Тәрбие сағат тақырыбы: Ұстаздың ұлы келбеті Тәрбие сағат мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дамыту әрі дарыту. Көрнекілігі: Ұстаздар туралы нақыл сөздер, өлең үзінділері жазылған көрнекіліктер, әр түрлі шаралар.
Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зеделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде. Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысындамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Жалпы балалар, ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген. Сонымен қатар өздерінің өлең жырларына қосып жырлап жүрген. Сенде балалар осы ақын жазушылардың ұстаз жайлы....
«Ұстаз» – құрметті сөз. Ол – адамдардың өмірге көзқарасын, бір-біріне деген сый, құрмет сезімін қалыптастыратын, білім мен тәрбиенің ұрығын шашатын, адамгершіліктің нұрын төгетін адам. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді.
Мұғалімді дайындау мектептегі оқытуды компьютерлендіру жұмысының табысты кілті болуы сөзсіз. Кептеген елдерде бірінші орында қорларын құрал-жабдықтарға бөледі, содан соң программалық қамтамасыз етулерге және ең соңында мұғалім дайындауға бөледі. Бұл кезек қазіргі кезде өзгеріп жатыр, бірақ процесс өте баяу өзгеруде. Мұғалім ролінің дамуы қалай? Көптеген мүғалімдерде компьютерге оқушымен қарым- қатынасты нашарлататын кедергі ретінде қарайтын теріс көзқарас пайда болған. Олардың ішінде кейбіреулері компьютерлік сабақтарды оқушылардың бір-бірін көрмей тек дисплей мен пернетақтаға қарайды, ал мұғалімнің сыныпты бақылаумен қатар өз компьютеріне қарайлауы қосымша жұмыс деп ойлайды. Күрделі оқып үйретуші программалармен жұмыс істеу өте қызықты, жене сәтті құрылған программалар оқытуды белсендетіп, қарқындатып педагогикалық әсерін тигізеді. Әрине, бұның бәрі сабақ жақсы техникалық программалық және әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілген кезде, ал мұғалім компьютермен еркін жұмыс істеу дағдысын қалыптастырған кезде туады. Мұғалім компьютерлік сабақты жүргізуге дайын ба, ол пән бойынша жасалған оқу бағдарламасымен компьютерді жаңалық енгізе отырып пайдалана ала ма? Бұрындары мамандар мұндай дайындық жоқ деп ескертсе, қазіргі кезде де бұл сұрақтарға ете сақтықпен жауап беріледі. Әрине, информатика пәні мұғалімін оқып үйретуші программа мен оқытуды автоматтандыру жүйесін қолдана білуге үйрету оңай. ....
Егемен еліміздің қай заңын алсақ та, білім беру барысында жасөспірімдердің жеке бас қасиетін, тұлға ретінде қалыптасуын және оның танымдық әрекетімен, ой-санасын дамытуға баса көңіл бөледі. Себебі, жасөспірім – бұл болашақ маман. Осы тұрыдан алғанда, бастауыш сыныптарда білім беретін маман дайындау мәселесі қай кезде де өзекті істің бірі болып табылады. Адамның жекебас болып қалыптасуындағы бүкіл болмысының ұйтқысы, мәйегі осы бастауышта құрылатыны педагоктердің де, психологтардың да еңбектерінде атап айтылып келеді. Оқушы бойында білім негізін қалайтын, баланың жеке басының дамуын қамтамасыз ететін тұлға – мұғалім. Педагогикалық үрдіде орын алып отырған өзекті мәселелерді тиімді жолмен шеше алатын, өз ісінің шебері деуге болатын, мұғалім дайындау жоғары оқу орындарының міндеті. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесіне ізгіліктендіру, демократияландыру бағыттарының енуімен байланысты болашақ ұстаздың психологиялық, педагогикалық тұрғыдағы дайындықтарын, яғни оқушымен дұрыс қатынасқа түсу икемдігін қалыптастыру, оны әдістемелік және теорилық жағынан дайындаумен қатар орындайтын мақсаттардың негізгілерінің біріне айналып отыр. Педагогикалық институттарда териялық білім берумен қатар педагогикалық практиканы қазіргі заман талабына сай, мемлекеттік құжаттар негізінде, педагогикалық, психологиялық зерттеу жетістіктермен, алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелермен сабақтастыра отырып жүргізудің мүмкіндігі мол. ....