Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік болмысын қалыптастыру, оның егемендігін нығайтып, ұлттық сана мен тәрбиемізді қалпына келтіру және өркениетті елдер қатарынан орын алу ұлттық мемлекетімізді қалыптастырудағы басты шарттардың бірі. Әрбір қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке тұлғаның потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда тұлға қабілетін қарым-қатынас арқылы дамыту қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлға қабілетін, оның басқалармен қарым-қатынасы, жан-жақты, дербес шешім қабылдауға бейім маманды тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Қазіргі таңда, әсіресе, жалпы білім беру саласының дамуында жағымды өзгерістер мен оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, кәсіби мамандардың қабілетін, оның басқалармен қарым-қатынасқа қалай түсетіні жайлы терең үңіле бермейді. Сондықтан біздің зерттеуіміздің негізі тұлға қабілетін қарым-қатынас арқылы дамыту мәселесі болып отыр. ....
1 КІРІСПЕ 1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы. Көптеген инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын тарататын және халық шаруашылығына орасан экономикалық зиян әкелетін қауіпті зиянкестердің бірі - үлкен қалалар, елді мекендер мен ауыл шаруашылығындағы қора-жайларда, егіс алқаптарында, өндіріс орындарында қоныстанған тышқан тектес кеміргіштер болып келеді. Дүниежүзілік деңсаулық сақтау ұйымының эксперті Грэй Томастың пайымдауынша жер жүзінде кеміргіштер, эсіресе егеуқұйрықтар, жыл сайын тек қана дэнді дақылдар мек күріштің 33 млн-ға жуық тоннасын жеп қүртады. Әр жылы егін жиналып болғанша кеміргіштер оның 20%-дан астамын өз алдына жояды екен. Дәнді дақылдардан. басқа ет, сүт, балық өнімдерін, жас балапандарды, жұмыртқаларды жейді екен [1]. Бұрынғы Атырау құс фабрикасы, қазіргі "Қарлығаш" акционерлік қоғамында болған уақиғаға көңіл аударсақ, онда егеуқұйрықтар түн сайын 1200-1300 балапанды өлтіріп, 1500-1600 дана жұмыртқаларды жарып ішіп отырған. Егеуқұйрықтардың қауіпті инфекциялық ауруларды таратуының нәтижесінде әкелетін шығынды есептеу қиын. Көптеген жұқпалы аурулардың, оның ішінде аса қауіпті аурулардың қоздырғыштарын таратушысы болуымен қатар, олар жер-жерде адамдар арасында, үй жануарлары мен құстардың ішінде ауру тудырып, қауіпті инфекциялар ошағын үнемі тұтандырып отырады. ....
КІРІСПЕ Жұмыстың өзектілігі: Қазақстанда қазақ, орыс тілдері барлық жағдайда бір – біріне әсер еткендіктен, әрқашан зерттеушілердің назарында. Орыс тілі белгілі кезеңдерде тіршілік әрекетіміздің барлық жағында басыңқы тіл болып, мемлекеттік тіл дәрежесі, ұлтаралық қатынас тілі ретінде, білім алу саласында қызмет атқарды. Қазақстандағы тілдік саясаттағы өзгерістер, әлеуметтік – экономикалық қайта құрулар қазақ тілінің дамуына жағдай жасады. Қазақ тілі тұрмыстық тіл деңгейінен шығып, саясатта, мәдениетте, әлеуметтік өмірде жоғары қызмет атқара бастады. Жаңа кезеңде тілдік саясат келесі факторлармен сипатталады: 1. Тілдік саясаттың өзгеруі. Қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесін беру, оның дамуына жақсы ықпал етті. Бірақ орыс тілі ресми тіл ретінде тең дәрежеде тұрады. Бұл қостілділікті заңды бекіту болып табылады. Ғалымдардың қостілділікке байланысты пікірлері әртүрлі болып келеді. Біріншіден, қостілділік тілдердің дамуының негізі ретінде; екіншіден, қостілділік Қазақстанның қазіргі кезеңдегі тілдік жағдайына өте қажет. 2. Демографиялық фактор негізгі факторлардың бірі болып табылады. Қазақ ұлты 70 жылда алғаш рет республика құрды. Осы факт қазақ тілі ролінің артуына үлкен әсер етті. 3. Қазақ ұлттық сананың өсуі. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы осы фактордың көрсеткіші бола алады. Тәуелсіздікті алумен бірге өткен өмір, тарихқа, тілге деген қызығушылық оянды. Микроәлеуметтік жастар қауымдастығы Қазақстан қауымдастығының бір бөлігі ретінде тілдік жағдайдың өзгеруіне әсер ететін белгілі бір заңдарға бағынады. Қостілділік микроәлеуметтік қауымдастық сыртында, қоғамда бүтіндей әлеуметтік сұранысқа сай дамып, мемлекет, қоғам тарапынан саналы түрде реттелінеді және микроәлеуметтік қауымдастық өзінің параметрлерімен қөрініс табады. Зерттеу мақсаты: Микроәлеуметтік қауымдастықтағы қазақ, орыс тілдерінің қолданылу аясы мен өмір сүру формасын зерттеу. Қазақстан Республикасындағы тілдердің қызметіне әсер етуші жаңа тілдік жағдай мен тілдік саясаттың қостілді жастар микроәлеуметтік қауымдастығындағы ерекшеліктерін сипаттау. Микроәлеуметтік билингвалды жастар қауымдастығындағы полтипологиялық қостілділікті (табиғи және жасанды, аралас және таза, алмастырушы және қосымша, функционалды және т.б) саралау. Микроәлеуметтік билингвалды жастар қауымдастығында қазақ және орыс әдеби тіл деңгейінде диглоссияны зерттеу, осы ретте бұл құбылыстың сипатты белгілерін анықтау. Бітіру жұмысының нысаны: Қазақстандағы жаңа тілдік жағдайдағы қазақ, орыс тілдерінің қызметі.
