Кітапхана сабақ жоспары: 2 сәуір - Дүниежүзілік кітап күні (Біз кітапханаға барамыз)

Кітапхана сабақ жоспары: 2 сәуір - Дүниежүзілік кітап күні (Біз кітапханаға барамыз)

Тақырыбы: Біз кітапханаға барамыз
Мақсаты:білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру;кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру;кітапқа деген қызығушылығын арттыру;оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету.
Көрнекілігі:кітап жайлы жазылған плакаттар,суреттер.
Барысы:
Ұйымдастыру.
«Кітап та алма ағашы
Жемісін біздер теретін
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін»деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар-сендерге білім көзі,рухани қазына.Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.Кітап білімізді молайтады,кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз.Оқығанның,тоқығанның көп болса жеңілмейтін жау,алынбатын қамал жоқ.Дана халқымыз «Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады»деп бекер айтпаса керек.Бүгінгі 3- сынып оқушылары дайындаған «Кітапхана-парасаттылық мекені»атты тәрбие сағатымызды бастауға рұхсат етіңіздер.
Ақбота:Кітап-рухани азық.Кітап адамның дүниетанымын кеңейтеді. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз.Ертегі,әңгімелермен сыр шертетін кітаптар-біздің ең жақын ақылшымыз.
Гүлім:Кітап шығару үшін көптеген адамдар еңбек етеді.Біз кітапты қалай ұстауымыз қажет?
Мейірхан:Кітапты жыртпай,кірлетпей,бүлдірмей таза ұстап,оқыған кезде мәнерлеп оқу керек.
Мұғалім:Балалар,бүгін бізге қонаққа «КІТАП»келіп отыр. «Кітапты» ортаға шақырайық.
Кітап:Балалар,мен білім көзі-Кітаппын.Мені жасау үшін көп адам еңбек сіңірді.Балалар,кітап қайдан шығатынын білесіңдер ме?
Балалар:Ағаштан
Мұғалім:Кітап шығару үшін көп еңбек сіңіріреміз.Кітап сен бізге қонақ болып балалардың білімін
Балалардың білімін тамашала.
Айназ: Адамның досы-кітап,өмір кілті,
Тең келмес оған барша жиған мүлкі
Ақылшы,жанға серік,жол бастаушы,
Асыл ғой қазынасы,өмір көркі
Нұрдаулет:Саған білім жемісін
Оқулығың береді
Талай адам сол үшін
Маңдай терін төгеді.
Ханшайым:Орманның аялы
Алақаны өсірген
Сонау ағаш саялы
Қағаз үшін кесілген
Алмат:Ағаш кесіп қанша адам,
Ормандарда жүреді
Аға қанша шаршаған
Ағаш тиеп үнемі
Нұрайна:Зауыттарда күн-түні
Қағаз жасап бағады.
Қанша адам кім төгеді
Маңдай терін төгеді
Әділет:Оқулықты баршаға
Талай ғалым қолға алып,
Жылдар бойы қаншама
Жазады ұзақ толғанып
Бақдәулет: «Әдемілеп берсем»деп
Бояу жағып не түрлі,
Суретшілер көркемдеп
Қаншама уақыт отырды.
Данагүл:Әріп теру үшін де,
Талай адам терледі
Баспахана ішінде
Айлап тыным көрмеді
Абулхаир:Оқулықты мектебің
Берер саған теп-тегін
Білмейсің-ау сен бірақ
Қаншама еңбек кеткенін
Леонид:Оқулықты мектебің
Күтіп ұста,кірлетпе
Кішілерге табыс ет
Дақ түсірмей бір бетке.
Көрініс: «Науқас кітап»
Оқушы:Сәлеметсіз бе,дәрігер?!
Дәрігер:Сәлеметсіз бе!
Оқушы:Дәрігер,мен сізге кітабымды әкелдім.Ол қатты науқас.
Дәрігер:Жарайды,алдымен диагнозын анықтап алайық.
Оқушы:Мен үйде жоқта кішкене балалар ұстап осындай күйге жеткізіпті.
Дәрігер:Мұңайма,кітабыңды емдеп жазамыз.Кітабыңа су тиген,беттері жыртылған.
Кітабыңды түптеймін,жыртылмасын
Мұқабасын бүкпеймін,қырқылмасын
Таза болсын беттері,кірлемесін
Көрген адам «Кітабың кір» демесін
Мен мынадай кеңестер жазып беремін,үнемі есіңе сақтап жүр.
Оқушы:Жарайды,дәрігер,кеңестеріңізді үнемі есте сақтаймын.
Дәрігер: Жарайды,кетіңіздер!Сау болыңыздар!
Оқушы:Сізге көп рахмет!Сау болыңыздар!
Мұғалім:Балалар,дәрігер апайымыз айтқандай кітаптар да ауырады екен.Сол зиянды болдырмау үшін мынадай ережелер бар екен:
1.Кітаптың бетін шимайлама.
2.Кітапты бүлдірмей,жыртпай таза ұстау керек.
3.Кітаптың беттерін бүктеме.
4.Кітаптың мұқабасын тыстап қой.
5.Кітапханадан алған кітапты уақытымен қайтар.
6.Кітап бетіне сурет салма.
Мұғалім:Балалар,кітап туралы жазған ғұлама ақын-жазушыларымыздың қандай нақыл сөздерін білесіңдер?
Бақдәулет:Кітап маған тақтан да қымбат.
Нұрайна:Артық ғылым кітапта,
Ерінбе оқып көруге.
Жақсы кітап ақылды адамның әңгімесімен бірдей.
Мейірхан:Кітап-мұхит,сол мұхиттан не терең,
Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем!
Мен бай болсам,тек қана кітап сатып алар ем.
Ақбота:Кітап-әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі.
Алмат:Кітап-асып таспайтын асыл досымыз.
Мұғалім:Рахмет,балалар.Енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру