Президенттің конституцияға түзету енгізу жайлы бастамасы елімізде қызу талқыланып жатыр. Біраз билігін парламент пен үкіметке теңдей бөлгісі келіп отырған Нұрсұлтан Назарбаев халықтың ұсыныстарын тыңдауға 30 күн уақыт бөлді деп хабарлайды КТК арнасы.
KASE қор биржасының таңғы саудасында ұлттық валюта долларына 328,12 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өткен күннің екі сессиясының қорытындысында бір доллардың құны 327,86 теңге еді.
Олар - бейбіт күннің батырлары. Олар күнделікті адам өмірін ажалдан арашалап, ешкімге жар салмай-ақ, ерлік жасайды. Ортамызда жүрген хирург мамандардың өмірі - мүлде бөлек әлем. Әсіресе, адамның ана құрсағына біткен сәттен бастап соғатын жүрегін тоқтатып қойып, оған ота жасайтын кардиохирург мамандардың ісі - нағыз ерлікке пара-пар екеніне дауласу қиын.
Ішкі істер министрлігі отандық полицейлердің түнде жанатын жаңа формасының бастапқы үлгісін ел назарына ұсынды. Көпшілік форманы "темір адамның" киіміне ұқсатқан. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Миллиондарды қалтасына басты деп айыпталған халық артисі Тұңғышбай Жаманқұловқа қатысты тергеу жұмыстары аяқталды. Бұл жайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасап 31 арна хабарлады.
Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев 2017 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты.
Атышулы журналист Бигелді Ғабдуллин әкімдер мен орынбасарларын, тіпті министрден мемлекеттік тапсырысты қалай бопсалағанын айтып берді деп хабарлайды КТК арнасы.