Экономика | Акциялар түрлері
1. Акциялар түрлері
Акция – үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз. Акция қоғам шығаратын және орлардың түрлері мен категорияларына қарай акционердің дивиденд алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам таратылған жағдайда оның қалған мүліктерінің бір бөлігін иемдену құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне қоғам капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқығын береді. Қоғам қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады, яғни акция – қолдану мерзімі шектеусіз бағалы қағаз. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционер оны екінші нарықта сатуына болады.
Акцияда жазылған сома оның көрсетілген(номинал) құны деп аталады. Көрсетілген құн қоғамның жарғылық капиталының бір акцияға шаққандағы бағасын білдіреді. Алайда, акцияны шығарған қоғам оның нақты бағасы қандай болатынына кепілдік бермейді. Нақты бағаны тек нарық айқындайды. Нарықтағы акцияны сатып алу-сату бағасын акцияның бағамы(курсы) деп атайды. Бұл баға акцияда жазылған бағадан өзгеше: ол көрсетілген құннан жоғары да, төмен де болуы мүмкін. Демек, акцияның эмиссиялық және нарықтық бағасын, сондай-ақ дивиденд мөлшерін анықтау үшін оның көрсетілген құны бағдар тәрізді болады. Қоғам таратылған жағдайда акционерлерге тиесілі оның мүлкінің үлесі акцияның номиналы мен санына пропорционалды есептеледі
Акционерлік қоғам құрылғанда оның акциялары жарғылық оның акциялары жарғылық капиталға қосқан салымына тең көлемде құрылтайшылар арасында орналастырылады. Сөйтіп акция:
• Жаңадан акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда;
• Меншікті акцияландырғанда, яғни кәсіпорынды акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
• Қоғамның жарғылық капиталын қосымша молайтқанда шығарылады.
Жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал (жай және артықшылықты акциялар) және қоғамның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды қоғам кез-келген уақытта өз ойынша пайдалана алады.
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайту және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден-бір түрі.
Акция бір жағынан, бір акционерден басқаға беру тәсілі бойынша атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе, екінші жағынан, қоғамды басқаруға қатынасу құқығы бойынша – жай және артықшылықты акция деп те екіге бөлінеді. Қоғам тек өзінің жартысында бекітілген акцияларды ғана шығара алады.
Атаулы акция – иесі міндетті түрде қоғамның реестрінде тіркелуі тиіс акция. Акционерлер кітабында оны қанша және қай уақытта алғандығы туралы жазылған акция иесі ғана акционер деп есептеледі.
Ұсынушы акциясы – иесінің аты-жөні қоғам кітабында тіркелмеген акция. Кітапта ұсынушы акциясының жалпы саны ғана көрсетіледі.
Қоғамға басқару жағынан қолында атаулы акциясы бар акционерлер қолайлы. Себебі ол акционерлік капиталдың және бағалы қағаздардың қозғалысын, сонымен қатар бағалы қағаздардың кейбір акционерлердің қолында шоғырлануын, олардың бұл мемлекеттен кеткенін реттеп және бақылап отыруға мүмкіндік береді. Акционерлердің көзқарасы тұрғысынан қарағанда, әсіресе, қысқа мерзімді мүддені көздеген акционерлер ұсынушы акциясын қолдайды. Себебі еш жерде тіркелмеген бұндай акцияларды екінші нарықта еркін сатуға болады. Ал атаулы акцияны еркін қолма-қол ақшаға айырбастауға болмайтындықтан олардың өтімділігі акционерлерге кейбір жағдайда қолбайлау туғызады.
Акцияның осы екі түрін айналымға түсіру жолдары да әртүрлі:
Біріншіден, сату механизмі бойынша. Атаулы акцияның иесі оларды қоғамнан сатып алғанын куәландыратын барлық акция саны толтырылған бір сертификат алады. Бұл акцияларды сатқанда сертификаттың сырт жағында екі жақтың қолы қойылған «индоссамент» белгісі қойылады. Содан соң акционерлердің тізіміне өзгеріс енгізу үшін сертификат қоғамға жіберіледі. Содан кейін ғана акциялардың жаңа иесі акцияларға жаңа сертификат алады.
