Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Төреғали Төреәлі өнердегі досы Әбдіжаппар Әлқожаны туған күнімен құттықтап, оны жер-көкке сыйғызбай мақтады. Әнші оның бойындағы асыл қасиеттері мен атқарған игі істерін тізіп шықты деп жазады NUR.KZ.
Төреғали Төреәлі Әбдіжаппар Әлқожаға арналған жүрекжарды жазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Өнер иесі досы екеуінің ұқсас тұстарын атап, оның шын мәнінде қандай адам екенін айтты. .....
Болғанда сұлу сырлы жаздың айы Дүкеннің себілгендей иіс майы Санаттай даласының жайнап гүлі, Ән салып көтерілер боз торғайы. Еркелеп сұлу гүлдің қойнына еніп Жұтқанда жібек желін кеуде керіп. Күлерсің, қуанарсың, шаттанарсың Баладай ана сүйген емшек беріп. Бәу - бәулеп маңдайынан сипап желі, Тербетер мейірленіп сонда сені. Ән салып тоқсан түрлі күй тартады, Өнерпаз сауық құсы дүниедегі. Тамаша талай сыр бар бұдан өзге......
Семейге көктем ерте келді. Бірақ тосын келді. Біреуге - жол, біреуге - қор болып келді. Десе де, көптен бері көңілімде жүрген көмескі ойды сеңдей соғып кетті. Жол болды дегенім –өз басым шын сүйгенімді кездестірдім. Қор болды дегенім –маңайымдағылардың махаббаты. Осы әңгімесымағымды жазуыма ықпал еткен, қарындасымдай көретін қазақтың қаракөз қыздарының бірінің басынан өткен әңгімесі еді. Ендеше сөзімді «жол болдыдан» бастайын.
Шынымен де менің жолым болғыш. Семейдің білдей бір зәулім университетінде оқып жатырмын. Талайлар бұл орынға түсе алмай быжақтап жүр, ал мен ұйқтап жүріп, тәлейім болып түсіп кеттім. Содан арқаны кеңге салып, Өскеменге, жүріп жүрген қызыма аттандым. Албырт көңілім алып ұшты ғашығыма.
Сәскеде Ертіс бойында Қаракөзбен кездестім. Қол ұстасып, қауышып, жағалауда көп жүрдік. Кешкісін оны биге шақырдым, дос қызымен келді. Есімі- Гүлмира. Сол түні бидің түбін түсірдік.
Ертесінде түстен кейін Семейге кайтатын болдым. Қаракөзбен қимай-қимай қоштастым. Ол суық қоштасты...жанарында қимастықтан гөрі қиналыс бар......
Күн өзінің жарық сәулесін таудан асып шыққан күйде шаша бастады. Жер әлем түнгі тыныштықтан кейін оянып үздіксіз өмірін қайта жалғастырды. Дала мен қалаға ортақтасып келген көктемнің жылы шырайы білінді. Әлі ери қоймаған тау шыңдарына көктемнің иісі де келмеген сияқты. Қала. Ұйыған тыныштықты бұзып тұрған бірер көліктің дауысы болмаса Алматы әлі ояна қойған жоқ. Кешегі сенбі күнді сәтті аяқтаған тұрғындар жексенбінің үлесін ұйқыдан алып жатыр. Апта бойы құрған жоспарларын жастық пен көрпеге қия алмай, қандарын ұйытып, мына әсем көріністен құр қалып бара жатқандарын қарашы. Ауыл. Тау сілемдеріне түскен күн шапағаты таңның атысын білдірткенімен, жамағат әлдеқашан оянған. Өріске иірілген қойлар, енесін қуалап бара жатқан құлынның дауысы, жерді жарып шыққан көк майсаның иісі, таза ауаның тылсым күші өне бойыңды сергітіп, өмірге деген құлшынысыңды арттырады. Ғасыр. Өткен күндерінің қарызын қара шашты ақ қылып, жұмыр бетіне әжім айқастырған адамдардан алып жатыр. Асқар қала ғимараттары, биік бұлттармен ұшы ұштасқан таулар сені қуалаумен асығады, жетпейді. Кешегі күн бүгінгідей болмағанымен, бүгінгідей ертең болмас. Кешегі қуаныш бүгінге жалғаспағанымен, бүгін болмаған қуаныш ертең келер. Арадағы үйлесімділік өз заңдылығымен сақталса болғаны. Тек ғасыр ғана сол қалпында ойлы көзбенен шыққан күнге, ұйқының боданында жатқан қалаға, тіршілігі қайнап тұрған ауылға үнсіз қарап тұр. Тіс жарғысы да келмейді......
Менің махаббат оқиғам да барлық махаббат оқигалары сияқты қарапайым басталды. Бірақ қазір ойланып қарасам, сол бір күннің тура сол кездегідей өткенін қаламас едім. Жарайды, болар іс болды, өткен күнге өкіну еш пайда әкелмейтіні сөзсіз. Сол бір кез тамылжыған көктем болатын, дәлірек айтсақ 10-наурыз, күлкілі әрине, бірақ канша жыл өтсе де ол күн әлі есімде.Мектептен қайтқан соң құрбым екеуміз есік алдына серуенге шыққан болатынбыз,бірақ үй жақтан біршама алыстап кеттік.Үй маңында мектеп бар еді.
Құрбым екеуміз сол мектеп ауласына барып отырдық.Сол кезде мектептен қайтып бара жатқан 1топ жігіттерді көрдік.Сол жігіттердің арасынан бойшаң, сүйкімді келген біреуі менен көзін алмай қарады, ия мен де оны байқадым. Ол достарына бізді көрсетіп, танысқысы келді ме білмеймін, ал достары асығып жүріп кете берді.Ал бойшаң жігіт мектеп маңында қалды.Ол алыстан ұзақ уақыт біз жаққа қарап тұрды, бірақ қасымызға жақындауға батылы бармады.
Біздің де үйге қайтатын уақытымыз болды, тұрып үй жаққа қарай жөнеле бердік.Жүріп келе жатып артымыздан «қыздар» деген жағымды дауыс естілді.Бұрылып қарасақ, әлгі жігіт екен.Ол бізге танысуға болады ма деді.Мен үндемедім (бірақ ішімнен әрине танысқым келіп тұр).Ол Ерсұлтан деп қолын ұсынды.Мен өз есімімді айтып, ары қарай танысып кеттік.Ерсұлтан менен телефон нөмірімді сұрады, Ò қалай екенін білмедім бірақ ойланбастан бере салдым.Содан ары қарай хабарлвсып, бір-бірімізді көріп,жақсы сөйлесіп жүрдік, мен ол жігітке ғашық бола бастадым.Бірақ Ерсұлтанның маған деген сезімін түсіне алмадым.Сөйтіп жүргенімізде күз де келіп жетті,біз күзде мүлдем сөйлеспей кеттік, Ерсұлтан хабарсыз, менім де хабарласуға батылым жетпеді.Қыста да арамыз мүлдем суып кетті.Көктем келе мен оны қайтадан жолықтырдым.22-наурыз болатын, мен құрбыммен, ол достарымен бір-бірімізді көріп қалдық.Сол сәтте менің ішімдегі үміт оты одан әрі лаулай түсті......
Алмас екеуміз көктемнің күздей сүркейлі бір күнінде таныстық. Ол біздің үйге келді. Өзі сымбатты әрі өнерлі жігіт екен. Маған ән салып берді. Мен оны алғаш көргеннен-ақ ұнатып қалдым. Ұнатып емес-ау ғашық болып қалдым. Арада көп өтпей біз үшін мәңгі оралмайтын махаббат күндері басталды. Бірак ол да ұзаққа созылмады. Біз айырылыстық. Мен оны қимадым, соңғы сәтке дейін мойнына асылып тұрып кетпеуін өтіндім. Бірак ол кетті, мәңгіге кетті. Мен үшін ол күндер тозақпен пара-пар еді. Үнемі оны сағынатынмын, ешкімге көрсетпей жылайтынмын. Екеум із бірге баратын сол тауға ылғида жалғыз баратынмын. Өткен күндерді еске алатынмын. Ол күндер менің өмірімдегі ең бақытты сәттер еді ғой.
Алайда мен оның алдына қайтып бара алмадым. Себебі... Арада 3жыл өтті, дәлірек айтсам 2жыл 7ай уақыт өтті. Мен мектепті бітіріп,атағы Алатаудай Шығыстағы ең беделді оқу орнына түстім,оқып жатқан мамандығымда екінің бірінің қолы жете бермейтін аты ерекше мамандық. 1курстың бірінші семестрін бітіріп,үйге барып қайтқаннан кейін көрші қаладағы апайымның үйіне бардым. Ол жерден Алмастың телефон номерін тауып алдым. Екі-үш күннен кейін хабарластым. Ар жағынан өзіме әбден таныс үн құлағыма келді. Ал көз жасымды тоқтата алсамшы,екеуміз ұзақ сойлестік. Енді өткен істі бастамайтын, дос болып қал атын болдық. Алайда сол күндерді еске аламыз, ол ештеңені де ұмытпапты, бәрі есінде екен. "Сен өзгердіңбе?.....
2011 жылдың көктемі еді... Мен колледждің 3 курс студенті болатынмын. Әдеттегінше түстен кейін жатақханаға келдім. Келсем бөлмедегі құрбыларым сыртқа шығып келейік деді. Мен шаршап тұрсам да құрбыларымның көңілін қимай, шығуға келістім. Бірақ сол күні шыққанымды ешқашан ұмытпаспын... Өйткені сол күні жүрегіме өшпес жара салған жанды кездестірдім...Оқиғаның қалай болғанын басынан бастап баяндайын... Мен, Балнұр және Сая үшеуіміз жатақханаға жақын маңдағы аллейкаға қыдырып шықтық. Сөйтіп бір орындыққа келіп отырдық. Бізге қарама қарсы орындықта бір 3 жігіт отырды. Кішкене уақыттан соң олар біздің жанымызға келіп, таныса бастады. Арамыздағы әзілқойы Балнұр болатын. біздің әңгімеміз жарасып кетті. маған олардың ішіндегі Азамат деген бала ұнап қалды. олар біздің телефон нөмерлерімізді алды. Содан соң біз Азамат екеуіміз жақсы сөйлесіп кеттік. Біз бірнеше рет кездескеннен кейін, ол маған жүруді ұсынды. мен келісімімді білдірдім.Содан бастап менің бақытты күндерім басталып кетті. Ол дәл менің ойымдағы жігіт болатын. Мінезі көңілді, менің көңілімді көтеріп жүретін, сәл ашулансам өзінің сүйкімді қылықтарымен бәрін ұмыттырып жіберетін. Екеуміз жиі саябаққа баратынбыз, кинотеатрларға барып уақытымыздың қалай өткенін байқамай қалатынбыз. Кейін бәрі тез өзгере бастады, одан күмандана бастадым. Оның сылтаулары көбейіп, маған таныс емес достарымен жиі кездесіп қыдыра бастады. Оған звондасам ылғи жауап бермейді, жауап бергеннің өзінде қолының бос емес екенін айтып, кейін өзім хабарласамын деп, хабарласпай кететін. Мүмкін бір қиындықтар пайда болған шығар деп сұрасам "саған оның керегі не? деп дөрекі жауап қайтаратын. Мен оны қатты сүйгендіктен барлық дөрекі сөздерімен, жағымсыз қылықтарына еріксіз шыдадым. Бірақ оның неге осылай жаман жағына өзгеріп кеткенін түсінбедім...Екеуміздің арамызда бәрі де тамаша болатын, әлде оған қатты ғашық болғандықтан ба, оның ондай мінезі бар екенін байқамаппын......
Пай! ПАй! Пай! Киелі неткен жер! Батырлар дүрілдеп өткен жер. Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер. Ғашықтар бір-бірін өпкен жер. Сарылып сал-сері кеткен жер. Бас иіп, иіскеп топырағын, Тағзым жасамай өтпеңдер! М.Мақатаев Қазақстан – Алтайдан Атырауға, Қаратаудан Көкшеге созылып жатқан қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы, ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең байтақ жер. Жазира жерді мекендеген ата-бабамыз басынан қиын-қыстау күндерді аз кешірген жоқ. Жаугершілік замандарда қаншама батыр ұлдарынан айырылып, ұлы –құл, қызы – күң болып кетпесін деп, елін, жерін сақтап қалу жолында қаншама тер төкті. Ер басына күн туса етегімен су кешуге даяр ерлер ұлтарақтай жері үшін қасықтай қаны қалғанша аянып қалмады. Соның барлығы да жері, елі, ұрпағы үшін күресіп, жер жастанғандар. «Ер ел үшін туып, ел үшін өледі» деген мақал осыдан қалса керек. Тәуелсіздік жолында шейіт болған батырларын еліміз ұмытпай, тағзым етеміз. Айдынды көлдер, асқарлы таулар, күні от шашқан шөлдер, арналы өзендер, ну ормандар, сылдырлаған бұлақтар Қазақстан жерінде. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы еліміз жерінің кеңдігімен, байлығымен мақтана алады. Міне, ежелден еркіндік аңсаған қазақ халқы тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына табалдырық басты......