Қазақстандағы көлік жүйесі

Қазақстандағы көлік жүйесі

Қазақстандағы көлік жүйесі туралы мәтін Қазақстандағы көлік (транспорт) өте маңызды рөлге ие. Елдің үлкен аумағы (2,7 млн км²), халық тығыздығының аздығы, өндіріс және ауыл шаруашылық орталықтарының бытыраңқы орналасуы, сонымен қатар әлемдік нарықтардан алшақта орналасуы көлік жүйесінің дамуын Қазақстан үшін маңызды етуде. Қазақстандағы теміржол көлігі Қазақстан үшін теміржол көлігінің маңызы өте зор. Қазақстанда теміржол барлық жүк тасымалы айналымының – 68%- ын, ал жолаушы тасымалының 32%-ын қамтамасыз етуде. Қазақстан теміржолының ұзындығы 15 мың км-ден асады. Қазақстанның теміржол жүйесін көршілес елдермен 16 темір жол торабы байланыстырады (11-і – Ресеймен, 2-еуі – Өзбекстанмен, 1-еуі – Қырғызстанмен, 2-еуі – Қытаймен). Қазақстан мен Ресейдің теміржол жүйелері бір-бірімен тығыз байланысты. Қазақстанның көлік жүйесін дамыту стратегиясы аясында 2017 жылға дейін 1400 км теміржол жаңадан салынбақ және бұрыннан бар 2700 км темір жолды электрлендіру жоспарлануда. Автомобиль көлігі 2011 жылдың мамырына сәйкес Қазақстанда 3 264 400 жеңіл автокөлік тіркелген. Қазақстанның автокөлік тас жолдарының ұзындығы 96 мың км-ден асады. Қазақстан арқылы жалпы ұзындығы 23 мың км болатын 5 халықаралық автокөлік бағыттары өтеді. Автокөлік магистарлдары: Алматы – Астана – Қостанай (М-36 трассасы), Челябинскіге шығады; Алматы – Петропавл, Омскіге шығады; Алматы – Семей – Павлодар (М-38 трассасы), Омскіге шығады; Алматы – Шымкент (М-39 трассасы), Ташкентке шығады; Шымкент – Ақтөбе – Орал (М-32 трассы), Самараға шығады. 2009 жылы Қазақстан аумағында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралінің құрылысы басталды. Оны 2015 жылы аяқтау жоспарланды. Жолдың жалпы ұзындығы 8445 км-ді құрайды, оның 2787 км-і Қазақстан аумағы арқылы (Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары) өтеді. Жолдың асфальтбетонды жабынының қалыңдығы – 80 см, автомагистральдың күрделі жөндеусіз жұмыс істеу мерзімі – 25 жыл, шекті қозғалыс жылдамдығы – 120 км/сағ. Жобада кейбір өзендер үсті арқылы көпірлер, екі деңгейлі жол айрықтары, жол-қолданбалы комплекстер, аялдама алаңдары, мал өткізу орындары, электронды таблолар қарастырылған. Құрылыспен бір мезгілде трасса бойындағы кейбір аудандарда жаңа жолдар салынып, ескі жолдар жөндеуден өтпек. ӘУЕ КӨЛІГІ Қазақстанның үлкен географиялық аумағына байланысты әуе көлігі үлкен рөлге ие және оны алмастырар басқа көлік түрлері жоқтың қасы. Қазақстанда 22 ірі әуежай бар, оның 14-і халықаралық рейстерге қызмет атқарады. Әуежайлардың көбісінің қызметі аса жүкті емес, республиканың аэронавигациялық тасы- 13 малдау қоры қазіргі таңда өз мүмкіндігінің бестен бір бөлігінде ғана қолданылуда. Осы сала үшін Еуропа және Азия арасындағы транзиттік жүк және жолаушы тасымалы аса маңызды. Air Astana Қазақстанның ең ірі әуе компаниясы болып табылады. Соңғы ірі инвестициялық жобалар: Астана қаласындағы жаңа әуежайлық комплекстің құрылысы; Атырау қаласының әуежайындағы жаңа ұшу-қону жолағының құрылысы; Алматы әуежайындағы жаңа заманауи жолаушы терминалының құрылысы; Ақтөбе әуежайының ұшу-қону жолағының жөнделуі; Ақтау әуежайының ұшу-қону жолағының жөнделуі; Ақтау әуежайындағы жаңа заманауи жолаушы терминалының құрылысы. Қазақстандағы әуежайлық ақша жиналымы мен әуе билеттерінің бағалары Ресей мен Батыс Еуропа елдеріне қарағанда жоғары емес, бұл елдегі әуе көлігінің дамуын тежеуде. Су көлігі Қазақстанның кеме жүруіне ашық су жолдарының ұзындығы – 3982 км. Кеме жүруіне жарамды су жолдары: Ертіс, Сырдария, Жайық, Қиғаш, Іле және Есіл өзендері (Петропавл су қоймасынан бастап), Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі, Қапшағай су қоймалары, Балқаш және Зайсан көлдері. Каспий теңізінің арқылы Қазақстан Ресей, Иран, Әзірбайжан, Түрікменстанмен байланысады. Ресей өзендері мен кеме жүретін каналдар арқылы Қара және Балтық теңіздерімен, одан ары Батыс Еуропа елдерімен байланысады. Ақтау порты Қазақстанның суы қатпайтын жалғыз теңіз порты болып табылады. Ол халықаралық су жолдарындағы стратегиялық маңызға ие. 2007 Қазақстан тарапынан Ресейге Каспий теңізі мен АзовҚаратеңіз бассейнін тікелей қосуға бағытталған Еуразия каналын ұйымдастыру туралы ұсыныс түскен болатын. Жоба жүзеге 14 асса, Қазақстан Ресей арқылы халықаралық теңіз жолдарына шығуға мүмкіндік алып, сол арқылы теңіз державаларының бірі аталуы мүмкін



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру