Бүгінде көп қыздың әңгімесі әсіресе шаш күтіміне келгенде, ошаған майымен (репейное масло) тығыз байланысты болып кеткені жасырын емес. Қыздардың біразы шаштарын ошаған майымен жуып, қорытындысын мақтанышпен айтып жүр. Неге десеңіз, ошаған майы:
✅ Шаштың түсуін тоқтатады; ✅ Шашты өсіреді; ✅ Шашқа рең беріп, нәрлендіреді. Дегенмен ошаған майын қалай қолдану керектігін білмей жататынымыз бар. Ошаған майын аларын алып алып, шашқа қалай жағу керектігін білмегендіктен, жақсы нәтижеге жете алмауымыз мүмкін......
Жануарлардың көне атаулары — жануарлардың сирек қолданылатын не ұмытылған атаулары. Қазақ халқының көшпелі өмір салты сан ғасырлар бойы табиғатпен етене танысуына мүмкіндік берді. Осының нәтижесінде жабайы жануарлардың тіршілік тынысын, олардың бір-бірінен айырмашылығын, мекен орнын, пайдасы мен зиянын ажырата білді. “Түз тағысы табиғатпен тілдес” екендігін айқын аңғарып, олардың аталық, аналық және ұрпақтарын жеке атаумен атап, әрқайсысына ерекше мән берген. Кейбір жануарларды киелі, қасиетті деп санаған, немесе кесірі тиеді, не киесі ұрады деп есептеген. Мыс., жыланды — қыбыр, ұзынқұрт, түймебас, т.б. деп, ал қасқырды — итқұс, бөрі, ұлыма, т.б. деп атаған. Ежелден қазақ аңшылары мен саяткерлері арасында аңдар төлдеген кезде, құстар жұмыртқалап жатқанда, балықтар уылдырық шашқанда оларды ауламайтын салт-дәстүр қалыптасқан. Мұның өзі түз тағыларына деген үлкен қамқорлықты көрсетеді. Жабайы жануарларды кең байтақ еліміздің әрбір облыстарында жергілікті атаумен атай беру де кездеседі. Мыс., аққуды — ақ шандоз, жираф — керік, мысықтың баласы — шаған, т.б. Бұдан 5 ғ. бұрын жазылған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты шығармасында кездесетін жануар атаулары да қазіргіден өзгеше. Мыс., тышқан — сумақы, сиыр — маңғаз, барыс — айбар, жылқы — тұлпар, т.б. Қазіргі кезде жануарлардың көне атаулары мүлде ұмытыла бастаған (мыс., жұпар жылан, таутайлақ, маңқұс, құртқа, мәлике, т.б.). Жануарлардың көне атаулары ұлттық фольклорда, ауыз әдебиетінде, мақал-мәтелдерде жақсы сақталған. Мыс., “Борақты ұрсаң тұмсықтан, тез өледі шымшықтан”, “Таутанның алма аланын, кесіріне жолығарсың балаңның”, т.б. Мұндай ұмытылған атауларды пайдалану — тіл байлығымызды молайта түспек.
Дүниеге өзінің аппақ, тап.таза пейілімен келіп, сол көңілмен кеткен сағыныштың ақыны Төлеген Айбергенов 1937 жылы Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында туды. 1959 жылы Ташкент педагогикалық институтын бітірген соң, 1965 жылға дейін мектеп мұғалімі, мектеп директоры болды. Төлеген Айбергенов алғашқы жазған өлеңдерінен.ақ қазақ поэзиясына тың серпіліс, жаңа бір екпін әкелді. Оның туған жерге деген сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы өлеңдері 1961 жылы шыққан жас ақын.жазушылардың "Жас дәурен" жинағына кірді. Бұдан кейінгі "Арман сапары", "Өмірге саяхат" (екеуі де 1963 жыл), "Құмдағы мұнаралар" (1974 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығын алды), "Мен саған ғашық едім" (1970), "Бір тойым бар" (1981, 1989) жинақтарында замандастарының бейнесі, ол аралаған қазақтың өлкесінің сыры мен кені, даладағы ұлы тіршілік ақынның бір жапырақ жүрегінің.....
