Көкше мұзды суық сұр Құрсап қатқан Есілге, Мұңмен қарап сұлу тұр, Кім түсті екен есіне? Сүйенгені — сары ағаш. Солқылдайды суылдап, Сүймек боран есуас Құшағына сұлуды ап. .....
Күт мені, сәулем, ұзақ күт, Қайтармын, сау келермін, Көңіліңе сеуіп ой күңгірт, Өтсе де күт, нелер күн. Қар жауар мүмкін бұрқырап, Өрті бар мүмкін кез келер, Күте түр, сәулем, сен бірақ, Ұмытса да өзгелер. Хат келмей менен қажытар, Кетер талай күн ұзап, Ұмытса мейлі басқалар, Күте бер мені өзің - ақ......
Қараңғы түн, қалың орман, Алай-түлей қар бораған. Долы дүлей, долы боран Кекті жапқан, жерді ораған. Өршелене соқты боран, Орман шулап тартты қобыз. Қарды қуып құйындаған, Келе жатыр жиырма тоғыз. Әлдеқайда жау жасағы, Көрінбейді боран басып. Орыс қысы ән салады,— Немістерге аран ашып. .....
Жүректе оты жанған жігіт едің, Атаның алып қалған үміт – кегін, Жөнелдің қарсы бастап қалың жауға, Қазақтың қайсар ноян жігіттерін. Еріндей ертегінің қайта туған, Ашуың атқан толқын айбатыңнан; Кегінен қалың қазақ қайнап жігер, Тасыған қайратыңмен жауға атылған. .....