Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын тексеруге арналған мәтіндер

Қазіргі бастауыш мектептердегі деңгейлеп-саралап оқыту әрбір оқушының жұмыс қарқынын, қабылдау, есте сақтау, ойлау қабілеттерінің ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді. Кез-келген деңгейлеп-саралап оқытудың түпкі мақсаты – оқудың сапасын арттыру. Бірсыдырғы оқу түрлері оқушының оқуға деген қызығушылығының жоғалуына әкеліп соқтырады, сондықтан дауыстап....

Мәтіндер
Толық

Аңшылық

Аңшылық (аң аулау) – атам заманнан бері келе жатқан дәстүрлі қазақ кәсіптерінің бірі. Еліміздің аумағында жеке аң аулау мен бүкіл ру болып аң аулау бірдей дамыды. Дәстүрлі қазақи жіктеу бойынша сайман – қарудың көмегімен аң аулау аңшылық, ал ит пен жыртқыш құстардың көмегімен аң түсіруді саятшылық....

Мәтіндер
Толық

Қазақстандағы авиацияның дамуы

Қазақстандағы авиацияның дамуы 1926 жылдан басталады. Осы жылы Қызылорда аэропортының құмдауыт алаңынан алғаш болып аспанға ПО-2 ұшағы көтерілді. 1929 жылы Қызылорда – Мәскеу әуе жолы орнықты. Алматы – Мәскеу тұрақты әуе қатынасы 1940 жылы ПС-84 ұшағы арқылы жалғасты. 1970 жылы әуе жолының ұзындығы 75 мың км-ге жуықтады. Әуе жолы ол кезде Қазақстан астанасы – Алматыны одақтас республикалар астаналары және ірі өнеркәсіпті қалалармен байланыстырды. 1977 жылдан дыбыстан жылдам ұшатын ТУ-144 жолаушы алып ұшағы КСРО-да тұңғыш рет Алматы мен Мәскеуді жалғастырды. Республикамыздың аудан, облыс орталықтарының өзара әуе жолымен байланысы орнады. Республика әуе жолдарының ұзындығы 1975 жылы 80,0 мың км болды. Бұл сол кездегі жалпы одақтың әуе жолдары ұзындығының 11%-ы еді. Онан кейінгі жылдары ұшақ паркі сапа жағынан жаңартылып, сан жағынан өсе түсті. Республиканың әуе жолдарында Ан-24, Ил-18, Ил-62, Ту-134, Ту-154, Як-134, Як-40 ұшақтары жолаушыларға қызмет ете бастады. Жаңа техникалардың қолданылуына байланысты аэропорттар жүйесі едәуір ұлғайды. Ұшақтарды қондыру әрі қозғалысын басқарудың радио-радиолокациялық пен жарыққа негізделген техникалық құралдарын қайта құру және жаңарту жөнінде көп жұмыстар атқарылды. 1990 жылдардан бастап тәуелсіз Қазақстан Республикасы қалаларын дүниежүзінің көптеген қалаларымен байланыстырады. Астанадан тәулігіне – 150, Алматыда 200-ден аса әуе кемелері ұшады.

Мәтіндер
Толық

Қазақстан Республикасы мен Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасы – Еуразия құрлығындағы мемлекет. Қазақстан Республикасының жер көлемі 2417,3 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың территориясына жеті мемлекет сыяды. Жер көлемі жағынан дүние жүзі бойынша 9-орында, ал ТМД елдері бойынша 2-орында. Қазақстан 5 мемлекетпен көршілес орналасқан, олар: Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан. Қазақстанда 14 облыс, 85 ірі қала бар. Қазақстан Республикасы – өте бай мемлекет. Қазақстанда алтын, темір, мырыш, күміс, көмір, мақта, газ, мұнай, бидай, яғни, бір сөзбен айтқанда, Менделеев кестесіндегі 150 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездеседі. Қазақстанда 6000- нан астам пайдалы қазба бар. Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Әрбір ұлттың өз салт-дәстүрлерін сақтауға толық құқықтары бар. Қазақстан халқының татулығына дүние жүзі таңғалып отыр. 36 Астанасы – Астана қаласы. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Ұлттық валютасы – теңге. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алды. 1992 жылғы 2 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. 1991 жылы Қазақстан халқы өзінің Тұңғыш Президентін сайлады.

Мәтіндер
Толық

Алматы - Оңтүстік Астана

Алматы – Алатаудың баурайында орналасқан, көшелері жасыл жапырақты биік ағаштармен безендірілген, зәулім ғимараттары көп, сәнді қала. 1997 жылдың 16 желтоқсанына дейін Алматы Республикамыздың астанасы болды, қазір оны халық оңтүстік астана дейді. Алматы – Қазақстанның ең ірі мегаполисі. Ғылыми, білім беру, мәдени, тарихи, экономикалық, қаржылық, банктік және елдің индустриялық орталығы болып табылады. Қаланың аты, Алматы, «алма қаласы» деп аударылады. Алматы – республикадағы ең көрікті қала. Қала архитектурасында ұлттық ерекшеліктің элементтері бар. Алматыда әр ғимарат өзіндік ерекшеліктерімен, ұтымды инженерлік-архитектуралық шешімімен көзге түседі. Қаладағы Республикалық алаң кешені, Президент резиденциясы, Даңқ монументі, Республика сарайы, Қазақстанның Ғылым академиясының және Ұлттық кітапхана ғимараттары, Қазақ драма театры, «Қазақстан», «Отырар», «Рахат-Палас», «Анкара», «Достық» қонақ үйлері, Студенттер сарайы, Спорт сарайы, Медеу спорт кешені, республикалық Орталық мұражай т.б. көптеген мәдени, ғылыми және қала тұрғындарына арналып салынған ғимараттар бой көтерді. Қазіргі таңда Алматы қаласында 18 театр, 45 мұражай мен сурет галереясы бар. Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы, Орталық Азия географиялық қоғамы, «Каменское плато» обсерваториясы, сондай-ақ көптеген жетекші университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары бар.

