Мамандығым - мақтанышым

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Мәңгі адам боп қалу үшін ғаламда.
Мәңгі болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға.

Иә, шынымен де армансыз адам-қанатсыз құс. Онсыз көкке ұшып, биікке жете алмайсың. Орыс жазушысы Л.Н Толстой айтқандай: «Арман-жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң, алға басу да жоқ, тіршілік те жоқ». Демек, арман арқылы алға ұмтылу өмірдің басты мақсаты. И.С. Тургеневтің «Мақсатсыз өмір сүрген адам неткен бейшара» деген айшықты сөзі адамзатты мүсіркеуге емес, өмірге деген ұмтылысына әрекет жасауға бағытталған. Бұны мақсатты арманға апаратын сара жол деп ұғамыз. Осыдан алты жыл бұрын білім мен тәрбиенің бастауы болған, сусындатқан, алтын ұя мектебімнен қанат қаққалы жүрген сәтімде болашақ арманыма жетудегі мақсатым мазалаған болатын. Орыс жазушысы И.С Тургенев: «Үлкен мақсатқа жетуді көздеген адам - өзі туралы ойлануы қажет» дейді. Сол он бір жылдық өмір мектебін аяқтағанда, өзімнің өмір атты мектепке аяқ басқанымды сездім. .....
Эсселер
Толық

Жаңғыру жолындағы жас маман қандай болу керек?

Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға,
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға…»-деп, Aбaй aтaмыз бекер aйтпaғaн. Ұстаздық бұл өмірдегі ең жақсы, ең адал, ең жауапты, қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін мaмaндықтардың бірі. Ұстаз әрқашанда іздену үстінде болу керек, үнемі жаңалықты ашушы,ізденімпаз болуы керек,

Ендігі алға қойған мақсатым — білікті ұстаздардың қатарынан көріну, білімді жастар тәрбиелеу. «Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру кeрeк» деп М. Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің міндеті деп ойлаймын. Қазір жас маманмын — болашақта өзім білім алған ұстаздарым секілді білікті де,ұшқыр маман болу менің алға қойған мақсаттарымның бірі. Мұғалімдер қатарын толықтырып отыратын мен секілді жас мамандар да талмай үнемі ізденіс үстіндe бoлып, әр пәнді жоғары деңгейде, сапалы етіп өткізсе — шығар асуымыз алыс емес.

Менің бала күнімнен бергі арманымның бірі-ұстаз болу болатын. Өйткені кішкене кезімнен бастап,өзім тәлім алған ұстаздарыма қарап,бой түзедім. Бүгінгі күні мен өзіме тәлім-тәрбие берген ,білім нәрімен сусындап, қияға ұшырған алтын ұя мектебім Тасөткел орта мектебіне қайта оралып, еңбек жолымды осы жерден бастап жатырмын......
Эсселер
Толық

Мамандығым - мақтанышым

«Ұстаздық жолы,бала тәрбиелеу - ардақты іс»-деп марқұм әкем айтып еді.»Айтушы ақылды болса,тыңдаушы дана болады» -деп халқымыз тауып-ақ айтқандай, міне бүгінгі таңда әкемнің сөзін мәңгі есіме сақтап,мұғалім мамандығын таңдап тер төккеніме де биыл 4 жыл 3ай өтіпті.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу – адамның асылдығы,- деген Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғанымды мақтан етемін. Себебі ұстаз болу-жай мамандық емес. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым — үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойынан жақсылық тауып,бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу.

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалімнің бейімділігі, дарындылығы көбінесе оқушының тағдырын шешеді. Мұғалім үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, үйренсем, білсем, таныссам деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. «Ұстазсыз шәкірт тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл... » дейді қазақ. Бұл басқа емес, дәл ұстаз, мұғалім мамандығына арнап айтылған мақал.......
Шығармалар
Толық

Мамандық таңдау - борышым

Адам өсе келе өз болашағы жайлы көп ойланады екен. Жастық шақтың қалай тез өтіп кететінін де байқамай қалады. Өмірдегі басты мақсат осы бес күндік жалғаннан өз орнын табу емес пе?! Мен әлі мектеп табалдырығында оқып жүрген оқушымын, ата-анамның көзіне кішкентай қыз болсам да, өз болашағым жайлы көп ойланамын. Алдағы өмірім қандай болмақ? Болашақта мен кім боламын? Қандай мамандық иесі атанамын?- деген сұрақтар жиі мазалайды. Жай ғана ойланудың аз екендігін де білемін. Сондықтан да қазірден бастап алдыма мақсат қойып, оған табанды түрде кірісіп, арманымның жетегіне еріп келемін. Негізінен мамандық таңдау деген - өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Яғни қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Біреулер үшін - ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін жаңалыққа, дербестікке талпыныс.

Елбасы «Болашақ-білімді жастардың қолында» демекші , біздің болашағымыз - өз қолымызда. Келешегімізді бүгіннен де нұрландыра түсу өз қолымызда. Ал болашағымыз баянды да бақытты, нұрлы да шуақты болуы үшін, менің ойымша, ең алдымен өзіне лайық мамандық иесі атану. Себебі, әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері мен маңызы бар......
Эсселер
Толық

Менің болашақ мамандығым

Адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі – болашақ мамандықты таңдау. Бастапқыда, біз бұл таңдаудың зор мәнділігін түсінбейміз, бірақ та, ол тек алдағы оқуымызбен шектелмейді. Өміріміздің бір бөлігі жұмыспен өтеді, сондықтан, таңдаған жұмысымызды біз жақсы көруге тиіспіз. Менің ойымша, егер адам күлімсіреп оянып, алдағы жұмыс күнін асыға күтсе, ол қандай ғажайып, керемет сезімге бөленеді! Әр күн бақытқа толы бола ма, адам жетістікке жете ала ма, мансап сатысымен көтеріле ме, дарындылығымен өзгелерден ерекшелене ме, өз саласының кәсіпқойы бола ала ма, әрі үлгі бола алады ма, осының бәрі дұрыс таңдалған мамандыққа байланысты болады.

Менің жастық шағымнан, бастауыш сыныптарда оқыған кезімнен қалған, аңсап жүрген арманым, ол – мұғалім болу. Мұғалім мамандығына қызығушылықты мен бірінші сыныпта таныттым. Ұстазымның жасаған іс-қимылдарын, айтқан сөздерін қайталап, ол секілді болуға тырыстым. Қыздармен «мектепті» ойнап, өзімді мұғалімнің рөлінде елестеткен кездерім еске түсті. Ал жоғарғы сыныптарда, жаңа мұғалімдермен танысу арқылы бір пәннің өзіме қалай ұнап қалғаны да, есімде жоқ. Бұл пән - математика. Өз математика мұғалімінің қалай сабақ жүргізетінін, қалай бізге жаңа тақырыптарды түсіндіретінін, өз пәнін қалай сүйетінін көріп, осы кісіден үлгі алып, «математика мұғалімі» деген мамандықты таңдадым.

Мұғалім – жер бетіндегі ең маңызды мамандықтардың бірі деп ойлаймын. Себебі, «мектеп – біздің екінші үйіміз» деп текке айтылмаған. Ата-аналар сияқты, мұғалімдер де бізді тәрбиелеп, керек болған кезде көмектесіп, қиын жағдайға тап болғанда, біз үшін алаңдайды. Ал кеңес алу үшін кімге барамыз? Әрине, біреулері ата-анасымен сөйлеседі. Бірақ, ренжіген оқушылардың ең алдымен мұғалімге жүгіріп баратынын бірнеше рет көрген сәттерім бар. .....
Шығармалар
Толық

Мен таңдаған мамандық

Мамандықты дұрыс таңдау - өмір жолының сәттілігінің негізі.
Э. Ф. Зеер

Мамандық - әрбір адамның сүйіп жасайтын кәсібі. Мамандық таңдау өміріңдегі ең маңызды шешімді қабылдау. Өмірде басқа нәрседен қателессек те мамандық таңдаудан қателеспеуіміз керек. Себебі мамандық таңдау арқылы біз өз болашағымызды жасаймыз. Болашағымыздың жарқын, келешегіміздің кемел болуы біздің таңдауымызға байланысты. Мамандықты дұрыс таңдау өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау. Менің ойымша әрбір адам өз жүрегі қалайтын, қызығушылығын арттыратын мамандықты таңдау керек. Өзің сүйіп жасамайтын мамандықты таңдау-өмірдің қиыншылығын таңдағанмен тең. Жасөспірім шақтан үлкен өмірге аяқ басқалы тұрған жас шағымыздағы ең үлкен міндет-мамандық таңдау.

Мен таңдаған мамандық-әр баланың болашағына жол сілтеп, бойына ақыл мен білім дарытатын, қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылым жемісінің дәмін таттыратын Ұстаз мамандығы. Ұлағатты ұстаз болу, жас ұрпақты білім нәрімен сусындату, өз білгенімді өзгеге үйрету ол менің жүрек қалауым. Ел қорғаған батырды, ақыл ойы терең данышпанда, он саусағынан өнер тамған шебер де, тілінен бал тамған ақында ұстаздан тәрбие алады. Мен де Қазақстанды дамытатын ақылына көркі сай ертеңгі елді болашағы болатын жас мамандарды даярлап шығарып, оларға білім бергім келеді. ......
Эсселер
Толық

Менің болашақ мамандығым

Бұл өмірде адам үшін өміріңдегі ең маңызды құбылыс,ол - оның болашақ мамандығы. Өз өмірінде ең бастысы мамандық таңдаудан жағылмауы қажет. Мамандық таңдау - сені үлкен өмірге жетелейтін баспалдақтардың алғашқысы. Дұрыс таңдалған мамандық - болашақтағы бақытты өміріңнің кепілі.

Мамндық - жай күнелту ,ақша табу емес. Әр адам өз мамандығынан рухани күш алып,еңбектің рахатын көреді. "Ұялмаған әнші болады, ерінбеген етікші болады",- деген халқымыздың дана сөзі бар. Тіпті етікші болсаңда өз ісіңнің шебері бол. Мамандық таңдаған сәтте сол кәсіпті сүйіп таңдау қажет. Болашақта бізді үлкен асулар мен биік белестер күтіп тұр. Білімді аға-апаларымыз тәрізді еліміздің дамуына зор үлес қосуымыз қажет. Ол үшін өзімізге ұнайтын мамандықты адаспай тауып алу керекпіз. Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өміріңде өкінбейтіндей, өз қабіліті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. . . Бұл өте жауапкершілігі мол маңызды іс. Мамандық таңдаған кезде адам ең алдымен өзін,өзінің бейімділігін біліп алған дұрыс. Өз-өзіне "Мен кіммін?","Өмірдегі орным қандай?" деген сұрақтарға жауап бере алуы тиіс. Бүгінде мамандықтың түр-түрі бар. Оларды іріктеп,өз икеміме сай келетін мамандықты таңдап оырмын. Мен таңдаған мамандық - журналист мамандығы. Бала кезден қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін сүйіп оқыдым. Поэзияға жақын болып өстім,кештерді жүргізгенді,сценарий жазғанды қатты ұнататынмын. Сол себепті журналист боламын деген шешімге келдім.....

Шығармалар
Толық

Мамандығым-мақтанышым

Мен бүгін ерекше сезіммен ояндым,

Сәулелі ақ таңның шуағына боялдым.

Жүректе қуаныш, бойда күш тасыған,

Тағы да бақшама аяңдап келемін,

Бүлдіршін үнімен жұмыста қиялым.

Мынау менің балабақшам... Қазіргі жұмыс жасап жүрген «Нұрсәт» балабақшасына осы бір өлең шумақтарының күш-қуатымен келе жатырмын. Мынау менің кішкентай бөбектерім... Әр күні олардың сүйкімді жүзін көргенде еріксіз күлімсіреймін. Өйткені олар мені қуана қарсы алады. Қуанышын жасыра алмай еркелей алдыма келеді. Бір үйдің үміті, шырағы, аяулысы, ардағы, еркесі, бұзығы, қызығы. Мен олармен бірге жүрсем, балаша қуанып, мына өмірге балаша қарағым келеді.

Мен тәрбиешімін... Осы мамандықтың қызығы мен қиындығын бала ортасында жүрген менен артық ешкім сезе алмайды.

Біз, тәрбиешілер үшін балаға ненің дұрыс-бұрыстығын, не ыстық, не суық екенін, не жаман, не жақсы екенін сары ауыз балапандарға үйретуден қиын іс жоқ.

Көздері мөлдіреген, жүздерінде күлкі ойнаған балаларға қарасаңызшы.........
Эсселер
Толық

Мамайды шешесі Қараүлектің жоқтап айтқаны (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ай, Орағым, Орағым!
Жалғыз қалдың, қарағым!
Мамайжан еді ырысың,
Бір құрсақтан дүреген
Екеу еді туысың.
Екеуің жауға барғанда,
Қалмақты жеңді ұрысың.
Серіксіз қалдың, Орағым,
Дүние, шіркін, құрысын!
Қарағым, Орақ, ай, Орақ!
Ай балтасы қанды Орақ,
Алаштап ұран шақырса,
Құрбысының алды, Орақ.
Мамай кетіп алдыңда
Туғансыз жалғыз калды Орақ!
Атыңды дұшпан атаса,
Мамай еді серігің,
Оркөз еді көлігің,
Артында жалғыз сен қалдың,
Мамайдың көрдім өлігін.
Мамайжан бойға біткенде,
Арыстан, бөрі етін жеп,
Қанып еді жерігім,
Мамай еді қуатым
Екі жыл шөлге қамады,
Қалмақтың бермей суатын.....
Өлеңдер
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Мамандықтар (шаштараз, аспаз, агроном, мұнайшы, журналист, футболшы)

Екі шекпен күмбірлеп,
Көңіл сазын сапырады,
Тұлпар шабыс дүмбірлеп,
Желпіндіріп отырады.
Күйші

Отан үшін жан беріп,
Жоғалтқанмен ол атын.
Жүрегі бар мәңгілік,
Халықпен бірге соғатын.
Белгісіз солдат

Құрып қойып өрмегін,
Ұршықтарын ойнатып.
Сәнді мата өрнегін,
Жасайтын кім жайнатып?
Тоқымашы
Жұмбақтар жауабымен
Толық