Экономика | Меншікті капиталдың құрылу негіздері және басқарылу әдістері

Өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадай түрлерімен айналысатын шаруашылық субъектілері қайсыларының болса да шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтары, ақшалай қаражаттары, қаржылық салымдары мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсаған шығындары және алашақтары болуы қажет. Осы жоғарыда аталғандардың ақшалай жиынтығы капитал болып саналады. Шаруашылық субъектісі алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол субъекті құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Кейінгі уақыттарда субъектінің капиталы өзінің қызметі барысында тапқан таза табысы және сондай – ақ басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы шаруашылық субъектінің есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Субъекті мүлкінің құрамы
Субъектінің барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және айналыстағы активтері болып екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай "негізгі (айналымнан тыс) активтер" және "айналымдағы активтер" деп екіге бөледі.
Негізгі (ацналымнан тыс) активтер негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімдік) инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер шаруашылық субъектінің материалдық – техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Меншік экономикалық категория ретінде және меншік қатынасының теориялық негіздері

XXI ғасыр табалдырығында Жаңа Тәуелсіз мемлекеттердің коғамдық дамуындағы аса маңызды мәселелердің бipi – меншік қатынастарын жан-жақты қарастырып, шаруашылықтардың даму жолдарын объективті зерттеу бүгінгі таңда негізгі мәселе . Бұл меншік мәселесі өте күрделі және көп қырлы. Ол әлеуметтік-экономикалық жүйенің терең және өте мәнді қатынастарын қамтиды. Бүгінгі танда меншік қатынастарының проблемалары өзекті сұрақтардың бipi және пікір-талас туындайтын тақырыпқа айналып отыр.
Нарықтық экономикаға көшу – меншік қатынастарына тікелей байланысты. Өйткені қай қоғам болсын, өндіріс қатынастарының негізінде белгілі бір меншік формасы жатыр. Сондықтан нарық қатынастарына көшу кезеңінде оның көптеген объективті мәселелері өз шешімін күтуде.
Қазіргі таңда айқындалып отырғандай, бұрынғы көзқараспен социализм орнату жолында деп есептелінген елдердегі элеуметтік-экономикалық жүйенің күйреуiнің басты себептерінің бipi – мемлекеттік меншік қатынастарының үстемдікке ие болуы. Сол себепті де оларды өзгерту және түбегейлі құру туралы қортынды жасалды. Сөйтіп, бұл проблемаларға қоғам тарапынан өзіндік көзқарас білдipy мәселесі алға тартылып отыр. Бүгінгі таңдағы меншік ұғымының төңірегіндегі пікір-таластарды талдау мен меншіктің нақты әр түрлі формаларын өндірудің мәнін түсіну үшін аталған күрделі проблеманың теориялық негізін анықтау қажет.
Қоғам дамуының өтпелі кезеңдерінде меншік мәселесі, даму перспективасы ең алдымен көтеріліп, жалпы қозғалыстың, дамудың өзіндік өзегін құрайды. Қоғамның, мемлекеттің, жеке адамдардың болмысының даму заңдылықтары, өндірістің материалдық және рухани негіздері барлығы да меншік жүйесіндегі маңызды өзгерістерге тәуелді. ....
Рефераттар
Толық

