Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев (13 қазан 1963)
Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев (13 қазан, 1963, Үшарал, Талас ауданы, Жамбыл облысы) — Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткері, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (2016-2019). Экономика ғылымдарының кандидаты (1990). 2019 жылдың 1-ші наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалады. 2019 жылдың 24 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің төрағасы болып тағайындалды. Алматы қаласының әкімі (28.06.2019-дан бастап).
Өмірбаяны
Ұлы жүздің Ошақты руынан.
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген (1985), экономист, саяси экономика пәнінің оқытушысы.
1985 жылдан - Алматы халық шаруашылығы институтында саяси экономика кафедрасының оқытушысы.
1988 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әлеуметтану кафедрасында ассистент, аға оқытушы, доцент.
1992 жылдан - коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
1998 жылдан - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
1999 жылдан - ҚР Шағын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары.
2000 жылдан - «Шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету қоры» ЖАҚ басқармасының төрағасы.
2001 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.
2004 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы.
2007 жылдан - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің жетекшісі.
2008 жылдан бері - Павлодар облысының әкімі.....

Өмірбаяндар (биография)