Мектеп. «Мектеп» деген сөзбен өмір жолы қиылыспаған адам кемде кем. Адамның ең ыстық шағы, балалық шағы мектеп өмірімен байланысты. Қазақстан Республикасының әр азаматының жеке тұлға ретінде қалыптасуы осы мектептің сусындатқан білім менінің арқасы.
Білім адамзаттың сарқылмас қазынасы. Адамзат тарихында ұлт болсын, ұлыс болсын, жеке адам болсын тек білім арқылы ғана өзінің көздеген мақсатына жетеді. Біліммен ғана басқалардан озады. Ұлы суреткер жазушымыз М.Әуезов «Ұлт пен ұлтты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе — білім» деп тегін айтпаған. Біз үнемі айтып жүретін, ойшылдық, көрегендік, адамгершілік, парасаттылық деген ұғымдардың — бәрі де біліммен тікелей байланысты. Адам бойында болатын.....
Отырар қаласының ортасында орналасқан әдемі сарайдың кең, салтанаты жарасқан қонақ күтетін бөлмесіндегі биік те үлкен үстелдегі қазақи мол дастарханның төрінде ел арасында Қоңыр атты қолбасшы аталып кеткен Отырар қаласының әскербасы Махмұт отыр. Дастарханды айнала қолбасшының көп балалы отбасының барша мүшелері жайғасқан. Махмұтқа қарама-қарсы жақта Махмұттың келіншегі Ботагөз ағаш тегенедегі сары қымызды ағаш ожаумен жайлап сапырып отыр. Әкесінің оң жағында ұлдардың ең үлкені Әбунасыр, сол жағында қыздардың ең үлкені Айсұлу орналасқан. Махмұттың Әбунасырдан кейінгі.....
Бүгінгі Қазақстанның бір қаласындағы бір мектептің онбірінші сыныбында бір мұғалім апай сабақ жүргізіп отыр. Мұғалім апай: Балалар, мен өзім шалғайдағы ауылдан көшіп келіп, осындай оқуға барлық жағдай жасалған мектепке орналасып, өздеріңдей кілең білімді балалар оқитын классқа сынып жетекшісі болғаныма қуанамын. Сіздер бірнеше тіл білесіздер, араларыңызда ғылыммен, өндіріспен, экономикамен, саясатпен, әлеуметтік және басқа да нақты мәселелермен айналысамын дейтіндер, өнертапқыштар, спортсмендер, ақындар, күйшілер, суретшілер бар, барлықтарыңыз таланттысыздар. Мұғалімдер Сіздерге өзіміздегі және шет мемлекеттердегі ең жақсы тәжірибелерді пайдалана отырып жан-жақты білім беруге тырысты. Енді бір-екі айда мектептіде бітіресіздер, бәріңіздің қалаған мамандықты таңдауға мүмкіндіктеріңіз бар, шетелге оқуға бара қалсаңыздар біздің еліміздегі білім деңгейінің жоғары екендігін дәлелдей жүріңіздер. Қазіргі жаһандану заманында ел мен ел қоян-қолтық араласып жатқан.....
Әжеміздің көжесін ішіп, пісірілген жүгерісін, қуырылған бәлішін бұрап тұрып жейтін біздер қазір фастфудқа көштік. Пайдасы жағынан әжеміздікіне жетпесе де, дәмі жағынан кез келген жан айналсоқтап кете алмайды. Бір дәмін татқаннан кейін қарын шұрылдағанда фастфуд естен кетпей қояды. Фастфуд ағылшын тілінен аударғанда.....
Сыбайлас жемқорлық деген сөздің өзінен денең түршігеді.Сыбайлас жемқорлықтың жақсы нәрсе емес екенін біле тұра ,соған қарамастан бұл жайт елімізде белең алып тұр.Бұл жағдайдың тоқтатылуына игі шаралар жасалынып жатқаны анық,бірақ бұдан шығаратын қорытынды қаншалықты көңіл көншітер екендігі белгісіз... ....