Рынокқа өту жағдайларына экономиканы түрлендірудің тұжырымдық негіздері

Қазіргі уақытта барлық посткоммунистік елдерде экономикалық парадигманың ауысуы, шаруашылықты жүргізу теориясыиен тәжірибесінде гуманистік даму бағыттарының дами түсуі болып жатыр. Жақында өткен заманда экономикалық өсу қайнары басты түрде материалды-техникалық базаның қалыптасуына байланысты қарастырылды. Елдің даму деңгейі өндіріс көлемінің өсу дәрежесіне сәйкес анықталды, және адам капиталдың түпкілікті элементтері сияқты тура сондай қор ретінде болғанда, тиімділік критерийлері өндірістің негізгі элементтері қайтарымының түрлерімен ұштастырылды. Жаңа экономикалық парадигмада акценттер ығыстырылады. Оның орталығында – экономиканың тиімді сапалы түрленуге және құрымдылық ығысуға қабілеттілігін бағалау тұрады.
Экономиканың даму дәрежесі туралы аса толық түсінікті халық шаруашылығының құрылымы береді, ол нарықтық жағдайларда жеке салалардың ілгері дамуына қойылатын талаптарға сәйкес келу керек.
Елдің экономикалық құрылымы өндірістік күштердің орналасуымен, өндірістік және ғылыми потенциалдармен және материалдық өндірістің әлеуметтік-экономикалық даму қарқындарымен өзара әрекеттеседі. өндірістің тиімді орналасуы – халық шаруашылық және территориялық пропорцияларды жетілдіруге арналған база. Ғылыми ауқымды, бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындарды орналастыру арқылы үйлеспеушіліктер жойылады, олар қоғамның мұқтаждықтарын есепке алумен қажетті пропорцияларды белгілейді. Ішкі құрылыстағы ығысулар да салалардың даму қарқындарына, табиғи ресурстарды және қолда бар өндірістік аппаратты пайдалануға байланысты болады (46,47).
Сонымен, бір аймақтың дамуы меншікті міндеттерді шешуді ескермегенде басқа аймақтардың мұқтаждықтарын қанағаттандырумен анықталды. Оның экономикасы тиімсіз құрылымдық саясаттың салдары болып табылған, бірқатар ерекшеліктермен сипатталады:
- ауыр өнеркәсіптің шамадан тыс дамуы, соңғы емес, аралық өнімді шығаратын материал сыйымы салалардың басым болуы;
- тұрғындардың қажеттері үшін өндірілетін өнімнің төмен үлесі;
- өндірістік аппараттың технологиялық артта қалғандығы (өнеркәсіптің негізгі қорларының тозуы – 60 % -тен артық, оның шамадан тыс көп үлесі металлургиялық, отын-энергетикалық комплекстерде);
- экологиялық проблемалар – Орталық Қазақстан қоршаған ортаның ластану және құлдилау дәрежесі бойынша, табиғатқа антропогенді жер етудің жиынтығы бойынша республикада алдыңғы орындардың бірін алады (ол атмосфераға зиянды заттардың лақтырыстары бойынша – бірінші орын).....
Рефераттар
Толық

Отбасы мәселесінің психологиялық негіздері

Отбасы – ерекше педогогикалық жүйе. Әлеуметтану ғылымы отбасын тұтас қоғамдық ағзаның бөлігі, әлеуметтік – тәрбие беретін ұжым ретінде қарастырады. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық салада орын алған өзгерістері міндетті түрде отбасының өмірінен көрініс табады. Отбасы моральдық, психологиялық жаңаруы барысында созылмалы, оның үстіне қарама-қайшылықты, күрделі болып келеді. Сондықтан да, отбасында жаңа қатынастар, жаңа моральдық ұғымдар орнығуы экономикалық салаға қарағанда баяу қарқынмен іске асады. Өйткені отбасын болжамдаудың қиындығы қайта құруларға, негізгі әлеуметтік - экономикалық факторлармен бірге биологиялық, психологиялық және демографиялық факторларға байланысты.
Отбасылық өмір байланыстары жан-жақтылығымен сипатталады. Олар әлеуметтік, биологиялық, шаруашылық – экономикалық адамгершілік және психологиялық қатынастар. Отбасы дамуының кезеңдері оның қызметінің сипаты және ауқымының өзгеруімен байланысты. Ол қоғамға және адамға қатысты маңызды қоғамдық қызметтер атқарады.
Отбасының қоғамға қатысты негізгі қызметтері мыналар:
- ұрпақтар алмасуын қамтамасыз ететін бала туу, өсіру қызметі;
- білім, шеберлік рухани құндылықтарды кейінгі ұрпақтарға жеткізетін тәрбиелік қызмет;
- өндірістік – шаруашылық қызмет;
- жұмыстан, оқудан бос уақытын ұйымдастыру қызметі;
Ата-ананың қызметі - отбасының үйлесімді өмірін, олардың зейнет жасындағы игілігін қамтамасыз етеді.
Тұрмысты ұйымдастыру қызметі отбасы тұрмысы психологиялық тұрғыдан алғанда ең жайлы тұрмыс болып есептелінеді.
Отбасының қызметін, оның көп түрлілігімен байланыстыратынын ескеріп, қазіргі отбасы қауымының бағыттарымен бір қатар ерекшеліктеріне тоқталған жөн. Оларды тани білу және ескеріп отыру мұғалімдер мен ата-аналардың отбасының тәрбиелік қызметін іске асыруына көмектеседі.
Ауылдық және қалалық отбасы қауымындағы ерекшеліктер олардың әлеуметтік жағдайына байланысты болмақ. Мысалы: ауылды жердегі бала ауылдастарының қатаң бақылауында болады. Бұл бір жағынан жағымды құбылыс болғанымен, екінші жағынан мұндай әлеуметтік бақылау шектеушілік сипатымен тұлғаның еркін дамуына кедергі жасауы мүмкін.
Ал қалаларда мұндай бақылауға шектеу көп кездесе бермейді.
Ата –аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы, ата-аналардың білімі жағары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Дегенмен, мұндай ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбіне қадағалаусыз да болып жатады.....
Рефераттар
Толық

