Жігіттер тобы

"Жігіттер" тобы — 2003 жылы Шымкент қаласында төрт жігіттен құралған квартет.
Өнердегі ұстаздары Әбдіхан Нұрмағанбетовтың жетекшілігімен республикалық Арай-2003 байқауына қатысып, бас жүлдеге ие болды. Ел жүрегінен кең орын алған "Ерке қыз" әніне бейнебаян түсіріліп, оңтүстіктің шымыр жігіттері өнер ордасы - Алматы қаласына келді. Продюсері - Ерғали Әбдірайымовтың көмегімен үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, өз өнерлерін Алматы қаласында әлі күнге дейін жалғастырып келуде.
Топ құрамы: Айдар Байжанов, Бағлан Әбдірайымов, Ердос Қанаев және Мырзахан Маханов. Бүгінде топ қоржынында екі үнтаспа, 10-ға жуық бейнебаян, 80-ге жуық әндер бар. Дәл қазіргі таңда жаңа екі бірдей әнжинақ пен бір бейнебаянның тұсауы кесілгелі тұр..........
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ұлытау тобы

«Ұлытау» қазақстандық аспапты этно-рок стиліндегі музыкалық ұжым. Топтың әуендері келесі қолданылаты негізгі аспаптарынан туындайды: домбыра, электр гитара және скрипка.
Топ әу бастан-ақ игі мақсатпен құрылған еді. Мақсат – қазақтың қара домбырасы мен халық күйлерін әлем халықтарына таныту. Қыдырәлі Болмановтың бастамасымен құрылған топ не бары бес-алты жылда үлкен нәтижелерге қол жеткізіп үлгерді. 2001 жылы Голливудта өткен Бүкіләлемдік музыка орындаушыларының чемпионатында Бас жүлдені жеңіп алды. 2004 жылы әлемдік жұлдыздар санатындағы түрік әншісі Тарканның концертінде өнер көрсеткен. Ал, 2005 жылы топ музыканттары Шешенстан Республикасы мен Ингушетия Республикасының Еңбек сіңірген және халық әртістері деген атаққа ие болған. Топтың алғашқы альбомының атауы – «Жұмыр қылыш». Махамбеттің «Жұмыр қылышы». Жарыққа шыққан күйтабақта айқын көрініп, әдемі тыңдалатын дүниенің бірі – «Жұмыр қылыш». Оның өне-бойында даланың рухы болған соң, біз альбомды «Жұмыр қылыш» атадық».....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Орда тобы

Орда — қазақстандық музыкалық топ. Топ алғаш рет "Бауыржан шоу" театрының құрамында ағайынды отбасылар Беделхан және Оразбековтердің қосылып ән айтуымен көріне бастады.
Топтың тарихы
Топ атауы 2001 жылдың 1-ші сәуірінде күні дүниеге келеді. Оған дейін ВИА болып жүрген олар, эпизодтық ролдерде ойнап, театрдың музыкалық және би қойылымдарында ғана шыққан. Сол кезден бастап, топтың хореографиялық қойылымдары үшін Ерболат Беделхан жауап берген. Онымен бірге Жанболат және Есболат інілері билесе, Дастан халық әндерін нақышына келтіріп орындайтын. Ал Рүстем театр қабырғасында ашылған актерлік шеберлік студиясының түлегі болып шыға келді.
Жігіттер алғаш рет 9-шы мамыр күні Република сарайында өткен концертте өнер көрсетеді. Дәл сол уақытта "Белгісіз жан", "Махаббатым" әндері шығарылып, жазылады. Кейін ағайындылар театрдың барлық музыкалық және би қойылымдары үшін жауап береді.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Алашұлы тобы