Ұсынушы акциясын сатқанда оны иемденушілер тікелей, яғни қолма-қол сатып алушыға береді.
Екіншіден, акцияның осы екі түрінің жаңа данасын(тиражын) иемденушілер құқығын белгілеу тәртібі де әртүрлі. Бұл туралы атаулы акция иесі қоғамнан хабарландыру хат алса, ал ұсынушы акциясына бұндай механизм жүруі мүмкін емес. Ұсынушы акциясыснда кесіп алатын купоны(талоны) болады. Соны толтырғаннан кейін қоғамға жіберіп, өзінің меншік құқығын іске асырады.
Үшіншіден, ұсынушы акциясының номиналы тым жоғары болмайды, бірақ ол өте көп тиражбен шығарылады, ал атаулы акцияның номиналы әртүрлі мөлшерде бола береді.
Қоғамды басқаруға қатынасу құқығы бойынша акция жай және артықшылықты болып бөлінеді.
Жай акцияларды иеленушілердің қоғамның түсірген пайдасының мөлшеріне байланысты дивиденттер алу құқығы, жиналыстарда дауыс беру арқылы қоғамды басқаруға қатысу құқығы және қоғам жабылып қалған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқығы бар. Құқықтар акция мөлшеріне сәйкес көлемде жүзеге асырылады.
Әрбір жай акция өз иесіне бір дауыс үлесін береді. Әйтсе де жай акция дивиденд алуға кепілдік бермейді. Себебі дивиденд қоғамның шаруашылық нәтижесіне байланысты беріледі. Дивиденд қоғамның таза пайдасының бір бөлігі, басқаша айтқанда, дивиденд төлеу пайданың салық төлегеннен қалған қалдығын бөлуге негізделген. Дивидендтің мөлшеріне күшті өзгерістердің әсер етуі кездейсоқ жәйт емес.
Жай акцияны иеленушілердің өкілеттіктері:
1. Директорлар кеңесін сайлауға дауыс беруге және сол кеңеске өзі сайлануға құқылы. Директоратқа сайланғанда кейбір қоғамның жарғысында кей жағдайда мүлік цензі көрсетіледі, яғни үміткердің қолындағы жай акцияның ең төменгі қажетті мөлшері көрсетілуі тиіс.
Директорлар кеңесі жылдық балансты және таза пайданы бөлу жобасын дайындайды. Табысты бөлу – қоғам меншігін оның акционерлері арасында дивиденд ретінде үлестіру деген ұғым.
2. Дивиденд алу құқығы. Дивиденд мөлшері қоғамның жылдық қаржы айналымына байланысты анықталады. Оны тоқсан сайын (әрбір үш айда бір) төлеуі мүмкін, Дивидендтің бірнеше түрі бар:
• Қолма-қол төленетін дивиденттер. Бұл табысты бөлудің ең кең тараған түрі. Ол бір жай акцияға есептеліп төленеді;
• Мүліктік дивиденттер. Бұл табысты бөлудің мүліктік формасы акционердің қолындағы акция санына пропорционалды анықталады. Қоғам дивидендтің бұл типін әдетте өзі жабылу кезінде қолданады;
• Акция формасындағы дивиденттер. Бұл қосымша акциялар акционерлер арасында акционерлердің қолындағы бұрынғы акция санына пропорционалды бөлінеді. Дивиденд төлеудің бұл түрі қоғамның өзін-өзі қорғап қалуын қамтамасыз етеді.
Қолма-қол төленетін дивидендтер баланстың активі мен пассивін және қолма-қол ақша қаражаты қозғалысы ведомостын тексергеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Дивиденд дұрыс төленбеген жағдайда қоғам жауап беруге міндетті. Дивиденд акционер табысының тек бір ғана бөлігі. Оның екінші бөлігі акция бағасының өзгеруіне байланысты қалыптасады.
3. Жай акция бойынша меншік құқығын басқаға беру деген акционер өзінің акциясын я сатып, я сыйға беріп, я өсиетке қалдырып жүзеге асыруы. Сонымен қатар акция банктен несие алғанда кепілдікке де беріледі.
