Екі лақ

Ақ лақ пен Қара лақ әрі жүгіреді, бері жүгіреді. Жан-жағына алақ-жұлақ қарайды. Мына жағы - қалың шілік, ана жағы - қалың бау. Маңайда ешбір қой-ешкі көрінбейді.
- Сен Ақ лақсың, түк білмейтін ақымақсың. Мені әрлі-берлі сүйреп жүріп, ақыры адастырдың. Жаның барында қойды тауып бер! - деп, Қара лақ Ақ лақты бүйірден бір түйіп кеп қалады. Қара лақ бір......
Ертегілер
Толық

Ұстаздардың жалақысы 2016 жылы 43-66 пайызға дейін өседі

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі мұғалімдердің жалақысы артатыны белгілі. Ол үшін ел үкіметі 200 млрд теңге қаражат бөліп отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов педагогтардың кәсіби мерекеге арналған шарада мәлім етті-деп хабарлайды baq.kz.
Жаңалықтар
Толық

Лақ

Мынау тұрған лақ
Салпаңдаған құлақ.
Су ішетін жері
Сылдыраған бұлақ.
Тақпақтар
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Адамның дене мүшелері (тырнақ, шаш, ауыз, бет, тіс, бас, тіл, саусақ, кіндік, құлақ, көз бен мұрын)

Қолымда он жүзігім ал шығармай,
Бір бөрі мал жейді екен қан шығармай.
Төрт торы, екі сала жұмбағым бар,
Мұны тапқан мені алсын мал шығармай.
Он тырнақ, ұстара, жылдың төрт мезгілі

Бір жанды мақлұқ көрдім пошымы бөлек,
Бір тау бар ортасында дөп-дөңгелек.
Үстіне шыққан шөбі бәрі тегіс,
Мал жемес, шауып алып неме керек.
Сол таудың ортасында екі өзен.
Астында бұлағы бар, алды кезең.
Не астына, не үстіне шыққан шөп жоқ,
Адамзат көргенің жоқ ондай өзен.
Сол таудың етегінде жалғыз құдық,
Беткейде асыл таспен аузын қиып,
Ішіне кірген нәрсе тірі шықпас,
Асыл тас жібереді бәрін қиып.
Адамның басы, беті, аузы, тісі

Еңкейсем еңкейеді,
Шалқайсам шалқаяды.
Көлеңке
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Cүйгенімнен періште таптым

Керемет бір жерге апарамын, нағыз жұмақтың өзі деді... Сүйгеніме сенбегенде кімге сенемін дедім де, артынан ере бердім... айтқандай-ақ нағыз жұмактың өзі екен, ашық аспан, жымыңдаған жұлдыздар, сүйіктің қасында, одан асқан бақыт жок екен... сол жерден бір үйді жалдадық, шәйін -тамағын бердім, өзімді әлемдегі ең бақытты жандардың бірі сезіндім, көзім күлімдеп, жүрегім лүпілдеп тәнімнен шығып кетердей болды... Одан кейін шайтанымыз азғыртып, ләззатка бөлендік.... Алғашында бәрі жақсы болды, алақанында ұстады, мәңгі бірге боламыз, мәңгі сүйіп өтемін деп уәде берді. бірақ......
Махаббат хикаялары
Толық

Жұмекен Нәжімеденов (Қошалақ)

Жатырмысың, самалды сай, сырлы алап,
жусаныңнан сынап-шықтар сырғанап.
Құм-шағылдан өсіп шыққан шоқыңа,
жолаушыдай өте алмадым бір қарап.

Жыңғылыңды көлеңкелеп көз ілдім,
көз ілдім мен төсегінде.....
Өлеңдер
Толық

Қазақ тілін 40 жыл зерттеген профессор шала қазақтарды сынамауға шақырды

АҚШ-тағы Индиана университеті Орталық Еуразияны зерттеу кафедрасының профессоры Уильям Фиерман 40 жыл бойы қазақ және өзбек тілдерін зерттей келе «шала қазақтарды» сынауға болмайды деген тұжырым жасады.

Бұл туралы «Мой городқа» сілтеме жасап, NUR.KZ хабарлады.

«Мен «шала қазақтар» деген ұғымнан хабардармын. Менің бірнеше «шала қазақ» достарым бар. Олар өз тілінде сөйлеуге тырысқан сайын, айналасындағылар саусағын шошайтып, сынға ала бастайды. Олар тығырыққа тірелген. Бір шетінен өз тілдерін үйренгісі келеді, екінші шетінен сол үшін көпшіліктің мазағына қалады. Ал мен, Америкадан келген профессор, қазақша қате сөйлеп бастасам, шала қазақ емес, керісінше, қазақша сайраған адам болып шығамын. Олай болмауы керек», — деп ағынан жарылды Фиерман сұхбатында.

Уильямның ойынша, мұндай «шала қазақтардың» қалыптасуына КСРО кезіндегі саяси қуғын-сүргін мен қазақ тілінің үш рет жазу емлесін ауыстыруы себеп болған.

«Репрессия — орыстандыру саясатының бір бөлігі болды. Бұдан бірінші кезекте....
Жаңалықтар
Толық