Экономика | Аудиттің мақсаты мен міндеті

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырды. Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан, елде ғылыми-техникалық саясат, маңызды теориялық және іс-тәжірибелік білім саласына айналатын нақты ғылыми әзірлемелерді жинақтаумен әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде.
Бухгалтерлік есепті реформалау және аудитті ұйымдастырудың озық тәжірибесі Халықаралық валюталық қордың (ХВҚ), Бүкіләлемдік банктің, Халықаралық даму бойынша Америка агенттігінің (ЮСАИД), Еуропалық одақтың (ЕО) және Британдық кеңестің белседі қатысуымен өткізілгендіктен, оны құраудың ағылшын-американдық үлгісі негіз етіп алынды. Бухгалтерлік есеп пен аудитті жетілдіру бойынша ұсыныс Конституция, Азаматтық кодекс, Бюджет кодексі; Салық кодексі, «Банкрот туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Шетелдік инвестициялар туралы», «Ақша аударымдары мен төлемдері туралы» заңдардың және компания, фирма мен коммерциялық ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативті-құқықтық актілер талаптарын ескеру арқылы әзірленді.
Сонымен бірге ақпаратты жасаушылар мен пайдаланушылар арасындағы мүдделердің қабыспауы, меншік түрлері және нарық жағдайында пайда болатын басқа міндеттемелер бойынша бақылау объектілерін шектеу белгілі бір бизнес саласындағы қалыптасқан жағдайда тиянақты аудит жүргізуді талап етеді.
Қазақстан Республикасында индустриясы дамыған елдердің озық тәжірибесіне сәйкес бизнестің жаңаша кешенді тәуелсіз кәсіби аудиті жүзеге асырылуда. Операциондық аудит пен қаржылық есептілік аудит және оның басқа да маңызда түрлері посткеңестік аумақтарда нарықтық экономиканың қалыптасуындағы мекемелер қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстармен және шындыққа жанасымды ақпараттармен мүдделілік танытатын пайдаланушылардың қажеттіліктерн қамтамасыз етеді.
Бизнестің кәсіби аудит проблемасын зерттеудің көкейтестілігі мүмкіндігінше аз шығынмен аса жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізуді оңтайлы ұйымдастыруға ұмтылатын барлық қатысушылардың мүддесінен білінеді. Аудит жоспарлау, талдау, үйлестіру, есеп, ұйымдастыру, бақылау және реттеу сияқты басқару қызметтерімен тығыз байланысты. Егер есептің көмегімен ақпарат көздері қалыптасатын болса, онда оның кешенді аудиті мекемелердің экономикалық процестерін жоспарлау, ұйымдастыру және реттеу барысында жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді анықтауға және оны қайтадан болдырмауға мүмкіндік береді.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Акция және Облигация

Акция – үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционердің акцияны шығарған компанияға қайтаруға құқы жоқ. Акционерлік капитал бөлінбейді. Акционер оны тек екінші нарықта сатуына болады.
Акцияны шығару мына жағдайда болады:
- меншікті акцияландырғанда, яғни акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда;
- бар компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
- жарғылық капиталды қосымша молайтқанда.
Атап айтқанда, жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал (жай және артықшылықты акциялар) және компанияның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды компания кез-келген уақытта өз ойынша пайдалана алады.
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайтуға және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден-бір түрі. Акция компанияның акционерлер алдындағы қарыз міндеттемесі. Компанияның өз акциясын қайта сатып алатын құқы бар. Бірақ бірсыпыра елдердің заңында, егер корпорацияның төлем қабілеті жоқ болса, онда ол акциясын қайта сатып алатын құқықтар айырылады деген де ереже бар. Дәл осы жағдай, егер қайта сатып алу корпорацияның төлем қабілетін нашарлататын болса да қаралған. Заң жүзінде акцияны бөлуге де болады. Айналымдағы әрбір акцияны бірнеше бөлікке бөлуге болады.
Акция бірнеше түрге жіктеледі ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Акция түсінігі және оның экономиакалық мәні

