Махаббат - мәңгі ертегі

Балалық бал дәуреннің уақыты өтіп, жігіт болып, тебіндеп мұрт шығып, өмірдегі өзіме тиесілі тізгінімді қолыма алғалы да біраз уақыт болып қалды. Яғни, студенттік күндер артта қалып, қызметке араласып, болашақтың босағасын тұрғызуға білек сыбана кірісіп кеттім. Әйтсе де, осы қалап жатқан босағамнан кім аттайды, ол жарымды қалай жолықтырар екенмін деп ойланып жүрдім. Өтіп жатқан көп күндерімнен ешбір айырмасы жоқ – биылғы жылдың 31-ші наурыз күні Тараз қаласына жиенімнің тойына бардым.
Той басталмай барғандықтан, құда-құдағи және құдашалармен алдын ала танысып алдық. Бір топ құдалардың ішінде, талай түндер бойы көз алдыма елестетіп, тым болмаса мына өмірде сұлбасын бір көрер ме едім деп армандаған аруымды көргенде, кенет ток соққандай «селт» ете қалдым.Таяқ тастам жерде, жан-жағына жайбарақат қарап тұрған құдашаға ебін тауып жақындап барып, тіл қаттым. Таныстық. Есімі – Меруерт екен. Тым тықақтап тіл қатып, үркітіп алмайын деп қолайлы сәтті күтуге бел будым.
Кешке басталған тойдың бастапқы абыр-сабыры өтіп, орын-орнымызға жайғасқан соң, Меруерт жаққа байқатпай көз қырымды салып отырдым.Арманымдай аруым таяқ тастам жерде отырған Еркебұлан атты жігіттің өзіне көз тігіп отырғанын білместен бейқам отыра берді.

Тамада серпіліп сөйлеп, төгілтіп тост айтып, тойға келген қонақтарға рет-ретімен сөз беріп жатыр. Менің барлық есіл-дертім Меруертке ауып кеткелі қашан.Той шіркін де созылып бітпей қойды. Тойдың аяқталуын күту себебім, тойдан соң жастар оңаша кафеде қызықшылықты одан әрі жалғастыруға уағдаласқан едік. Той бітіп, жастар жағы әлгі кафеге аттандық. Жастардың ішінде Меруерт те жүр. Тойда айтылған тілектер кейде қайталанып, кейде жаңа бір қырынан тосын тілектер айтылып жатыр. Антракт жарияланып, биге кезек берілді. Тамылжыған тамаша вальс тің әуені сызыла басталғанда, әбжіл қимылдап Меруертті биге шақырдым......
Махаббат хикаялары
Толық