Құқық | Құқықтық реттеудің негіздері мен ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері Қазақстан халқы өз алдына жоғары мәртебелі мақсат қойып отыр. Ол-құқықтық мемлекет құру. Бұл мақсатқа жету өте қиын. Құқықтық мемлекетте заң бір әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғарғы лауазымды иелерінің қатардағы азаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін жасалып, қолданылатынын, заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататынын, адамдарға еркіндік беруін, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуға керек екенін тусінуі қажет.
Құқықтық мемлекет болуына ең бірінші қадамымыз Ата Заңымыздың қабылдануы және де заңдар мен нормативтік актілермен барлық саланың қамтылуы болып есептелінеді. Осылар арқылы мемлекеттік билік пен басқарылу жүзеге асырылады. Соның ішіндегі мемлекеттік басқарудың рөлі өте зор.
Осы курстық жұмыста мемлекеттік басқарудың негізгі әдісі мен ядросы болып саналатын құқықтық реттеу мәселесі қарастырылған.
Курстық жұмыстың көзделген мақсаты-Республикадағы мемлекеттік басқарудың негізгі әдісі ретіндегі құқықтық реттеудің мәні мен мазмұнын аша отырып, оның негізгі нысандарын анықтап, олардың мемлекеттік басқарудағы алатын орнын, атқаратын қызметін және рөлін анықтау болып табылады. Ал оның рөлі мемлекеттік басқаруда алатын орны ерекше. Сондықтан да мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеуді зерттеу мен саралау қажет. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | ҚАРЖЫ ҚҰҚЫҒЫ НЕГІЗДЕРІ

Қаржы құқығы мемлекетнің дамуының әрбір нақты кезеңінде оның міндеттері мен қызметтерінің үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету үшін мемлекетнің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардын жиынтығы.
Мемлекетнің қаржылық қызметі түрлі әдістердің қөмегімен іске асырылады. Осындай әдістердің бірі ақшалай қаржы жинау, яғни, жеке және заңды тұлғалардың табысының, пайдасының бір бөлігі заңда көрсетілген мерзім мен мөлшерде мемлекеттің бюджетіне түседі. Бюджетке аталған түсімдердің уақытында төленуін мемлекеттің арнайы органдары бақылап отырады. Белгіленген мөлшерде, бюджеттік емес қорларға да міңдетгі жарналар жіберіледі, мысалы зейнетақы жинақтау қорларын айтуға болады. Мемлекеттік мекемелердің халыққа көрсеткен қызметтері үшін алынатын мемлекеттік баждар мен алымдар да міңдетті түрде мемлекеттік бюджетке түседі.
Ақшалай қаржыны бөлу мен пайдаланудағы негізгі әдістердің бірі қаржыландыру мен несие беру әдістері. Қаржыландыру ол жоспарлы, мақсатты, қайтарымсыз, ақысыз мемлекеттік бюджеттен берілетін ақшалай қаражат, яғни бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу.
Ал керісінше, несие беру банкілік қарыз түріндегі жоспарлы, мақсатты, ақылы және белгіленген мерзімде қайтарылатын, пайызбен берілетін ақшалай қаржы. Бүгінгі таңда несие берудің мемлекеттік, банктік және коммерциялық сияқты түрлері бар. Мемлекеттік несие бір мемлекеттің басқа шет мемлекеттердің және олардын жеке және заңды тұлғаларының, инвесторлардың, халықаралық қаржылық ұйымдардың ақшалай қаржыларын уақытша пайдалануы. Мемлекет бұндай жағдайда қарыз алушының рөлінде болады. Банктік несие банктің қарауына уақытша айналыстан бос ақшалай қаржыларды жинақтау қатынастарын қамтиды.
Коммерциялық несие банктік қаржыландырудан түбірінен өзгешеленеді. Коммерциялық несие кейде тауарлы деп те аталады. Оның мәні қаржыны қайтаруды кейінге қалдыруға рұқсат беріледі. Сонымен кәсіпорын несиеге алған материалдарды кейін өтеуге мүмкіншілік арқылы несие алады. Коммерциялық несие векселмен бекітіледі және вексельді банктер есепке алады да, сөйтіп коммерциялық несие біртіндеп банктік несиеге ұласады. Сонда заңнамалар нормаларына сәйкес келетін вексель иесіне берілген жазбаша кепілдік болып табылады ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қаржы құқығының негіздері

Қаржының басты мақсаты – мемлекетті ақша қаражатымен қамтамасыз ету. Мемлекеттің қаржылық қызметіне елдің ақша жүйесін ұйымдастыру, мемлекеттік ақша қорларын бөлу және пайдалану жатады.