Қазақстанның орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Олар – меншік қатынастары; шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмі; олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары; қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне мүдделілігінің дәрежесі.
Қоғамдағы соңғы жылдарда болған өзгерістер – Қазақстан Республикасының нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандағы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері.
өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты жолы – бағалы қағаздар нарығы. Бағалы қағаздар кез-келген нарықтық экономиканың төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады, яғни бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады.
Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар нарығын құру және оны одан әрі өрістету мақсатында қажетті шараларды жасауда.
Бұнда бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және оның құрылымы, бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары және бағалы қағаздар нарығының даму жолдары қарастырылған.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Акциялар түрлері

Акция – үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз. Акция қоғам шығаратын және орлардың түрлері мен категорияларына қарай акционердің дивиденд алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам таратылған жағдайда оның қалған мүліктерінің бір бөлігін иемдену құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне қоғам капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқығын береді. Қоғам қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады, яғни акция – қолдану мерзімі шектеусіз бағалы қағаз. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционер оны екінші нарықта сатуына болады.
Акцияда жазылған сома оның көрсетілген(номинал) құны деп аталады. Көрсетілген құн қоғамның жарғылық капиталының бір акцияға шаққандағы бағасын білдіреді. Алайда, акцияны шығарған қоғам оның нақты бағасы қандай болатынына кепілдік бермейді. Нақты бағаны тек нарық айқындайды. Нарықтағы акцияны сатып алу-сату бағасын акцияның бағамы(курсы) деп атайды. Бұл баға акцияда жазылған бағадан өзгеше: ол көрсетілген құннан жоғары да, төмен де болуы мүмкін. Демек, акцияның эмиссиялық және нарықтық бағасын, сондай-ақ дивиденд мөлшерін анықтау үшін оның көрсетілген құны бағдар тәрізді болады. Қоғам таратылған жағдайда акционерлерге тиесілі оның мүлкінің үлесі акцияның номиналы мен санына пропорционалды есептеледі
Акционерлік қоғам құрылғанда оның акциялары жарғылық оның акциялары жарғылық капиталға қосқан салымына тең көлемде құрылтайшылар арасында орналастырылады. Сөйтіп акция:
• Жаңадан акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда;
• Меншікті акцияландырғанда, яғни кәсіпорынды акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
• Қоғамның жарғылық капиталын қосымша молайтқанда шығарылады.
Жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал (жай және артықшылықты акциялар) және қоғамның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды қоғам кез-келген уақытта өз ойынша пайдалана алады.
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайту және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден-бір түрі.
Акция бір жағынан, бір акционерден басқаға беру тәсілі бойынша атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе, екінші жағынан, қоғамды басқаруға қатынасу құқығы бойынша – жай және артықшылықты акция деп те екіге бөлінеді. Қоғам тек өзінің жартысында бекітілген акцияларды ғана шығара алады.....
Рефераттар
Толық

Экономика | АҚ Қазақстан Халық Банкіде бухгалтерлік есеп пен аудиттің құрастырылу принципі

Бухгалтерлік есепке тән негізгі принциптердің мәні мен маңызын түсінбей тұрып, ұйымдар қызметін басқару мен ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдау мүмкін емес. Сондықтан, экономикалық тұрғыдан тиімді шешім қабылдау үшін, бухгалтерлік есеп шоттарын жүргізу мен бұларды өз орындарына қарай дұрыс қолдану, бастапқы құжаттар айналысын заңды түрде ұйымдастыру, есеп жүйесінде қолданылатын әдістемелерді сабақтастықпен пайдалану жолдарын және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттағы талаптарын білген жөн.
Бухгалтерлік есепті реформалауда жасалған тұжырымдама міндетерінің бірі – ішкі ақпараттық жүйе арқылы кәсіпорынды басқаруды жетілдіру болып табылады. Тиімді басқару принциптері мен есепті ұйымдастырудың жаңа амал – тәсілдерінің негізі ретінде Қазақстанда іс-әрекет етушіге неғұрлым жақын еуропалық құрылым алынды.
Нарықтық экокномика ресурстың барлық материалдық, еңбек және қаржылық түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс - әрекеттің күтілетін нәтижесін қамтамасыз етуі тиіс.
Еліміздегі шаруашылық ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп жүйесін сенімді жүргізу үшін жоғары дәрежеде даярланған кәсіби мамандар қажет. Нарықтық экономиканың талаптарына сай сапасы жағынан жақсы даярланған бухгалтерлерге деген сұраныс күннен күнге артып келеді.
Қаржылық сипаттағы тиімді экономикалық шешімдер қабылдау бухгалтерлік есеп жүйесінде жазылып тіркелген, жинақталған ақпараттар негізінде іске асырылатындығына сай міндет пен қызмет атқарушы қаржыгерлер мен бухгалтерлер тағы да басқа жауапты адамдар сапалы және саналы жасалған бухгалтерлік есеп жүйесіндегі көрсеткіштерді зерттеп зерделей білуі керек.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Ақау ысырап және тауарлы материалдық қор қалдықтарының есептері

