Бір ғасырлық күрес

 Бәрі де «Зұлмат» фильмін көргеннен кейін басталды. Бұл қысқаметражды фильм бір үйдің алты баласын анасының көз алдында атып тастауы арқылы 1930 жылы болған «Созақ көтерілісінің» себебін түсіндіріп берді. 1925-1933 жылдары Қазақстанды басқарған Ф. Голощекиннің геноцидтік саясатына қарсы әртүрлі аймақтарда 300-дей көтерілістер болғанын, оның «Кіші қазан» науқанын жүргізуінің нәтижесінде алапат аштық апатынан 6 миллион қазақтың 3 миллиондайы қырғынға ұшырағанын білгенде денем мұздап кетті.

Бұл фильм мені ХХ ғасырдың 20-30- жылдарының тарихын оқып- білуге құштарлығымды оятты. Сонымен, Бибі әжемнің үйіндегі кітапханадан «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының «Қазақ ру-тайпаларының тарихы» ғылыми-зерттеу жобасы аясында жарық көрген үш кітаптан тұратын бірінші том- «Тама» атты кітабын тауып алдым. Онда біздің еліміздің бастауларын, ұлттың қалыптасу тамырларын ғылыми-зерттеу арқылы көрсетіп, ерте ортағасырлардан ХХ-ғасырдың 30-жылдарына дейінгі Кіші жүздің Жетіру тайпалар бірлестігіндегі Тама тайпасының тарихы баяндалған екен. Әртүрлі деректер мен нақты зерттеулерді талдау негізінде Тамалардың Түрік қағанаты тұсында, Алтын Орда құрамында, Қазақ хандығы тұсындағы ұлт-азаттық қозғалыстары, Тамалар бастаған 1930 жылғы «Созақ көтерілісі» туралы көптеген тың, соны мәселелерге қанықтым .

Сөйтіп, менің тарихқа деген қызығушылығым күн санап артты. «Зұлмат» фильмі мені қазақ халқының ұлт болып қалыптасуын білуге жетеледі, қызығушылығымды шыңдады ....... 

Шығармалар
Толық

"Үшінші емі еді": Телепродюсер Бейсен Құранбектің дертпен қалай күрескенін айтып берді

Бейсен Құранбек жүргізген "Айтуға оңай" мен "Қаракет" бағдарламаларының продюсері Әлия Құдайберген белгілі тележүргізушінің ауыр дерті туралы бар шындықты айтты. Ол қаламы қарымды журналист емделіп жүрген кезде әркез қасынан табылып, соңғы күнге дейін оған барынша қолдау білдіріп келген деп жазады NUR.KZ.

Әлия Құдайберген телевизия саласындағы ағасын соңғы мәрте ауруханаға апарған кезі мен онымен аяққы рет кездескен сәтін еске алды. Телепродюсер белгілі журналистің қасында екі сағат отырып қайтып, оған ертесіне келуге уәде берген......
Жаңалықтар
Толық

Патогендермен күрес тәсілдері. Бактериялардың антибиотиктерге тұрақтылығы. (Биология, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар: 7.4 С Микробиология
Сабақтың тақырыбы: Патогендермен күрес тәсілдері. Бактериялардың антибиотиктерге тұрақтылығы. №14 Зертханалық жұмыс «Антибиотиктер, антисептиктер және залалсыздандыру өнімдерін қолдануды зерттеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Оқушылар
- антибиотиктер, антисептиктер және залалсыздандыру құралдарының қолданылуын сипаттау
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
- "антибиотиктер", "антисептиктер", " залалсыздандыру құралдар" терминдеріне анықтама береді;
- антибиотиктерді, антисептиктерді және залалсыздандыру құралдарын қолдануды сипаттайды;
- залалсыздандыру құралдарының микроорганизмдердің өсуіне әсері бойынша эксперимент нәтижелерін түсіндіреді;
- микробиологияны дамытуда биолог-ғалымдардың рөлін бағалайды......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Мұхтар Шаханов - күрескер ақын

Мұхтар Шаханов- «қазақ» деп жанын беретін, «қазақ» деп шырылдап жүретін,«қазағым» деп ұрандатып жүретін, «қазақ тілі», «қазақ тағдыры» деп жүретін жалғыз, дара 21 ғасырдың күрескер ақыны , қоғам қайреткері , қазақ үшін жаратылған перзенті.

Мұхтар Шаханов Ұлы Абай сияқты күресіп жүр. Ол Абай сияқты қазіргі таңда бір жалғыз өзі мыңмен жалғыз алысып , күресіп жүр. Ол өз ана тілін білмейтін , білсе де менсінбейтін «мәңгүрт» адамдармен күресіп жүр. Абайдың заманында бәрі өз тілін білетін, құрметтейтін , жоғары бағалайтын . Ал, Мұхтардың заманында бәрі керісінше. Абай ақын Мұхтардың заманында өмір сүргенде қайтер еді? Не тыңдырар еді? Мұхтар өз заманында істеу керектің бәрін істеді, айту керектің бәрін айтты , ештеңені жасырмады. Бұл заманның адамдары өз ана тілінде сөйлемейді, сөйлесе де шұбарлап , былықтырып , быттастырып , тамаша сөздің сәнін, мәнін кетіріп сөйлейді. Сол жандарға Мұхтар ақынның жаны қатты ашиды, жүрегі ауырады. Ол өз жүрегінің ауырғанына қарамай , басқалардың жүрегін емдеуге тырысады. Олардың жүрегіне «қазақ тілі», «қазақ елі» деген дәрілермен ем жасайды. Бұл дәрілер ең қымбат , таптырмайтын дәрілер . Бұл дәрілерді тауып беру үшін –ол жанын береді. Ол сол дәрілерді өз жанынан , рухынан шығарады. Мұхтардың қай өлеңін оқысаңда , онда қазақтың мұңы , тағдыры жатыр. Ол «Аралдың тағдырын» шырылдап айтқан жалғыз перзент. Ол қазақтың ұлттық төл мейрамы «Наурыздың»тойлануына алғаш боп ықпал еткен ақын. Қазақ халқы «Ұлыстың ұлы күнін »біраз уақытқа тойламай қалды. .....
Эсселер
Толық

Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресі 2 сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Мемлекет тарихы және қоғамдық-саяси ойдың дамуы»
Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресі 2 сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 10.3.4.2 қазақ халқының мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру үшін жүргізген күресін зерттеу;
10.3.4.3 Түркістан (Қоқан) және Алаш автономиясы түрінде мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру тарихын зерттеу
Сабақ мақсаты: Алаш және Түркістан (Қоқан) автономиялары негізінде мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру тарихын зерттейді, баға береді;......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресі 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тәуелсіздікке жол және ұлттық мемлекеттіліктің қайта жаңғыртылуы
Сабақ тақырыбы: Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресі 1-сабақ
Оқу мақсаттары: 9.3.1.6 – Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға беру;
9.1.2.1 – қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау
Оқыту мақсаты: 10.3.4.1 Қазақстанның мемлекеттік егемендігінен айрылуының себеп-салдарын анықтау;
10.3.4.2 қазақ халқының мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру үшін жүргізген күресін зерттеу;
10.3.4.3 Түркістан (Қоқан) және Алаш автономиясы түрінде мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру тарихын зерттеу......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Жемқорлықпен күрес

Жемқорлық қазақтың жалпақ жерін жайпап келеді. «Жемқорлықпен күресеміз» дегендердің өзі жемқорлар қатарынан екені баршамызға мәлім. XXI ғасырда ақшаның мерейі барынша үстем болып отыр. Бір жапырақ қағазға адамдар неге мұнша құнықты екен? Ақша күрмеуі мол көп мәселені шешуге қауқарлы.

Жоғары лауазымды тұлғалар ақшаны оңды-солды шашып, мемлекетке сатқындық жасап отыр. Тамырын тереңге жіберген жемқорлықты түбірімен жою оңай болмай тұр. Тәрбие отбасынан басталады. Ата-анасының өз шаруасын пара беру арқылы шешіп отырғанын көріп өскен бала, ата-анасынан көргенін дұрыс деп түсініп, оны қалыпты жағдай деп қабылдауға үйренеді. Есейгенде ол бала қай жолды таңдауы мүмкін? Қалтасының қамын ойлайтын шенеунік бола ма, әлде тәуелсіз еліміздің қамын ойлайтын азамат бола ма? «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп, қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қайсар халықтың ұрпағы бүгінгі таңда әділдіктің не екенін ұмыта бастады-ау, шамасы. Қатаң шара қолданып, анық қолға алатын болсақ, жемқорлықты жоюға болады. Жемқорлыққа қатысы бар адамдарды мемлекеттік қызметтен алып, жаза қолдансақ, бұл басқаларға сабақ болады. Өзгенің шалыс басқанын көрген халық парақорлықтан бойын аулақ ұстайды. Көптеген мекемелерде жемқорлыққа қарсы шаралар өтсе, ол да септігін тигізер еді. Мемлекеттік мекемеде әділетті шешім шығаратын адал, жанашыр азаматтар болса, еліміздегі жемқорлық түбірімен жойылады. Әрине, бұның бәрі оңай шаруа емес. Ол үшін сылтау емес, әрекет керек.......
Эсселер
Толық

Жеңдік жауды күресте

Ер есімі – ел есінде
Сүйінші, халқым, сүйінші!
Сүйіншіге сүйінші!
Шаттан, ата-анамыз,
Шаттан, аға-бабамыз,
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен,
Жеңдік жауды күресте
Жасалсын той-мереке.
Т. Жароков
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына бірнеше жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды.....
Шығармалар
Толық

Қазақтардың 1860-1870 жж. азаттық күресі 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3В Қазақстан Ресей империясының құрамында
Сабақ тақырыбы: Қазақтардың 1860-1870 жж. азаттық күресі 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау
Сабақтың мақсаты: Маңғыстау көтерілісіндегі халық талаптарының Орал, Торғай көтерілісімен ұқсастығын анықтап, көтеріліс барысы мен нәтижесін талдау...
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қазақтардың 1860-1870 жж. азаттық күресі 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3В Қазақстан Ресей империясының құрамында
Сабақ тақырыбы: Қазақтардың 1860-1870 жж. азаттық күресі 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау
Сабақтың мақсаты: 1860-70жж Орал, Торғай, Маңғыстау көтерілістеріндегі тарихи тұлғаларды анықтау....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық