Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі Сабақтың тақырыбы: Ахмет Йассауи «Даналық кітабы» 1-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.А/И4. Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу Сабақ мақсаты: Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазады......
Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі Сабақтың тақырыбы: № 2-сабақ. Қазақстанның Қызыл кітабы. Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: О1; Ақпаратты түсіну Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсінеді, анықтайды; ӘТН 2; Орфоэпиялық норма Ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта біледі. Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар: 1) мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды; 2) ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарын біледі. Көптеген оқушылар: 1) мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды; 2) ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарын ескереді; Кейбір оқушылар: 1) мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды, түсінеді; 2) ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта біледі......
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім Сабақ тақырыбы: Менің сүйікті кітабым Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.10 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау 2.2.10.1 мұғалімнің қолдауымен белгілі бір тақырыпта жазылған мәтіндердің (жанры, мәтін түрі) ұқсастығы мен айырмашылығын табу 3.6 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну 2.3.6.1* мұғалімнің қолдауымен тірек сөздерді, сөйлем, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер / хабарлама/калиграмма құрастыру құрастыру . Сабақ мақсаттары: Мәтін мазмұнын түсіріп, таладй жасай алады, тақырып бойынша постерін қорғай алады......
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары. Сабақтың тақырыбы: Майкл Харт «100 ұлы адам» кітабынан Альберт Эйнштейн Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: А3. Орфоэпиялық нормаларды сақтау 7.А3. Ауызша мәтіндер құрауда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айту. ТБ1. Сөз таптары 7.ТБ1.4. Одағай түрлерін мәтіннен ажырата алады, ауызша жұмыстарда орынды қолдану. Сабақтың мақсаты: Айтылым барысында орфоэпиялық нормаларды сақтайды, одағай түрлерін орынды қолданады......
«Қызыл кітап» деген сөз 1966 жылы Табиғат және табиғат ресурстарын Қорғаудың Халықаралық Одағының (ТҚХО) түрлерді сақтап келу туралы Комиссиясы дүниежүзінде жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлері енгізілген «Red Data Book» - «Фактілердің қызыл кітабын» дайындап шығарғанда пайда болды ( кейіннен оған сирек өсімдіктер де тіркелген ). Сонымен қатар ТҚХО жер бетінен жойылып кеткен өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің Қара тізімін де қоса жүргізеді. 70 – жылдары дамыған елдерде ұлттық Қызыл кітаптар шыға бастады. Оларға халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген түрлермен қатар, сол елдің территориясында жойылып кету қаупінде тұрған түлер де кіргізілді. Қазақстанда «Қызыл кітап» Республика – Үкіметінің 1978 жылдың 16 – қаңтарындағы қаулысы бойынша бекітілді ( Қазақ ССР Министрлер Советінің №90 - қаулысы ). Оның омыртқалы жануаларға арналған бірінші бөлімі 1979 жылдың қаңтар айында жарық көрді ( 1978 жылдың аяғында басылып шыққан еді). Бұл кітапқа омыртқалы жануарлардың 87 түрі мен түршелері, оның ішінде: сүтқоректілер - 37, құстар - 43, бауырмен жорғалаушылар -8, қосмекенділер –1 және балықтардың түрі тіркелді. 1981 жылы Республика Қызыл кітабының екінші бөлімі жарық көрді. Оған өсімдіктердің – 307 түрі, оның ішінде: жоғары сатыдағы гүлді өсімдіктер (288), жалаңаш тұқымдылар (2), қырыққұлақ тәрізділер (3), қыналар (3), саңырауқұлақтар (10), мүктер (1) сияқты өсімдіктер бар. Қазақстан Ғылым Академиясы Зоология институтының бастамасымен Қызыл кітаптың екінші басылымы 1991 жылы дүниеге келіп, оған алғашқы рет омыртқасыз жәндіктер – насекомдар, молюскалар, құрттар енгізілді. Сирек кездесетін жануарлардың түрлері туралы жылдан – жылға жаңа мәліметтер жинау Қызыл кітаптың үшінші басылымының (1996) жарық көруіне алып келді. Осы басылыммен бір мезгілде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 13.09.1996 жылдың №1258 қаулысымен жаңадан Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы туралы «Ереже» бекітілді. Осы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы – республика территориясында кездесетін сирек, саны азайып және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер түрлері туралы толық мәліметтер бар – негізгі құжат.....
Қыркүйек айы болатын. Осыдан бір жыл бұрын мен оқитын мектептің мемориалдық мұражайына саяхат жасағанымыз бар. Ұлы жазушы М.Әуезовтың туған күні қарсаңында өтілетін арнайы сабақ пен түрлі мәдени іс-шаралардың мазмұны қандай әсерлі. Сондай бір кезде мұражайда ілінген суреттер тарихына көз жүгірттім. Ғұлама жазушының біздің Шаянға келіп, бірнеше күн қонақ болғаны, халықпен жүздесіп, өмір түйіткілдерін сезініп,ауданның әлеуметтік тіршілігіне, рухани жағдайына, әсіресе , өнер-білімге көп көңіл бөлгенін білдім. Мектептің атақты жазушы есімімен аталуы да тегін емес екен. Тәрбие көзі білім ошағынан таралатынын айта келіп, ауылдағы ескі мектеп жайын көрген жазушы осы мектептің салынуына мол үлес қосыпты.......
Бітіру жұмысымды Абай атамыздың мына бір өлеңімен бастағанды жөн көрдім: Пайда ойлама ар ойла, Талап қыл артық білуге. Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге,- деп өлеңге қосуы тегін емес. Шынында ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші, ақпаратты сақтаушы, бұқаралық және ақпараттық сипатқа ие құбылыс – кітап. «Кітап - әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі », - деп Максим Горький кітапқа әділ баға берген. Сонымен бірге кітап – аса қуатты тәрбие құралы. Жақсы, өнегелі, ұлағатты кітапты басып шығарып, тарату арқылы біз қоғамымызды да тәрбиелейміз, рухани бай адамдар қатарын да арттырамыз. Осы ретте француз жазушысы әрі философы Вольтер Мари Франсуаның мына бір айтқан нақыл сөзі ойға оралады: «Жазушының оқуға арзитын ғана туындысын басу керек, Бұл аяулы ереже кітаптың санын азайтқанымен, оқушылардың талғамын арттыра түскен болар еді ». Шын мәнінде бұл критериймен кітап басып шығарар болсақ, онда жарық көретін кітаптың саны азайып кетеді – ау деген күмән пайда болары сөзсіз. Бірақ біз кітаптың әсер етуші қуатының мықты екенін әсте естен шығармауымыз керек. Яғни, бізге саннан гөрі сапа қымбат. Бұл дегеніңіз оқырманның талғамы дұрыс қалыптасу деген сөз. Яғни, талғамы жоғары, талабы қатаң оқырман қалыптастыру. Қатаң, жоғары талаптан сапа пайда болады .Сапалы тауар – өтімді тауар.Егер біздің басып шығарып жатқан кітабымыз тауар деп қарастырсақ сол тауардың, яғни өндіріп отырған тауарымыздың өтімді болуына біздер мүдделіміз. Бүгінгі таңда кітап тарату ісі, саудасын дамыту мәселесі өткір тұр. Қазақстандағы кітап саудасының көкейкесті мәселесі көп.....
Мектеп басшысы Ақмарал Асқарқызының аяқ астынан кітабы жоғалып кетті. Сірә, мектеп басшылары үшін аса қажетті дүниесін қойған жерінен таба алмай қалса керек. Дереу жан-жағында тұрған мұғалімдерінен сұрай бастады.
- Кітап көрдіңдер ме? Кітап алдыңдар ма?
Қатаң мінезді мектеп басшысының мына сұрағынан жас мұғалима қыздар үрпиісіп қалды.
- Жоқ, Ақмарал Асқарқызы! Көрмедік. Білмедік.
- Қайда кете қойды ол кітап?! Әлгі әзірде ғана тұрған сияқты еді.
Осы кезде мектепке қарай Әлке ағай келе жатты. Әлкенің өзі де мектеп табалдырығын енді ғана аттаған мұғалім емес қой. Бұл мектепке келгеніне де бес-алты жылдың жүзі болған. Кіммен қалай сөйлесу керек, кімнің жел жағына шығып кетпеу керек екенін Әлке жақсы біледі. Әсіресе, қатаң мінезді Ақмарал Асқарқызының жел жағына шыға көрмеңіз. Ақмарал Асқарқызы дегеніңіз - тек ұжымда ғана емес, өзінен жоғары тұрған басшылардың алдында да беделді мектеп жетекшісі. Әлке оның үстіне осы жылдардың арасында отбасын құрып үлгерген, бір тиынды қалай екі тиын етуді де ойлап жүрген жігіт. .....
Сәкеңді жұрт көп оқиды, көп ізденеді, өзінің саласының мықты маманы деп айтады. Сәкең қайбір жылдары жастық шағында үлкен бір қаладан барып білім алып келген. Сонда Сәкеңнің елдің ішінде тек қарт әке-шешесі ғана тұрса керек. Сәкең кейін оқуын бітіргенде сол қалада қызметте қалуына мол мүмкіндік туып тұрғанына да қарамастан, қарттарына алаңдаса керек, елге оралады. Сәкеңдей білімді жігіттер елдің ішіне де керек болып тұрған ғой.
Сәкең келе еңбекке кіріседі. Елдің аруына қосылады. Обалы не керек, Сәкеңнің сүйіп алған жары Сәкеңнің ата-анасына бәйек болып қызметін жасапты, күтіп-бағыпты, қас-қабағына қарапты. Кейін қарттар өмірден өтерінде келіні мен баласына алғысын жаудыра-жаудыра өткен деседі. "Ата-анаға қарасаң, Сәкеңдердей-ақ қара-ау!" деп елдің аңыз қылатыны да содан ғой. .....
Білем, сізге мына кітаптар арғы атаңыздан берілген аян ұқсап көрінуі мүмкін. Бірақ, берілген ақпаратты ковышпен жұтуға асықпаңыз. Тек, керегін алып өзіміздің менталитетке қиыстыруымыз дұрыс шешім болады. Сонда ғана жетістікке жетеміз. Ал кеттік, ендеше ТОП-12..