Зерттеу әдістері: империкалық (бақылау, сауалнама, сұрақтар арқылы нысан туралы мағлұмат жинау) талдау, жалпылау, моделдеу. Бітіру жұмысының нәтижелері: микроәлеуметтік жастар қауымдастығының сипаты және қостілді қауымдастық ретінде қалыптасуы сараланды.....
Экологиялық проблемаларды шешуде қазіргі микробиология және биотехнология жетістіктерінің маңызы зор. Экологиялық проблемалардың бірі - ластанған суларды тазалау. Ластанған суды тазалау дүниежүзілік проблемалардың бірі болып отыр. Ғылыми тұрғыдан қарастырсақ, табиғаттағы болып жатқан процестерге де микроорганизмдер қатысады. Осыған байланысты біз ластанған су қоймаларын тазалауда иммобилизденген микроб клеткаларын пайдаланудың тиімді жолын және маңызын қарастырамыз. Бұл микробиологиялық жолмен тазалау әдісіне жатады. Микроорганизмдер де су қоймалардың табиғи тазалануына қатысады. Микроорганизмдер табиғатта кең таралған. Микроорганизмдер әрекеті нәтижесінде су құрамындағы белгілі бір мөлшерден тыс көбейген заттарды тазалауға болады екен. Микроорганизмдер өздерінің тіршілігі барысында су құрамындағы заттармен қоректенеді. Ластанған су құрамында органикалық және неорганикалық заттардың шектен тыс көп мөлшерде жиналуы судың табиғи қасиетін өзгертеді. Су құрамы мұнай, ауыр металдар, ауыр металл иондары, тау-кен өндірістерінің қалдық суларымен және химиялық заттармен ластанады. Осындай заттармен ластанған суды тазалау үшін осы заттарға тәуелді микроорганизм клеткаларын иммобилиздеп пайдаланудың тиімділігі жоғары. Иммобилиздеуде әртүрлі дәрежедегі микроорганизм клеткаларын пайдалануға болады. Тірі активті клеткаларды немесе жартылай жарақаттанған клеткаларды иммобилиздеу үшін пайдалануға болады. Себебі иммобилизденген клеткалардың тіршілік ету барысында төзімдірек болатыны анықталған. Клеткаларды иммобилиздеудің бірқатар артықшылықтары бар: • күрделі көпсатылы процестерді жүзеге асыру мүмкіншілігі; • микроорганизмдердің сыртқы ортаның кері факторларына (температура, қышқылдық, электролиттердің және токсинді заттардың концентрациясы,т.б.) төзімділігі; • жергілікті микрофлорамен ығыстырылуын алдын алу....