4. Қоғамдағы акционерлердің мүліктік мүддесін қорғауға дауыс беру құқығы. Бұған, мысалы, жаңа бағалы қағаздар шығару, қоғамның актиатерінің бір бөлігін сату сияқты мәселелер жатады. Активтер болып қоғамның барлық қозғалмайтын және қозғалатын меншігі: жер, құрылыс, мүлік, қолма-қол қаржы және с.с. есептеледі.
5. Қоғамның қаржылық есебін тексеру құқығы, мысалы, акционерлердің реестрін тексеру.
6. Шектеулі міндет құқығы. Қоғам банкротқа ұшырағанда акция сатып алуға шығарған акционердің ақшасын қайтаруға кепілдік берілмейді.
7. Қоғам жабылған кезде оның активінің бір бөлігін алу құқығы, яғни жабылу дивидендін алу мүмкіндігінің болуы.
Қоғамның міндеттерін өтеу тәртібі бойынша, ең алдымен қоғам мемлекеттің және адвокаттардың, содан соң белгілі-бір тәртіппен өзіне несие берушілердің, ал ең соңында артықшылықты акция иелерінің және жай акция иелерінің талабын орындайды.
Директорлар кеңесі, жоғарыда айтып кеткеніміздей, қоғам акционерлерінің жылма-жыл өтетін жалпы жиналысында сайланады. Дауыс берудің екі әдісі болады. Тікелей дауыс беру – ол жай көп дауыс алу деген ұғым. Ол әрбір акционердің қолындағы акция санына тең дауыс беру. Сонымен қатар, дауыс беруде сенімхатты да пайдалануға болады. Акционерлердің жиналысында біреудің акциясы негізінде басқа біреу сенімхатпен дауыс беруіне өкілеттілік алады.
Әрбір қоғам (егер ол оның жарғысына қарсы болмаса) «А» және «Б» сериялы жай акцияларды шығара алады. Әлбетте, «А» сериялы акция қоғам құрылтайшыларына, яғни оның жарғысына қол қоюшыларға, ал «Б» сериялы басқа инвесторларға тиесілі. «А» сериялы ақцияны иемденушілердің үлкен құқығы және көптеген дивиденд алатын мүмкіндігі бар. Бұл мүмкіндік тәуекелдікке берілген төлем тәрізді. «Б» сериялы акция акционерлерге дауыс құқығын бермейді. Көптеген қоғамдар жай акцияның номинал құнын бекітеді. Ол бір акцияға шаққандағы жарғылық капиталдың мөлшерін көрсетеді. Номинал құны акцияның нарықтық бағасының одан әрі қозғалысына ешқандай әсер етпейді. Ол акцияны тек алғашқы орналастырғанда ғана маңызды роль атқарады. Номинал құны – ол акцияның эмиссиялық бағасы.
Егер акция көпшілікке сатылып кетсе, онда оның бағамын сатуға қатысқан барлық инвесторлар қалыптастырады. Акцияның нарықтық бағасын сатушының төмендеткен төменгі бағасы мен сатып алушының төлейтін жоғары бағасы анықтайды. Акцияның нарықтық бағасы сұраныс пен ұсыныс негізінде айқындалады.
Акцияның эмиссиялық және нарықтық бағаларынан басқа, оның баланстық бағасы да болады. Акцияның баланстық бағасы – қаржылық есептің құжаттары негізінде анықталып, бухгалтерлік немесе «кітаптық» баға деп аталады. Ол активтің таза құнын орналастырылған акция санына бөлгенге, немесе бір акцияға келетін акционерлерге тиесілі капиталдың көлеміне тең.
Қоғам жай акцияның номиналын көрсетпей де шығаруға құқығы бар. Онда ол нарықтық бағаммен сатылады. Бұл жағдайда акцияның сертификатында қоғамның капиталы бірнеше үлеске бөлінгені көрсетіледі. Қоғам жабылғанда бұл акциялар акционерлерге активтің белгілі-бір бөлігін алуға кепілдік береді.