Ақша қорларын жинау тәсілдері:

1. Иелерінен ақшаны міндетті түрде , қайтарымсыз алу (салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер).
2. Міндетті-қайтарымды төлемдер (мемлекеттік заем).
3. Ерікті-қайтарымсыз төлемдер және т.б.

Ақша қорларын бөлу, негізінен қаржыландыру, дотациялау (субвенция, субсидия), несие беру арқылы негізінен жүзеге асырылады.
Қаржы құқығы дегеніміз – мемлекеттің қаржылық қызметін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қаржы құқығының жүйесіне: ақша жүйесінің құқықтық негіздері, қаржыны басқару, жоспарлау, бақылау, бюджеттік, салықтық құқықтар кіреді.
Бюджеттік құқық, мемлекеттік бюджетті құру және бөлу процесінде пайда болатын құқықтық қатынастарды (республикалық, жергілікті бюджеттердің заңдылық нышанында бекітілген кірісі мен шығысы) реттейді. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Қазақстан Республикасында тұлғаның құқық мәртебесінің негіздері

Қазіргі кезде Қазақстанда жүргізіліп жатқан құқықтық реформа заңнаманы ірі масштабта жаңартумен және жетілдірумен, демократиялық мемлекеттің қағидаларына, тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарына жауап беретін көптеген жаңа құқықтық институттардың қалыптасуымен қатар жүруде. Қазақстандық құқықтың дамуының жалпы тенденциясынан мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қалыс қалар емес. К.Мәсімов атап өткендей, әкімшілік реформаның негізгі бағыттарын анықтау, мемлекеттік қызмет механизмін жақсарту кезінде мемлекеттік аппарат санының өсуі байқалады. Егер 2003 жылы елімізде шамамен алғанда 79 мың мемлекеттік қызметкерлер жұмыс істесе, 2007 жылдың мамырына қарай олардың саны жүз мыңнан асты. Соған қарамастан мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігі пропорционалды түрде өскен жоқ. Халық арасында жақында жүргізілген сұрауларға сәйкес халықтың 57 пайызынан астамы мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасын қанағаттанарлықсыз деп санайды. Халықтың тек алты пайызының ғана толығымен көңілі толады. Ал қалғандары бұл сапаны «қолайлы» деп сипаттайды.
Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан әкімшілік реформаға сәйкес мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың заңды жауапкершілігі институтының дамуы жаңа бағыттарға ие болуда, өзге мазмұнмен толықтырылуда. Қазіргі кезгі юриспруденцияда басымдылықтар ауысып, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары алдыңғы қатарға шығып, мемлекеттің мүдделері артқа шегерілуде, сондықтан Қазақстанның мемлекеттік және құқықтық даму тәжірибесін қайта бағалауды ескере отырып мемлекеттік қызметтің дамуының жаңа жолдарын іздестіру қажет.
Лауазымды тұлғалардың заңды жауапкершілігі институтының маңыздылығына қарамастан билік өкілдерін заңды жауапкершілікке тарту мәселесінің жағдайы жалпы алғанда жеткіліксіз деңгейде орын алған, елеулі кемшіліктерге ие, бұлардың барлығы республикада адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың және кепілдеудің тиімділігін төмендетеді. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің жалпы мінездемес құқықтық негіздері құрылу ерекшеліктері

Банктің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның осы заманғы ұғымын қарастырып көрелік. Банк істерінен хабары жоқ адам оны тек ақшаны сақтаудың орны деп жаңсақ әрі үстірт ойлап қалуы мүмкін. Банк қызметтері әр түрлі. Сондықтан да адамдардың банк туралы түсініктері де әр қилы.
Кейбіреулері оны мекеме, енді біреулері оны ұйым, үшінші біреулер оны экономикалық басқарудың органы деп санаса, ал тағы біреулері оған делдалдық ұйым ретінде қарайды және т.б. Банктің мұндай анықтамаларын оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерден, кезеңдік баспасөзден, тіпті заң, ереже, нұсқау секілді ресми құжаттардан да кездестіруге болады.
Негізінде, банктің мазмұнын түсіну үшін, алдымен оның халық шаруашылығының басқа бөлімшелерінен елеулі оқшаулану-шылығын көрсететін қандай қасиеттері бар деген сауалға жауап беру керек.
Жоғарыда келтірілген пікірлердің бәрін және банк жүйесінің атқаратын қызметтерін жан-жақты талдау негізінде, осы заманның белгілі экономисі, Ресей Академигі О.И.Лаврушин банк жөнінде былай деп жазыпты: «Банк ақшалай, несиелік және қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз, есеп айырысу операцияларының жиынтығын бір орталыққа шоғырландырған ақша шаруашы-лығының даму сатысы. Банк, басқа материалдық өндірістің өнімдерінен өзгеше өнім шығкаратын айрықша кәсіпорын. Ол тек тауар емес, ерекше тауар-ақша және есеп айрысудың құралдарын шығарады».
Қорытындылай келіп, О.И.Лаврушин: «Сонымен, банк-ақша, несие институты, барлық қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылатын төлем айналымының реттеушісі»-
дейді (1)
Сонымен 70 жыл бойы КСРО-ның банк жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң түрде орталықтандыру мен шоғырландыру, әкімшілік әдістері кеңірек орын алды. Сол уақыттардан қалыптасып келген ақша-несие қатынастары жаңадан туындай бастаған нарықтық қатынастарға сәйкес келмеді. Сөйтіп, утопиялық, идеологиялық тұжырым негізінде монобанктік жүйе қалыптасып, мұнда мемлекеттік банк барлық несиелік жүйені өзіне бағындырып және бәсекелестік элементтерін өзіреттеп отырады.
1989 жылдан бастап елімізде алғашқы коммерциялық банктер, кооперативтік және жеке банктер қатары жұмыс істеді. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Конституция - деген сөздің латын тілінен аудармасы құрылғы жарғы заң деген мағыналарды білдіреді. Ежелгі Римде император билігінің кейбір актілері осылай аталған.Ең бірінші конституция дүние жүзінде 1787 жылы қабылданып,осы күнге дейін қолданылып келе жатқан АҚШ-тың Конституциясы болып табылады. Еуропада бірінші конституциялар 1791 жылы Франция мен Польшада қабылданған. Конституцияның басқа құқықтық нормативтік келісімдерін мынадай ерекшеліктері бар екенін айта кету керек:
-қоғамдық қатынастардың негізін қалайды;
-құқықтың негізгі бастауы болып табылады;
-ең жоғарғы заңдылық күші бар;
-оның ерекше тәртіппен қабылдануы;
-тұрақтылығы;
1991 жылдың желтоқсан айында КСРО ыдырап,құрамына кірген одақтас республикалар егемен,тәуелсіз әрі дербес мемлекеттер құрды.Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы жойылды.Оның аумағында Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды.
Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бірталай құқықтық актілер қабылданып,жаңа мемлекеттің заңды негізін қалай бастады.Оларға жататындар:
1.Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы деклкрациясы.
2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңы.
3.1993 жылғы және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциялары.
Аталған конституциялық келісімдер Қазақстанның тәуелсіздігін,дербестігін жариялап,демократиялық,құқықтық мемлекет құрудың негіздерін қалады.
Қазіргі уақытта негізгі құқықтық құжат Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30-тамызда өткен республикалық референдумында қабылданған Конституциясы.Ол тәуелсіздік кезіндегі Конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап,бір арнаға келтірді.
Бұрынғы конституциялар социалистік мемлекеттің негізгі заңдары деп саналса,жаңа Конституция демократиялық мемлекеттің Ата Заңы деп жарияланды.Бұл мақсат Конституцияның алғы сөзінен-ақ байқалады.
Біз ортақ тағдыр біріктірген Қазақстан халқы байырғы қазақ жерінде мемлекеттік құра отырып,өзімізді еркіндік,теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып,дүниежүзілік қоғамдастыққа лайықты орын алуды тілей отырып,қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғарғы жауапкершілігімізді сезіне отырып,өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып,осы Конституцияны қабылдаймыз,делінген.Оның жоғары заңдық күші бар және еліміздегі барлық іс-қимыл мен қалыптасушы жүйелердің нормативті базасы болып табылады.Республиканың бүкіл аумағына тікелей қолданылады.Бейнелей айтсақ,бұл Конституция –мемлекетке қоғамның құқықтық сенімі және халықтың берген төлқұжаты деуге болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы республикалық құрылыстың негізін,мемлекеттік билік жүйесін және Қазақстан мемлекеті мен азаматының қатынасын белгілейді.Адам және оның өмірін,құқықтары мен бостандықтарын Конституция мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп танып,мемлекеттің сол үшін қызмет етуі тиістігін атап көрсетеді ....
Рефераттар
Толық