Арыс – батырлар елі

 Арыс – батырлар елі

Жұмахан Шынар
10- сынып оқушысы, Қазақ ұлттық өнер университеті Астана қаласы
Жетекшісі: Тілеген Айгүл Балтабайқызы

Болса егер менің саған керегім,
Күндерімді,түндерімді,
Ой толқынын, сыр толқынын
Саған ғана беремін!- деп Бауыржан атамыз от-жалын кешіп жүріп айтқан сөзі, ерлікті, елдікті, отансүйгіштікті насихаттайды. Менде өзімнің батырлар қаласы атанған Арыс қаласынан алты бірдей Кеңес одағының батырлары- Бейсен Оңтаевтың, Берген Исахановтың, Садық Исмаиловтың, Нағи Ілиясовтің, Ережепбай Молдабаевтың шыққандығын мақтанышпен жеткіземін. Бүгінде Арыс ауданында көзі тірі сегіз ардагерлеріміз бар. Отан алдындағы борышын сақтап, қанды қырғын соғысты тұншықтырып ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс айтамыз. Бұл жеңістің келе жатқан 71 жылдығы бәріміз үшін айтулы мереке. Бұл мереке әр кезде де батылдық пен сүйіспеншілікпен адалдықтың өлшемі. Ұлы Жеңіс күні-тек соғыс ардагерлерінің ғана емес,барша Қазақстандықтардың айрықша мерекесі. Бұл сұрапыл соғыста жанқиярлықпен ерлік жасаған, елі үшін жанын құрбан еткен бабалар рухына тағзым етудің қиян-кескі ұрыстан аман келген ата әжелерді құрметтеудің нағыз үлесі көрсетілетін күн. Ұлы Жеңіске жеткенімізге қаншама жылдар өтсе де, біз әлі күнге дейін Отан соғысы майданында қаза тапқандарды еске алып, олардың алдында басымызды иеміз.Осы батырларымыздың ерліктері біздің жүрегімізде мәңгі сақталады және фашизмді жеңген батырлардың өшпес даңқы да мәңгі жарқырап тұрады. «НАМЫС- азаматтың алтын туы»-деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтып кеткендей,біз яғни осы XXI ғасырдың жалынды жастары ұлы жеңістің оңайлықпен келмегендігін бойымызға патриоттық сезім арқылы жинауымыз керек. Жау қаhарынан қаймықпай ерлік көрсетіп елін, жерін қорғау дегеннің біз секілді нағыз ұрпақтың бойымызға сіңірудегі еңбектері орасан зор деп санаймын.Елі мен жерінің игілігі үшін басын оққа тіккен азаматтарды Отанға деген сүйіспеншіліктері жеңіс тұғырына жеткізгендігі ардагерлеріміздің арқасында екендігі белгілі. Бүкіл адамзаттың бейбіт өмір сүруі мен әлемнің тұтастығын қорғаудағы еліміздің тәуелсіздігі мен еркіндігі жолындағы ерліктерін қайтпас қаhармандығын мақтан тұтып, болашақ ұрпақ тыныштығы үшін жасаған ерліктеріне басымды иемін.
Бүгінде мен өзімнің туып өскен жерім Арыс өлкесінен шыққан сұрапыл соғыста жан аямай соғысқан батырлары мен ардагерлері туралы сөз етпекпін. «Ерлік- елге мұра» демекші менде осы ата-бабаларымыздың ерліктерінің құрметіне, еліме үлгі болатындай іс атқаратын боламын. Батырларымыз бен ардагерлеріміз тәу еткен елде бақытты балалақ балғын шағым өтіп жатыр.
Киелі Арыс, алтын сенің ошағың,
Алты бірдей арыстан ұл өсірдің.
Алты ұлың алды батыр атағын,
Даңқа бөлеп туған жерін Отанын.
Бейсен,Нағи,Садық, Берген,Ережеп,
Иван,Журба Алты арыстан керемет.
Өжеттіктің, батылдықтың үлгісін,
Алтынмен жазған шегелеп.
Арыста тұр батырлардың алаңы,
Мақтаныштан жүректе от жанады.
Сол алаңда ерлігі тұр елімнің,
Даңқа бөлеп туған елді, қаланы... деп ақын ағамыз Мыңжасар Дәрменов өзінің өлең жолдарын арнаған болса, мен сол топырақтың жас буыны ретінде, орасан зор үлес қосқан Арыс қаласының батырлары мен ардагерлері туралы мақтанышпен айта аламын. Арыс өлкесінде орналасқан Батырлар алаңына келіп, аталар рухына деген тағзымымды қағаз бетіне түсірдім. Жалпы бұл Батырлар алаңы- барша халықпен жастарды өзінің патриоттық сезімімен баурайды.Мен сол Арыс өлкесінде мектеп кезінде оқып жүргенімде батырлар алаңының орны мен үшін бір бөлек сезілетін.Себебі,әр барған сайын қатарымен орналасқан батырлар ескерткіштеріне қарап, басқаша бір сезімде боламын. Жаңағы айтып кеткендей бұл батырлар алаңының ешқашан өшпейтіндей өзінің бір құдыреті бар деп сенемін.Болашақта тек сеніп қана қоймаймын, әрдайым осы Арыс қаласының батырлары мен жанқиярлық қанды төгіс соғыста елім, жерім деп соғысқан Ұлы Отан соғыс ардагерлерін мақтанышпен айтып жүремін. Әзірге көзі тірі сегіз ардагерлерімізге ел-жұрт үлкен құрметпен қарап, үкімет тарапынан көптеген көмектер де көрсетіліп жатыр.Қазіргі таңда Арыс қаласының халқы мен жалынды жастары батырлар алаңы арқылы батырларымызбен ардагерлерімізге тек құрметпен ғана қарап қоймай, өзінің қолдарынан келгенше көмектерін аямайды.Осы жылғы қысқы демалысымда, алтын бесігім Арысыма барған кезде, батырлар алаңының қазіргі жаңарған түрін көріп, қуанышымды қағаз бетіне түсірдім.
Жалпы бідің парызымыз- сұрапыл соғыстағы Жеңістің бізге қалай келгендігін ұғыну,қаза тапқандарды қадір тұтып,арамызда жүрген ардагерлерге ұдайы қамқорлық көрсету. Бүгінгі жас буын, яғни біздер, Жеңіс жауынгерлері алдында мәңгілік қарыздармыз. Ең бастысы, осы ардагерлерімізге деген құрметіміз ешқашан өшпей және де сол кісілердің мына қазіргі біздің тәуелсіз өмір сүріп жатқанымызға әсері бар екенін ұғыну,ешқашанда ол кісілерді тек тоғызыншы немесе жетінші мамыр күндері ғана емес, әрдайым жадымыздың бір бөлшегінде сақтап ,бұл күнге де оңайлықпен жетпегендігіміз туралы естен шығармау.Былтырғы ұлы жеңістің 70 жылдығы елбасымыздың тарихымызды ұлықтау, бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы ретінде атап өткізілген болатын. Ендігі мақсатымыз осы алда келе жатқан жеңістің 71 жылдығын да өте биік деңгейде, аса құрметпен өткізілсе ардагерлеріміз үшін, біз үшін де естен кетпейтіндей бір күн болар еді.Соғыс салған зардап әлі күнге дейін ұмытылған жок.Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмтылмайды.Өйткені, ерлік шежіресі біз секілді ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге боларлық сабақ.Соғыста біздің ата-әжелеріміз ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың өршіл рухын, батырлығын әлемге паш етті.Қазақ ұлты ұландарының антқа адалдығын көрсетті. Ер есімі- ел есінде мәңгі сақталады. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес.Тәуелсіз Қазақстан елі өз боздақтарын қастерлеп, қасиеттейді. Біз де өз аталарымыз бен әжелерімізді мақтан тұтамыз өйткені, олар біз үшін Отан үшін қасық қандары қалғанша күресіп, бізге жеңіс сыйлады. Бұл жеңістің басты себебі әрине халқымыздың отанға деген сүйіспеншілігі, қайсар ерлігі, сын сағаттағы отаншылдық қасиеті қаншама жылдар өтсе де, бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан әрбір батырларымыздың тарих төрінен орын алатыны және ұрпақтары мәңгі жеңіс алауын сөндірмей әрқашанда жүрек түпкірімізде ұстайтынымыз белгілі.Соғыс-жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмалап жұлатын тажал.Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радиотелехабарлар, кинолар сол аталар мен әжелеріміздің ерлігін мақтаныш тұта бізге де жеткізді. Бұл қастерлі мейрамның мән мағынасын уақыт өткен сайын еш өшпек емес, себебі оның құндылығы ғасырлар бойы біз секілді жаңа жас буынға ұрпаққа өсиет боларлық жақсылық женген күн.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру