file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Менің президентім)

Абзал Еркежан
8 сынып, №3 орта мектебі Іле ауданы,
Жетіген ауылы Жетекшісі: Бақтиярова Ғ.Ю.


Президент... Бұл тіпті мыңнан бір адамға берілмейтін лауазым. Президент болу-мыңнан бір адамның қолынан келмейтін міндет. Мен қазақ жерінде, қазақ даласында өмір сүріп жатырмын. Қазақ патриотымын! Қазақстан мемлекетін көркейтуге үлес қосатын 17 млн-ның бірімін. Елімнің жері-менің жерім, елімнің Отаны-менің Отаным, елімнің Президенті-менің Президентім!

Қазақстан мемлекетінің Президенті-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан халқы ғана емес, дүниежүзі таниды. Алты жасар баладан алпыс жасар қартқа дейін қадір тұтып, құрметтеп, әрқашан да тек қана жақсылығын айтады. "Барлығына бірдей жағу мүмкін емес" болса, Нұрсұлтан Назарбаев........
Шығармалар
Толық

Дәрігерлер жүрекке отаны қалай жасайды? (фото +18)

Олар - бейбіт күннің батырлары. Олар күнделікті адам өмірін ажалдан арашалап, ешкімге жар салмай-ақ, ерлік жасайды. Ортамызда жүрген хирург мамандардың өмірі - мүлде бөлек әлем. Әсіресе, адамның ана құрсағына біткен сәттен бастап соғатын жүрегін тоқтатып қойып, оған ота жасайтын кардиохирург мамандардың ісі - нағыз ерлікке пара-пар екеніне дауласу қиын.
Жаңалықтар
Толық

Ішкен-жегенін желіге салған Қайрат Нұртас тыңдармандарының ашуына тиді (фото)

Танымал әнші Қайрат Нұртастың желіге салған кезекті суреті желі қолданушыларына жақпай қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ол желіге түрлі тағамға толы дастарханның суретін салған.
Жаңалықтар
Толық

Иманғали Тасмағамбетов Нұрғалиұлы (1956 жылы)

Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов – мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі саясаткер. Қазақстан Республикасының бесінші премьер-министрі болған және бірнеше министрлік пен облыс, қаланы басқарған адам. 1956 жылы қазіргі Атырау облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында туған.
Мұғалім Иманғалиден…
Иманғали Тасмағамбетовтің балалық шағы, оқыған мектебі туралы ақпарат ашық дереккөздерде аз кездеседі. Дегенмен, оның жиырма жасынан бергі өмірі көптің назарында.
Иманғали Нұрғалиұлы 1979 жылы Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен түлеп ұшқан. Мамандығы – география және биология пәнінің мұғалімі. Ең бірінші жұмыс орны – өзінің ауылындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі. Кейін сол Махамбет ауылындағы орта мектепте география және биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген.
Арада он жыл өте, 1989 жылы Иманғали Тасмағамбетов ұстаздығымен қатар, қоғамдық қызметте бас көрсете бастайды. Ең алдымен «лениншіл» жастардың жанынан табылады (Қазақстанның Лениншіл коммунистік одағы орталық аппаратының бірінші хатшысы қызметі). 1991 жылы тәуелсіз Қазақстанның жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы болады.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Сағадат Нұрмағамбетов (1924 жылы)

Батырдың балалық шағы
Сағадат Нұрмағамбетов 1924 жылы қазіргі Ақмола облысы Ақкөл ауданы Қосым ауылында туған, үйдің кенжесі. Әкесі – Қожахмет, анасы – Айса, ағасы Сағит. Сағадат дүние есігін ашуға бір ай қалғанда әкесі Қожахмет өмірден озады. Айса жалғыз қалып, екі ұлын асырау үшін бар күшін салады. Алайда елiмiздi ашаршылық жайлаған 1932 жылы Сағит пен Сағадат отбасының тірегі болған аналарынан айырылып, тұл жетім қалады. Ол кезде Сағадат бар-жоғы 7 жаста еді.
Сағадат үшін жалғыз ағасы Сағит әке де, шеше де болады. Бірақ сұм соғыс ағасын да көп ұзатпай майдан даласына алып кетеді. Ол ағасын жанындай жақсы көрген екен.
"Ағам шымыр денелі, жұдырығы тоқпақтай, қой көзді, анама ұқсайтын еді", - дейді Сағадат Нұрмағамбетов.
Алайда Ұлы Отан соғысына аттанған оның жалғыз ағасы Новгород түбiндегі шайқаста қаза табады.
Отбасынан айырылған Сағадат Нұрмағамбетов ерте есейіп, жастайынан алғыр, өжет болып өседі. Туыс атасы Әлжан айтқан Қобыланды батыр, Алпамыс батыр туралы жыр-дастандарды сүйсіне тыңдайды....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Алмахан Кенжебекова Нұрпейісқызы (1950 жылы 16 қаңтар)

Алмахан Нұрпейісқызы Кенжебекова (1950 жылы 16 қаңтарда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қайнар ауылында туған) - кино және театр актрисасы. Қазақ КСР Халық артисі (1988). Алматы облысының Құрметті азаматы. Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының жоғарғы санаттаға артисі. "Құрмет" орденінің иегері.
Алмахан Нұрпейісқызы [1950 жылы 16 қаңтарда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген.
1970 жылы Алматы эстрада және цирк өнері студиясын (Ж.Елебековтің жетекшілігімен) бітірген.
1975 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік бөлімін бітірген. (ұстазы: КСРО халық артисі Шолпан Жандарбекова)...
Өмірбаяндар (биография)
Толық