Пенденің Алла панасы, Өлімге кімнің шарасы? Жастықпен ешкім білмейді, Артында қалған баласы. Өз еркімен кетіп пе? Шақыртқан шығар бабасы. Ай қасында сұлтаным, Таң қасында шолпаным. Есікке сыймас жоталым Көрге бір қайтіп сыйды екен! Көмуге барған халқымның Көзі бір неғып қиды екен! Бұл күндері майырылып, Бас киімнен айырылып. Өлейін десем өле алмай, Бұрынғыдай жүре алмай,....
«Жеңіс» деген – жақсылықтың сыңары, Жігер менен құштарлықтың құралы, Күрескердің арманы мен ұраны, Қуаныш пен мерекенің бұлағы. Міне, биылғы жылы Жеңісімізге 71 жыл толмақ. Біздің бостандығымыз бен бақытымыз үшін, ел үшін, жер үшін күрескен ардагерлеріміз мәңгі естен шықпас. Жеңіс күні. Бұл күн адамзат қауымының есінен мәңгі кетер ме? Иә, ешкім де, ешқашан да ұмытылмақ емес! Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Оған 35 миллиондай адам қатысып, соның 20 миллионнан астамы құрбан болды. Қазақстандықтар бұл сында қаҺармандық көрсете білді. Соғыста миллиондаған әйелдер жесір, балалар әкесіз қалды, аналар ұлдарынан айрылды, соғыстың қайғысы өзегін өртемеген, оның құрбандығына шалынбаған отбасы қалмады. Ұлы Жеңіске ат салысуда тылдағы еңбекте апаларымыз бен аналарымыз уақытпен санаспай, ыстыққа күйіп, суыққа тоңа жүріп өз үлестерін қосқан. Алдыңғы шептен бой тасалау сияқты әдептер қазақтың майданда соғысқан ержүрек ұлдарына мүлдем жат болған. Бұған сол отты жылдарға «Правда» газетінде былай деген: «…Қазақтар майданда қаймықпай батыл соғысады» дей келе Одақтың бас газеті олардың ерлік ісқимылдарына дүркін-дүркін оралып отырған. Осыдан 71 жыл бұрын бұл күні адамзат тарихы аңсаған жарқын күн, сарыла аңсаған сәт туды. Бұл бақыт Отанын шексіз сүйген, жеңіске сенімді ыстық жүректері лүпілдей соққан кешегі жігіт, бүгінгі айбынды тірек- өнегелі аталарымыздың арқасында келді. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлығы , олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншілігі бүгінгі бейбіт күн жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абырой мерекесі. Ұлы Жеңіске біз ерекше ғажап күшпен жеттік......
Бiздiң жүрегiмiз темiр емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп, күйдiрiп жiбере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар,ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк. Бауыржан Момышұлы Соғыс... Осы сөзді естігенде жан дүниемді қорқыныш сезімі билеп, жұдырықтай жүрегім кеудеме сыймай атқақтайды. Міне, соғыс дауылының бізден алыстап бара жатқанына да 71 жыл толмақшы. Әрине, ауызға айтуға оңай.... Бұл соғыс қаншама боздақтың жанын қиды, қаншама ананы жесір қалдырды, қаншама баланың ең бір қимас кезеңі балалық шағын ұрлады. Ұлы Отан соғысы...Бұл сол кездегі қайсар халқымыздың ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Иә, содан бері 71 жылға жуық уақыт өтсе де ешкім де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Немене жетістің, бала батыр, Қариялар азайып бара жатыр. Бірі мініп келместің кемесіне, Бірі күтіп, әнеки жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық,ұрпақтар қимастығы мөлдіреп тұр. Аталарымыздың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, қасық қаны қалғанша беріспей, жаудың тауын шағып, өз туымызды тігіп, жеңістің таңбасын басқан күн- Жеңіс күні. Бқл күннің толғағы ащы болса да, болашақ ұрпақтары үшін қуаныш төгілген күн. Сондықтан бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, терімен, қанымен сыйлаған Жеңіс күнін ұрпақтары ұмытпақ емес, тіпті оны тарихтың ақтаңдақ беттері де ұмытпайды. Ол- өмірдің заңы. Біз Ұлы Отан соғысындағы жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. ......
