Махаббат - мәңгі ертегі
Балалық бал дәуреннің уақыты өтіп, жігіт болып, тебіндеп мұрт шығып, өмірдегі өзіме тиесілі тізгінімді қолыма алғалы да біраз уақыт болып қалды. Яғни, студенттік күндер артта қалып, қызметке араласып, болашақтың босағасын тұрғызуға білек сыбана кірісіп кеттім. Әйтсе де, осы қалап жатқан босағамнан кім аттайды, ол жарымды қалай жолықтырар екенмін деп ойланып жүрдім. Өтіп жатқан көп күндерімнен ешбір айырмасы жоқ – биылғы жылдың 31-ші наурыз күні Тараз қаласына жиенімнің тойына бардым.
Той басталмай барғандықтан, құда-құдағи және құдашалармен алдын ала танысып алдық. Бір топ құдалардың ішінде, талай түндер бойы көз алдыма елестетіп, тым болмаса мына өмірде сұлбасын бір көрер ме едім деп армандаған аруымды көргенде, кенет ток соққандай «селт» ете қалдым.Таяқ тастам жерде, жан-жағына жайбарақат қарап тұрған құдашаға ебін тауып жақындап барып, тіл қаттым. Таныстық. Есімі – Меруерт екен. Тым тықақтап тіл қатып, үркітіп алмайын деп қолайлы сәтті күтуге бел будым.
Кешке басталған тойдың бастапқы абыр-сабыры өтіп, орын-орнымызға жайғасқан соң, Меруерт жаққа байқатпай көз қырымды салып отырдым.Арманымдай аруым таяқ тастам жерде отырған Еркебұлан атты жігіттің өзіне көз тігіп отырғанын білместен бейқам отыра берді.
Тамада серпіліп сөйлеп, төгілтіп тост айтып, тойға келген қонақтарға рет-ретімен сөз беріп жатыр. Менің барлық есіл-дертім Меруертке ауып кеткелі қашан.Той шіркін де созылып бітпей қойды. Тойдың аяқталуын күту себебім, тойдан соң жастар оңаша кафеде қызықшылықты одан әрі жалғастыруға уағдаласқан едік. Той бітіп, жастар жағы әлгі кафеге аттандық. Жастардың ішінде Меруерт те жүр. Тойда айтылған тілектер кейде қайталанып, кейде жаңа бір қырынан тосын тілектер айтылып жатыр. Антракт жарияланып, биге кезек берілді. Тамылжыған тамаша вальс тің әуені сызыла басталғанда, әбжіл қимылдап Меруертті биге шақырдым. Жып-жылы, алақанға жұмсақ тиген қына белін еппен құшақтап, әйтеуір тіл қаттық-ау бір-бірімізге. Әншейінде ұзақ ойнайтын вальс дұрыстап сөйлесіп үлгермей жатып аяқталып қалды. Асықтырып жатқан уақыт па, әлде уақытты асықтырып жатқан мен бе біліп болар емес. Вальстен соң Меруерт екеуіміз сыртқа шығып, оңаша сырластық.
Алматыға оралған соң да, қатынасымызды үзбей, кездесіп, әңгіме-дүкен құрып тұруға уәделестік. Міне, содан бері алты ай өтіп, сары күз де келіп қалыпты. Қызмет барысы қанша қауырт болса да, уақыт тауып, Меруерт екеуіміз біраз кештерді көңілді, қызықты әңгімелермен өткердік. Әйтсе де кейбір кездескен сәттері не айтарымды білмей, үнсіз отыратын едім. Сол әсер етті ме қайдам, Меруерт екеуіміз недәуір уақыт кездеспей кеттік. Бұл бір жағынан екеуіміздің арамыздағы сезімге сын да болды.
Несін жасырайын, ішім уілдеп Меруертті қатты сағынып жүрдім. Содан бір күні бар тірлікті жинастырып қойып ешбір ескертпестен, оқыстан оның жұмыс орнына бардым. Мені көргенде Меруерт те таң қалып, біраз тұрып қалды. Тек сәлден соң ғана: «менің мұнда жұмыс істейтінімді қайдан білдің?» деп аңтарыла сұрады. Мен де күлімдеп: «іздеген табады Меруерт қыз» деп сыр аша қоймадым. Бір кезде ол бұртиып: «сен не, мені аңдыдың ба?» деді. Іс насырға шапқалы тұрғанын байқай қойып: «қой құдай сақтасын, сені аңдып нем бар, жұмыс орныңның мекен жайын мамаң берді» деп мән-жайды түсіндірдім.
Ана, аналар – әлемдегі ең ардақты есім екені даусыз! Кім біледі, бірте-бірте үзілгелі тұрған қатынасымызды қайта жалғастырып жіберген ананың ақ тілегі екенін де қазір ұғынып жүрмін. Айтар алғысым да шексіз...
Сол күннен бастап, Меруерт екеуіміздің қарым-қатынасымыз мүлде жаңа арнаға түсіп, сезімдеріміз ескі сүрлеуді артқа тастады. Екеуіміздің арамыздағы маздаған махаббат оты одан әрі лаулап жануын бір Жаратқаннан өтіне сұраймын. Алдағы күндерден тек жақсылықты үміт етемін.Әркімге өз сүйгені сұлу дейді. Сөйтсе де мен өзімнің Меруертімді Абайдың мына өлеңіндегі қыздың кейпіне теңеймін:
Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,
Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.
Жеңешке қара қасы сызып қойған,
Бір жаңа ұқсатамын туған айды.
Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын,
Ақша жүз, ал-қызыл бет тіл байлайды.
Аузын ашса, көрінер кірсіз тісі,
Сықылды қолмен тізген, іш қайнайды...
«Махаббат – мәңгі ертегі, көңілдің күйін шертеді» деп қалай дәл айтылған десеңші. Сүйген аруыңмен ортақ тіл тауып, бүкіл ойларың түйісіп жатқан кезде, ісіңе береке де кіреді екен. Қазіргі кезде оның жымиып күлгені,көзін төңкере қарағаны, сыңғырлай сөйлеген сөздері мені үлкен бақытқа бөлейді. Ия, бір Аллам, ғұмырымызды ұзағынан сүйіндіре көр! – деп іштей тілеймін. Менің өміріме мәңгілік жарық, жылу мен қуат беріп тұрған күн-айым Меруертім аман бол! Мен сені өзімдегі барлық ыстық сезіммен сүйемін!

Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: махаббат хикаясы Махаббат - мәңгі ертегі туралы казакша история любви на казахском, история любви Махаббат - манги ертеги на казахском языке махаббат хикая скачать бесплатно, қызықты махаббат хикаялары жинағы оқу, интересные история любви на казахском языке, Махаббат - мәңгі ертегі