Сымбат Нұртазақызы

Сымбат Нұртазақызы – ешқандай артық шығынсыз-ақ балаларға арналған қазақ тіліндегі дамытушы мультфильмдер құрастырған жас маман. Аудармашы, психолог.

Сымбат 2008 жылы парсы тілі бойынша Орта Азиялық олимпиадада І-орын алған. «Педагогикалық ізденіс» ғылыми-әдістемелік журналының редакция алқасының мүшесі. Сымбат тілінде мүкістігі бар балаларға арналған бірнеше мультфильмдердің авторы. Мәселен, «Дыбыстарды машықтандыру», «Көңілді түстер» деп аталса, «Логоритмика» әдістемелік құралы сондай-ақ «Компьютерлік психодиагностика» атты жасөспірімдер арасындағы психологиялық өзгерістерді анықтауға арналған жобаның авторы. «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтер превенциясы» БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) жобасының координаторы.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Нұркаси Абатов

Нұркаси Абатов жоғарғы санатты дәрігер хирург, профессор
Абатов Нұркаси Төлепбергенұлы 1996 жылы Қарағанды облысында алғашқылардың бірі болып құрсақ қуысы мүшелерінің әртүрлі ауруларын жедел емдеудің эндовидеохирургиялық әдістерін тәжірибе жүзінде іске асырды.

ҚР ДМ клиникалық протоколдарын, оқытудың жаңа әдістерін әзірлеуге, медицина оқу орындары студенттерінің білімдері мен клиникалық машықтарын бағалауға қатысады. Абатов Н. Т. үздіксіз кәсіби білім арттыру курсанттары мен хирургтарына арнап 30-ға жуық оқу бейне фильм жасады. Ол ҚММА медицина орталығында хирургия бөлімшесін ұйымдастырды, мұнда емдеудің заманауи хирургиялық әдістері белсенді түрде енгізілуде. Сонымен қатар, жас хирургтердің кәсіби дайындығына көп көңіл бөлінеді.

1987 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын тамамдаған. Өз қызмет жолын Торғай облысы Амангелді ауданының ОАА дәрігер-хирург болып бастап, 1991 жылы дейін жұмыс істеді. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Нұржан Жолдыбалинов

Нұржан Жолдыбалинов – IT маман, кітапханашы, ақпараттық жүйелер бойынша маркетолог
Нұржан Нұрланұлы – Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы басшысының ақпараттық ресурстар бойынша жетекшісінің орынбасары, Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананы әзірлеуге қатысқан ең жас IT мамандардың бірі.

Сонау ертедегі 1995 жылы №63 Шар мектебіне 8 разрядты «Корвет» дербес компьютерін әкелген еді, осы компьютерде жұмыс істеуге алғаш отырғандардың бірі және сабақ арасында ұрлана кіріп мұнда шұғылдануға келетіндердің бірі тоғыз жасар Нұржан Жолдыбалинов болатын. Балалық қызығушылық оның мамандығын ақпараттық технологиямен байланысты айқындап бергендей. Бұл оқиғаның әсерін толықтай бағалау үшін Нұрлан Нұржанұлы қазіргі таңда Қазақстандық кітапхана алаңындағы түрлендірілген ақпараттық «брендті» - Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананы жасаушылардың бірі, сондай-ақ ҚР ҰАК ақпараттық ресурстар бойынша жетекшісінің орынбасары болып табылады.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Максим Чернуцкий

Чернуцкий Максим – патриот, қоғам қайраткері, меценат, кәсіпкер. 2011 жылдан бастап көмір өнеркәсібінде жұмыс жасап келеді.

«Менің негізгі жетістігім – өз қаражатыма сал ауруына шалдыққан жас жігітке мүгедек арбасын алып беруім деп білемін. Бұл 2016 жылы еді. Оның қуанышты жүзі есімде мәңгі сақталады» – дейді ол.

Максим түрлі республикалық форумдар мен конференциялардың қатысушысы, көптеген грамоталар мен алғыс хаттардың иегері. 2014 жылдың желтоқсанында ол «Халық Таспасы – Народная Лента» ұлттық-патриоттық жобасын жүзеге асырды. Өз қаражатына Қазақстан Республикасының азаматтарына 25 мыңнан астам халық лентасын сыйлады. 2017 жылдың мамыр айында ZhasProject көптілді білім беру жобасы аясында жүзеге асқан «TILKHAN ATA» жобасының авторы атанды. Оның басты міндеті – Қазақстан Республикасындағы «Тілдердің үшбірлігі» идеясын дамыту және дәріптеу болып табылады.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Қайрат Үмбетов Жарылқасынұлы

Үмбетов Қайрат Жарылқасынұлы – полковник, ҚР Ұлттық гвардиясының «Орталық» аймақтық қолбасшылығының 6505 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары.

2016 жылдың 7-ші сәуірінде Қарағанды облысының Қарабас кентіндегі оқу-жаттығу орталығында жедел қызметтің жеке құрамымен бірге граната лақтыру барысында 6505 әскери бөлімінің бастығы Қайрат Үмбетов өз өмірін қатерге тіге отырып, жас жауынгерді өз денесімен қалқалап жапты және оны өлімнен құтқарды.

Жарылыс салдарынан офицер жарқыншақ тиіп жарақатты, қатардағы жауынгер А.Сұлтанқұлов бірнеше болмашы жарақат алды. Полковниктің өзі болса, бұл әрекетін ерлікке бағаламайды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Қайрат Молдасеитов Құсейінұлы

Молдасеитов Қайрат Құсейінұлы 1967 жылдың 18 қаңтарында Жамбыл облысы, Қордай ауданына қарасты, Қаракемер ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1991 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтында «орман шаруашылығы инженерін», ал 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінде «заңгер» мамандықтарын бітірген. Бүгінгі күнде «Отау Групп» компаниясын басқаруда.

Қайрат Құсейінұлының жалпы еңбек өтілі – 24 жыл. Мемлекеттік қызмет өтілі 4 жылдан астам.
Еңбек жолын 1992 жылы «Күнгей» ЖШС-тың директор қызметінен бастады. Одан кейін 1995-2000 жылдар аралығында Ақтөбе қаласының «Трансмарс» ЖШС-та және 2002-2004 жылдары Шымкент қаласының «КИТ Со» ЖШС-та директордың орынбасары болса, ал
2004-2009 жылдар аралығында «КИТ Со» ЖШС мен «Отау құрылыс» ЖШС-та басшылық етті.

2007-2009 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан обласының Мәслихат депутаты. Содан 2009-2012 жылдары Түркістан қаласының әкімі және 2012-2013 жылдар аралығында Шымкент қаласының әкімі болып қызмет атқарды. Ал қазіргі таңда «Отау Групп» компаниясының Президенті және Оңтүстік Қазақстан обласының Мәслихат депутаты қызметін атқаруда. Сонымен қатар, 2017 жылдың қаңтар айынан бастап Шымкент қаласындағы Мажарстанның құрметті консулы лауазымына тағайындалды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ернұр Рысмағамбетов

Ернұр Рысмағамбетов – физик, жаттықтырушы, мұғалім, Халықаралық қарды орталығы бюросының басшысы.

ҚР Ұлттық командасын мектепаралық ғылыми жарыстарының дайындығына белсенді қатысушыларының бірі. 5 жыл бойы жаттықтырушы ретінде Ернұрдың жетекшілігімен оқушылар 25 мүмкін медальдің ішінен 24 медальді жеңіп алды, оның ішінде 6 алтын, 15 күміс және 3 қола.