Бидай дәнінің өнуі барысында оның алейрон қабаты бірқатар гидролитикалық ферменттерді (соның ішінде α-амилазаны ) синтездеп, оларды секрециялайды. Бұл гидролазалардың синтезінің индукциясы ұлпада гиббереллин қышқылының (ГҚ) болуына тәуелді. Гиббереллинге – тәуелді гидролазалардың синтезі осы фитогормонның табиғи антагонисті болып табылатын – абсциз қышқылымен (АБҚ) тежеледі [1]. Дәннің алейрон қабатындағы клеткалар онтогенездің келесі кезеңдерінде элиминацияға ұшырайды. Алейрон қабатындағы клеткаларының осы өлімі программаланған сипатта жүреді, яғни генетикалық жағынан детерминацияланған деген болжам бар (апоптоз) [2;3]. Алғашқы жұмыстарымызда біздер бидай дәнінің алейрон қабатындағы және эндосперіміндегі клеткалардың программаланған өлімінің (КПӨ) морфо – биохимиялық белгілері анықтап, сипаттаған болатынбыз [4;5]. Бидай дәнінің алейрон қабатындағы КПӨ-ң орындалуы барысында супероксид (О*), сутектің асқын тотығы (Н2О2) сияқты оттегінің белсенді түрлерінің (ОБТ) және антиоксидантты ферменттік жүйелердің (супероксиддисмутаза, аскорбатпероксидаза, каталаза және т.б. ) маңызды рөл атқаратындығы анықталған [6]. КПӨ-ң реттелуінде азот тотығының (NO) маңызды рөл атқаратындығы белгілі [6]. NO- газтәрізді бос радикал, клеткааралшық зат пен плазматикалық мембранадан оңай диффузияланады. Ол клеткаішілік мессенджерлік жүйенің бір бөлігі бола тұра, NO- ң жануарлар жүйесіндегі физиологиялық үрдістеріне кең көлемді әсер ету қасиетімен ерекшеленеді [7]. Қазіргі кезде әдебиеттерде жинақталған мәліметтерге қарағанда, NО сонымен қатар өсімдіктерде жүретін көптеген физиологиялық үрдістерге қатысатындығын көрсетеді: патогенге жауап реакциясы, өніп-өсу, фитогормондардың мөлшері, сонымен қатар КПӨ (апоптоз). [8]. Соя клеткаларының культурасында NO мен ОБТ арасындағы әрекеттесу нәтижесінде КПӨ-нің орындалатыны белгілі болды. NO жеке өзі клеткалардың өлімін индукциялай алмайды, сонда КПӨ-нің жүзеге асуы NO: супероксид қатынасы арқылы детерминацияланатыны көрсетілген. Осы мәліметтердің барлығы өсімдіктер клеткасында программаланған өлімнің жүзеге асуы барысында NO ОБТ-ң клеткадағы мөлшерін реттеуде маңызды рөл атқаратындығын дәлелдейді. Осыған орай бұл жұмыста біздер клеткаішілік оттегі радикалдарының мөлшерін реттеудегі NO рөлін зерттедік. Бидай дәнінің алейрон қабатындағы клеткалардың функционалдық белсенділігінің реттелу механизмдері қарқынды зерттеліп жатқанымен [1-3], әлі секреторлық белсенділікті бақылауда және клеткалардың өліміндегі азот тотығының рөлі толық анықталмаған, тіпті зерттелмеген деуге болады. ....
Ернар Айдар концерті кезінде шпагатқа отырып, оның өнерін тамашалауға келген халықты таңғалдырды. Танымал әншінің өлең соңында мұндай ерекше қабілетін көрсететінін оның жанкүйерлері мүлде күтпеген деп жазады NUR.KZ.
Концертке билет таба алмағандығы үшін, сүйіктісінің соншама ренжігені жігіттің жанына батты. "Осы концертке барамын деп, неше күннен бері үміт етіп едім... Саған сенгендігім осы ма?.." - деп, қызының ашу шақырғандығына да, өзіне ренжіп ұрысқандығына да жігіт ләм-мим дей алмады. Рас, кінәлі еді. Үш күндік концерттің бірде-біріне де билет таба алған жоқ. Билет жоқ еді. Күнібұрын сатылып кеткен. Қолдан-қолға тигізбеген.
Бәрінен де бұрын жігітке сүйіктісінің дәл қазір осыған бола жылағандығы қиын тиді. Не деп жұбатарын білмеді. Сөйтсе де, өзін біржағынан жәбірленген жандай сезініп отыр. Қолынан келгеннің бәрін жасады ғой. Концерттің билеті онсыз да қымбат еді. Соның өзінде де, егер билет қолда сатылып жатса, бірнеше есе бағасына да сатып алуға келісер еді. Бағана ғана сондай бағаға сатып жатыр екен деп жүгірген қалың дүрмектің арасында өзі де болмап па еді. Бірақ жым-жылас. Билет жоқ. .....
Ұмытпасам 2008 жылы Семейдегі Шәкерім атындағы университеттегі Шәкерім орталығына біраз тарихи фотосуреттер мен қолжазбалар тапсырдым. Өмірінің соңында анам жазуға отырып, аталарының қолжазбаларын ақтарды. Сексенінші жылдардың ортасында үйге Мұхтар Мағауин, Қайым Мұхамедханов, тағы бір үлкен жазушылар келді. Анам сол кісілерге атамнан қалған қолжазба, фотосуреттерді берді.