Артықшылықты (немесе преференциалды) акциялар – меншік туралы ерекше сертификат. Олар қоғам түсірген пайданың деңгейіне қарамастан өз иесіне белгіленген мөлшерде неғұрлым нақты дивиденд төленуін қамтамасыз етеді. Преференциалды акция дауыс құқығын бермейді. Ол – дауыссыз бағалы қағаз. Осыған байланысты берілетін артықшылықтар дауыс құқығы жоқтығының орнына төлеу ретінде жүреді. Алайда, артықшылықты акция иемденуші – акционерлер қоғамды жабу туралы шешім қабылдайтын болғанда ғана жалпы жиналысқа дауыс беру құқығымен қатыса алады.
Артықшылықты акция иемденушісінің мүддесін қорғау үшін акцияның осы түрі бойынша дивидендтер басқалардан бұрын төленеді. Сондықтан бұл акциялардан гөрі жай акция иемдену қауіптілеу. Артықшылықты акциялар номинал құны көрсетілген және көрсетілмеген болып екіге бөлінеді. Бірінші жағдайда дивиденд акцияның номиналына байланысты процент түрінде есептеледі. Ал номиналсыз артықшылықты акциялар сирек кездеседі, оларда дивидендтің нақты ақшалы мөлшері көрсетіледі. Акция номиналының оның нарықтық бағасына әсері жоқ.
Жай акция бойынша төленетін дивидендтер сияқты артықшылықты акция бойынша да дивидендтер ағымдағы жылда түскен таза пайданың бір бөлігінен төленеді. Қоғам бұл акцияның бірнеше сериясын шығаруы мүмкін. Әрбір сериясының әртүрлі көлемдегі артықшылығы бар. Олар әр сериялы акцияның сертификатында көрсетіледі.
Егер қоғам артықшылықты акциялардың бір емес көп сериясын шығаратын болса, онда оның біреуін бірінші артықшылықты деп, ал келесісін – екінші артықшылықты деп анықтауы керек. Сондықтан осы акциялардың тек бір сериясының ғана басқа серияларынан гөрі артықшылығы мол болады. Ол артықшылық әртүрлі тәсілдермен: дивиденд төлегенде, активтерді бөлгенде немесе осы екі жағдайды қоса алғанда жүзеге асырылады.
Артықшылықты акциялардың өзі бірнеше түр тармағына: қатысушылар және қатыспаушылар, кумулятивтік және кумулятивтік емес, айырбасталатын және айырбасталмайтын болып бөлінеді. Артықшылықты акциялардың аталған түрлерін шығару қоғамның жарғысында қарастырылады. Акция иемденушілердің артықшылықтарды пайдалану мүмкіндіктері де әртүрлі болады. Атап айтқанда:
• Үстеме пайданы бөлуге қатысу;
• Хабарланып, бірақ төленбеген дивиденд алу мүмкіндігіне келешекте қатысу;
• Акцияны басқа түріне айырбастау мүмкіндігі.
Қатысушылар артықшылықты акциясы өз иемденушісіне үстеме пайданы бөлуге қатысуға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, қоғам жарғысында жай акция бойынша төленетін дивидендтің көлемі белгіленген, ал пайда одан жоғары болса, онда ол артықшылықты акция бойынша төленетін дивидендтің мөлшерін жоғарылатады. Олардың арасындағы арақатынасын қоғамның директорлар кеңесі белгілейді.
Қатысушылар артықшылықты акциясы – оның иесі ешуақытта белгіленген деңгейден артық дивиденд алуға құқығы жоқ. Егер артықшылықты акциялар кумулятивтік болса, онда бұрын хабарланған, бірақ кейбір себептермен төленбеген немесе толық төленбеген дивидендтер міндетті түрде келесі жылы төленеді. Ол жай акциялар бойынша дивиденд төлеу хабарланбастан бұрын жүзеге асырылады, яғни төленеді. Кумулятивтік емес артықшылықты акциялар бойынша төленбеген дивидендтерді келесі жылдың дивидендтіне қосуға болмайды.