Ернұр 11 сынып оқып жүрген кезінде Кембридж университетіне оқуға шақыру алды. Физика пәні бойынша халықаралық олимпиадалардың (IPhO) алтын және күміс медальдарының иегері - Бали, Индонезия, 2002 және Тайбэй, Тайвань 2003; 2000-2004 ж.ж. физика бойынша республикалық олимпиаданың төрт мәрте жеңімпазы және 2003 жылы республикалық мектеп олимпиадасының абсолютті чемпионы.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Әлібек Нұрбек

Жастар театрының актері Әлібек Нұрбек те 100 жаңа есімге ілігіп отыр. Кішкентай балаларға күндіз қойылым қойса, бос уақытында еріктілікпен айналысады. Ауыр дертке шалдыққан балалардың жанына дауа іздеуге болысып жүрген жандардың бірі осы азамат.

«2 жылдың ішінде біз 10-ға жуық балаға көмектесе алдық. Еріктілер үйі балаларға ғана емес, қарттар үйі және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларын мектепке дайындау, не болмаса қысқы суық мерзімдегі жылы, жайлы баспана алуына қамтамасыз етеміз. Яғни бізге келген балалар арқылы хаттар арқылы, көмек арқылы біз мынаған көмектесеміз, мынаған көмектеспейміз деп айтпаймыз. Қайсысы қолымыздан келеді. Соған көмектесуге тырысамыз», - деді «қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Әлібек НҰРБЕК......
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ғалым Нұрланов

Ғалым Нұрланов - кітапханашы, әрі зағип және нашар көретін жандарға брайль жүйесін және компьютерге орнатылған арнайы синтезатор арқылы компьютерлік сауаттылықты тегін үйретуші.

Ол 1989 жылы 19-мамырда Жамбыл облысы, Шу қаласында дүниеге келген. Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы мәдениет колледжінде «Кітапхана ісі», Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Кітапхана ісі» мамандықтары бойынша білім алған. Еңбек жолын Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасында бастады. Қазіргі танда Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында "Дыбыс жазу студиясы және Брайль" кітаптарын шығару бөлімінде кітапханашы қызметін атқарады. Жұмыс барысында кітапханадан шығатын «РБНСГ-Вести» газетінің шығарылуына өз үлесін қосты. Көз жанарының көруі нашарлығына қарамастан, үнемі айналасындағы адамдарға көмектесіп келеді. Соның бір дәлелі «Саусақ ұшындағы әлем» үйірмесі аясында зағип және нашар көретін жандарға брайль жүйесін және компьютерге орнатылған арнайы синтезатор арқылы компьютерлік сауаттылықты тегін үйретіп келеді. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Серік Нұркенов

Серік Нұркенов – ғалым, РФ физика-математика ғылымдарының кандидаты, физика мамандығының PhD докторы, халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

Ол бериллий негізіндегі жаңа термо төзімді нано-жабындар әзірлеп, жасаған, олар ядролық медицина, космостық және ядролық энергетикада маңызды практикалық қолданысқа ие. 2009 жылдан бері Республикалық диагностикалық орталықта (Қазір Назарбаев Университеті “University medical Center” КҚ) ядролық медицина бөлімінде жұмыс істейді. Онкологиялық, кардиологиялық және неврологиялық ауруларды ерте диагностикалау және емдеу тиімділігін бағалау, сондай-ақ емдеу тактикасын өзгертуге себеп болатын метастатикалық зақымдануларды анықтау мақсатында иондаушы сәулелердің ашық көздерін қолдана отырып диагностикалық зерттеулерді жүзеге асырып жүрген алғашқы медицина физигі болып табылады. Мысалы, радиоактивтік белгісі бар заттар (басқаша айтқанда 18F-FDG негізіндегі радиофармпрепарат) ағзаға енгізілгеннен кейін физиологиялық және патологиялық процестерге қосылады, бұл оларға онко-процестерді (рак жасушалары) ең ерте кезеңінде тез табуға мүмкіндік береді. Бірегей, жоғары дәлдіктегі және ақпараттық ПЭТ/КТ зерттеулер Қазақстанда алғаш рет 2010 жылдан жасала бастады.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық