Бейсен Құранбек (9 желтоқсан, 1971 жыл, Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауылы), тележүргізуші Өмірбаяны Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін бітірген. Еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметтерінен бастаған. Ал қалған жылдарын қазақ телевидениесімен байланыстырып, «Рахат», «31 арна», «Хабар», Президент телерадиокешенінде қызмет атқарған. ....
Нұртілеу Иманғалиұлы Иманғалиев 1952 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданы, Діңгек ауылында дүниеге келген. Үйдегі 14 баланың кенжесі. Атасы, Қалиасқар, бес жасында сауатын ашқан. «Қазақстан РТРК» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының екі мәрте лауреаты, «Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері, ҚР мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақ Ұлттық Өнер академиясының кұрметті профессоры, Ақсу ауданының «Құрметті Азаматы». Білімі 1977 жылы ҚазМУ-ді бітірген Қызметтік өтілі Қазақ телевизиясында тілші, редактор, аға редактор, комментатор, бас редактор, саяси шолушы, директордың орынбасары, «Хабар» агенттігінде модератор-жүргізуші, одан кейін Үкімет кеңсесінде сектор меңгерушісі, Президент Әкімшілігінде бас маман болып істеген. Коррупцияға қ күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының мүшесі. «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасы қызметін атқарған. Н.Иманғалиұлы тележурналистикадан айнымаған тұлға. Ғұмырының 35 жылын телевизияға арнаған. Жүргізген хабарлары ....
Аида Боранбай 31 арна тележүргізушісі 1990 жылы 24 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 9 сыныптан кейін лингвистикалық колледжін тәмамдаған соң, журналистикаға қызығып, сол салаға түбегейлі бет бұрады. Еңбек жолы. Телеарна табалдырығын алғаш рет он алты жасында аттаған. «Таң» телеарнасындағы «Сәлем» ойын-сауық бағдарламасына жүргізушілікке іріктеу жүріп жатқанын естіп, қатысып, бағы жанып, іріктеуден өтіп кетеді. Бұл телеарнада екі жыл қызмет атқарып, одан кейін «Қазақстан» Ұлттық арнасындағы таңертеңгілік ақпаратты-сазды «Таңшолпан» бағдарламасына да іріктеу арқылы өтіп, жарты жыл жұмыс істейді. Ал, 31 арнада төрт жылдан астам жұмыс істеуде.....
Аружан Саин ( 1976 жылы 10 тамызда туған, Қызылорда, Қазақстан) — қоғам қайраткері, тележүргізуші, актриса, продюсер, "«Милосердие» ерікті қоғам" қайырымдылық қорының директоры. Өмірбаяны Аружан Саин Алматы қаласындағы №138 гимназияда білім алған. 1991 және 1992 жылдары географиядан республикалық олимпиядалардың жеңімпазы болады 1993 жылы Қазақ Ұлттық Университетіне түсіп, география факультетінде, экология және мониторинг кафедрасында оқып шығады. 1994 жылы "Аружан және Компания" продюсерлік орталығын ашады. 2006 жылы «Милосердие» қайырымдылық қорын ашады. Қор балалар үйлеріне көмек, ауру балаларға көмек және Қазақстаннан да тыс жұмыс атқарады. 2009 жылы Алтын Журек премиясына «Инвалидтерге қамқорлық» номинациясы бойынша тағайындалды. Мансап ....
Сейтімбет Үсіпхан Әбдікерімұлы - актер. 1960 ж. ОҚО Келес ауданы Игілік ауылында дүниеге келді. 1979 ж. Республикалық Эстрада-өнер студиясын бітіріп, Алматы облыстық филармониясына жұмысқа қабылданды. 1983 ж. Т. Жүргенов атындағы Театр және көркемсурет институтына оқуға түсті. 1986 ж. Желтоқсан оқиғасына қатысып, батырлық пен патриотизм үлгісін көрсетіп, жастар қарсылығын ұйымдастыруда белсенділік көрсеткені үшін 1987ж. екі жылға сотталып, 1989 ж. бостандыққа шықты. Осы жылы институттағы оқуын қайтадан жалғастырып, бітіріп шықты. 1990 ж. Ғ. Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрының актерлік құрамына қабылданып, С. Балғабаевтың «Ең әдемі келіншегінде» Абдолла, «Қыз жиырмаға толғанда» драмасында Есімсейіт, Д. Исабековтің «Анасын аңсаған қызында» Смат, т.б. біраз роль орындады.....
Маханов Жұмағали Паринбекұлы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, Мәдениет қайраткері. 1962 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылында дүниеге келген. 1979-1983 жж. Алматы Мемлекеттік Театр және көркемсурет өнері институтының «Театр және кино» факультетін оқып-бітірді. 1983 жылы Әуезов атындағы академиялық драма театрына жұмысқа қабылданды. Сахнадағы негізгі рольдері: Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М.Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Қортық шал (реж. Е.Обаев), М.Әуезовтің «Қилы заманында» түрме бастығы (сахналық нұсқасы Н.Оразалин, реж. Ә.Рахимов), «Еңлік-Кебегінде» Кенбай (реж. Х.Әмір-Темір), Ә.Рахимовтің «Қылмыскерге куәлігінде» Боян (реж. Ә.Рахимов), Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожасында» Қожа (реж. Ә.Рахимов), И.Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?» қойылымында Ақылбай (реж. А.Әшімов), Е.Домбаевтың «Желіккен жеңгейлерінде» Мақай, Д.Исабековтің «Кішкентай ауылында» Мүтән (реж. С.Асылханов), М.Әуезовтің «Дос – бедел досында» Махмуд (реж. Қ.Жетпісбаев), Т.Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір тойында» Жарбол, «Сан-Францискодан келген бұлтында» Еркін, А.Сүлейменовтің «Төрт тақта – жайнамазында» Черчение....
Тұтова Гүлшат Әбсаттарқызы - актриса. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласында дүниеге келген. 1993ж. Қазақ Мемлекеттік Т.Жүргенов атындағы Театр және кино институтын (қазіргі Ұлттық Өнер академиясы) театр-кино актері мамандығы бойынша бітірген. Театрда осы жылдан бастап қызмет етеді. Сахнадағы негізгі рольдері: Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: А.Сүлейменовтің «Кегінде» әйел (реж. Ә.Рахимов), Д.Исабековтің «Әпкесінде» Көрші әйел (реж. Б.Омаров), Д.Амантайдың «Сәлеметсің бе, қоңыр мұңында!» Әйгерім, Ә.Ақпанбетұлының «Дүние-думанында» Бибіш (реж. Қ.Сүгірбеков), Қ.Ысқақ, Шахимарденнің «Қазақтарында» Шолпан (реж. Т.әл-Тарази), Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесінде» Күләй, Қ.Ысқақтың «Жан қимағында» Бағдат (реж. Б.Атабаев), Т.Нұрмағанбетовтің «Ескі үймен қоштасуында» Зира (реж. Е.Обаев), Ө.Боранбаевтың «Әңгүдігінде» Зина, Б.Мұқайдың «Сергелдең болған серілерінде» Айжан (реж. О.Кенебаев), Ә.Әмзеұлының «Қара кемпірінде» Жеңгей, Н.Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейдісінде» Қарлығаш (реж. Е.Обаев), С.Асылбекұлының «Күзгі романсында» Назгүл (реж. Ә.Рахимов), Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Ағира (реж. А.Кәкішева), Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде» Қамқа (реж.Е.Нұрсұлтан) т.б.....
Сатыбалдиева Айзада Таңатарқызы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Мәдени ауылында дүниеге келді. 1994-1998жж. Т.Жүргенов атындағы Театр және көркемсурет институты театр факультетінің муздрама бөлімін оқып-бітірді. 1998ж. жолдамамен Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрының актерлік құрамына қабылданады. 2007ж. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында оқытушы болды. 2009ж. тамыз айында М.Әуезов драма театрына қабылданды. Сахнадағы негізгі рольдері: Ұлттық, әлемдік классика мен заманауи драматургияда:....
Мақажан Жанель Тимурбекқызы - актриса 1987 ж. Алматы қаласында дүниеге келген. 1994-1996 жж. Алматы қаласы А.Жұбанов атындағы музыка мектебінде, 1996-2005 жж. № 163 қазақ орта мектебінде білім алды. 2005-2009 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «драма театры және кино актері» мамандағы бойынша оқып бітірді. 2009-2015 жж. Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында жұмыс істеді. 2015 ж. М.Әуезов театрының актерлік құрамына қабылданды. Ғ.Мүсірепов театрында ойнаған рольдері:....