Мақатаев Мұқағали Сүлейменұлы (1931-1976) – қазақтың әйгілі ақыны. Туған жері Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Шалкөде ауылы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы. Балалық бал дәурені соғыста қаза болып, анасы Нағиман Мұқағалидың өкшесін баса туған үш ұлды өзі асырап жеткізген. Орта мектепті интернатта жатып бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласып, ауылдық кеңестің хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметкері, жетіжылдық мектептің мұғалімі болады. Содан Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетіне орналасып, қаламгерлікке ден қояды.....
Зерттеудің мақсаты: Мұқағали ақынның Отансүйгіштік тақырыбындағы шығармаларын зерттеу, өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып, өзгешелігіне көңіл бөлу. Зерттеудің ғылыми болжамы: Мұқағали ақынның ақындық әлеміндегі Отанға, туған елге, жерге арналған өлеңдеріндегі ойларды қосымша ғылыми зерттеулермен жұмыс істеуге, ақындық кредосын (ойының түп қазығын) табу, зерттеу. Зерттеудің кезеңдері: Бірінші кезең: Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық дүниесіне шолу, соның ішінде Отан тақырыбында, халқына, туған жеріне деген махаббат сезімдеріне толы өлеңдерін саралау. Екінші кезең: Мұқағали туралы естеліктерді жинау, газет - журналдардан «Ақынның өмірде зерттегені - алдымен өзін зерттегені»деген тақырыпқа сәйкес материалдар іздеу. Отан, туған жер туралы шығармаларына, поэмаларына, аудармаларына, прозалық шығармаларына шолу жасау. .....
Сөз патшасы – «өлеңнің» - өмір туралы сурет пен ой кестелеу мүмкіндігі шексіз. Кешегі Абайлар мен Қасымдардың жолын жалғастырған, болмысы бөлек, табиғаты терең, Мұқағали шығармашылығына оқырманның ықыласы қай кезде де ерекше. Ол құдіретті, ғажайып, ақиық, сыршыл ғасыр ақыны.Өз халқын жүрегімен қалтқысыз қалай сүйсе, халқы да оны шексіз сүйді, сүйеді. Мұқағали – лирик ақын. Адам жанының, табиғат жүрегінің жаршысы. .....
...Оқытушы барлығын да білуі керек қой, әкем-ау, барлығын да
А.П. Чехов
Аңдып жүрген адамдай, дәл осы бір жайсыз көріністің үстінен шығармын ба...
Қалыңдығы бір елі көгілдір төртбұрышты әйнекке "Учительская" деп шебер жазылған есікті қағып тұрмын.
Есіктің ар жағында әлдекімнің дөрекілеу зекірген даусы естіледі.
— Сендер кім деп жүрсіңдер мені, хайуандар! Танытайын мен сендердің әк... — дей берді де, менің тықырымды естіген болуы керек, бір секунд кідіріп, үзіліс жасаған соң, сол арынымен: — Да! — деп қалып еді, құлағым шың ете түсті.
Есіктің кіреберіс оң жағында, кітаптар тұрған шкафқа арқасын бере екі оқушы тұр. Екеуі де маған жалт қарасып, қайтадан мойындары босап, салбырап қалды.
Иә еденге, иә омырауларындағы түймелеріне қарап тұрғаны белгісіз. Ал менің іздеп келген адамым осылардың қарсы алдында тұр екен. Піріне мініп алған. Ашулы реңін сәл-пәл өзгерткен боп, жымиғансып:
— О!.. Мұқыш! Келуіңмен! — деп, қолын беріп сәлемдесті. Оқушылармен оның оңаша отырғанын көріп, шыға тұрайын деген ишарат білдірдім.
— Отыр! Отыр! Мен қазір... Мыналармен... Бір минут... — деп, табуретканы ұсынды да:
— Түсір, ей, қолыңды! Мүләйімсуін қара малғұнның! — деп барып, саусақтарын уқалап тұрған оқушының қолын қағып жіберді. Жасықтау бала екен, көзін сығымдап- сығымдап қалып еді, көз жасы ытқып-ытқып кетті.
— Сабақта тыныш отырамысың енді?
— Отырамын, — деді оқушы кепкасымен көзін сүртіп.
— Бар, есіңде болсын! Ал сен тұр осылай бедірейіп. Өй, жалмауыз! — деп, екі жағынан тозаңы шыққан қайсар баланың иығынан бір жұлқып, бұрышқа тақаңқырап қойды. Қанша уақыт өткенін аңғармай да қалыппын. Әйтеуір, Әбен (оның аты осылай еді) қайсар оқушыға шүйіле бастағанда-ақ мен үстелдің үстінде тұрған глобусты әншейін айналдыра беріппін. Әбенім әлгі оқушының мойнының ұзындығын, мұрнының кішілігін, Мереке деп қойылған атының оған лайықсыз екенін, ақыры соңында әкесінің ауқаттылығын, соған Мерекенің мастанып жүргенін айта келіп: .....
Алматыдан ертеңгі сағат онда шыққан жолаушы таситын қарашы ГАЗ-51 машина Нарынқолға бет алып зулап келеді. "Көртоғайға кіре асфальт бітіп, тас жол басталды. Жүгінің жеңілдігінен бе, машина шоршақтай береді. Машинада бар болғаны төрт-ақ адамбыз. Екіқабат жап-жас орыс әйелі, екі студент, редакцияның шұғыл тапсырмасымен келе жатқан мен.
Қыс. Кегенге келсек, алай-дүлей боран екен. Асханаға біраз аялдап, сағат төрттің шамасында жүрмекші болдық.
— Баллоныңның бедері бітіпті, оның үстіне ебің де жоқ екен. Байқа, таксиші! Маруся бүгін ашулы, өшін алып жүрмесін. Аяғы ауыр әйел бар екен. Бірімізді біріміз сүйрелеп біз әзерге астық — деген шопырлардың ескертпесіне біздің шопырымыз құлақ аспады.
— Маруськамен бұрыннан таныспын, бірдеме ғып келісе жатармыз, — деп, ол жолға шықты.
Қар аралас боран ұйтқып тұр. Міне, "Марусяның тауы" деп аталатын жұмбақ асуға да жақындадық. Боран жолға қар үрлеп тастапты. Машина ышқына тартып, ыңырсып келеді. Шопыр бір жылдамдықтан бір жылдамдыққа ауыстырып тыным таппайды.
Асудың ортан беліне келгенде, машина қақалды да қалды. Біздер жерге түсіп, далбасалап, итеріп көмектескен болып едік, онымыздан нәтиже шығар болмады. Күн кешкіріп барады, боран әлі толастар емес. Әрі жақ бері жақта қылт еткен қара көрінбейді. Мысы құрыған шопыр амалсыздан кері қайтпақшы болып машинаны шегіндіріп еді, бір де бедері қалмаған жалаңаш баллон сырғанап барды да, жол шетіндегі омбыға түсіп, шоңқиып отырды да қалды. Оған да шүкір, әйтпегенде машина аударылып, сайға түсіп, быт-шыты шығатын еді.
Мәселе қиынға айналды. Осы боранда Кегенге қарай кері жаяу баруға мүмкін емес. Аяғы ауыр әйелді қайттік?! Ыза кернеген шопыр: "Тфу! Вот тебе... Маруська!" — деп, машинаны шыр айналып жүр. Істер айласы жоқ
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын. Мазмұны 1 Өмірбаяны 2 Хронология 3 Поэзиядағы алғашқы қадамдары 4 Шығармалары мен аудармалары 4.1 Поэмалары 4.2 Өлең үзіндісі 4.3 Ақынның заты өлгенмен, аты өлмейді 5 Дереккөздер 6 Сыртқы сілтемелер Өмірбаяны
Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат бар. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Екінші ақпарат: ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші туған күніне байланысты мынадай сөз айтады: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты .....
«Өмірім, сірә да, әріден басталған, Әріден басталып, мәңгіге тасталған…»
Жоспар.
І.Кіріспе.
1.Ақиық ақын
ІІ.Негізгі бөлім
2. ”Ғасыр ақыны”
ІІІ.Қорытынды
Ғажайып ақындардың бірі – Мұқағали Мақатаев кішкентай бала кезінен бастап қаншама қиыншылық көрсе де, мойымай өлең –жырға әуес болған. Алғашқы өлеңдерін он-он бір жасынан бастап жаза бастаған Мұқағали атамыз көптеген тақырыптарға қалам сермеген ақиық ақындардың біріне айналды. Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас.....
Айналғанда аядай қалашықты, Алдымыздан кішкентай Ана шықты. Қырда отырған ауылға апаратын Жалғызаяқ соқпақтан адасыпты. Бір қолында батпандай қуыршағы, Бір қолында...