Әке деген асқар тауың білесің бе, Әке деген асқар шыңың сезесің бе. Әке деген аққан бұлақ нәр беретін, Әке деген жол көрсетер ақылшың. Әке деген бар жылуды жинап алған, Ай мен күн. Әкең барда қанат бітіп, Құс сияқты ....
В. А Сухомлинский оқушылардың ата-алаларымен жұмыс істеудің мадызына ерекше назар аударып "Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріпіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін", - дейді. Олай болса, отбасы мектепден бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан да педагогикадық әрекетте мектетің жалпы міндетгерінің көлемінің тым кеңдігіне қарамастан, ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше. Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие просысынің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары олардың өзара қарым-қатынасы, сабақтың ұйымдастыру формалары мен өткізу технологиясын көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзкарас, СОНЫМЕН қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысы. Мектегі басқару ісі біртіндеп демократиялыық бағытты ұстануда. Яғни педатогикалық әрекетгегі үшбұрыш — оқушы - ата-анаға қатысты жағдай да жаңа демократиалық қарым-қатынасқа ие болуда. Олай болса, осы қарым-қатынасты реттеп отыратын әкімшішк-басқару жүйе де ендігі жерде келмеске кетті. Бүгінде мектепің ата-аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жоюда: ата-аналар жиналысы, ата-аналар легториясы мен университтетіері, ата-аналардың ашық күні, ата-аналардың жұмыс орындарымен байланыс, баланың отбасына бару т.с.с. Дегенмен де тәжірибелі мұғалімдердің көзқарастарында, ол олай болуы тиіс емес еді Соған орай түйіні шешілмеген мәселелерді "шешуде мұғалімдер оқушылар, ата-аналар мен оқушылар өзара байланыссыз жалқы қалып отыр. Әсіресе, мұндай жағдай мұғалімдердің ата-аналармен ынтымақтастық қарым-қатынасына кері әсерін тигізуде. Бүгінде бала тәрбиесінде олардың бір-біріне айтар ақыл-кеңесі ауадай қажет болып отыр. Сондықтан да ата-аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым-қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай оқу-тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтастық жұмыс істеулерін қажет етеді.....
Қазақ халқының тарихында Алаш қайраткерлерінің алар орны ерекше. Олар өз ұлтының бостандығы жолында басын бәйгеге тіккен, туған елін отаршылдықтың бұғауынан босатып, тәуелсіз мемлекет құру үшін ақтық демі қалғанша күрескен асылдар еді. Жалпы, қазақ халқының тарихында азаттық аңсап, өз елінің тәуелсіздігін қорғаған тарихи тұлғалар аз емес. Әйтсе де, Алаш қайраткерлерінің олардан бір үлкен айырмашылығы мен ерекшілігі бар. Бұған дейінгі бостандық үшін басын бәйгеге тіккен ұлы тұлғалар өз мақсаттарын ақ найзаның ұшымен, алмас қылыштың жүзімен жүзеге асырмақ болса, Алаш қайраткерлері өркениетті елдердің дәстүрімен күресті партия құрып саяси жолмен жүргізді. Соның нәтижесінде Алаш қайраткерлері қазақ жерінде тұңғыш рет қағазға түскен қаулы-шешім негізінде бекітілген үкімет құрды. Мемлекетті басқару, қазақ елін дамытып-өркендету жөнінде жаңа дәуірге сай сауатты, жүйелі жоспар-бағдарлама жасады. Қазақ халқының тарихында мемлекетті басқару мен үкімет құрамын ресми бекітудің нақ осындай қағаз бетінде бір жүйеге түсіріліп, ретке келтірілген жоспар-бағдарламасы болды деп айту қиын. Яғни, Алаш қайраткерлері осыдан сексен-тоқсан жыл бұрын қазақ халқы толық тәуелсіздік алған жағдайда елді қалай басқарып, қайтіп дамыту керек, ішкі-сыртқы саясатты қандай жолмен жүргізген дұрыс, көрші мемлекеттермен қандай қарым-қатынаста болғанымыз абзал дегеннің бәрін нақты көрсетіп, белгілеп берген болатын. Өкінішке қарай, Алаш қайраткерлерінің осы айтып, жазып кеткен бағдарлама-жоспарларын біз әлі күнге жете оқып, зерттеп, оны қазіргі заманға ойдағыдай пайдалана алмай жүрміз. Тіпті, басқаларды қойғанда, саясатпен айналысып, ұлт үшін қызмет етуді мақсат тұтқан азаматтардың да бәрі бірдей Алаш қайраткерлерінің еңбегін жүйелеп оқып, оны күнделікті өмірге қолданып жүр деп айту қиын. Болашақта Алаш қайраткерлерінің еңбектері мен ой-идеяларын бүгінгі күнге практикалық тұрғыдан тиімді пайдаланудың жолдары мен жаңа мүмкіндіктерін ойластырғанымыз жөн. Мысалы, мен өз басым сонау тоқсаныншы жылдардың басында белгілі қазақ тарихшылары Әбу Тәкенов пен Мәмбет Қойгелдиев дайындаған Мұстафа Шоқайдың «1917 жыл естеліктерінен» атты кітабы Ыстамбул қаласына апарып, баспадан шығарып әкелдім. Бұл еңбекте Мұстафа Шоқай Қазақстан ерте ме, кеш пе әйтеуір тәуелсіздік алатынына кәміл сенген және тәуелсіздік алған жағдайда Қазақстан не істеу керек, қандай саясат жүргізу қажет дегенді жан-жақты талдап, атап көрсетіп берген. Тағы бір таңқаларлығы, Мұстафа Шоқайдың сол заманда айтып кеткендері мен енді ғана тәуелсіздік алған Қазақстанның Тұңғыш Президентінің жүргізіп отырған саясаты мен ұстанымдары бір-біріне өте жақын, ұқсас еді. Мысалы Мұстафа Шоқай Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Ресеймен қандай қарым-қатынаста болу керек; Қазақстандағы орыстар және басқа да ұлт өкілдері жөнінде қандай саясат ұстанған дұрыс дегенді тайға таңба басқандай етіп көрсеткен. Ал Мұстафа Шоқайдың сол айтқандары Қазақстанда қазір айна-қатесіз толығымен жүзеге асып отыр. Тіл мәселесі туралы да осыны айтуға болады. ....
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы заңы» (1972), Қазақстан Республикасы «Тәлім- тәрбие тұжырымдамасы» (1993), Қазақстан Республикасы «Жалпы білім беретін мектептері» тұжырымдамасы (1992), Қазақстан Республикасы «Жалпы білім беретін мектептер оқушыларды еңбекке оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамасы» (1993) педагогика ғылымының зор сүйеніші болады. Сонымен бірге көптеген мұғалімдердің де тәжірибелері де басшылыққа алынып тәрбиенің дамуына игі әсерін тигізді. Адамгершілік теориясы мен практикасында аса маңызды бағыттарға сын көзімен қарамайынша бүгінгі күнде орын алатын жалпы тәрбиенің оның ішінде адамгершілік тәрбиесі ұғымдарының ғылыми негізін ашып көрсету әлі де шешімін тапқан жоқ. Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысында болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауға міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылар мен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Бұл өзекті мәселелерді шешуде және оларды одан әрі жетілдіруде оқу- тәрбие процесінде адамгершілікке тәрбиелеу мақсаты ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Бірақ, «адамгершілік элементтерін қолданамын» немесе «адамгершілік барлық тәрбие сағаттарының тақырыбына сай келе бермейді» деген жаңсақ пікір де орын алып келеді. Адамгершілік тәрбиесі жөнінде демократ педагог Н.А.Добролюбов жастарды гуманизмге тәрбиелеудің маңыздылығын көрсете келе гуманизмнің мазмұнын терең және әр салалы түсіндірді. Бұл тәрбиенің міндеті адам баласын қадірлеп сыйлауға үйрену ортақ тағдыр жолында істес адамдарға көмектесу, қиын-қыстау кезеңдерде жолдастар мен достарға жәрдемдесуге дағдылану керек деп талап етеді. Н.А.Добролюбовтың көзқарасында адамгершілік тәрбиесінің жолдары мен әдістері жөнінде былай деді: «Нағыз шын адамгершілік қасиеттер мен саналар қалың халықтардың ішінде, халықпен біте қайнап дамыған адамгершілік, сол халықтың ерекшеліктерін, тілектер мен талаптарын, үміттері мен болашақтарын білдіреді»,- деді. Қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогы Ыбырай Алтынсарин бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге арнады. Ы.Алтынсариннің балаларға арнап жазған шағын әңгімелері, өлеңдері бастауыш сынып оқушыларын еңбек етуге, адал, шыныл болуѓа мейірімді, қайырымды болуға, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға арнаған. Қазақ халқының ұлы ойшыл-ақыны Абай Құнанбаев жастарды халқының әдет-ғұрпы, салт-санасы, дәстүрінен тәлім- тәрбие алуға шақырды. Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Жақсы көпке ортақ», «пайдаң еліңе, халқыңа тисін» деген гуманистік ой-пікірді қуаттау болды.....
Қызығушылықты ояту. www. bilimland. kz порталындағы «Видеожинақ» ресурсы («Сынып сағаты тақырыптары» бөлімі) http://bilimland. kz/kk/home#lesson=12002 арқылы оқушыларға бейнебаян көрсету. Мұғалім: - Құрметті оқушылар, бейнебаяннан көргеніміздей бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? Неліктен мен сіздерге қызыл, сары, жасыл жетондар арқылы топқа бөлдім. Бұның сыры неде? - Дұрыс айтасыздар, жолда жүру ережесі, бағдаршамның адам өміріндегі маңызы туралы болмақ. Сабағымыздың басты мақсаты егемендігі мен елдігі орнаған осындай Қазақстан атты бейбіт өлкемізде сәбилердің қуанышты күлкісі мен аналарымыздың әсем жүзі бақытқа толы болса дейміз, ол үшін әр азамат өмір қауіпсіздігін сақтап, жол тәртібін білу керек. Біз бүгін осы мақсатта жол ережелері өлкесінде қонақта боламыз. Сәт сапар, Жас ұлан! .....
Сабақтың тақырыбы : XXI –ғасыр қожасында қандай дағды қалыптасу керек. Өткізілген уақыты : 01.03.2016 ж Сабақтың мақсаты: 1. Жас жеткіншектерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, жалпы адами қасиеттерге ие болатын тұлға қалыптастыру.
2. Оқушылар бойына ұлттық намыс пен рух, ақыл мен парасат....
Кіріспе Курстық жұмыстың өзнектілігі: Қазір халқымызда орта мектепті әрең бітіретін, зерделері таяз медицина тілімен «дебил» деп айдар тағылған балалар тым көбейіп кетті. Бұрынғыдай ауыздан шыққанды қағып алып, жатқа айтатын зерек ұрпақ мүлде азайып барады. Оның бірден бір себебі - арақ ішіп, шылым шегіп, апиын атудың нәтижесінде уланған ұрықтан екендігін ғылым баяғыда-ақ дәлелдеген. Олай болса қоғамдық мәні аса зор бала тәрбиесінің алтын қазығы болып саналатын халық педагогикасының ғылыми негіздері мен жүйелерін анықтап алмаса болмайды. Курстық жұмыстың мақсаты: Оқушыларды қоғамның белсенді және білімді азаматты етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Курстық жұмыстың міндеті: - Мұғалімнің сабағына қойылатын талаптарды анықтау - Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымның қалыптасуының адамгершілік қасиеттерін, дүниетанымдылығын арттыру. - Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипатын анықтау. Курстық жұмыстың өзектілігі Бүгінгі таңда жаңаша жұмыс жасау, оқу мен тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Ал егемен еліміздің дамуы мектеп жұмыс әдістерінің түбегейлі өзгеруінсіз, оның іс-әрекетінің жаңадан құрылуынсыз мүмкін емес. Өйткені бүгінгі бала-ертеңгі дарынды білімді, жастар тәуелсіздігімізді баянды етіп, қоғамдық әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қоса алады.....
Кіріспе. Философия тарихындағы адам проблемасы. Адам мәселесі философия ғылымымен құрдас десе де болады. Бұдан философияның өзі сонау көне замандағы ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ой-толғауларынан туғаны дәлел бола алады. Атақты философтар Платон мен Аристотель философиялық ойлардың психологиялық негізі адамның өзі түсінбейтін, түсіндіре алмайтын құбылыстарға ең алғаш таңдану, таңырқау сезімдерінде жатыр деп болжам жасады. /1./ Философияның мәселесі – бұл сананың, рухтың табиғатқа, материяға субъективтің (адамның) ішкі дүниесінің объективтікке (сыртқы дүниеге) қатынасы. Адамның сана-сезімі мен ақыл-ойының, тілі мен дүниетанымының және оны өзгерту қабілетінің өзін қоршаған ортаға қатынасы қандай, табиғат пен қоғамның адамға, оның ішкі дүниесіне тигізетін әсері қандай-осының бәрі философияның ең түбірлі және түбегейлі мәселелері болып табылады. Философиядағы адам мәселесі (оның шығу тегі, мәні, табиғаты және қоғамдық өмірдегі ролі) фундаментальдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады. Адамды философиялық тұрғыда түсінудің іргетасы осы қалыптасқан түсініктер, идеялар, образдар мен ұғымдар негізінде және қалыптаса бастаған философия мен мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Дәл осылайша адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс елдерінде пайда болды. Адам туралы алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Бұл туралы біздің заманымызға дейін жеткен мифтер (аңыз, әпсаналар) мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет береді. ....
КІРІСПЕ Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан демократиялық жолға түскен өтпелі кезеңінде барлық әлеуметтік-экономикалық түбірмен өзгеруі білім саласының қайта құруына қажеттілік туғызды. Бұл орайда жүргізіліп жатқан реформалар бұрынғы қол жеткізген жетістіктерді сақтай отырып, білім беру жүйесін ары қарай дамыту жолдарын белгілеу қажет болды. Алайда егемендіктің алғашқы жылдары бұрынғы жүйенің тамаша жетістігі болып саналатын міндетті өзгеріске ұшырап батысқа көшуге талпыныс жасалды. Ендігі жерде білім беру саласында әлемнің алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесіне сүйеніп, жаңа мемелекеттің даму барысын ескере отырып, жинақталған тәжірибеге арнайы талдау жасау қажет. Адамзаттың бөлшек сандар туралы түсінігі ерте замандарда –ақ қалыптасқан, сондықтан бөлшек ұғымының пайда болу процесін өте дәл сипаттау мүмкін емес. Бөлшек сандар әр түрлі шамаларды - ұзындықты, массаны, ауданды және т.с.с. өлшеу процесіне байланысты пайда болуы ықтимал. Барлық халықтарда теңдеу бөлуге байланысты бөлімі екіге тең болатын бөлшектер ерекше орын алған. Бастауыш сыныпта үлес, бөлшек, оларды жазу, салыстыру, санның үлесін, үлесі бойынша санды табу, санның бөлшегін табу сияқты мәселелер қарастырылады. Балаларды үлестермен танысыру практикалық іс-әрекет арқылы жүзеге асырылады. Бөлшек туралы алғашқы түсінік нақты заттар геометриялық фигуралар, шамаларға пркактикалық амалдар қолдану арқылы беріледі.....
КІРІСПЕ Бүгінгі таңда тұлға - психологиядағы ең өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Өйткені қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы белсенді, жасампаз тұлғаны қалыптастыруға жоғарғы талап қояды. Ал қоғамның қазіргі жағдайында, елдің саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық жақтарын жаңарту кезінде - жас ұрпақтың болашақта ізгі ниетті азамат болып дамуына олардың тұлғасының дұрыс қалыптасу үрдісі үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз. Сондықтан да тұлғаның теориялық зерттеулеріне, жалпы ұғымына сарапталған талдауларға зер салайық. Тұлға - бұл қоғамдық-тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті -бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-кұлык пен іс-әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастарының бірлігін құрайды. Бұл көзқарас зерттеушілердің көпшілігіне негіз болып қаланды. Алайда, көптеген авторлар тұлға бағыттылығының мазмұнын (мотивтер мен қажеттіліктер, ұмтылу мен талаптану. бағдар және т.б.) түрліше қарастырады.....