Қазақ батырлары

Біз солдаттың немересіміз,
Кеш келдік мына жарқын қоғамға,
Жүрілмеген жатыр қанша жол алда.
Біз көбіміз атамызды білмейміз,
Біздер жайлы түк білмейді олар да.
Иә, біз соғысты көрген жоқпыз. Соғыстың қасіреті мен қайғысын, жау зеңбірегінің жарылысы мен сол зеңбіректен жасырынған балалардың үрейлі жанарын, жаралы жауынгердің азабы мен жауған оқтың астынан жаралы әскерді алып шықпақ болып, дәрмені жетпей шарасыздықтан жылаған бүлдіршін қыздың жан қиналысын да көрген жоқпыз.
Қан майданның қақ ортасында болған аталарымыз бен апаларымыздың даңқын, ерлік істерін біздер тек тарихи кітаптар мен көркем туындылардан ғана білеміз. Қанды қырғынның ортасында жүргенде қалай ерлік жасасам екен деп ешкім де ойламайды. Адам ерлікті атын шығару үшін емес, жүрек қалауымен, адал сезіммен істейді. Соғыс кезінде ата –бабаларымыз бен аналарымыз атақ, даңқ үшін емес, елін, жерін, туғандарын қорғап, жанындағы жолдастарына қорған болуды ғана ойлады. Өзінің емес, өзгенің бақытын, өзгелердің амандығы үшін күресті. Сонда ғана жеңіске жетіп, жеңілмеудің жолын таба білді........
Шығармалар
Толық

Әлемдік дағдарыс

Мазмұны
1. «Ұлы Отан соғысы» ұғымы
2. Ұлы Отан соғысының тарихы
3. Ұлы Отан соғысына 71 жыл
4. Қорытынды
1.«Ұлы Отан соғысы» ұғымы
«Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. «Ұлы Отан соғысы» сөз тіркесі көптеген басқа тілдерде де қолданылады (орыс. Вели́кая Оте́чественная война́, ағылш. Great Patriotic War, нем. Großer Vaterländischer Krieg), кейбір авторлар «Екінші Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы» деген сөз тіркесін қолданады (бұл Германия қолданған «шығыс майдан» деген ұғымға жақын).
2.Ұлы Отан соғысының тарихы
Биыл Ұлы Жеңіске 71 жыл. 9 мамыр - Жеңіс күнінің қарсаңында Ұлы Отан соғысының тарихына шолу жасайық.
30-жылдардағы әлемдік дағдарыс көптеген мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және халықаралық қатынастарын шиеленістірді. Бұл жағдай әлемдік билікке талпынған күштердің пайда болуына жол ашты. Осындай күштердің ішіндегі ең қауіптісі – Германияда орнаған фашистік тәртіп болды. Батыс мемлекеттері тарапынан ұйымдасқан қарсылықтың болмауы фашистік агрессияның күшеюіне жол ашты......
Шығармалар
Толық