Алашұлы тобы - 2009 жылы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының қабырғасында құрылған ұлттық дәстүрді ұлықтаған музыкалық топ.
Топ мүшелері:
Атаханов Берік,
Рахмет Мақсат,
Рамазанов Ерзат сынды жігіттерден құралған.
Бас директоры әрі продюсерлері – Назгүл Қарабалина. Алашұлы тобының жеке парақшасы @alashuly_group
Топ мақсаты
Алғаш топ болуды ойластырғанда-ақ олар жерге, руға бөлінбей, «бір атаның емес, барша Алаштың ұлы болайық» деген мақсат қояды.
Топтың көздеген мақсаты – жастардың рухын көтеріп, қазақтың өнерін кеңінен насихаттау, әрі жер-жаһанға таныту. Сонымен қатар айтылмай жүрген, ұмыт болып бара жатқан термелер мен жырларды қайта жаңғырту. Бір сөзбен айтқанда — өткенді жаңғырту. Осы мақсатты орындау барысында жігіттер түнгі клубтарда да ұлттық нақыштағы әндерді шырқауға дейін барған екен.
«Алаш ұлдары» шоу-бизнеске алшаңдап тұрып қадам басты. Алаш идеясы – ұлттың иедеологиясы болса, «Алашұлы» этно-тобының әні – ұлттық әуенге айналды. Ата салтын ардақтаған «Алашұлының» әндері жұрттың делебесін қоздыратын мәнерімен бірден жүректерді жаулап алды. Үстіндегі ұлттық киімдері де, билері де «Алашұлы» деген атқа лайық жарасып, ерекше өзіндік стильдерін танытты.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Асхат Садырбаев Мұратұлы (6 маусым 1986 жылы)

Асхат Садырбаев Мұратұлы (ағылш. Askhat Sadyrbay, 6 маусым 1986 жылы, Шымкент қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы) - журналист, тележүргізушісі. Әкесі Садырбаев Мұрат Абылұлы, анасы Сыздықова Оразкүл Керімбекқызы. Туған ауылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Әңгір ата ауылы. Отбасында 3-ші перзент. Ағасы, әпкесі, інісі, қарындасы бар.
Өмірбаяны
1992 жылы Әңгір ата ауылындағы бастауыш мектептің 1-сыныбына барады. 4-ші сыныпты тәмәмдаған соң көрші Абай ауылындағы орта мектепке ауысады.
2003 жылы Абай атындағы орта мектепті үздік бітіреді.
2003 жылдың қараша айынан бастап жергілікті облыстық "Қазақстан-Шымкент" телеарнасының штаттан тыс тілшісі ретінде жұмысқа қабылданып, таңғы бағдарламалардың жүргізушісі қызметін атқарады.
2004 жылы Алматыдағы Халықаралық Мамандықтар Институтына ауысады.
2005 жылдың қаңтар айынан бастап "Қазақстан" РТРК АҚ ОҚО филиалына штаттағы редактор қызметіне жұмысқа қабылданады. Оқуын сырттай бөлімге ауыстырып, журналистиканы қызметте жалғастырады. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Дина Төлепберген (9 сәуір 1984 жылы)

Дина Төлепберген Исматуллақызы (төлқұжаты бойынша Дина Тулепбергенова) (9 сәуір 1984 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген) - белгілі тележурналист, тележүргізуші, әлеуметтік жобалар продюсері, радиожурналист, КТК телеарнасының жаңалықтар қызметінің редакторы, ҚР Президентінің журналистік пулының арнайы тілшісі (2006-2009), «Anashym» форумының ұйымдастырушысы.
Білімі
Шымкент қаласындағы №26 Жамбыл атындағы мектеп гимназиясын 2001 жылы «Алтын белгімен» бітірген.
М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 2007 жылы «Режиссура» мамандығы бойынша бітірген.
Қазақ, орыс, ағылшын, араб тілдерін меңгерген.
Қызмет жолы
1996 – 2001 - «Қазақстан – Шымкент» телеарнасында «Ақ желкен» бағдарламасының жүргізушісі;
2001 – 2002 - «Отырар» облыстық арнасында «Ата-анасыз бір сағат» атты балаларға арналған хабардың редакторы;
2002 – 2005 - «Отырар» арнасында «Жас толқын» жастар бағдарламасының жүргізушісі;
2005 - 2006 - «Астана» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің тілшісі, «Осы сағатта» бағдарламасының жүргізушісі;
2006 – 2009 – «КТК» телеарнасы «Астана» бюросының жаңалықтар қызметінің тілшісі (ҚР Президентінің журналистік пулының арнайы тілшісі)....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Дана Нұржігіт (1972 жылы)

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны
Қазақ телевидениесінің майталманы Шымкент қаласының тумасы екен. Ол 1972 жылы қарапайым отбасында дүниеге келген. Қызылорда қаласынан бастауыш мектепке барып, кейін Алматы облысының Есік қаласына орта білім алған.
Дана отбасының үлкені, оның екі бауыры бар. Оның інісі Рүстем Нұржігіт те әнші ретінде Қазақстанға танымал азаматтардың бірі. Тележүргізушінің ата-анасы Дананың сахнада жүргенін қалаған және өнерге бейім етіп тәрбиелеген. Ол анасының қалауымен Алматыдағы А.Жұбанов атындағы музыка мектебіне оқыған. Танымал тележүргізуші музыка мектебінда білім алғанын мақтаныш санап, өнердегі ұстаханасы ретінде айтып жүр.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Әбдіжаппар Әлқожа (1992 жылы)

Әбдіжаппар Әлқожа 1992 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Отбасындағы алты баланың кенжесі бала күнінен әнге құмар боп өседі. 6-сыныпта оқып жүргенде туған әпкесі Роза Әлқожа Әбдіжаппарды Алматыда ұйымдастырылған «Әнші болғым келеді» концертіне қатыстырады. Бұл Әбдіжаппардың Республика сарайының сахнасына алғашқы шығу еді.
Әбдіжаппар 9-сыныпты бітірген соң, Алматыдағы Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк колледжінің «эстрада және вокал» бөліміне құжат тапсырмақшы болады. Алайда, бұл мамандыққа оның жасы жетпегендіктен, «актерлік шеберлік» мамандығына түседі.
Әнші 2011 жылы әпкесі Розаның алғашқы жеке шығармашылық кешінде сонымен бірге «Ақ тілек», «Иман келтіру» әндерін орындап, сахнаға шықты. Осы қадамнан кейін ол өзінің жеке әндерін жаздыра бастады. Ал, былтыр Республика сарайында өзінің жеке концертін өткізді. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Айқын Төлепберген (1982 жылы 10 ақпан)

Айқын Төлепберген 1982 жылы 10 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. Оның музыкалық білімі жоқ, Алматыдағы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «баспагер-инженер» мамандығы бойынша бітірген.
Айқын алғаш тыңдарманға «Superstar kz» жобасы арқылы танылды. Әнші бұл жобаға қатыспай тұрғанда, Алматыдағы мейрамханаларда ән салған. Ал, «Суперстарға» ол досының кеңесімен қатысқан. Сондай-ақ, оның жобаға баруына қазылар алқасының құрамында танымал әнші Батырхан Шүкеновтің болғандығы да қатты әсер етіпті.
Айқынды «Superstar kz» жобасынан шыққан әншілердің ішінде сахнада жарқырай көрініп жүрген әртіс деуге болады. Өйткені, ол бүгінге дейін өзінің аудиториясын тауып үлгерді. Айқынның тыңдармандарының арасында кішкентай бүлдіршіннен егде қартқа дейін бар. Эстрадаға келген он жылдан астам уақыт ішінде «Асылым», «Ерке қыз», «Пах, пах!», «Жалаң аяқ қыз», «Үмітің үзілмесін!», «Жалғыз сен», «Корабли» және тағы басқа хит әндерді жарыққа шығарды. Әншінің бұл жетістіктерге жетуіне оның бойындағы талантын тани білген алғашқы продюсері Ерік Тастамбеков те үлкен үлес қосты....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Айгерім Қалаубаева (1985 жылы)

Әйгерім Қалаубаева 1985 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол Алматыдағы А.В.Селезнев атындағы хореография училищесін үздік бітірген. Кішкентайынан сахнаға биші ретінде шыққанымен, Әйгерім әнші болуды армандапты. Ол хореографиялық училищені бітірген соң, анасының ақылымен өнерден алыстау мамандықты таңдаған. Сөйтіп, Алматыдағы Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-ді тәмәмдады.
Экономика саласының маманы болғанымен, Әйгерім мамандығы бойынша жұмыс істеген жоқ. Еңбек жолын «Хабар» телеарнасындағы «Ұят болмасын», «Біздің көшенің тұрғындары» бағдарламаларында бастап, көрерменге ерке қыздың рөлі арқылы танылды....
Өмірбаяндар (биография)
Толық