Ақау көптеген аспектілер тұрғысынан қарағанда маңызды мәселелердің бірі әрі ол басқарушылық жоспарлау мен шығынды бақылаудың ең өткір проблемасы болып табылады.
Шоттардың Типтік жоспарын енгізумен бірге және 52 «Өндірістегі ақау» шотының ішкі бөлімшесін жоюда көптеген аспектілер тұрғысынан қарағанда маңызды болып қалатын бухгалтерлік есеп шотында оның көріну проблемасы пайда болды. Компанияны басқару үшін әлде қайда экономикалық өндірістік процесс және осыған сәйкес бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде өндірілетің өнімде аққау жібермеуді бақылау аса қажет. Ақау белгіленген шектен аспауы керек. Ұйым өнімнің сапасын жақсартуға барынша күш салуы керек, бұл өз кезегінде жалпы шығындарды азайтып, өнімнің өткізілуін жоғарылатады.
Ақау әдетте өнім өндірісіаяқталғаннан кейін көзге түседі (байқалады), оған да сапалы өнімді жасауға кеткен еңбекпен бірдей еңбек күші шығындалады. Алайда, тиімді еңбек өндірісінде жұмысшы материалдарының сапасыздығынан, аспаптардың тозуынан өндірістің қордалы проблемасын құрайтын ақауы бар өнімдерді шығарады.
Ақауға стандартпен белгіленген сапаға, техникалық жағдайға немесе жобалық шешіммен сәйкес келмейтін, нақты (тікелей) тағайындауы бойынша пайдалануға жарамайтын, пайдаланса да оны түзеткеннен кейін ғана жарамды бұйым жатады.
Әлдеқайда экономикалық өндірістік процестің өнімділігін тудырған соң ұйым басшылығы қалыпты деп аталатын ақау нормасын белгілеу керек, яғни ақау нормасын кондициялық (сапалық) өндірістегі шығынның бір бөлігі ретінде қабылдауға басшылық келісті болуы қажет. Бұл ақау өндірістік технологиядан пайда болады. әрі оны болдырмау мүмкін емес, өйткені ол есептік кезенде бақылауға көнбейді.
Ақау – кондициялық емес, яғни ақау деп танылатын сапасыз өнім бірлігі және мүмкін баға бойынша сатылып кетуі де ықтимал. Өңделуі аяқталғаннан кейін ақау деп бөлек немесе толық танылуы мүмкін. Ақау деп танылған бұйымның таза құны бөлінген шығындардың жалпы сомасына (өңдеу сәтіне дейінгі қосу (плюс) істен шығу алу (минус) өткізудің мүмкін құны бойынша шығын) тең.
Ақау – бұл өндірісте пайда болатын өндірілмейтін шығындар. Ол өнімнің шығарылымын кемітіп, оның өзіндік құның артырады.
Ақаудан басқа өндірісте ысырап та болуы мүмкін. Мысалы, бастапқы материалдар шығын кезінде (на выходе) өнімнің бір бөлігі болмайды, жоғалады, буланады, құрғаққа ұрынады немесе экономикалық құны жоқ тұнбаға (шөгіндіге) айналады. (1)
Қалдық – бұл өнімнің бір бөлігі болып табылмаса да белгілі бір құны бар материалдар. Оларды сатуға немесе қайталап пайдалануға болады (яғни өңдеу өнеркәсібіндегі жаңқалар (жоңқа) мен ағаш тақтайлары; металл өңдеу саласындағы құймалар мен болат балқыту).
Ақау, әдетте оның сапасын тексеру кезінде өнім өндірісі аяқталған кезенде пайда болады. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | АҚШ тың банк жүйесі

