АхметБайтұрсынұлы - мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы. Ол 1873 ж. он бесінші қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданында дүниеге келген. 1895 ж. Орынбордағы төрт жылдық мұғалімдер мектебін бітірген. 1895 жылдан 1909 жылға дейін Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. 1905 ж. жазылған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі болды. Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған АхметБайтұрсынов 1909 ж. бірінші шілде күні губернатор бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды. Көп кешікпей Ішкі істер министрлігінің Ерекше Кеңесі оны қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес.....
Әдетте тәтті тағам семіртетіндіктен, арықтағысы келетін адамдар тағам мәзірінен оларды алып тастауға мәжбүр. Алайда ағзаның дұрыс қызметі үшін тәттілерді белгіленген мөлшерде жеп тұру керек. Олар:
1. Қара шоколад
Сүтті шоколадтан бас тартып, қара шоколадқа өтуіңізге тура келеді. Оның құрамында калорий аз әрі антиоксидант, флавоноид, кальций, ағуыз, темір, магний және дәрумен секілді пайдалы заттар көп.