Отты жылдарды ұмытпайық

Дүниені дүр сілкінтіп, бейбіт жатқан дархан даланы от шарпытқан, ана мен баланы зар жылатып, өксігімен ел тұншықтырған, арлан азаматтарды туған ел топырағынан айырып, бөгде елде жер құштырған Ұлы Отан соғысының залалы әлі де жадымыздан өшкен емес. Бірімізге әке болатын, енді бірімізге ата болатын абзал аталар әлі күнге отты жылдарды күңірене еске алады, түсінде көріп жанталасады. Бірі майданда болып, қыршыннан қиылып жатқан бауырлардың қан жоса болғанын, бомбаның жарылысына тап болып күлінің көкке ұшқанын көріп көз жасын бұлайды. Енді біреулері бұғанағы қатпаған бала бола тұра аналар мен қарттар қатарында тылда еңбек етіп, бауырлар мен ел ағаларының аман- есен оралуына тілектес болды. Әлбетте, қазіргі жас ұрпақ бейбіт заманда өмір сүріп жатырмыз. Қазіргі тәуелсіз бақытты заман бірден орнай салмағанын біріміз біліп, біріміз білмей жатамыз. Отты жылдардың естеліктерінен сыр шерткен ата-әжелеріміз бен ата-аналарымыздың әңгімесі, болмаса қан майданда хатталып жазылған көне сары қағаздар мен кітаптар ғана бәз біреулерге ой салып, санасын қозғайды. Бұған құлақ асып, қайсар батырлардың жолын жалғауға уәде ететіндер, өздерінің ел қорғаны бола алатынына кәміл сенетін құрдастар мен замандастар қаншалықты көп екен деп ойланамын. Менің анамның айтуы бойынша, оның нағашы атасы үш ағайынды болған. Олардың ең кішісі 17 жасар бозбала еді. Осы бір үйден кеткен үш азаматтың бірі де қан майданнан оралмады. Бір атаның ұрпағы түгелімен соғыстың құрбанына айналады. Ал өз жұрағаты бойынша, анамның әкесінің әкесі үш ағайындының бірі болып, соғысқа аттанады, бейтаныс елді мекеннен мәңгілік орын табады. Өзге аталар да хабар-ошарсыз кетіп, оралмайды. Елде еңіреп қалған анамның әкесінің анасы сол уақыттағы ашаршылық пен дерттің салдарынан көз жұмады. Бұл бір ғана менің атаәжелерімнің басында болған қасіреттің бөлігі десек, тұтас қазақ елінің қайғысының қаншалықты қалың болғанын елестетудің өзі өте ауыр емес пе? .....
Шығармалар
Толық

Арыс – батырлар елі

Болса егер менің саған керегім,
Күндерімді,түндерімді,
Ой толқынын, сыр толқынын
Саған ғана беремін!- деп Бауыржан атамыз от-жалын кешіп жүріп айтқан сөзі, ерлікті, елдікті, отансүйгіштікті насихаттайды. Менде өзімнің батырлар қаласы атанған Арыс қаласынан алты бірдей Кеңес одағының батырлары- Бейсен Оңтаевтың, Берген Исахановтың, Садық Исмаиловтың, Нағи Ілиясовтің, Ережепбай Молдабаевтың шыққандығын мақтанышпен жеткіземін. Бүгінде Арыс ауданында көзі тірі сегіз ардагерлеріміз бар. Отан алдындағы борышын сақтап, қанды қырғын соғысты тұншықтырып ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс айтамыз. Бұл жеңістің келе жатқан 71 жылдығы бәріміз үшін айтулы мереке. Бұл мереке әр кезде де батылдық пен сүйіспеншілікпен адалдықтың өлшемі. Ұлы Жеңіс күні-тек соғыс ардагерлерінің ғана емес,барша Қазақстандықтардың айрықша мерекесі. Бұл сұрапыл соғыста жанқиярлықпен ерлік жасаған, елі үшін жанын құрбан еткен бабалар рухына тағзым етудің қиян-кескі ұрыстан аман келген ата әжелерді құрметтеудің нағыз үлесі көрсетілетін күн. Ұлы Жеңіске жеткенімізге қаншама жылдар өтсе де, біз әлі күнге дейін Отан соғысы майданында қаза тапқандарды еске алып, олардың алдында басымызды иеміз.Осы батырларымыздың ерліктері біздің жүрегімізде мәңгі сақталады және фашизмді жеңген батырлардың өшпес даңқы да мәңгі жарқырап тұрады. ......
Шығармалар
Толық

Есімізде сақтаймыз мақтанамыз!