ХІХ ғасырдың соңына қарай барлық шетел мемлекеттерде орталықтанған банк жүйесі қолданылды.Ал АҚШ- ң банк жүйесі орталықтандырылмаған, көптеген жеке ұсақ банктерден құралды.1913 жылға қарай мұндай банктердің саны 20 мыңнан астам болды,олардың 7 мыңға жуығы ұлттық эмиссиялық банктер болды, ал қалған банктер болса өз штаттарының банкілік заңына сай қызмет көрсетіп, ақша эмиссиясы құқығын иеленбеді.
АҚШ-тың алғашқы акционерлік коммерциялық банкі 1782 жылы 7 қаңтарда ашылды. Ал 1791 жылы 10 млн. доллар жарғылық капиталмен АҚШ- тың алғашқы Орталық банкі ашылды. Ол вексельдер эмиссясымен айналысып, Қазынашылыққа қызмет көрсетті. Қазақстандағы банктік реформаны жүргізудің бастапқы кезеңдері 1990 жылы қабылданған «ҚазКРО банктер және банктік қызмет туралы» заңнан басталды. Әрине АҚШ-пен Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуында 200 жыл айырмашылық бар. Бірақ , оған қарамастан Қазақстанның банк жүйесі АҚШ пен салыстырғанда онша да артта емес.
Барлық дамыған мемлекеттердегідей, сонымен қоса Қазақстандағыдай, АҚШ –тың банк жүйесі 2 деңгейлі болып табылады:
1-деңгейді 12 Федералдық резервтік банк құрайды.
2-деңгейді Федералды резерв жүйесінің мүшесі болатын коммерциялық банктер мен банктік қызмет көрсететін ұйымдар құрайды.
Ал Қазақстанда болса 1-ші деңгейге бір ғана Орталықтандырылған ҚР-ның Ұлттық банкі кіреді, және оның ақша эмиссиясына монополиялық құқығы бар. 2-ші деңгейге болса – барлық коммерциялық банктер жатады.
Соңғы 140 жылда АҚШ тың банктік қызметіне байланысты 100- ден астам заңдар қабылданды, олардың көбісі өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бүгінге дейін қолданылуда.
Бүгінгі таңдағы Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенің не бары 15 жылдық тарихы бар. Содан бері банк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда.
90-шы жылдардың басында Қазақстанда 200-ге жуық банк болған, бүгін олардың саны 34 –ке дейін азайды. ....
Рефераттар
Толық

Экономик | Ақша айналысы заңы

Ақша айналысы заңы – құн заңының айналыс аясындағы көрінісі. Ол тауар – ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы ақшаның саны К. Маркс ашқан ақша айналысы заңымен реттеледі. Тауар айналысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері екі факторға: біріншіден, бір кезеңде, айталық бір жылда сатылуға тиіс таурлар бағасының қосындысына, екіншіден ақша айналысының жылдамдығына байланысты өзгереді. Ақша айналысы заңы мына формуламен өрнектеледі:
Ақша айналысы заңының мәні – ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшінқажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының көбейтіндісінбір аттас ақша өлшемінің айналым санына ( айналым жылдамдығына ) бөлгенге теңесуі керек.
Ақша тек айналыс құралы ғана емес, сонымен бірге төлем құралы қызметін де атқаратындықтан айналысқа сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бірсыпырасы қолма – қол ақшасыз есеп айырысқандаөтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де өтеледі. Сөйтіп, несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тигізеді: тауардың неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа соғұрлым аз ақша мөлшері қажет. Одан басқа, айналыстан шығарылған әлдеқандай ақша мөлшері шаруашылықтың және халықтың тұрақты ақша қорын құрайды.
Экономикада сатылған тауарлар бағасынан айналыста әлдеқайда кем ақша жиыны жүруінің себебі төлемеушілік проблемасының болуынан. Ол кезде Ү мөлшері теріс сан болады. Бірақ бұл Қазақстанда және басқа да директивалы экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өтуші мемлекеттерде кездесіп отырған кәсіпорындар арасындағы төлемеушілік көптеген себептері бар: төлем тәртібінің босаңдығы,төлемеушіліктің тізбегінде әлеуетті күйреушілердің болуы, күйреушіліктің тиімді тәжірибесінің болмауы, жеке меншіктендіру үрдісінің аяқталмауы, төлем құралдарының дамымауы және т.б.
Сөйтіп,айналысқа қажетті ақша мөлшері өндірістің даму жағдайларына әсер ететін көптеген факторларға: айналыстағы тауар мөлшеріне, тауарлар мен қызмет бағасының деңгейіне және т.б. байланысты өзгереді. Айналысқа қажетті ақша мөлшері ақша айналысының жылдамдығына кері пропорционалды өзгереді. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Ақша туралы түсінік

