Әңгімемді неден бастарымды да білмеймін....Анадан жаман болып тумайды ешкім.Жаратушы иеміз кейбір адамдарға жан сұлулығы мен тән сұлулығын қатар берсе, кейбіреулері әдемі бола тұра өзіндік қиыншылықтары болады. Жақсы мінез, жарқын жүрек,парасат, һәм денсаулық, әркімге де жарасад Алла кімге бұл төртеуін сыйласа,
Ол өмірден табар мәңгі рақат демекші адамның төрт құбыласы тең болса,одан бақытты адам жоқ шығар. Анамның мейірімге толы жүрегімен дарытқан тәрбиесі бала санасына құрсақта жатқанымда-ақ алғам.Мен қарапайым қазақ қыздарына тән мінезді де қылықты қызбын. Бірақ сыртым бүтін болғанмен, ішімде от алауы жанып жатқанын кім білсін. Олай дейтін себебім-менің денсаулығым нашар. Жиі ауырамын. Оң жақ құлағымның дұрыс естумеушілігі бар. Тағдыр басқа не жазса да,адам одан айналып өте алмайды екем.Мұның өзі қандай -қиямет екенін ауырған адам ғана білетін шығар. Сондықтан болар, адамдармен тіл табысқанда өзімді төмен санаймын және де өзімді алшақ ұстауға тырысам.Түндерім ылғи жылаумен өтетінін менен басқа ешкім білмейді......
Қазақ батырларының жеңісі ұлтымыздың жадында мәңгі болмақ. Соғысқа қатысушылардың ерлігі еш ұмытылмас. Соғыс-атауы құлаққа жағымсыз,асты қайғы-қасіретке толы қаралы, үрейлі сөз. Осы айқаста жауды жеңу үшін барын аямай, жеңісті жақындату жолында қаза болғандар да жоқ емес. Аспан әрдайым ашық болу үшін барлық күштерін сарп еткен батырларға мың алғыс.
Менің ойымша, осы бүгінгі ашық аспанымызға жетуге дейінгі соғыстарды екіге бөлуге болады. Бірі, атты әскерлермен қара қанға батқан Қанжығалы батыр, Қарабай батыр, Наурызбай батыр, Райымбек батырларымыз әскерлерімен болған қорқынышты соғыстар. Аталып өткен қолбасшылар әрі шешен, әрі батыр, қолбасшы және жоңғар басқыншыларынан азат ету жолындағы азаттық күресетін аса көрнекті ұйымдастырушылар. Атты әскердің қолбасшылары осындай батыл болғаны, әскерінің де мықты және аянбай шайқасатын, ержүрек батырлар екенін мәлімдейді. Екіншісі, 20 ғасырда болған Ұлы отан соғысындағы қазақ батырларының фашистермен шайқасында өз үлесін қосуы болмақ. Бұл соғыста фашистердің аңсап келген арманына 4 жыл ішінде батырларымыз қажымас ерліктерімен тосқауыл берді.
«Шөлде суыңды сақта,Соғыста туыңды сақта» деген уәждемемен өздерінің алдына мақсат қойып, ешқандай тосқауыл оларға төтеп бере алмаған, ержүрек соғыс қатысушылар-көк аспанымыздың айнасы деуге болады.
Бауыржан Момышұлының «Жауынгер тұлғасы» атты шығармасындағы бейнелер әлі есімде. «Жауынгер тұлғасы» әңгімесінде автор қазақтың «Білекті бірді, айлалы мыңды жығады»мақалының кұдірет-күшіне тамсанған. Осы әңгімеде Мұхаметқұл Исламқұлов әлі де жас болғанына қарамастан еліне қызмет еткісі келді, әрине, ол басында уайымдады, қорықты, бірақта оны алға қарай тартқан мақсат! Шығарманың шарықтау шегі кезінде осы жас жауынгердің қарамағына одан жасы үлкен ағаларын жіберген кезде, олар жас балаға бағынғысы келмегенін көре аламыз. Сол кезде ақын, әрі батыр Бауыржан Момышұлы ағамыз.....
Егер менің тілім ертең өлетін болса, мен бүгін өлуге дайынмын Расул Ғамзатов
Қазақтың атақты батыры Бауыржан Момышұлы атамыз айтып кеткендей, тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес. Сол себепті бұл әлі күнге өзекті мәселе боп қалып отыр. Сондықтан мен тіл жанашыры ретінде, болашақ журналист маманы ретінде тіл мәселесі жайында сөз қозғағым келіп отыр.
Тіл мәселесі - әлі шешіле алмай келе жатқан мәселелердің бірі. Қалай ойлайсыздар, неге оның жағдайы бір қалыпта, бір деңгейден көтерілмей тұр? Бұл мәселені сонау жылдар бойы талқыға салды, көптеген ойлармен бөлісті. Сол жайында көптеген мақалалар, көптеген еңбектер жазылды. Бәрі де ат салысуда және ат салысқан. Осы тұста Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов, Спандияр Көбеев, Жүсіпбек Аймауытов сияқты тіл жанашырларын атап өтуге болады. Тіпті болса, Міржақып атамыз «Оян, қазақ!» өлеңімен, ал Ахмет атамыз «маса» кейпінде халықты оятпақ болды. Бірігіп күш салуға шақырды. Сол кездегі ата – бабаларымыз тәуелсіздікті аңсап еді ғой, ойланыңызшы! Тілі таза емес елдің тәуелсіздігінің қандай жақсы жақтарын білесіз?.....
Пән: Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ежелгі Грекия мәдениеті Сабақтың тақырыбы: Ежелгі грек философтары (Сократ, Аристотель, Платон) мінсіз қоғамды қалай елестетті? 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 5.2.3.1 ежелгі грек философтарының көзқарастары туралы қарапайым түсінік беру Сабақ мақсаттары: ежелгі грек философтарының көзқарастары туралы қарапайым түсінік беру; олардың дүниежүзілік мәдениет пен ғылымға қосқан үлесінің маңыздылығын анықтау; мінсіз қоғамның не екенін түсіндіру;......
Пән: Дүниежүзілік тарих Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ежелгі Грекия мәдениеті Сабақ тақырыбы: Ежелгі Грек философтары (Сократ, Аристотель, Платон) мінсіз қоғамды қалай елестетті 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.2.3.1 – Ежелгі философтардың көзқарастарына қарапайым түсіндірме беру. Сабақтың мақсаты: Сократ үлгісі арқылы оқушыларда жақсы мен жаманды қалай ажырату; байлыққа, мансапқа, сый-құрметке, билікке қызықпау; зұлымдық жасамау сияқты адамгершілік негіздерін тәрбиелеу. ......
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өркениет: даму ерекшеліктері Сабақ тақырыбы: Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі 3-сабақ Сабақтың мақсаты: Орталық Азия халықтарының мәдени жетістерінің адамзаттың дамуына қосқан үлесін бағалау Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.3.1 Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениет жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау 10.1.3.2 Орталық Азия халықтарының рухани мәдениеті мен ғылым саласындағы жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау.....
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өркениет: даму ерекшеліктері Сабақ тақырыбы: Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі 2-сабақ Сабақтың мақсаты: Орталық Азия халықтарының материалдық мәдени жетістерінің адамзаттың дамуына қосқан үлесін талдау Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.3.2 Орталық Азия халықтарының рухани мәдениеті мен ғылым саласындағы жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау.....
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өркениет: даму ерекшеліктері Сабақ тақырыбы: Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі 1-сабақ Сабақтың мақсаты: Орталық Азия халықтарының материалдық мәдени жетістерінің адамзаттың дамуына қосқан үлесін талдау Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.3.1 Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениет жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау;....