Экономика | Өнеркәсіптік кәсіпорындарының бәсеке қабілеттілігі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 – ақпанындағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында еліміздің дамуының жаңа кезеңінде ішкі және сыртқы саясаттың аса маңызды 30 бағыты көрсетілген. Осы отыз бағыттың он төртінші бағытында Қазақстанның халықаралық экономикалық өрістегі бәсекеге толыққанды қатысуы техникалық стандарттар талаптарын орындауды талап етеді. Техникалық стандарттау өнім мен қызмет сапасын қамтамасыз ету құралы ғана емес, біздің тауарларымыз бен қызметіміздің жаһандық экономикадағы бәсекеге қабілетттілігін жүзеге асырудың міндетті шарты ретінде де қарастырылуы керек деп атап көрсетілген болатын .
Қазіргі кезеңдегі нарықтық экономика көп қырлы, әр түрлі: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және ақпараттық өзара байланысты құрылымдардан тұратын күрделі организм болып табылады. Нарықтық қатынастардың мәнін көрсететін түйінді түсініктердің бірі - бәсеке қабілеттілік. Қазақстан Республикасы ашық нарықтық экономикаға өту жағдайында ішкі, сондай-ақ сыртқы нарықтарда тұтынушы үшін күрес шын мәнінде бәсекеқабілетті өнім өндіру мен жасауды талап етеді.
Ел экономикасының бәсеке қабілеттілік түсінігі көп деңгейлі және бәсекеқебілеттіліктің үш деңгейінен қалыптасады: жалпы ұлттық, салалық және кәсіпорын деңгейінде.
Елдің бәсеке қабілеттілігі әр деңгейде, ұлт ортасындағы факторлар мен ерекше шарттың өзара іс-қимылдарының нәтижесі болып табылады. Ел бәсеке қабілеттілігінің соңғы деңгейі болып бәсеке қабілеттілігі бар өнім шығаратын кәсіпорын деңгейі болып табылады. Сол себепті кәсіпорында елдің негізгі бәсекелі базалық артықшылықтары кепілзатқа салынады. Бұл жерде бәсеке қабілеттілігі бар өнім түсінігі туралы сұрақ туады.
Тауардың бәсеке қабілеттілігін бағалау берілген өнімнің басқа фирмалардың сәйкес өнімімен салыстыру негізінде жүргізіледі ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігі

Кіріспе
Қазіргі нарықтық экономика күрделі құрылым –бизнестің құқықтық нормаларының жүйесінде бір-біріне әсер ететін өте көп өндірістік, коммерциялық, қаржылық және ақпараттық құрылымдардан тұрады және нарық деп біріңғай түсінікпен біріктіріледі.
Анықтама бойынша, нарық – бұл өндіруші мен тұтынушы, сатушы мен сатып алушысы бар, тұтынушы сұранысы (сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір бағаға сатып алатын тауар саны)мен өндірушілердің ұсынысы (ұсыныс деп - өндірушілердің белгілі бір бағаға сататын тауар саны) бір-біріне әсер ету нәтижесінде тауар саны мен сату көлемі белгіленетін ұйымдастырылған құрылым. Нарықтың ұйымдастыру құрылымын қарастырған кезде қандайда бір тауарды жалпылама эквивалент құнына айырбастауға қатысатын өндірушілер (сатушылар) саны мен тұтынушылар (сатып алушылар) саны маңызды орын алады. Бұл өндірушілер мен тұтынушылар саны, сипаты мен қарым-қатынасының құрылымы сұраныс пен ұсыныс қатынасын анықтайды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Жеңіл және тоқыма өнеркәсіп бұйымдары кәсіпорындарының ресурстары

Кіріспе
Тоқыма материалдарының технологиясы - талшықтар мен жіптерден иірім жіп, ширатпа жіп, мата, беймата материалдар мен басқа тоқыма бұйымдар өндірісінде қолданылатын жабдықтар мен процестер туралы.
Тоқыма өнеркәсібінің барлық саласы бірнеше өндірістен тұрады.
Мақта – мата өнеркәсібінің құрамына кіретін өндірістерге келесі түрлері ждатады:
1) Тоқыма талшықтарды алғашқы өңдеу өндірісі. Бұл өндіріске шитті мақтаны тазарту және талшықты тұқымынан бөліп алу, оларды будаларға буып – түю, мақта тазарту заводтары жатады.
2) Мақта иіру өндірісі – мақта және химиялық талшықтардан иірімжіп қалыптастыруды қамтамасыз ететін пневматикалық және механикалық технологиялық процестердің жиынтығы.
3) Мақта тоқу өндірісі – негізінен жалаң қабатты немесе ширатпа мақта, мақта және химиялық талшықтардан аралас жіптерден мақта – матасын қалыптастыруды қамтамасыз ететін механикалық процестердің жиынтығы.
4) Бояу өңдеу өндірісі – матаны бояу арқылы түс, өрнек басу және өңдеуді қамтамасыз ететін механикалық, жылу және химиялық процестердің жиынтығы.
Тоқыма өнеркәсібінде негізінен екі ұғым кең қолданылады: өндірістік процесс және технологиялық процесс.
Өндірістік процесс – бастапқы тоқыма материалдар және жартылай өңделген заттардың белгілі бір бұйымдарға айналдыратын технологиялық процестердің жиынтығы. ....
Курстық жұмыстар
Толық