Мәтіндер
Толық

Шоқан - Қазақтың тұңғыш ғалымы

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын жерінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы аға сұлтан болған. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы – Қазақ ордасының Ұлы ханы Абылай, Шоқан – оның шөбересі. Шоқанның шын есімі – Мұхаммед-Қанафия. Шоқан әкесі ашқан ауыл мектебінде хат таныған. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды. 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Бұл жабық әскери оқу орны болғанымен, көптеген пәндер әскери сабақтарға қоса, орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылған. Кадет корпусына алғаш оқуға түскен кезде Шоқан орыс тілін білмесе де, өзінің зеректігімен тілді тез үйренді. Шоқанның 51 корпуста бірге оқыған Г.Н. Потанин: «Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді…

Мәтіндер
Толық

Электр энергетикасы

Электр энергетикасы – энергетиканың басты құрастырушысы, оның басты міндеті – электр энергиясының тұтынушыларын электрлік энергиямен жабдықтау үшін электр энергиясын тиімді жолмен өндіру, тарату және үлестіру. Бұл сала – кез келген елдің әлеуметтік және экономикалық дамуының маңызды бөлігі, себебі электр энергиясының энергияның басқа тасымалдаушыларынан көрі бірқатар ерекшеліктері бар: үлкен қашықтыққа таратудың, тұтынушылар арасында үлестірудің және энергияның басқа түрлеріне (механикалық, жылулық, химиялық, жарықтық және басқа да…) түрлендірудің салыстырмалы жеңілдігі. Электрлік энергияның маңызды өзгешілігі — оны бір уақытта өндіріп, сол уақытта тұтынуға болады. Электр энергиясының негізгі өндірушілері: I. Жылу электрлік стансасы (ЖЭС): Конденсациялық электрлік стансасы (КЭС); Жылумен жабдықтау электрлік стансасы (ЖЖЭС); Атомдық электрлік стансасы (АЭС). II. Су электрлік стансасы (СЭС): су жинаушы электрлік стансасы (СЖЭС). Электр тарату желілері (ЭТЖ) арқылы бір-бірімен және тұтынушылармен біріктірілген электрлік стансылар электрлік жүйелерді құрайды.

Мәтіндер
Толық

Қазақстандағы көлік жүйесі

Қазақстандағы көлік (транспорт) өте маңызды рөлге ие. Елдің үлкен аумағы (2,7 млн км²), халық тығыздығының аздығы, өндіріс және ауыл шаруашылық орталықтарының бытыраңқы орналасуы, сонымен қатар әлемдік нарықтардан алшақта орналасуы көлік жүйесінің дамуын Қазақстан үшін маңызды етуде. Қазақстандағы теміржол көлігі Қазақстан үшін теміржол көлігінің маңызы өте зор. Қазақстанда теміржол барлық жүк тасымалы айналымының – 68%- ын, ал жолаушы тасымалының 32%-ын қамтамасыз етуде. Қазақстан теміржолының ұзындығы 15 мың км-ден асады. Қазақстанның теміржол жүйесін көршілес елдермен 16 темір жол торабы байланыстырады (11-і – Ресеймен, 2-еуі – Өзбекстанмен, 1-еуі – Қырғызстанмен, 2-еуі – Қытаймен). Қазақстан мен Ресейдің теміржол жүйелері бір-бірімен тығыз байланысты. Қазақстанның көлік жүйесін дамыту стратегиясы аясында 2017 жылға дейін 1400 км теміржол жаңадан салынбақ және бұрыннан бар 2700 км темір жолды электрлендіру жоспарлануда.

Мәтіндер
Толық

Абай Құнанбаев - Қазақтың ұлы ақыны

Абай – ақын, ағартушы, философ, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай 1845 жылы Семей облысының Абай ауданында туған. Абайдың әкесі Құнанбай аға сұлтан болған, өз елінің беделді адамы. Шешесі Ұлжан қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған. Әжесі Зере мен анасы Ұлжан Абайға ертегі, аңыз әңгімелерді айтып, халықтың ауыз әдебиетімен таныстырып отырған. Молдадан 3-4 жыл оқығанда, зеректігі байқалып, әкесі оны Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға жібереді. Медреседе ол 4 жыл оқығанда, араб, иран, Орта Азия классиктерінің шығармаларымен танысқан. Әкесі Абайды ел басқару ісіне бейімдеу үшін оқудан қайтарып алады. Семейде жүргенде Абай орыс тілін үйрену үшін 3 ай орыс мектебінде оқиды. Абай қазақтың білгірлері, шешендері, ақындары, жыршы, әнші-күйшілерімен жиі кездесетін, өз халқының рухани мәдениетімен танысады. Өзі де билер үлгісінде шешен сөйлеуге жаттығады.

Мәтіндер
Толық