Мағжан Жұмабаев (Ертегі)

Бүгін жаным өртке оранған жанға ұқсап,
Бүгін жаным тым аңсады от құшақ.
Жынды жүрек тығылады аузыма,
Тілім-тілім тілсе келіп у пышақ...
Бүгін жүрек отты қарақ іздейді,
Бүгін жүрек күшті арақ іздейді.
Құшар едім... ішер едім... жылар ем...
«Сен» деуші жоқ, Бәрі де шет: «Сіз» дейді...
Аласұрад, жынданады ......
Өлеңдер
Толық

Мағжан Жұмабаев (Тұтқын)

Кеудеде – от, iште – жалын, көзде – жас,
Күнi-түнi қайғы жұтқан сорлы бас.
Сабан төсек, дым, қараңғы жатағы,
Наны қара, шайы қара, қарны аш.

Күн түсiрмес мейiрiмi жоқ қара
Ағармай ма мұндай үйде.....
Өлеңдер
Толық

Мағжан Жұмабаев (Абақтыдан шыққанда)

Зор қуаныш — қара түн өткенiне,
Алтын таңды ашық күн жеткенiне,
Қан аралас төгiлген көп көз жасты
Тәңiрi қабыл, мейiрiм ғып, еткенiне.

Ерiк құсы қайта ұшып келгенiне,
Душар болмай дұшпанның мергенiне.
Қайта шықты....
Өлеңдер
Толық

Мағжан Жұмабаев (Тез барам)

Қыранымын сары сайран даланың,
Қос қанатым — алтын Алтай, Оралым.
Еркін дала ардақтысы, еркесі —
Бетім қайтпай өскен батыр баламын.
Асқан алып — ата затым сұрасаң,
Асқан дана — ана затым....
Өлеңдер
Толық

Мағжан Жұмабаев (Еңбек - өлім жан қанатын қиятын)

Еңбек - өлім жан қанатын қиятын,
Еңбек - өлім жанды ашудан тыятын.
Еңбек деген - еңбектеген мылқау дию,
Жаншып, жанның сұлу сынын жоятын.
Ерді, еңбек, от жүректі жерлейді,
Жанға аспанға өрлеуге ерік бермейді.
Еңбек езіп, соқыр....
Өлеңдер
Толық

Мағжан Жұмабаев (Дін үйреткенге)

Қармаңбай, қарап жатып бақ күтуге,
Ізденбей аласұрып, тақ күтуге,
Тағдырда, бір тақтайда жазулы деп,
Әр іске кім үйретті шақ күтуге?
Шарқ ұрып ерікке ұмтылған ұшқыр жанды,
Қайнаған тамырдағы ыстық қанды
Тұтқын ғып кім....
Өлеңдер
Толық