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш, адамзат тарихындағы ең ірі жанжал, ең ірі шиеленіс! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін, жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол бір сұрапыл қасіретті кезеңдерге көз жүгіртсек. 1941 жылғы 22 маусым - тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Жетпіс жыл бұрын осы күні Ұлы Отан соғысы басталды.
Бұл сұм соғыс - тарихтың таңбалы тұсындағы ерліктің ерен шежіресі. Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық-шекарашылар болды. Олар көптеген қиындықты бастарынан өткізді.Сол кездері біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен еді. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды. Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасқан. Кеңес Одағы Батырларының қатарында шығыстың қос шынары – мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі - қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан.
Солардың бірі - Қасым Қайсенов.......
Шығармалар
Толық

Қазақстандықтардың ерлігі

Менің тамырымда қазақтың қаны, жүрегімде қазақтың сезімі, санамда қазақтың ойы сайрап жатыр.
Менің ата –бабам сахара даланың төсінде өсіп, саф ауасымен тыныстанған, қыран құстай еркін , тұлпардай жүйріктігімен танымал, ерлігі дастандарда жырланып, батырлары еліне қамқор болған . Осындай батырлық пен ержүректілікті Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік жасаған ата – бабаларымыз-дан да көреміз.
Соңғы деректерге қарасақ, Ұлы Отан соғысы жылдарында кеңестік республикалардан 27 миллионнан астам адам фашизмнің құрбаны болыпты. Бұл дегеніміз 27 миллион адамның арманы талқандалып, үмітін үсік шалды деген сөз емес пе? Осы миллиондаған халықтың ішінде 410 мыңдай қазақтың шығыны туралы ғана мәлімет берілген . Бірақ мұнда республикадан тыс жерлерден майданға аттанған қазақтар, еңбек армиясынан оралмай қалғандар, майданда алған жарақаттан қаза тапқандар туралы анықтама берілмеген. Қуғын –сүргіннен аман қалған қазақ зиялыларының майданға аттанып мерт болғандары туралы да нақты деректер жоқ. Бұлардың арасында Отанына адал қызмет етіп, елін, туған жерін көркейтуге үлес қосатын нағыз ғалым, ақын-жазушы, өнер адамдары мен қоғам қайраткерлері, жаңашыл жастардың мезгілсіз мерт болғанын білгенде өзегіңді өрт өртейді. Тыныш жатқан бейбіт елдің мазасын алып , шырқын бұзған, өздерін басқалардан жоғары санаған, менменшіл, қанжүрек фашизмге лағнет айтқың келеді.......
Шығармалар
Толық

Ата даңқы – ұрпаққа үлгі

Осыдан 71 жыл бұрын адамзат тарихында ең ауыр және қанды соғыстың соңғы оқтары атылды. Содан бері 1945 жылдың тоғызыншы мамыр жұртшылық жадында біздің халқымыздың ерлік үлгісі, мұқалмас қажырлығы мен мызғымастығының символы болып келеді. Отан қорғаушылар жасаған ерліктер мәңгілік және уақыт ағысымен жоғалып кетпейді.
1. Фашистік саясат
Адамзат баласының тарихында екінші Дүниежүзілік соғыс соңды болып көрмеген қантөгіс қырғын соғыстардың біріне жатады. Германия мемлекетінде 1933 жылы билікте Адольф Гитлер келеді. Содан бері онда фашистік саясат өзіне бағындырамын деді. Мемлекетте әскерін экономика дами бастады. Мыңдаған танкілер, зембіректер шығарылды. Соғысқа 61 мемлекет қатысып, соғыс қырықтан астам елдеріен жер аймағында жүргізілді. 1939 жылы фашистік Германания Польша Мемлекетіне шабуыл жасады. Одан кейін Чехословакия мемлекеттін жаулап алды. Сол кезден Дүниежүзілік соғыс басталды деп саналды. Қалаларына бомбалар лақтырып, оларды қиратып тастады. Еуропа мемлекеттерінің халқын концентрациондық лагерьлерге жинады, ауыр жұмыстарға жұмсады, көнбегендерді өлтірді.Фашистер, адамзат,бұрын көрмеген, қаталдық көрсетіп, көптеген поляктарды, чехтерді, венгрлерді, француздарды, испандықтарды және тағв басқаларды, жазалап, өмірлеріне қауіп туғызды. Еуропаны билеп, Африка, Азия елдерін жаулап алды. Халықтарын өзіне бағындырды.
2. Отан соғысы ......
Шығармалар
Толық

