Атышулы журналист әкімдер мен министрден қалай ақша бопсалағанын айтып берді
Атышулы журналист Бигелді Ғабдуллин әкімдер мен орынбасарларын, тіпті министрден мемлекеттік тапсырысты қалай бопсалағанын айтып берді деп хабарлайды КТК арнасы.
Шатылып жатқан бас редактор жамбылдық шенеуніктерді ғана емес, Шығыс Қазақстан мен Астана әкімдіктерін де қатты қысымға алғаны белгілі боп отыр. Мәселен, Ғабдуллинге тиесілі ақпарат құралдары, Тараздан бірнеше жыл бойы 6 миллион теңгенің мемлекеттік тапсырысын алып отырған. Бірақ Central Asia Monitor газеті мен Radiotochka.kz сайты сонда да облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевты тоқтаусыз сынап, кейін тағы 10 миллион бопсалапты. Осындай жүйемен Ғабдуллин Астана әкімнің орынбасары Ермек Аманшаевтан да тендер талап еткен.
"Аманшаевпен 30 жылдан бері жолдаспын. Жазушы, кино білгірі ретінде жақсы танимын. Сондықтан газетті қолдауға 8 миллион теңге сұрадым. Досым болғандықтан сондай талап қойдым. Ол сөзімді жерге тастаған жоқ", - дейді Бигелді Ғабдуллин.
Сыни мақаладан соң келесі күні журналист әкімдердің кабинетінен бір-ақ шығып отырған. Мәселен, Даниал Ахметовтен Шығыс Қазақстан өңірін мақтап жазу үшін 6 миллион теңге алыпты.
"Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовпен де кездестім. Ол орынбасары Жақсылық Омарды шақыртып алып, тиісті тапсырма берді. Кейін 6 миллион теңгенің тендерін алдық", - дейді Бигелді Ғабдуллин.
Бұдан соң Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа шығу үшін «Қашаған» жобасына шүйліге бастапты. Бастығының абыройын ойлаған Бозымбаевтың баспасөз хатшысы Ғабдуллиннің шотына 2 миллион теңге аударған. Ақша ұстатып шаршаса керек, кейін Энергетика министрлігі журналистің үстінен ұлттық бюроға арыз жазған екен. Алайда, аты аталған әкімдер мен министрлер сот отырысында төбе көрсеткен жоқ.
"Олардан тергеу кезінде жауап алынды. Сот қаласа, куәгерлерден қайта түсініктеме алуға құқылы. Бірақ біз ондай талап қоймадық. Меніңше, олардың жауабы енді ештеңе шешпейді", - дейді Бигелді Ғабдуллиннің адвокаты Аманжол Мұхамедияров.
Кінәсін мойындап рақымшылыққа іліккісі келетін Бигелді Ғабдуллин келтірген шығын яғни 22 миллион теңгені бюджетке қайтарып берген. Ал жапа шеккен 3 әкімдік пен министрліктің оған қояр талабы жоқ екен.
Атышулы журналистің өзі миллиондарды газеттің мазмұны мен қызметкерлеріне жалақы ретінде төлегенін айтып ақталып отыр. Енді сыннан үркіп, мақтауды ақшаға сатып алған әкімдіктердің өткізген тендеріне қатысты да тексеріс басталуы мүмкін.

Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: миллион, Бигелді, Ғабдуллин, Шығыс, дейді, айтып, Қазақстан, Атышулы, берді, мемлекеттік, әкімдер, журналист, теңге, талап, теңгенің, Мәселен, отырған, кейін, орынбасары, ретінде