Алмахан Кенжебекова Нұрпейісқызы (1950 жылы 16 қаңтар)

 Алмахан Кенжебекова Нұрпейісқызы (1950 жылы 16 қаңтар)

Алмахан Нұрпейісқызы Кенжебекова (1950 жылы 16 қаңтарда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қайнар ауылында туған) - кино және театр актрисасы. Қазақ КСР Халық артисі (1988). Алматы облысының Құрметті азаматы. Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының жоғарғы санаттаға артисі. "Құрмет" орденінің иегері.
Алмахан Нұрпейісқызы [1950 жылы 16 қаңтарда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген.
1970 жылы Алматы эстрада және цирк өнері студиясын (Ж.Елебековтің жетекшілігімен) бітірген.
1975 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік бөлімін бітірген. (ұстазы: КСРО халық артисі Шолпан Жандарбекова)
1975 жылы консерваторияны бітірген соң Талдықорған драма театрының актерлік құрамына қабылданады. Сол жылдан бастап осы күнге дейін Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының жоғарғы санаттағы артисі.
Сахнадағы негізгі рөлдері
Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» - Мақпал, Р.Сейсенбаев «Өзіңді тап» - Айсұлу, М.Әуезов «Қаракөз» - Мөржан, Т.Ахтанов «Күшік күйеу» - Гүлжамал, С.Жүнісов «Қысылғаннан қыз болдық» - Сәбира, Б.Тоғысбаев «Ақын Сара» - Сара, Ш.Айтматов «Жәмила» - Жәмила, «Арманым Әселім» - Хадиша, «Ақ кеме» - қара кемпір, «Ана Жер-ана» - Толғанай, Д.Исабеков «Әкпе»- Қамажай, М.Кәрім «Ай тұтылған күн» - Шафах, А.Вампилов «Сүйінші, табылды» - Макарская, В.Ежов «Бұлбұлдар түні» - Катенька, Т.Қалилаханов « Алтын бесік» - Гүлдариға, Т.Ахтанов «Әке мен бала» - Әже, Н.Хикмет «Елеусіз қалған есіл ер» - әйелі, Ғ.Мүсірепов «Ақан сері Ақтоқты» - шешесі, С.Адамбеков «Аюбайдың ажалы» - Анар, Қ.Баяндин «Жаңғырық» - Бибі, Т.Есімжанов«Жолда қалған жолаушы»- Ұлтуар, Ақынжанов «Алтын сақа» - Айсұлу, И.Әуезов «Абай» - Әйгерім, Р.Сейсенбаев «Қазбектің оралуы» - Әсия, С.Жүнісов «Өліара» - Фотиева, Қалшабаев «Қайдасың анашым» - Қасиет, М.Әуезов «Түнгі сарын» Жантастың шешесі, М.Әуезов «Хан Кене» - Бопай ханым, Ж.Аймауытов «Аласапыран» - Қалипан, І.Жансүігров «Исатай- Махамбет» - Балды, Т.Ахтанов «Шырағың сөнбесін» - Алевтина, І.Жансүгіров «Күйші» - Қарашаш ханша,А.Сейдімбеков «Қош бол, ардағым» - Уәкила,Т.Әліпбай «О,Аттила,Аттила» - ханша, М.Әуезов «Бәйбіше тоқал» - Қайша, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Фармон Бибі, Иран-Ғайып «Естайдың Қорланы» - Қорлан және т.б.
Кино ролдері: "Көшпенділер" реж .Т.Теменов - Шарыштың анасы, С.Нарымбетов - "Аманат" Әже т.б.
Марапаттары
1982 жылы (Қазақ КСР) «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» құрметті атағы;
1988 жылы (Қазақ КСР) «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы;
2001 жылы Алматы облысының Құрметті азаматы (құрметті атағы);
2001 жылы «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медальі;
2015 жылы президент жарлығымен «Құрмет ордені» нің иегері атанды.
2016 жылғы ҚР тұңғыш президентінің – Елбасының мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.
2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл" медалімен марапатталған.
Отбасы
Тұрмыс құрған. жары: актер, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Кендебай Темірбайұлы


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру