Кітапхана сабақ жоспары: Кітап түрлері (3 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Кітап түрлері

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды білімділікке үйрете отырып, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту.

2) Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, ақыл – ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту. Шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыру.

3) Кітапты ұқыпты, таза ұстауға баулу. Сабақтың түрі: дамытушылық сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, топпен жұмыс
Сабақ жоспары
Толық

Кітапхана сабақ жоспары: 2 сәуір - Дүниежүзілік кітап күні (Біз кітапханаға барамыз)

Тақырыбы: Біз кітапханаға барамыз
Мақсаты:білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру;кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру;кітапқа деген қызығушылығын арттыру;оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету.
Көрнекілігі:кітап жайлы жазылған плакаттар,суреттер.
Сабақ жоспары
Толық

Кітапхана сабақ жоспары: Кітап және кітаптың құрлымы

Кітапхана сабағы: Кітап және кітаптың құрлымы
Мақсаты: балалардың кітапқа, кітап оқуға деген ынтасын ояту.

Кітап оқығанды жақсы көретін адам бақытты. Ол ақылды да мейрімді сенімді достардың ортасынды. Ең үлкен досың – кітап. Кітап – шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап жан айнасы, оған қарап ойыңды да, бойыңды да түзеуге болады. Оған қарап оғаш мінезіңді, ерсі қылығыңды көріп түзейсің. Айналаңдағы адамдарға адал мейріммен қарауға үйренесің. Кейде жаңсақ, жаңылыс басқан қадамдарың болса оны оп-оңай аңғарасың, терең сырлы тәрбиеші, ұлы үйренуші.
Сабақ жоспары
Толық