8 наурыз кезіндегі қызықты оқиғалар жетіп артылады. Соның бірі, балалық шақтағы, мектептегі алғаусыз ақкөңілмен, еркелікпен болған сәттер. Мектепте оқып жүргенде менің Айдар деген досым болатын. Адам баласымен араласпай жүретін сол жігіт менімен ғана сөйлесуші еді. Күлдірем деп жылатып, жылатам деп күлдіріп алатын сәттері көп болатын...
...Айдар азаннан бері алаңсыз күйде. Себеп – бүгін 8 наурыз. Қайтерін білмей әбден басы қатып жүр. Оның үстіне кейінгі кездегі өз басының кей жағдайлары біраз әуреге түсірген. Солармен арпалыса жүріп, мерекенің де келгенін байқамапты. Әрі-сәрі сенделген күйде жүріп, кешті батырды. Түн. Қара түнек көмкерген аспанда әр жер-әр жерден екі-үш қана жұлдыздың жылт еткені болмаса, ай сәулесінің жұлдыз құрлы да жарқылы көрінбейді. Айнала да меңіреу күйде. 60-70 шақты тамы бар әжептәуір ауыл болғанымен де бүгінгі мерекеден ешбір тіршілік байқалмайды. Айдар Алмажанмен күндегі кездесу орнында жүздеспек боп келіскен. Ілбіп-басып сол орынға қарай аяңдап келеді. Әдеттегідей Алмажан оны тосып тұр екен......
О махаббат махаббат....... мен хикаямды бастасам мен мектеп те оқып жүргенде агент арқылы Амантай деген бала мен танысып,араласып,телефонымды алып хабарласып жүрдік.Араласып жүргенімізге біраз уақыт та өтті содан ол мені кездесуге шақырды,екеуміз кездестік. Астанада жастар алаңында қантар айының 21 жұлдызында....... 21 қаңтар бұл күн әрдайым есімде.... Бәрі де осы күннен басталды... Бір көргеннен ұнаттым. Суретке түстік, сол сурет әлі де бар менде.Содан мен үйімме кеттім... бәрі тамаша болды, әр күн сайын ғашық бола бастадым. Даусын естісем болды... ол маған жүрейік деді мен келістім... Осылай бәрі тамаша болды... кездесу,жылы сөздер бәрі тамаша осылай бақытты күндер өткізгенімізге 1 жыл болды... содан кейін арамыз суыта бастады, екеуміз жүрмейтін болдық... Мен оны шын сүйдім, бұлай бәрі бітеді деп ойламадым ех ех.Екеуміз айрылдық араласпадық... мен оқу бітірдім оқуға түстім.. әрдайым онын мирына кіріп жүрдім. Бір күні Дана деген қыз бен жүріп жүргенін білдім.........
9-сыныпта оқып жүрген кезім. Өзімнен 8 жас үлкен әпкемнің сыныптасы Е. мектепке музыка сабағынан мұғалім болып орналасты. Менен 9 жас үлкендігі болса да, жақсы араласып тұрдық. Арада тек таныстық сыйластық қана болатын. Осылайша жиі араласып жүріп арада сезім пайда болды. Мектеп қабырғасында жігітпен кездеспеймін деген өз қағидамнан аса алмай жүрдім. Жариялы түрде қыз бен жігіт болып кездеспесек те, екеуміздің бір-бірімізді ұнататынымыз көзімізден көрінетін. Бұл ара қатынасымыз бір күні Еріктің анасы,менің сынып жетекшіме де белгілі б олды. Өзімнен сұрай келген мұғаліміме араласатынымыздың рас екенін айтсам да, ағайымды ұнататынымды жасырып қалдым. Уақыт өтіп мен 11 сыныпта оқып жүрдім. Е-мен 3 жылдың көлемінде тек дос ретінде араласып келдім. Бірақ іштей қатты ғашық болатынмын.Оқта-текте кездесіп, сырласып тұратынбыз. Оқу жылы аяқталар тұста екеуміз бір-бірімізге сезімімізді білдіріп, сөз байластық. ҰБТ өтті. Мен аттестатымды қолыма алып, ЖОО-ға кеттім. Студент атанып, бірінші курста жүргенде жиі хабарласып тұратынбыз. Екінші курсқа өткен кезімде телефон арқылы хабар алмасудың азайғанын байқадым. Бұрынғыша ертерек оқуыңды аяқтасаң, екеуміз бір отбасын құрсақ деп армандап айтылатын әңгіме де азайды. Мүмкін жұмысын ауыстырған соң, қолы тимейтін шығар деп ойлайтынмын. Алайда бәрі бекер болып шықты. Қысқы демалыс кезі.Жамбыл облысында уақытша жағдайлармен тұрып жатқанбыз. 13 қаңтар ескі жаңа жыл болатын. Телефон шылдыраған соң, құттықтап хабарласқан туыстар шығар деп тұтқаны алдым. Еріктің дауысы... Қуанышымда шек жоқ. Жағдай сұрасып, мерекемен құттықтап жатырмын. Бір кезде тұтқаның арғы жағынан той әуендерінің дыбысы естілді. Сұрағанымда бір досының тойында екенін айтты.Жылы қоштасып, тұтқаны қойдық......
Бүлдіршіндей мөлдіреген жас қыз қос жанары мөлтеңдеп жігіт ағасы болып, әбден толысқан ердің қасында отыр. Ол жігітке: «Мен сені шын жүрегіммен сүйемін, сенімен бірге болсам ғана болғаны, қазір мен сені есімнен адаса сүйіп қалдым» деді.
Қарсысында отырған ересек ердің көздері ұзаққа қадалды. Өңінен көптеген ой ұшқындары жылт етіп қалады. Ол енді ғана 20 жасқа толған, өзінен 15 жас кіші жас қызға қарап ұзақ отырды. Терең тыныс алды да: «Сен осыншама сұлу, жассың, сенің айналаңда соңыңнан түсіп жүрген өзіңе лайық жас жігіттер өте көп қой. Қалайша менi мұнша сүйіп қалдың?» деп сұрады.
Қыз қос жанарын жігітке қадап, терең сүйіспеншілікпен: «Өйткені, олар жас, келбетті, мені қаншалық жақсы көргендерімен, сіз сияқты әр істе салмақты, әр істе нәтижелі, терең ойлы, қолынан үлкен істер келетін адамдар емес, нәтижесі шыққан бір істері, қызметтері де жоқ. Еш жұмыстың жөнін білмейтін бауырымды ертіп жүргендей боламын. Мен сіздің нағыз еркекке тән жан-жақты мінезіңізді, қолыңыздан көптеген жұмыстарды атқару келетінін, өмірге деген көзқарасыңызды, құн көзқарасыңызды, қысқасы мен кішкентай ұл бала емес, қайта сіз сияқты ересек, нағыз ерлерді сүйемін» деді мейірлене жымыңдап......
Университетте өзін мойындату үшін бойындағы талантын, жігері мен білімін аяған емес. Сосын өзі басқарып отырған тобындағы басқа қыздар сияқты ешқашан көз жасына ерік беріп, сәл нәрсеге жас шығара бермейді. Осы табандылығы – марқұм анасынан дарыған сияқты. Мына өмірдің «жылағанды жұбатуға емес, жұдырықтауға құмар» екенін ерте түсінген балғын қыз – өз достарын қашан да сабырға, күресуге шақырудан тайған емес. Ақкөңіл, мінезі жеңіл, ақ жарқын қыз. Дегенмен тереңнен ойлайтын, өзгелерге қашан да қамқор, адал жан. Өзіне рухани жақын, бір-бірін жақсы түсінетін досы Нұржанмен таныстығы да қызық басталған болатын. Университетке жазғы маусымда құжат тапсыру науқанымен, қалаға келген беті еді. Вокзалда теріс қарап сыныптасы Бауыржан тұр. Құлағына тосқан телефоннан тіпті қолы тиер емес. Ауылда асыр-салып, алыса кететін мінезімен Гүлзат Бауыржанның арқасына жүгіріп кеп мініп алып еді! Мұны күтпеген жігіт қызбен қоса жерге құлаған. Орнынан тұрғанда Гүлзаттың байқағаны – мына жігіт қалқан құлақ Бауыржан емес, мүлдем бөтен жігіт екен. Дегенмен түрлері нде ұқсастық бар. Сыртынан қарасаң құлақтары айнымайды екен... Ұялып екі беті алаулап кетті... Таныстығы осылай қызық басталған екеуінің арасы кейін үлкен достыққа...дұрысы, берік махаббатқа ұласты. Гүлзат осылай ойлайтын... Бірақ оның мына қабағында болар-болмас мұңның табы байқалады. Жаңағы құлағына жеткен жаңалық – бүкіл өмірін көз алдына алып келді. Өмірінде дәл бүгінгідей денесі түршікпеген шығар-ау. Тек туған анасының қайтыс болғанын естігенде ептеп жүрегі шымырлап, тұла-бойын осылай діріл жайлаған болатын. Өзінің жалғандағы жалғыз сенімді серігі санаған Нұржаны – Қаламқаспен жарасып, бүгінгі кешке сол қызбен баратынын естігенде, қызғаныштан жанын қоярға жер таппаған. Нұржанның бүгінгі қылығы – Гүлзатты өмірінде болмаған, байқалмаған сезімге т үсірді. Күні-бойы оқу ғимаратында бұған ләм деп тіл қатпақ түгілі, мойын бұрып та қараған жоқ. Құрбысынан естігені мынау. Дегенмен бұл қызғанышын ішіне түйіп, кешке болатын мерекеге өз тобындағы ең момын бала Ерқанатты ертіп бармақ болды. Бірақ сұр жемпірін үстінен тастамайтын бұл жігітпен бірге бару... Әй, тәуекел!.....
Сүйем десем сенесің бе, маған қарай келесің бе? Сол жолдарда тұнып тұрған кедергімді жеңесің бе? Қайғыларым толы болса бұл өмірде мен үшін, Жаным мені сонда да еш себепсіз сүйесің бе?
Сағынам десем сенесің бе, маған жауап бересің бе? Сені алып тау шыңына шығып.....
Мен онымен сол тойда таныстым. Ол той - мен жақсы көрген жігіттің үйлену тойы болатын. Жақсы көрген жігіттің тойына шын бақыт тілей барып, өз тағдырымды кездестіремін деп ойламаған едім... Бір қызығы, сол тойда екеуміз бір-бірімізді көрмеппіз. Әбден қайтатын кезде ғана таныстық. Менің телефон номерімді сұрастырып тауып алыпты, екеуміз басында 2 айға жуық жай ғана сөйлестік. Қатты ұнайды деп айта алмаймын, жай бір тартымдылық қана бар. Жауып қойған жүрегімді қайтадан аша алам ба, білмеймін. Өйткені мені жігіттік қылық жасап, таң қалдырған жігіттер болмапты. Мен жігіттерден «ірілікті» күтемін. Артық айтсам Құдайым кешіре....