Ақша туралы осы уақытқа дейiн талай – талай шығармалар жазылып, ақшаны бiреулерi пайдалы тауар деп мақтаса, ал бiреулерi оны қоғамға зиянын тигiзедi деп даттауда. Өйткенi ақша үшiн бүкiл қоғам жұмыс iстейдi, ол бiреулердi бақытты тұрмысқа кеңелтсе, ал бiреулердi қайғылы оқиғаға ұшыратады.
Сонымен, ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ, ол тауар айналысының дамуына байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп, осы күнге ақша болып жеттi. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.
Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайтын едi. Ақша түрiнде көрiнетiн тауарлардың құны , оның бағасы болып табылады.
Сондай-ақ қоғам дамуының әр түрлi формациясында , сол уақыттың талабына сай ақшаның бiрнеше теориясы дамыды. Олар ақшаның металдық, номиналистiк және сандық теориялары болып табылады. Олардың экономикалық қызметтi жүзеге асыруда алатын орны өте зор.
Сондықтанда мен курстық жұмысымның тақырыбын “Ақша теориясының дамуы” деп алдым. Өйткенi ақша экономикада ең маңызды категорияның бiрi. Оны мына теңдестiрулерден көруге болады: “ Ақша – жалпыға бiрдей эквивалент ” , “ Ақша – ерекше тауар ” , “ Ақша зат емес, ол қоғамдық қатынас ” , “ Ақша – еңбек өлшемi ” , “ Ақша бастапқы капитал ” деп аталуы тегiннен – тегiн болмаса керек.
Мен жұмысымды екi бөлiмге, яғни бiрiншi бөлiмде жалпы ақшаның шығу тегiн және оның экономикалық мәнi мен қызметтерiне тоқталдым. Екiншi бөлiмде ақша теориясының дамуына, яғни оның басты үш теориясын және олардың айналысын қарастырдым. Бұл әр теорияның экономика үшiн әр түрлi пайдалы жақтары бар, сондай-ақ ақша теориясы экономикалық қатынастардың дамуымен оның құрылымы да осы үш теорияны бағытретiнде алып дами бередi . Бұл теориялармен және олардың айналыс ерекшелiктерiмен жұмыс барысында кең тоқталамын.
Сондай-ақ елiмiздiң егемендiгiн алып, нарықтық қатынастарға өту үстiнде екендiгi баршамызға белгiлi. Ал ақша рыноктық экономиканың басты элементтерiнiң бiрi ретiнде ол өте маңызды болып отыр.
Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша жүйесi болып табылады. Қазақстан Республикасында ақша жүйесi 1995 жылы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi туралы” Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысының ұйымдастыру негiзiн және формаларын белгiлейдi, онда ресми ақша бiрлiгi, ақша белгiлерiнiң эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртiбi, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртiптерi қамтылады. Ал мұның алдында тұнғыш рет 1993 жылы ұлттық валютамыз теңгенi айналысқа шығарып, оны 1999 жылы еркiн айналымға жiбердiк. Бүгiнгi таңда ұлттық валютамыз күннен-күнге нығайып, елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiне даңғыл жол ашуда....
Рефераттар
Толық

Экономика | Ақша

Адамзат қоғамын, оның негізі экономиканы зерттейтін ғылым саласы – экономикалық теория.
Экономикалық теория негізінің маңызды факторларының бірі ақша болып табылады.
Алғаш рет өз алдына қалыптасқан ой-пікірдің белгілі бағыты – меркантелистер мектебі. Ол қоғамдық байлықтың негізі ақша, алтын деп біледі.
Ақша жалпы баламалы рөл ойнауы мүмкін, тауарлардың барлық тобының ішінен, қандай да бір тауарды бөліп алудың объективті қажеттігі пайда болғандағы, айырбастың дамуының ұзақ үдерісі нәтижесінде пайда болды.
Ақша дегеніміз тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай санының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүниесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквивалент рөлін атқарады.
Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар: 1) ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын; 2) онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын; 3) тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.
Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды, оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне, тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді.....
Рефераттар
Толық