Айырбасталатын (конверсияланатын) артықшылықты акциялар өз иемденушілеріне кейбір жағдайларда осы қоғамның жай акцияларына немесе артықшылықты акцияның басқа типіне айырбастауына мүмкндік береді. Айырбастау жөніндегі жағдайлар осы типтік акция шығарған кезде жазбаша түрде қоғам кітабында көрсетіледі. Артықшылықты акциялардың көбісі айырбасталымды болып келеді. Ал айырдасталымды емес акциялар өз статусын өзгертуге мүмкіндігі жоқ, яғни оларды басқа акцияларға айырбастауға болмайды.
Артықшылықты акциялардың өте сирек кездесетін түр тармағының бірі – дивиденд төлеуі кейін қалдырылған артықшылықты акциялар. Олар қоғам құрылтайшыларына ғана арнап шығарылады. Олар бойынша дивиденд тек жай акциялар бойынша төленетін дивидендтің ең жоғарғы квотасы төленіп болғасын ғана беріледі. Содан қалғаны дивиденд төлеуі кейін қалдырылған акция иелеріне бөлінеді. Қоғамның ісі өрлеп тұрса, бұндай акцияларды шығару өте тиімді.
Егер қоғамның жарғысында оның директорлары жарғылық капиталды құруға жеке қатысуы керек делінсе, онда – директорлық квоталы акция деп аталатын артықшылықты акцияның арнаулы түрі шығарылады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде артықшылықты акциялар саны, әлбетте, барлық акциялардың 10%-нен аспайды. Демек, қоғам қаржысында олардың үлесі өте төмен. Дегенмен де, артықшылықты акциялардың қоғам ісін басқаруда маңызы орасан зор. Олар акционерлік қоғамның жалпы жиналысында дауыс беретін жай акция иемденушілердің санын өзгертпей-ақ қосымша капитал тартуға мүмкіндік береді.
Қортыта айтқанда, жай акциялар бойынша дивиденд төлеу қоғамның нәтижелі қызмет істеуіне байланысты болса, ал артықшылықты акциялар бойынша қоғамның шаруашылық қызметі нәтижелі болмағанына қарамастан алдын ала жоспарланған кіріс бойынша нақты мөлшерде дивиденд төленеді. Әрине нақты төленген дивиденд жылдық жұмыс нәтижесіне байланысты түскен кіріс мөлшерін өсіруі де мүмкін, керісінше, бөлінген пайданың мөлшерін кемітуі де мүмкін.
2. Облигациялар түрлері
Облигация деп – эмитенттің оны ұсынушыға белгілі бір уақытта облигацияда көрсетілген құнды және осы құннан белгіленген процентті алуға құқық беретін эмиссиялық бағалы қағаз. Облигация шығару арқылы тартылған капитал акционерлік капитал деп есептелмейді. Облигация шығару – қосымша капитал таратудың бір нысаны. Облигация – қарызды бағалы қағаз. Эмитенттің жалпы шығыны облигацияны шығаруға және оларды орналастыруға жұмсаған жылдық шығынға тең болады.
Облигация мерзімдік қарыз міндеттемесі болғандықтан оның кепілі болып эмитенттің жалпы кепілдігі саналады. Ол кепілдік – эмитенттің банкротқа ұшырап, өз міндеттемесін орындай алмаған кезінде – қоғам мүлкінің бір бөлігін иемденуге облигация ұстаушының құқығы. Облигация да акция сияқты қоғамды инвестициялаудың ең маңызды көзі. Дегенмен бұл екі бағалы қағаздардың бір-бірінен түбегейлі өзгешеліктері бар. Ол өзгешеліктердің маңыздылары мыналар:
1. Облигация ұстаушы қоғамға несие беруші, ал облигация – қоғамды несиелеудің куәлігі. Акционер қоғамды меншіктенуші. Ал акция сол меншіктеудің куәлігі тәрізді.
2. Облигация ұстаушыға процент түрінде табыс төленеді. Оның мөлшері алдын ала бекітіліп, нақты анықталады. Бұл бағалы қағаз өзінде көрсетілген белгілі бір анықталған уақыт аралығында ғана кіріс түсіреді. Облигация бойынша процент басқа өтелетін дивидендтерден бұрын төленеді. Қоғамның процентті уақытында төлей алмауы оның банкрот деп танылуына тең. Акционер де дивиденд түрінде табыс алады. Бірақ дивидендтің мөлшері тіркелмейді және ол арнаулы уақытта төленбейді. Егер қоғам дивиденд төлеу туралы хабарламаса, демек, төлегісі келмесе, онда акционер қоғамға қарсы ешқандай шара қолдана алмайды.
