Жасанды магниттер. Соленоид 2-сабақ (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі
Сабақ тақырыбы: Жасанды магниттер. Соленоид 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.4 - жасанды магниттерді эксперимент жүзінде жинау және қолданылу аясын түсіндіру;
10.4.1.5- соленоидтың магнит өрісіне әсер ететін факторларды сипаттау;
Сабақ мақсаттары: Оқушылардың білім алуы :
(i) табиғи материалдар магниттік қасиеттерін көрсете алады
ii) магнит өрістері және магнит күштері
(iii) тұрақты магниттермен байланысты магнит өрістері
iv) өткізгіштерде өтетін электр токтары
(в) уақытша магниттер және олардың электромагнетизммен байланысы
Оқушылар тақырыпты игеруге және білімін қолдануға қатысты:
i) өткізгіш арқылы өтетін электр тогы магнит өрісін жасайды
(ii) магнит өрісінің кернеуі ток шамасымен тікелей байланысты (I)
III) электромагниттің күші (күші) өткізгіш орамдарының санына байланысты (N)
iv) электромагнит құрылымы
v) I және N кезінде магниттің уақытша күші қалай өзгеретінін эксперименталды анықтау
(vi) магнит күшінің тұрақтысын табу......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Жасанды магниттер. Соленоидтар 1-сабақ (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі
Сабақ тақырыбы: Жасанды магниттер. Соленоидтар 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.4-жасанды магниттерді эксперимент жүзінде жинау және қолданылу аясын түсіндіру:
10.4.1.5 соленоидтың магнит өрісіне әсер етуші факторларды сипаттау:
Сабақ мақсаттары: Демонстрация көмегімен электормагниттің құрылысымен танысып оның магнит индукциясын басқару жолдарын үйренеді.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Загадки с ответами: Животные (жираф, олень, слон, кабан, медведь, хомячок, кенгуру, панда )

У этого зверя огромный рост,
Сзади у зверя — маленький хвост,
Спереди у зверя — хвост большой.
Кто же это? Кто же это? Кто такой?
Ну, конечно, это он!
Ну, конечно, это …
слон

Кто на своей голове лес носит?
Олень

С хозяином дружит,
Дом сторожит,
Живет под крылечком,
Хвост колечком.
Собака

Достает своей макушкой
У деревьев до верхушки,
Шея, как высокий шкаф,
Добрый, в пятнышках
Жираф
Сборник загадки с ответами
Толық

Тыл ардагер - аналарға арнау

Соғысқа аттанғанда іні – аға,
Елде қалды кемпір – шалмен, бала – шаға. 
Нар көтерер жүктерді арқалаған,
Салмақ түсті тағы да аналарға.

Жан жарамен қол ұстасып жүре алмай,
Шаттықпенен емін - еркін күле алмай.
Ата - ене, балалары қалды қолда,
Жалғандағы жар қызығын көре алмай.

Жас нәресте шырылдады жаңа туып,
Анасы кетті еңбекке белін буып.
Жан жарын аттандырып қала берді,
Үлбіреген ақша бетін жаспен жуып.

Қуарған күз жапырақтай өңі солып,
Жарын күтті екі көзі мұңға толып.
Жер жыртты, өгіз айдап, егін салып,
Майысып саусақтары күс- күс болып.

Қайран ана аттандырды балаларын,
Кей ана қолда бар жалғыздарын.
Бүкіл әлем теңселіп, тебіренді,
Көтере алмай күңіренген ана зарын.

Қалғандай келешектен күдер үзіп,
Жас бой жеткен қала берді көзін сүзіп.
Атын жазып орамалға сүйгенінің,
Кестеледі көз жасымен моншақ тізіп.

Жеңістен соң не боларын ойламады,
Көбісі жеңіс тойын тойламады.
Жас жүрегін басқа жанға сыйлай алмай,
Жесірлікті бар өміріне мойындады.

Сөз жетпес азабына өткен күннің,
Дыбысы мәңгі өшпес зарлы үннің.
Жас баланың жетімдігін бастан кешкен,
Ізін калай өшірерсің қайғы-мұңның.

Күйзелді ойлап ана бала қамын,
Жеткізді жылай жүріп балапанын.
Аңсап өсті бала жүрегі,
Бастан сипар әкесінің алақанын.

Өткен өмір енді қайтіп келмесін,
Ешбір жаңға қайғы мұңды бермесін. 
Соғыс залым елге салған зардабын,
Оны ұрпақтар келешекте көрмесін.
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Достық үні)

Жылдар талай сыйларын берген баптап,
Менде ұмытпай келемін мәңгі сақтап.
Күрес, табыс қаптаған қырық үш жылда

Мыңдар жылдың үстінен кеттім аттап.
Биыл да болды сансыз табыс мықты.
Космостық корабльдер көкке шықты....
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Азғын)

Тәңірің сенің табынған
Бақыт пенен көк көйлек.
Жыртылар кезі кездессе.

Кетуің оңай өгей деп.
Ой салмаған бұл жолға
Аптығып жейтін нан салған.....
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Алғыс саған, партия)

Қазақ едім, надан едім, тар едім,
Тендікке де, бостандыққа зар едім.
Компартия қанат бердің, әл бердің,
Тек кеуде де шыбыны бар жан едім.
Қырық жылымда талай астым қырқадан,
Өмір кештім көк дауылдай бұрқаған,
Күрестер мен жеңістерден өткіздің
Естіді әлем дауысымды ән шырқаған.
Завод қаптап, колхоз, совхоз гүлденді,
Қырық жыл бойы қазақ елі түрленді,
Даңқы кетті көтеріліп аспанға
Тап-тамаша бүкіл дүние білді енді.....
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Әнге айналған адам)

(Мұса Жәлел жайында)

Зар болып кең дүниемен тілдесуге,
Отырды ол соңғы түнек түрмесінде.
Біледі көп ұзамай үні өшерін,
Біледі табылмасын мүрдесі де.
Қу сүйек уыз тәні боршаланған,
Әлі жоқ қимылдауға шаршағаннан.
Дейді ол — тәнім тұтқын болғанымен,
Дұспан жоқ рухымды қоршап алған.
«Ұлы Отан, арқа тұттым ұраныңды,
Қолтықта арпалысқан ұланыңды!
Самалын туған жердің құй қаныма.
Тосайын ән-күйіңе құлағымды».
Сүйгендей оң көзінен ғашық жаны,
Шалқыды шабыттанған ақын жаны.....
Өлеңдер
Толық