Ана, мама

Ақ шашты ана: "жастығым — балам" дейді.
Ақылды бала: "ай-күнім — анам" дейді.

Алты ұл тапқан ананы "ханым" десе болады.
Сыйласа білген адамды "жаным" десе болады.

Мақал-мәтелдер
Толық

Отан туралы мақал мәтелдер  

 

Алтын ұяң — Отан қымбат,
Құт-берекең — атаң қымбат,
Аймалайтын — анаң қымбат,
Асқар тауың — әкең қымбат

(Қазыбек би).


Бұлбұл гүлзарын сүйеді,
Адал адам Отанын сүйеді.

Мақал-мәтелдер
Толық

Білім беру жүйесіндегі актуалды мәселелер

«Педагогика – білім беру, яғни адамның өмірлік тәжірибесін дамыту туралы ғылым.» (А.М.Новиков)

Педагогика — «пайдагогос» (грек тілінде «пайд» — бала, «гогос» — жетектеу деген сөздерден құралған) — бала жетектеу деген мағынаны береді. Педагогика ұғым ретінде бала жетектеу деп аударылатын болса да, мәні бойынша қазіргі кезде адам тәрбиесі жайлы ғылым болып табылады. Жалпы XXI ғасыр мұғалімі қандай болуы керек ? Нағыз ұстаз жарқын жүзді, баламен ашық сөйлесетін, ата-анасымен әрдайым қарым-қатынаста болатын адам. Оқушыға ұрсып түсіндірмей, керісінше оларға жақсы көңіл күй сыйлау керек. Заманауи мұғалім деп оқушымен дос , сырлас бола білетін, оларға энергиясыйлап, мотивация беретін тұлғаларды айтамыз. Әрбір маман иесіне , мейлі ол ұшқыш , мейлі ол дәрігер болсын өмір сүруді үйрететін педагогтар ғой. Педагогтардың....
kz
Толық

Абырой, бедел, мәртебе

Ұят жүрген жерде
Абырой төгілмейді.
Абырой бар жерде
Ар шапаны сөгілмейді.

Абырой – ар еңбегі.

Ала жіпті аттамағанңың абыройы биік.

Атасын сыйлаған абыройға бөленер.

Екі ауру бір келсе, ажалдың жеткені,
Екі борыш бір келсе, абыройдың кеткені.

Қызыл тіл жанның мияты,
Абырой ердің қуаты.

Абырой қонар жігітке
Ажалды қоян тап келер.

Жақсы досың болса жан аяған жарамас,
Оңбағаны бар болса, абыройға қарамас.
Мақал-мәтелдер
Толық