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2020 жылғы діни күндер күнтізбесін бекітті. Алайда, діни мерекелердің күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін.
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Демалыс мәдениеті. Мерекелер Сабақ тақырыбы: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау «Мереке» Қанат Қайым Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) • 3.2.3.1. шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау • 3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтайды және мазмұны бойынша әдеби кітаптардан нақты ақпаратты тауып, оны берілген сызба түрінде бере алады Көптеген оқушылар: әдеби кітаптардан нақты ақпараттарды тауып, белгілі бір жүйеге салып жинақтай алады Кейбір оқушылар: кестеге салған ақпараттар жөнінде қосымша мәліметтер айта алады.....
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер Сабақ тақырыбы: Аналар мерекесі (Ардақты ана Ә. Дүйсенбиев Қуаныш Ә. Шынбатыров) Оқу мақсаттары: 3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипатта, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау 3.2.8.1 эпизодтерді салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау 3.3.2.1 ертегілер (үлгі бойынша, кейіпкер қосу, соңын өзгерту ... тәсілдер арқылы)/ өлең шумақтары/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша)/ кейіпкерге хат жазу Сабақ мақсаттары: Барлық: өлеңді дауыс ырғағын сақтай отырып, мәнерлеп оқиды; Көптеген оқушылар: өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, өлеңнен теңеу сөздерді тауып жазады; Кейбір оқушылар: өз ойын жүйелі жеткізеді, сөздер мен сөйлемдерді қатесіз жазады......
Тіл ашар мерекесі Мақсаты: Мектепті алғаш аттаған бүлдіршіндердің алғашқы айдағы жеткен жеңістерін мерекелеу, ата - ана, ұстаздармен қуаныштарын бөлісу. Мұғалім: Армысыздар қымбатты балалар, ардақты ата-аналар және қадірлі ұстаздар! Міне, бүгін сіздер кеше ғана білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан, бүгінгі балаларымыздың мерекесіне жиналып, «Тілашар» тойының куәгері болып отырсыздар. Ендеше, бүлдіршіндеріміздің білім жолына аттаған қадамдарына сәт-сапар тілей отырып, бүгінгі мереке иелерін ортаға шақырайық. Қарсы алыңыздар: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ән-ұраны орындалады.....
Жаңа оқу жылы мұғалім қауымы үшін үлкен мереке. Қазан айының бірінші аптасы ұлағатты ұстаздардың кәсіби мерекесі болып табылады. Мереке қарсаңында еліміздегі әрбір мектептер мен оқу орындарында іс - шаралар өтіп, шәкірттері ардақты ұстаздарын құттықтап жатады. Біздің сайт ұжымы сіздерге Мұғалімдер күніне арналған мерекелік кеш сценарийін ұсынады. Фанфар ( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында әріптері бар) М — мейірімді Ұ — ұлағатты Ғ — ғазиз А — ақылшы Л — лайықты І — іскер М — маман мерекелеріңіз құтты болсын! (бәрі бірге) 1 — оқушы: Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға, Сіздермен тола берсін ортамызда. Бүгінгі ел басқарған....
Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер. Сабақтың тақырыбы: Жаңа жыл – отбасылық мереке Жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу. ӘТН5. Пунктуациялық норма. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану. Сабақтың мақсаты: Оқылым материалдары бойынша негізгі ақпаратты сақтай отырып, жинақы мәтін жазу. Төл сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану. Барлық оқушылар: Мәтін мазмұнын түсінеді, лексикалық минимумды тілде орынды қолданады. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды. Көптеген оқушылар: Мәтінге компрессия жасай алады, төл сөзде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады. Кейбір оқушылар: Мәтінді компрессиялауда өзіндік стильді қолданады......
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім «Демалу мәдениеті. Мерекелер» Сабақ тақырыбы: Жазғы демалыс – ең ұзақ мереке №9 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну 3.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау 4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну 3.4.1.1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру Сабақ мақсаттары: Оқушылардың барлығы: тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді қолданып мәтін құрастырады. Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, үлгі бойынша тірек сөздерді қолданып мәтін құрастырады. Оқушылардың кейбірі: тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тірек сөздер, сызбалар, символдарды қолданып мәтін құрастырады. ....