә, мадам, сосын ғой оның қатты ренжіп отырғаны. .....
Сәрсебек жатақханаға қунаң қағып, күлімсіреген жүзбен кіріп келді. Шырайында бұрын-соңды болмаған көңілділік бар. Магазиннен жап-жаңа аппақ ақ жейде сатып әкелген екен. Онысының орауын жазды да «қане көріңдерші, қалай екен» деген адамша кереуетінің үстіне жарқыратып жайып тастады.
Және бір сұр шұбар галстук сатып әкеліпті.|Ақ көйлектің үстіне оны да шұбалта тастап қойды.
Жолдастары Сәрсебекке назар тіге қарасып:
— Сәкенді қара, ақ жейде сатып әкепті.
— Галстук сатып әкепті.
— Ой, сен ақ жейде әкелмеймін деуші едің ғой?
— Мынау бір жаңалық екен! — деген тәрізді сөздер aйтылып жатты.
Иә, Сәрсебекте әлгіндей оғаш мінездердің бір екені рас. «Өмірге жарасымы жоқ, кіршең» деп, ол ақ көйлек атаулыны ұнатпайтын. Галстукты түкке қажетсіз артық әурешілік деп қарайтын. Басқалардан бір бөлек томаға-тұйық жүріп тұратын. Жаңа жыл түгіл он мереке қабатынан келсе де бүйірі қызбайтын, сәнденіп бой түзеуді еш елемейтін. Қандай той -томалақ, кештерге де күнделік үйреншікті киімімен бара беретін.
Институтта бірге оқыған үш жылдың ішінде жолдастары Сәрсебектің бір қызбен көңіл қосуға талаптанбақ түгіл қиырдан көз салып, қырындамақ болған ниетін де байқаған емес-ті..
Қашанда қоңыр жүріп, қоңыр тұратын, оқудан өзге ештемені білмейтін осы Сәрсебек енді міне, аяқ астынан құбылып шыға келіпті. Бұрынғы көзқарастарынан айнып, ақ жейде, галстук сатып әкеліп отыр. Енді жігіттерден үтік сұрап тұр. Жыл бойы үтік тиіп көрмеген қоңыр костюмге істемегені қалмады. Әуелі есік алдына ауаға алып шығып, жарты сағат бойына щеткалап тазалады. Одан соң сабынды суға ақ шүберекті малғыштап отырып, әуелі шалбарын, одан соң педжагын мипаздап өтектеуге кірісті. .....