Соғыс жаңғырығы

Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?!
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
Әбу Сәрсенбаев
Соғыс жаңғырығы жылдан - жылға алыстап барады... Ол туралы үлкендерден, көнекөз қариялардан естіп жүреміз. Кинолардан, деректі фильмдерден көреміз. Бұл соғыс кезінде әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанып, Отан анасын қорғауға атсалысты. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды. Жеңіс бізге миллиондаған адамдардың төгілген қанымен келді. Соғыс салған қасірет әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кетті. Ұлы Отан соғысы тарихы туралы қаншама шығарма жазылып, қаншама кино түсіріліп жатса да оның тарихына еш уақытта нүкте қою мүмкін емес. Ерлікпен шайқасып лайықты бағасын алғандар да бар. Кезінде аты аталмай қалса да қазір санамызға қайта оралып, жатқан тұлғалар аз емес.Адам өткенін жақсы білмей, болашаққа нық қадам баса алмайды. Ұлы Жеңіске биыл 71 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9-мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты......
Шығармалар
Толық

Ұрпақ келешегі

«Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» - дегендей біздің ата-ағаларымыз, апа-әпкелеріміз, біздің өміріміз, бақытты келешегіміз үшін отқа төселіп, қиындыққа төзіп, бізге осында өмір әперді.
1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат төрт шамасында фашистік Германия әскері КСРО-ның батыс аумағына баса-көктеп кірді. Ең алдымен жаудың шабуылына ұшырағандар батыс шекарашылар болды.
Соғыс ! Қандай суық сөз бұл! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат мерт болды, қанша бала әкесісінен, қанша бала анасынан айрылды .Өмірден мән кетіп , сұрықсыз бір дүниеге айналды .
Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып , жүздеген қала мен елді мекендерді тып – типыл етті. Сөйтіп соғыс әр үйге , әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Сол күні кеңес үкіметі халықты Отан қорғауға шақырды. Майдан даласына қаншама қазақ азаматтары да белін буып өз ұрпағының келешегі үшін аттанды.
Сол күндері ата бабаларымыз бізге жемістің дәмін татқызу үшін жан аямай шайқасты. Сол жылы аталарымыз, апаларымыз, әпкелеріміз, ағаларымыз біз үшін күреспнгенде біз осылай отырар медік деген ой біздің ойымызға көп келеді. Батыс шекарада алғашқы соққыны күтіп алған сарбаздар ішінде отандастарымыз да болған. ......
Шығармалар
Толық

Жауға қарсы шайқасқан ардагерлер

1941 жылы 22 маусымда Фашистік Германия соғыс жарияламастан, жасалған келісімді бұзып КСРО аумағына басып кірді. Фашистер Кеңес адамдарын қырып-жоюды бастады. Ал Кеңес адамдарының патриоттық сезімдері бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Ұлы Отан соғысы кезіндегі біздің жерлесіміз-атақты қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлының батырлығы ешқашан ұмытылмас. Ыстық-суық майданның, оқ пен оттың қақ ортасында қан кешіп, қар жамылып, өліммен күнде бетпе-бет келіп жүрген қазақ қолбасшысының ерлігі, тапқырлығы мен талапшылдығы, жауапкершілік сезімі әрқашан да ел есінде.
Жауға қарсы шайқастарда алдыңғы қатарда жүрген қазақтың екі қызымерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова. Алматы медицина институтының студенті Мәншүк Мәметова:«Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін»,- деп әскери комитетке өтініш берген. Фашистік баскесерлердің ордалы ұясы- Рейхстагқа шабуыл жасап, Жеңіс Туын тіккендер арасында болған қазақстандық Рақымжан Қошқарбаев орденмен марапатталды. Жаудың ішінде партизандарды басқарған Қасым Қайсеновтың жасағы дұшпанның көптеген санын жойды. Қ.Қайсенов мемлекетіміздің ең жоғарғы «Халық Қаһарманы» атағымен қоса Алтын Жұлдызбен марапатталды........
Шығармалар
Толық