Сол жылдарда Шәкерім атаның ақталғаны туралы хабар жетіп, анам марқұм екі күн жылағаны есімде. Жазушылар одағының сол кездегі төрағасы Олжас Сүлейменов анамды шақырып алып: «Қазақстанның қай қаласынан болса да пәтер бергізем, таңдаңыз» дегенде ол кісі Талдықорғанды айтыпты. Олжас аға сол қаладан бір бөлмелі пәтер алып берді. Жалғыз бізге емес, М.Жұмабаев, А.Байтұрсыновтың отбасына үш – төрт әулетке пәтер бұйырды. Сол үйде анамыз атасы Шәкерім туралы көп жазды...
Сонымен Шәкерім ата мен анам Кәмилә Ғафурқызының (Қапыр) туыстығы қандай еді? Кәмилә – Шәкерімнің екінші әйелі Айғаншадан туған Ғафурдың қызы, Шәкерім атаның туған немересі. Анам Кәмилә атам жайлы былай дейтін: .....
Тілдегінің бәрі жіпке тізген моншақтай қаз-қатар жұмсала бермейді, жазық алқаптағыдай оның да “кедір-бұдыры” болады, топтасқан, “тыраштанған” қат-қабаттары, ат құйрығына жабысқан тікенектей басы артық сөздері де болады. Соларды саралап, керегін өз орнында пайдалана білу тіл жұмсаушылар мәдениетінің өз дәрежесінде болуын керек етеді. Ол үшін тілдің асыл қазынасындағылардың қоғамға істер қызметі, мүмкіншілігі орасан мол, зор екеніне сену керек. Егер тілде синоним, антоним, сөз варианттары мен дублеттер болмаса, әдеби тіл шаблон, штамптардан көз аша алмаған болар еді. Бірақ солардың бәрі бірдей дәрежеде тілдің ділгірлік қажетін өтей бермейді. Мысалы, қарапайым сөздер (просторечные слова) әдеби тіл байлығы деп есептелмейді, бірақ олардың да бірқатары бір кезде әдеби норма болып есептеліп, әдеби тілдің қазіргі даму барысында өзгеріске ұшырап (мысалы, кірме сөздер), басқаша вариантта жұмсалатындары да ауызекі тілде кездесе береді. Олардың бәрі болмағанмен, көпшілігі әдебилік қасиетін жояды; басқаша айтқанда, норма болып есептелмейді. Мысалы, уағда – уәде, фікір– пікір, адабиат – әдебиет, хауа – ауа, мехнат – бейнет, мағлұм– мәлім, ғұмыр– өмір, харакет – әрекет, хұкім – үкім, хакім – әкім, миллат – ұлт, зиялылар – интеллигенттер, социалды – социалистік т. б.
Ш. Ш. Сарыбаев осылардай, өзге тілдей етіп, ауызекі тілде жұмсалатын сөздерді қарапайым (просторечные) сөз қатарында таниды [1,45]. Олар қазір солай болғанмен, ертеде әдеби тіл дамуының бір кезеңінде норма есебінде жұмсалатын. Қазір ол ескіге әуесқойлар арасында көп жұмсалады. Сондайға әуесқой болатындар әдеби нормадан шығып қалған кейбір сөздерді (мысалы, һам, хұкімәт, мехнат) және кейбір грамматикалық тұлғаларды (мысалы, айтылмыш) жұмсау әдеби тілді байытудың қамы деп ойлайды. Бірақ онымен бұл құбылыстар әдебиеттік сипат алып, жұрттың бәріне бірдей танымал, ортақ қолданысқа айналмады.1
Осылайша, өзге тілден ауысқан сөздердің әдеби бола жүріп, кейін әдеби нормалардың варианттары қатарында жұмсалатындары бар. Ондай кірме сөздердің әдеби нормаға жататын сыңары бола тұра, ауызекі тілде олардың қарапайым варианттары да болады. Мысалы, орыс тілінен енген төмендегі сөздердің қарапайым варианттарын келтірейік. Адвокат– атпекет, билет– белет, доктор– лөктыр, генерал – жандарал, фельдшер– пелшир, география– жаграпия, философия – фалсапа, почта – поштабай.
Қазіргі әдеби тілде мұндайлар тек персонаждар тілінде және білімі төмен қарапайым адамдардың сөздерінде кездеседі, олар норма емес. Орыс тілінен енген біраз сөздерді солай өзгертіп айта жүріп, әдебиетке енгізе келе, нормаға айналғандары да бар. Мысалы: цер-ковь – шіркеу, деньги – теңге, батист – бәтес, ящик– жәшік, сумма– сом, суд– сот, ботинки – бәтеңке, минута– минут, газета– газет.
Егер өзге тілден ауысқан сөздер тікелей әдеби тілге енбей, сөйлеу тілі арқылы фонетикалық өзгеріске ұшырап, жалпы халықтық сипатымен әдеби тілге енгенде, олардың көбі сол өзгерген тұрқын сақтайды. Мысалы, орыс тілінен – болыс, сот, түрме, доға, кереует, самаурын бәтеңке, жәшік сөздері араб-парсы тілдерінен – мектеп, қалам, қағаз, шелпек, әм, қожа, молда, есеп-қисап, мекеме, мемлекет, өкімет, отан, аспап, мәлім сөздері енген.
Осылай, ауызекі тілде сөздердің айтылуы әдеби тілге еніп қалыптасса, нормаға айналады да, қалыптаспаса, айтылуы мен жазылуы арасында алшақтық болса, әдеби тілдегі сыңары үстем болып, сол нормаға айналады. Мысалы, география – жағрапия, философия — фалсапа, билет – белет т. б. Сөзді дұрыс айту дағдысы семьядан, мектептен басталады. Осы екі арада да қайшылық бола береді. Кісінің бала кезіндегі дағдысы әдетке айналса, одан көпке дейін арыла алмайды. Қазақ “Ауру қалса да, әдет қалмайды” дегенді айтқанда, әдеттің көпке созылатынын айтқан болу керек. Адам өсе, есейе келе оқу-білімге қолы жеткен соң, “Әдет – әдет емес, жөн – әдет” дейтін болды. Ұғына жүре, тәлім-тәрбие, соның бірі тілдік тәрбие ала жүріп, ұнамсыз әдеттен арыла берді. Жеке кісілердің тілінде тіл мәдениеті тұрғысынан алып қарағанда, жөнсіз ауытқуларға жататын диалектизмдер, жаргон, қарапайым сөздер кездеседі. Солардың ішінде фонетикалық дублеттердің де жөнсіз қолданылғандары да бар. Мысалы, пітіру – бітіру, дуз– жүз, кигіз– киіз, дізе – тізе, жоңыршқа – жоңышқа, кеуіл– көңіл, құдағай – құдағи т. б.
Сөздің тұрқын бұзбай, дұрыс айтуға дағдылану, орфоэпиялық нормаларды сақтап айту – тіл мәдениетінің басты талабы. Ана тілін қадір тұтатын әрбір азамат тіл байлықтарының сымбатты сиқын бұзбауға тырысу керек.
Бір ұғымды бірнеше сөзбен айту — тілдің табиғатына тән. Олардың бірқатары синонимдік қатарға айналып, тіл байлығын молайтып, коммуникативті қызметін икемді етеді. Мысалы: бет, жүз, дидар, келбет, мақұл, дұрыс, жарайды, құп, болады, ия... Мұндай мәндес сөздердің әрқайсысының мағыналық, стильдік ерекшеліктері болатындықтан, бәрі де тең праволы тіл байлығы деп есептеледі. Ал кейбір сөздерді әр жерде әр түрлі орайда қабылдап, түрліше атау да тіл табиғатына жат емес. Мысалы, оттық, шырпы, шақпақ, ши шақпақ, сіріңке, күкірт, спичка сияқты бір заттың бірнеше аты болуы түсінікті. Сол затқа қойылған ат бірде қызметіне (оттық, шақпақ), бірде бөлшектеріне (ши шақпақ) қарап қойылған болса, күкірт, спичка дегендер — өзге тілден ауысқан сөздер. Бәрінің де жөн-жобасы дұрыс жасалған сөздер. Бірақ әдеби тілдің мәдениеті тұрғысынан қарағанда, солардың бәрінің жарыса қолданып, бір заттың атын білдіруі лайықсыз-ақ. Сондай- ақ “подорожник” деген есімдіктің бірнеше аты бар екен. Соның “атқұлақ” дегенін нормаға айналдыру керек.
Кейде мәндес сөздер синоним қатарларын құрамаса да, әрқайсысы өз тұрпатын сақтап жұмсалуында пәлендей мағыналық айырмашылық сезілмейді, тек бір сөзді қайталай беру стильдік тұрғыдан дұрыс болмайтындықтан, оны түрлендіру үшін және жеке кісілердің сөз қолдану дағдысы әдеби тілге еніп, жиі қолданылатындықтан, жарыспалы сөздердің біразының, айқай – айғай сияқты, нормалық дәрежесі бірдей деуге болады. Мысалы, сияқты, сықылды, секілді, тәрізділердің бәрі — норма. Кейбіреулер ескірген — рәуішті, сиықты, құралпы сөздерін қолданады. Жарыспалы сөздердің бірқатарының әдеби варианты анықталмай келе жатыр. Олардың қайсысы озып шығатыны қазір белгісіз, келешекте сыңар сөздер мағыналық дифференциацияға түсіп, әрбіреуі өз алдына жеке мағынада жұмсалып кетуі де мүмкін.
Сөз варианттарының түрі көп. Олар И. Ұйықбаевтың “Қазіргі қазақ тіліндегі варианттылық проблемасы” (1976) деген кітабында қамтылған. Оларды қайталаудың қажеті болмас. Бұл арада солардың норма болып қалыптасқандарын нормадан тыс жатқандарымен салыстыру арқылы, олардың әдеби тілге қатынасын айқындау керек.
Дублет сөздердің варианттылық қатарларының құрамы әр түрлі болатыны мәлім. Олардың диалектизм, қарапайым, әдеби екендігін дұрыс айыра білсек, құрамындағы сөздердің нормалық сипатын дұрыс тани аламыз. Мысалы, сөйлеу тілінде нән балық, жұмыс жасадық, маңлайы тасқа тірелді, тамақ пысты, ауқаттанып алайық, кигіз қалпақ сияқтылар кездессе, осы сөздердің әдеби еместігін тіл мәдениеті жоғары адам бірден сезеді. Ғалымдар, әдебиетшілер мен журналистер мұндай сөздерді дұрыс танып, әдеби тілде дұрыс қолданумен ғана тынбай, басқаларға да жөн сілтеп отырса, құба-құп болар еді. Тіл жұмсауға жауапты, ұқыпты қарайтын кісілердің де кейде сөйлегенде, жазғанда өз аулының тіл ерекшеліктерінің ықпалында болатыны түсінікті. Олар біртіндеп өз аулының сөздерінен арылып, әдеби тіл өрнектеріне үйір болу керек. Сондайда ескерілуге тиісті дублет сөздер мына сияқтылар болады. Әдеби тіл дамуында дублет сөздердің бір сыңарын ғана тандап жазу орфографиялық ережелері негізінде жасалған орфографиялық сөздіктер аркылы ретке салынып келді. Мысалы, және– жана, өйткені – үйткені, үшін– ұшын сөздері 20– 30 жылдары жарыса қолданылып келсе, одан кейінгі жылдары дублет сөздердің бір сыңары тілде бұрын бар сөздермен айтылуы үйлес болғандарын жарыстырып жазбайтын, айтпайтын болдық: және – жалғаулық, жана – етістік, өйткені– жалғаулық, үйткені– тәуелдеулі есімше, үшін – демеу, ұшын – етістік.
Сонымен қатар біраз дублет сөздерге түрлі мағына телу арқылы да, олар әдеби тілде бұрынғысынша жарыса қолдана беретін болды. Мысалы: өкімет (власть) — үкімет (правительство), дайындау (готовить, заготовить), тағайындау (назначить), ілім (уче-ние), білім (знание), ғылым (наука). Осылай тілде бар жарыспалы сөздерге мағына телу арқылы да жаңа сөз жасауда жасандылығы көпке кейін сезіліп, үйреншікті болмай, жүре-бара нормаға айналды. Бір сөзді түрлендіріп айту орайында пайда болған кісі аттары сияқты (мысалы, Асан, Хасан, Қасен, парсыша – Хасан), жарыспалы дублеттерді бөлек-бөлек мағыналы сөзге айналдыру мүмкін бола бермейді. Ал халық аузында барды “Халық айтса, қалп айтпайды” деп дәріптеп, жапа-тармағай әдеби тілге қаптата беру – тіл мәдениетінің дәрежесін төмендетеді. Қазақ тіліндегі сөздерді құбылтып, әр жерде әр түрлі, тіпті бір өңірдегі біреулерінің бір түрлі, енді біреулері екінші түрлі айтуын да, жазуын да мақтан етуге болмайды: қалай етіп– қайтып– кәйтіп, жариялау – жәриялау, көңіл– кеуіл, қазір – кәзір, бірдеңе– бірдеңке, бірдеме, әдет – ғадат, Камшат – Кәмшәт, шай – шәй, шаһар– шәһәр, ештеме – ештеңке – іштеңе, жайлы – жәйлі, жайлым– жәйлім, пісті – пысты, ащы – әшті, алып кел– әкел – әпкел, бітіру– пітіру т. б.
Осылардың алдыңғылары көпке ортақ, әдебиетте жиі қолданылады да, соңғылары (сызықшадан кейінгілері) сирек қолданылады. Алдыңғылары ауызекі тілде ғана емес, әдебиетте де, әсіресе көркем әдебиетте көбірек кездеседі.
Дегенмен, жарыспалы сөздердің санын барынша азайту керек. Ол үшін тек “мен білсемге” салмай, қай варианттың норма, жиілігіне назар аудару керек. Сөз саны есепке алынған “Абай жолы” романында, мысалы жай сын есімі – 617 рет, жәй – 17 рет, жайлы – 39 рет, жәйлі – 6 рет, жайылым зат есімі – 5 рет, жәйілім – 1 рет, жайсыз – 16 рет, жәйсіз– 2 рет қолданылыпты. Осылардың жиі қолданылған варианттары норма да, азы – нормадан ауытқулары. Айқайла – 195 рет, айғайла – 95 рет қолданған. Абайдың өлеңдерінде де айғай жиі қолданылады; Мысалы:
Жартасқа бардым,
Күнде айғай салдым.
Қазіргі баспасөзде айқай сөзінің айғай болып та жұмсалу арасы шамалас болғандықтан, орфографиялық сөздікте (1978) ол екеуінің де нормалық дәрежесі бірдей болып көрсетілді. Аталған сөздікте жұмсалу дәрежесі бірдей басқа да бірнеше дублеттер енгізілген. Олардың екеуін де жаза беруге болады деген мақсатпен арасына ж/ және таңбасы қойылған. Мысалы: бұнда ж. мұнда, бұндай ж. мұндай, бұнша ж. мұнша, разы ж. ырза, риза.
Түбірде сөздерді осылардай түрліше таңбалап, жарыстырып жаза беруді барынша азайту керек. Дайындау– даярлау, суару – суғару, жиылыс – жиналыс, қадам – адым сияқты сөздердің екі түрлі жұмсалуында аз да болса мағыналық, стильдік өң, айырмашылық болса, әрине, олар әдеби тілде норма ретінде сақталуға тиіс. Ал, мысалы, рұқсат – рұхсат – ұлықсат, бәйге– бәйгі, қария– кәрия сөздерінің жұмсалуында ондай қызмет болмаса, олардың әдебиетте колданылуын нормадан ауытқу деп қараймыз. Ауытқу персонаж сөзінде, өлең ұйқасында кездессе, олар кешірімді, жөнімен ауытқуға жатады. Мысалы:
Буынсыз тілің,
Буулы сөзің
Әсерлі адам ұғлына.
Кісінің сөзін
Ұққыш-ақ өзің
Қисығын түзеп тұғрыға.
(Абай)
Кейбір атаулар әдеби тіл тарихында, ауыз әдебиетінде түрліше аталып, түрліше түсінік алып кеткен болатын, мысалы, шаһар– кент – қала, мола – мазар:
Кентті жерді жайлаған
Үзілмейді базары.
Қайда қалмас жігіттің,
Өлгеннен соң мазары?
(Қобыланды батыр)
Мұндайлар историзм, диалектизм орайында керекті жерінде қолданылуы мүмкін, бірақ әдеби норма болып есептелмейді.
Қысқасы, сөздің дыбыстық құрамын өзгертіп, бұзып айту, әр жерде әр түрлі жұмсалуы көп адамға үйреншікті сөз қолдану әдеті болмауға тиіс.
Вариантты дублеттерді сұрыптап, бір сыңарын әдеби тілдің нормасына айналдырудың көптеген жолы бар: орфография ережелері, сөздіктер мен оқулықтар арқылы таңдау, талғау жолы. Мұнда да субъективтік көзқарастар кездесіп қалуы мүмкін. Олай болмау үшін ғылыми дәлелдерге сүйену керек. Вариантты дублеттердің қайсысы әдеби (норма), қайсысы әдеби емес (норма емес) екенін говорлар аясында шешуге болмайды. Қазақ тілінде осы мәселені шешуге негіз болатын тірек (опорный) диалект болмаған соң, әдеби тіл жалпы халық тілі негізінде, жергілікті өлке, аймақ, облыстардағы халықтар тіл ерекшеліктерінің (бірінде аз, бірінде көп) жасалғандықтан, варианттардың нормалық дәрежесі ала-құла. Мысалы, а, ә дыбыстарының алмасуы орайында жасалған дублеттерде а—ә, б—п варианттарының ә, п дыбыстарынан басталатындары көбінесе оңтүстікке тән болғанмен, басқа жерлердегі олардың а, б варианттылары баспасөзге жиі жазылып та нормаға айналған. Сондықтан олардың жігі айқын емес, аралас-құралас жұмсалады. Қалай да ондайлардың әдеби тілдегі жұмсалу салмағына қарап, жарыстырып қоя бермей, мүмкін болғанынша таразының басым жағындағыларды нормалауға айналдыруға тырысу керек. Сол тұрғыдан дыбыс алмасуы орайында пайда болған дублеттер қатарларындағы басы артық варианттарды қабылдамай, ең тиімді, дұрыс деп танылғандарды ғана сөздіктерге енгізіп, баспасөзде емін-еркін бір вариантта қолдануға болады. Олардың біразын төмендегіше нормалағанымызды төмендегі кестелерден көруге болады.
Жуан-жіңішке вариантты дублеттер
а-е
а-ә
аралас
норма
ауытқу
норма
ауытқу
норма
ауытқу
абыржу
абзал
аруақ
абжылан
жай
жайшылық
ашты
қария
куәландыру
қартамыш
алдақашан
қартайды
қаһарын төгу
әбіржу
әбзел
әруақ
әбжылан
жәй
жәйшылық
кәрия
кәртеміш
кәртейді
кәрін төгу
әжуа
әбігер
әбдіре
әжім
жәдігөй
бәйшешек
бәйтерек
кәрі
нәтиже
уәде
шәлі
ажуа
абыгер
абдыра
ажым
жадыгөй
байшешек
байтерек
қары
натижа
уағда
шалы
әрдайым
жәрмеңке
әрекет
әріп
әзірет
әділет
әділдік
ащы
куәлендіру
әлдеқашан
егер
әрдәйім
жәрмеңке
қаракет
қарып
қазырет
ғаділет
ғаділдік
әщі,
әгер
залым
зәлім
т-д, бей-би вариантты дублеттер
т-д
бей -би
норма
ауытқу
норма
ауытқу
диірмен
доп
доғару
түз
тажал
дайын
тұзақ
тізе
дайындау
даяр
дәреже
домалақ
тиірмен
топ
тоғару
дүз
дажал
тайын
дұзақ
дізе
тайындау
таяр
даража
тұмалақ, дұмалақ
беймаза
бимазалану
бейберекет
бейхабар
бейгүна
бейсауат
беймаза
беймәлім
беймезгіл
бизмаза
бимазалану
биберекет
бихабар
бейгүнә
бисауат
бимаза
бимәлім
бимезгіл
п — б вариантты дублеттер
норма
ауытқу
норма
ауытқу
бітір
балуан
бұйда
бірадар
пенде
байымдау
бәлекет
биязы
пияз
биязпітір
палуан
пида
пірадыр
бенде
пайымдау
пәлекет
пиязы
палау
балуан
пейіл
бесене
бәлекет
бал ашу
бәленше
балау
палуан
бейіл
бекене
пәкене
пәлекет
пал ашу
паланша
Бұл кестелерге қарағанда, сөздердің нормалық дыбыс құрамын не жуан, не жіңішке, не катаң, не ұяңнан басталатынына қарап, кесіп айтуға болмайды. Сондықтан бірде бір вариантын, тағы бірде екінші вариантын норма деп тану үшін әдеби тілде қолдану жиілігіне қарау керек. Дублеттерді, варианттарды нормаға, бір ізге түсіру мәселесіне немқұрайды қарауға болмайды. Ондайды реттеу, нормалау тіл мәдениетін арттырып, анархияға тыйым салу, әдеби тілдің айқындылығы мен дәлдігі үшін керек. Төмендегі лексика-семантикалық варианттарды норма тұрғысынан саралап көрейік.
Бірде жол түсіп мешітке баруыма тура келді. Сыртқы дарбазасына ене бергенімде алдымнан жас шамасы төрт бестердегі бала жолықты. Маған: — Əпкей, əпке тоқтаңызшы!-деп маған күлімсірей қарап тұр. Іштей неге тоқтатты екен деп таңдандым да: — Йə балақай? Айта ғой! — Əпке мешітке кіруге билетіңіз бар ма?- деді. Басында түсінбей қалдым. Бірақ бірден ойыма "Дəрет алдыңыз ба?" деп сұрағанын түсіндім. — Əрине бар. Тіпті аспанға ұшып, қалықтауға да бар. — Онда мені де ап кетіңізші! Аспанға менде ұшайыншы! — Жарайды, жүре ғой! — Жаныңызда өзіңіз сияқты əпкелер көп екен мен сиямын ба?-деді. Не деп жауап берерімді білмей: — Ол жаққа кез келген адам ұша алады(намаз оқи алады). Мешіт бос, имамдардың қарасы да көрінбеді. Сол жерде дұға тілеп отырдым. Жаңағы балақай да жанымда отырған болатын. Мешітке келген шаруам аяқталған соң, бала адасып қалған ба білгім кеп сұрамақ болған едім. Аяқ асты ғайып болды. Сол маңда біраз іздеп, маңайдан сұрастырдым. Көрген, білген адам табылмады. Бірақ, үйіме қуанышпен оралдым. Сол маңайдан өте қалсам балақайды ылғи іздеп тұрам. Бұл оқиғаны ешкімге айтып жеткізе алмасым анық! .....