3. Басқа несие беруші сияқты, облигация ұстаушысының дауыс беру құқығы жоқ. Ол акционерлер жиналысына, сонымен қатар, қоғамды басқаруға да қатыспайды. Оған керісінше, акция иесінің қоғамның мүліктік мүддесін қорғауда шешуші дауыс құқығы бар.
4. Облигация бойынша табыс төлеу қоғамның шығынын құрайды. Ол салық төлегеннен қалған пайдадан төленеді. Ал дивиденд те қоғамның таза пайдасынан өтеледі.
Облигация бойынша мезгіл-мезгіл төленетін процент түріндегі табыс купонға алмастырылады. Купон деп процент мөлшері көрсетілген облигациядан жыртылып алынатын парақты айтады. Төленген проценттің орнына облигациядан купонды жыртып алады. Бұндай табыс төлеудің түрін «купондарды қырқу» деп атайды.
Облигацияда оның номиналы, купондық мөлшері, эмиссия шарты, өтеу туралы нұсқау, қамтамасыз етілуі, рейтингі көрсетіледі.
Номиналы деп облигацияның бетінде көрсетілген ақша сомасын айтады. Оны облигация ұстаушы өтелу мерзімі келгенде алады.
Купондық мөлшері – жыл сайын эмитент төлейтін облигацияның номинал құнына байланысты келісілген процент. Жыл сайынғы купондық мөлшер бөлініп, мысалы, жарты жылда немесе тоқсан сайын бір рет төленуі мүмкін. Әлбетте, төлем мына интервалмен орындалады: қаңтар – шілде, ақпан – тамыз, наурыз – қыркүйек, сәуір – қазан, мамыр – қараша, маусым – желтоқсан. Одан басқа айдың жұлдыздары да айнаға түскен сәуледей, мысалы, 5 қаңтар – 5 шілде, 20 наурыз – 20 қыркүйек және с.с. болып қайталанады.
Эмиссия шарты – облигация шығару мәмілесі. Ол қарыз алушымен траст компаниясының шарты бойынша шығарылады. Траст компаниясы қоғамның инвесторлары алдында оның кепілі болып, облигация ұстаушылардың мүддесін қорғап, эмитенттің өз міндеттемелерін орындауын қадағалап отырады. Траст компаниясы эмитенттің қаржылық құжаттарын және оның инвестициялық жобасының бизнес-жоспарын тексеріп, содан кейін ғана өз ризашылығын береді. Осыған байланысты эмиссия шартына траст компаниясы бірсыпыра ұсыныс енгізеді. Олардың ішінде жиі кездесетіндері мыналар:
• Ең аз өтімділік;
• Борыштың ақырғы деңгейі;
• Активтерді сатуға тиым салу;
• Төленетін дивиденд мөлшерін шектеу.
Өтеу туралы нұсқау – эмиссия шартындағы тармақ. Ол бойынша эмитент облигацияның номинал құнын және процент төлейтін арнаулы қор құралы. Ол қор траст компаниясының бақылауында болады.
Эмиссия шартында облигацияны уақытынан бұрын кері сатып алу бабы да болуы мүмкін. Ол – эмитенттің өз облигацияларын қайтарып алу құқығын орындауы. Әдетте, ондай жағдай облигация шығарылғаннан кейінгі алтыншы жылдан басталады. Уақытынан бұрын қайта сатып алғанда облигацияның бағасы оның құнынан жоғары болады.
Өтеу күні – қоғамның сатып алушыға облигацияның номиналына тең соманы қайтаратын және процент төлеуді тоқтататын күнтізбектегі күн.
Облигация қамтамасыз етілген және етілмеген болып екіге бөлінеді.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Акциялар түрлері туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Акциялар түрлері на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Акциялар түрлері